Жезқазған қаласының аумағын көркейту Қағидасын бекіту туралы Күшін жойған
Басқа 0
Жезқазған қаласының
аумағын көркейту
Қағидасын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6 бабы 1 тармағы 8 тармақшасының, «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылысы қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 22 бабы 2 тармағы 3 тармақшасының және «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Қодексінің 3 бабының 2 тармағы негізінде Жезқазған қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Жезқазған қаласының аумағын көркейту Қағидасы бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық Мәслихаттың тұрақты комиссияларына жүктелсін.
Келісілді:
Қала әкімінің міндетін атқарушы
Станислав Филипович
21.10.2005ж.
Басқа 3. Жезқазған қаласының аумағын көркейту Қағидасы
Жезқазған қалалық мәслихаттың 2005
жылғы «21» қазандағы № 22/242
шешімімен бекітілген
Жезқазған қаласының аумағын көркейту Қағидасы
Осы Қағида Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне, Қазақстан Республикасының «Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы» Заңымен, Қазақстан Республикасының «Қоршаған ортаны қорғау туралы» Заңымен, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңымен, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңымен, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 13 желтоқсандағы № 1313 қаулысымен бекітілген «Жаңа объектілер салуға және қолда бар объектілерді өзгертуге рұқсат беретін рәсімдерді өткізу ережесін бекіту туралы» сәйкес әзірленіп дайындалды.
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Жезқазған қаласын көркейту Қағидасы елді-мекендердегі қоршаған ортаны толығымен күтіп ұстау және ғимараттар бойынша шаралар кешенін өткізу тәртібін анықтайды, көркейту элементтері мен объектілерінің жағдайына сәулет, санитарлық және экологиялық сипаттағы негізгі талаптарды анықтайды.
Осы Қағида қала аумағында тұратын немесе өз қызметін жүзеге асыратын барлық жеке және заңды тұлғалар үшін меншік нысанына қатыссыз міндетті болып табылады.
Тармақ 2
2. Қағида нормативтік құжат болып табылады, оған қаланы көркейтуді қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстар өндірісін жүргізу және ұйымдастыру, сондай-ақ барлық меншік түріндегі заңды және жеке тұлғалардың жауапкершілігі, міндеті және құқығы енеді.
Тармақ 3
3. Меншік нысанына қарамастан ұйымдар, қоғамдық бірлестіктер, лауазымды тұлғалар және азаматтар көркейту Қағидасын сақтауға міндетті.
Тармақ 4
4. Жезқазған қаласы әкімі жанындағы мемлекеттік мекеме көркейту және инженерлік инфрақұрылымдар элементтері мен объектілерін қорғау, ағымдағы және күрделі жөндеу, қызмет көрсету, күтіп ұстау жөніндегі кәсіпорындармен шарттар жасау, ортақ пайдаланыстағы объектілерде және аумақтарда мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру, көркейту жөніндегі қызметтерді үйлестіруде тапсырыс берушінің қызметін жүзеге асырады.
Тармақ 5
5. Көркейту элементтері мен объектілерін, инженерлік инфрақұрылымдарды, жағдайды қамтамасыз етуге бақылау жасауды жүзеге асыруға тиісті өкілетті мемлекеттік органдармен жүзеге асырылады.
Тарау 2. 2. Осы Қағидада қолданылатын негізгі түсініктер мен анықтамалар
2. Осы Қағидада қолданылатын негізгі түсініктер мен анықтамалар
Тармақ 6
6. Өкілетті орган - Жезқазған қаласын көркейту қызметін жүзеге асыруға байланысты қатынастарды реттеу саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының негізінде өкілеттікті жүзеге асыратын мемлекеттік атқарушы орган.
Тармақ 7
7. Көркейту - адамның елді-мекендерде жақсы және қауіпсіз өмір сүру ортасын қамтамасыз ететін элементтер мен жұмыстар кешені. Осы жұмыс кешені төмендегі негізгі бағыттар бойынша көркейту объектілері мен элементтерін жөндеу және қорғау, пайдалану, күтіп ұстау және ұйымдастыруды қарастырады: инженерлік көркейту, сыртқы көркейту, санитарлық көркейту, көгалдандыру, жаықтандыру, үй маңындағы аумақты көркейту.
Тармақ 8
8. Бекітілген аумақ - Қазақстан Республикасының Жер Кодексінде белгіленген тәртіпте субъектілерге бөленген жер телімі.
Тармақ 9
9. Инженерлік, көліктік және әлеуметтік инфрақұрылымдар - инженерлік жабдықтар, байланыс, көлік коммуникациялары мен құрылымдары, сондай-ақ қаланың қызметі мен дамуын тұрақты қамтамасыз ететін, тұрғындарға әлеуметтік және мәдени-тұрмыстық қызмет көрсететін объектілер кешені.
Тармақ 10
10. Жер жұмыстары - аумақты қазу, тас төсеу және қайта жабумен байланысты жұмыстар.
Тармақ 11
11. Бөлінген аумақ - өкілетті органның шешіміне сәйкес, жер пайдаланушыға өзіне қарасты объектілерді (пайдалану) орналастыру үшін меншікке немесе пайдалануға берілген жер учаскесі.
Тармақ 12
12. Салынбаған аумақ – жер үсті және жер асты құрылыс түрлері жоқ аумақ.
Тармақ 13
13. Санитарлық тазалау - жинау жүйесі, қалдықтарды жою және жинау, қайта өңдеу, залалсыздандыру.
Тармақ 14
14. Қатты-тұрмыстық қалдықтар - бұл жалпы және тұрғылықты ғимараттарда пайда болған тұрмыстық қоқыстар, қазіргі пәтерлерді жөндеудегі қалдықтарды, жергілікті жылытудағы жылыту қондырғыларындағы қалдықтарды, үй тұрмысындағы ірі заттар қалдықтарын қосқанда.
Тармақ 15
15. Сұйық тұрмыстық қалдықтар - канализацияланбаған үй-жай қалдықтары.
Тармақ 16
16. Қалдықтар жиынтығы - олардың концентрацияларын бекітілген орнынан олардың пайда болу көзінен қалдықтарды қабылдау бойынша арнайы кәсіпорын қызметі.
Тармақ 17
17. Қалдықтарды шығару (жою) - анықталған орынға қалдықтарды транспорттау (қалды қарту пункті, қалдық өңдеу заводы, полигон).
Тармақ 18
18. Қалдықтарды көму - арнайы орындарға (полигон) одан әрі пайдалануға келмейтін қалдықтарды қоршаған табиғат ортасына зиянды заттардың түсуінің алдын алу мақсатында оқшаулау.
Тармақ 19
19. Полигон - жергілікті атқару органдары шешімдерімен анықталған, қалдықтарды жою және бүктеуге арналған, жалпы қолдану орындары.
Тармақ 20
20. Инженерлік жүйелер мен құрылғылар - қала тұрғындары мен кәсіпорындарының қажеттіліктеріне кешенді қызмет көрсетуге, қала аумағынан жер үстіндегі суды жинап, бұруға арналған қаланы инженерлік көркейтудің маңызды элементтері.
Тармақ 21
21. Қоғамдық орындар - ортақ пайдаланыстағы демалу аймақтары (бақтар, жаға-жайлар, скверлер), алаңдар, қоғамдық көліктердің аялдамалары.
Тармақ 22
22. Көше - даңғыл жолдар, тротуарлар, жасыл көшеттер, жер асты және жер үсті инженерлік желілері орналастырылған қала аумағы.
Тарау 3. 3. Жалпы талаптар
3. Жалпы талаптар
Тармақ 23
23. Заңды және жеке тұлғалар жол жамылғыларының, тротуарлар, көк майсалар және басқа объектілердің, көркейту элементтерінің және инженерлік құрылғылардың бүлінуіне байланысты, жұмыстарды жол органдарымен жазбаша рұқсат қағазымен (ордер) ғана іске асырылады.
Тармақ 24
24. Көлік жолдарын пайдаланушылар келісімді іске асырады:
Тармақша 1
1) өкілетті органмен, жол полициясы бөлімдерімен және төтенше жағдай бойынша басқармамен мыналарды келісімдеуге:
қатты әсер ететін және радиоактивті, копарғыш заттар таситын ірі габаритті және (немесе) ауыр салмақты көліктер жолын;
көлік жолдарын арналармен, байланыс және электр беру жүйелерімен, газ, су өткізуші және темір жолдармен және басқа инженерлік және коммуникация жүйелерімен қиылысуын;
бір деңгейде көлік жолдарымен қиылысу кезіндегі қосымша жолдарды төсеу немесе теміржолдарының төмендеуі және жоғарлауын;
темір жол өткелдерін тарату және жөндеу, қайта жөндеу, орнату;
көлік жолдарын бақылау зонасында және бөлінген жол жиегінде дүңгіршектер, павильондар немесе басқа ғимараттар орнатуды;
жол ақпаратына қатысы жоқ, транспаранттардың көлік жолдарын, жарнама, плакаттарды жол жиегіне орнатуды;
көлік жолдарының бақылау зонасына және жол жиегіне сыртқы жарықтандыру тірегін орнатуды;
жолдарда жалпылай және спорт шараларын өткізуді;
аялдама пункттерінің орнатылуын және жолаушылардың жалпы пайдалану транспорт құралдары қозғалысы маршруттарының ашылуын;
жүктерді арту және тасу үшін алаң және жолдардан келуді орнату;
көлік жолдарында жаяу жүретіндерге және көлік құралдары қозғалысына бөгет болатын түрлі жұмыстарды өндіруге;
Тармақша 2
2) өкілетті органымен мыналарды келістіруге:
жолдарды бақылау зоналарында және жол жиегіндегі карьерлерді өңдеуді, сәнді көшеттерді, дуалдарды орнатуды, ескерткіштер, ғимараттарды қалпына келтіруді;
көлік жолдарының жиек жолағындағы көшеттерді отырғызу және алуды;
Тармақ 25
25. Жобалау құжаттары болған жағдайда ғана жер жұмыстарын жүргізуге рұқсат (ордер) беріледі:
Тармақша 1
1) жұмыс өндірудің күнтізбекті кестесі;
Тармақша 2
2) жолдың бүлінген элементтерін қалпына келтіру туралы міндетті. Жер жұмыстарын өндіруге рұқсат беру (ордер) 2-күндік мерзімде орындалады.
Тармақ 26
26. Шұғыл аварияны қалпына келтіру жұмыстары, осы Қағиданың 25 тармағында бекітілген рұқсат беру тәртібімен келесі рәсімдеуімен, осы жолдар мекеме бақылауындағы, өкілетті органның өкілінің қатысуымен орындалуы керек.
Тармақ 27
27. Жер жұмыстары өндірісінің тәртібін бұзғаны үшін жауапкершілік:
Тармақша 1
1) нұсқау бойынша ескертулерді қалпына келтіру мерзімі өткен соң, әзірлеген материалдар бойынша, Қағиданы бұзған кінәлі лауазымды тұлғалардан «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 387 бабында қарастырылған айыппұл өндіріп алу үшін материалдарды материалдық зиянды өндіріп алу үшін материалдарды сотқа жібереді;
Тармақша 2
2) жоба бойынша бекітілген және жол өкілетті органмен келісілген құрылыс жұмыстары өндірісінің мерзімі бұзылған жағдайда, жұмыс істеуге берілген ордер (рұқсат) өкілетті органның жазбаша өкімі бойынша жойылып, материалдар «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексіне сәйкес, айыппұл қолдану үшін сотқа берілуі мүмкін, сот шешімінің заң күшіне енгеннен кейін өкілетті органның нұсқауы бойынша жұмысқа ордер (рұқсат беру) жойылуы мүмкін;
Тармақша 3
3) егер апатты жұмыстарды орындап жатқан ұйым 3 тәуліктің ішінде ордерді (рұқсатты) ресімдемесе, одан әрі орындалған жұмыс рұқсатсыз орындалған деп есептеледі.
Тармақ 28
28. Жұмыс өндіруші жұмыс басталғанға дейін төмендегілерді орындауға тиісті:
Тармақша 1
1) белгіленген үлгіде ескерту белгілері мен қажетті қоршауларды жұмыс жүргізілетін қауіпті аймақ шекарасы бойына орнату;
Тармақша 2
2) жүргіншілер жүретін жерлерге құрылғылар орнату және қазылған учаскелерді түнгі уақытта жарықпен қамтамасыз ету;
Тармақша 3
3) нөсерлік канализациялардың үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуге шаралар қабылдау;
Тармақша 4
4) механизмдер жұмыс істейтін аймақтарда жасыл көшеттер болған жағдайда олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қатты қалқандармен қоршау;
Тармақша 5
5) жол өткелдері мен қозғалыс жолдарын жабу қажет болған жағдайда айналма жолдарды дайындап, тиісті белгілер арқылы айналма жолдарды анық көрсету;
Тармақша 6
6) жұмыс өндірісі қолданыстағы нормалар мен ережелерге, сондай-ақ ордерде көрсетілген талаптарға сәйкес жүргізіледі;
Тармақша 7
7) құрылыс материалдарын сақтау жел ұшырмайтын және оларды болдырмайтын шаралар сақтала отырып жүргізіледі. Жұмыс барысында одан әрі пайдалануға жарамсыз материалдар өндіріс процесінде шығарылады. Жасыл көшеттер, жер асты құрылымдарының құдық қақпақтарын, су ағар торларды, лотоктарды құрылыс материалдарымен және топырақпен жабуға жол берілмейді. Құрылысты аталған элементтерін қорғау үшін люктер мен құдықтарға қол жеткізуге мүмкіндік болатындай ағаш қалқандар және қоршаулар қолданылуы тиіс.
Тармақ 29
29. Қоршаған ортаның нашар жағдайын ескере отырып, Жезқазған қаласын көркейту мақсатында меншіктің барлық нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдарға, жеке тұлғаларға жол берілмейді:
Тармақша 1
1) қоқыстарды, тұрмыстық қалдықтарды, лайлар мен басқа да қоқыстарды, құрылыс қалдықтарын, сондай-ақ қар мен мұзды арнайы бөлінген орындардан басқа, нөсер қабылдағыштар мен торларға, байқайтын және бақылайтын канализациялық құдықтарға, су құбыры мен жылу жүйелеріне, фонтондарға, суаттарға, өзендер мен жасыл көшеттерге, көгалдарға, алаңдарға, гүлзарларға, көлік жолдарына, қоғамдық көліктерді тосатын аялдамаларға тастауға, сонымен қатар бос жерлерді, қоғамдық орындарға, көшелерге қоқысты тастауға;
Тармақша 2
2) кіші сәуелттік үлгі объектілеррін, гүлзарлар, бақтар және басқа да қоғамдық пайдаланатын орындардағы жабдықтарды сындыруға;
Тармақша 3
3) жергілікті атқарушы орган осындай мақсат үшін бөлмеген орындарға, сонымен қатар меншік иесінің келісімінсіз хабарландыру, жарнамалық және үгіттеу баспа өнімдерін (плакаттар, афишалар, үнқағаздар) және басқа да көзге көрінетін ақпараттарды үйлердің, ғимараттар мен құрылымдардың қасбетіне аялдамаларға, су құбырларына, жарықтандыру тіреулеріне, инженерлік жүйелер мен коммуникацияларға және басқа да жерлерге ілуге;
Тармақша 4
4) қоқыс төгетін қораптарда қоқыстарды өртеуге, қоқыс төгетін орынға құрылыс материалдарын, металл қалдықтарын тастауға;
Тармақша 5
5) осы нормаларды бұзған жағдайда айыпты тұлғалар Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 387 бабына сәйкес жауапқа тартылады.
Тарау 4. 4. Көлік жүйесі
4. Көлік жүйесі
Тармақ 30
30. Көлік құралдарымен тасымалданатын көшелерді ластайтын, төгілетін және басқа да жүктер көшелердің ластануына жол бермес үшін ұқыпты жабылуы тиіс.
Тармақ 31
31. Күтпеген жағдайлар, стихиялық апаттар туылған кезде (өрт, төтенше, апатты жағдайлар) апатты жұмыс өндірісі орнында материалдар мен басқа да мүліктерді қоймалаған меншік нысанына қатыссыз заңды және жеке тұлғалар өкілетті органның бірінші талабы бойынша өз күштерімен осы учаскені босатуға міндетті тиіс.
Тармақ 32
32. Егер қазған кезде жобада жол жер асты коммуникациялары белгілі болса, жұмысты жүргізуші ол туралы жол органдарына және осы коммуникациялар қарайтын мекемеге хабарлауға міндетті.
Тармақ 33
33. Жұмыс өндірісі орындарында ақпараттық қалқандар (объектінің, кәсіпорынның атауы) орнатылуға тиіс.
Тармақ 34
34. Мыналарға жол берілмейді:
Тармақша 1
1) арнайы рұқсатсыз шынжыр табан көліктермен қала көшелерінде жүруге;
Тармақша 2
2) белгіленбеген орындарға қоқыс шығаруға;
Тармақша 3
3) белгіленген орындарда, су қоймаларының жағалауларында автокөліктерді және басқада жалжымалы көліктерді жууға;
Тармақша 4
4) аула ішіне өрт сөндіру автокөлігінің жүруіне бөгет болатын кедергілерді орнатуға.
Тарау 5. 5. Жер асты және жер үсті инженерлік коммуникациялардың жүйесі
5. Жер асты және жер үсті инженерлік коммуникациялардың жүйесі
Тармақ 35
35. Қаланы көркейтудің бұзылуын болдырмау үшін инженерлік жүйелердің техникалық жағдайы және құрылымы арнайы инженерлік коммуникацияларға иеліктері бар заңды және жеке тұлғалардың үнемі бақылауында болады, олар төмендегілерге міндетті қажет:
Тармақша 1
1) аумақты су басуына жол бермеу;
Тармақша 2
2) бөлінген және қорғау аймақтардың жағдайын бақылау, люктердің, қақпақтары, құдық және камералардың жабындылары, нөсерлік канализациялардың торлары жол жабындыларының деңгейінде болуы тиіс және үнемі дұрыс істеп тұруын тексеріп тұру;
Тармақша 3
3) қайтадан құм төгу және пайдалану, монтаж тәртібін сақтамау салдарынан бұзылатын жер асты жолдары мен топырақ және қатты жабындыларының жағдайына үнемі көңіл аудару.
Тармақ 36
36. Жоғарғы және жер асты суларына арналған каналдарды, құдықтарды, құбырлар мен дренаждарды тазалау мен жинау, нөсерлік канализациялары коллекторлары мен жаңбыр қабылдағыш құдықтарды тазалау қажетіне қарай жаз мезгілінде төрт реттен кем емес, ал қыс мезгілінде бір реттен кем емес жүргізіледі.
Тарау 6. 6. Аумақты жарықтандыру
6. Аумақты жарықтандыру
Тармақ 37
37. Аумақты жарықтандыру сыртқы жарықты орнату арқылы қамтамасыз етіледі. Сыртқы жарықты орнатуға төмендегілер жатады:
Тармақша 1
1) электрмен жабдықтау құрылғылары, бөлуші жүйелер;
Тармақша 2
2) электр желілерін орналастыру және қорғау қондырғысы;
Тармақша 3
3) кронштейндер, тросты іліншек тіректері.
Тармақ 38
38. Тар жолдар, тротуарлар және алаңдарға жарық түсіру ғимарат қабырғасына ілінген шамдармен оларға жақсы жарық түсетіндей жерге ілу арқылы жүргізіледі.
Тармақ 39
39. Сыртқы жарық қондырғысына қызмет көрсету және күтіп ұстау төмендегі шараларды қамтиды:
Тармақша 1
1) сыртқы жарық қондырғысы техникалық дұрыс жағдайда ұстау, ондағы сандық және сапалық көрсеткіштер берілген параметрге сәйкес келумен қоса, лампаларды ауыстыру және шамдардағы істен шыққан шашыратқыштарды ауыстыру, шамдарды тазалау, жарық түсіру деңгейін өлшеуді енгізу;
Тармақша 2
2) шамдарды жөндеу кезінде неғұрлым сапалы, қазіргі заманғы және тиімді жарық лампалары пайдалану қажет.
Тармақ 40
40. Жарықтандыру тірегіне жарнама қалқандарын, баланста ұстаушының келісімінсіз басқа инженерлік жүйелерді орнатуға тиым жол берілмейді.
Тармақ 41
41. Сыртқы жарықтандыру қондырғысын орнату жағдайын және шамдардың жану пайызын анықтау үшін, екі жұмада бір рет бақылаулы тексеріс жүргізіледі, сыртқы жарықтандыру қондырғысы жағдайы бойынша акт құрылады. Шамдардың жану пайызы 95 пайыздан кем болмауы керек.
Тарау 7. 7. Ерекшеленген аумақтардағы нысандарды тазалау
7. Ерекшеленген аумақтардағы нысандарды тазалау
Тармақ 42
42. Ерекшеленген аумақтардағы нысандарда (базарлар, жаға-жайлар, бақтар, емдеу-сауықтыру мекемелері) санитарлық-эпидемиялық станциялардың келісімінсіз санитарлық қондырғыларды орнатуға және құрылыстарын жүргізуге, күл қоқыстарды жинауға, автокөліктерін жууға, шашылған шөлмектерді және ағаштарды сақтауға жол берілмейді.
Тармақ 43
43. Қоғамдық орындардағы аумақтарды жинау (жалпы қолданыстағы демалыс орындары) таңертеңгілік және адамдар аз жүретін уақыттарда (түнгі, таңертеңгілік кезде) жүргізіледі.
Тармақ 44
44. Жазғы маусымда жүретін жерлерде және тротуарлардан шаң-тозаң, кір-қоқыс, жерге түскен жапырақтар, көше күл-қоқыстары, жолдар, алаңдар көшелер және инженерлік құрылыстар жүру бөліктері түнгі уақытта жуылады.
Тармақ 45
45. Жапырақтар саулап түскен шақтарда оларды жел ұшырып әкететін көшелер, тротуарлар, газонда дер кезінде жинап алу керек. Жиналған жапырақтарды арнаулы белгіленген учаскелерге жеткізу қажет. Жапырақтарды елді мекендерде, скверлерде және парктерде өртеп, жинақтауға болмайды.
Тармақ 46
46. Қысқы жинау жұмысы тұрақты (қар жауған кездерде) және мезгілді (қар жауған және одан кейінгі уақытта) болып екі түрге бөлінеді.
Тармақ 47
47. Жолдардағы және тротуарлардағы көктайғақтармен күресу үшін тұз араластырылған құм (немесе басқа хлоридалы құмдар) қолданылады. Жолдарды қауіпсіздендіру жүру қозғалысы жоғары жерлерден ең бірінші кезекте апатты-қауіпті жерлерден басталады: құлдилауда, көтерілуде, қиылыстарда, қоғамдық көліктер тежелетін орындарда, көпірлердің өту бөліктерінде, жол өтімдерінде және басқа инженерлік құрылыстарда.
Тармақ 48
48. Мұз үйінділерін, қардың кірлік қалдықтарын жасыл көшетті аумақтарға апарып, тастауға жол берілмейді.
Тармақ 49
49. Көшелердің өту жолдарын, алаңдарын, қиылыстары, көпірлер, жоғары және ылдиларды құмды механизммен себу осы жұмыстарды өткізуге конкурста жеңіп шыққан ұйымдар мен мекемелер құқылы. Аула ішіндегі жаяу кісілі жолдарға құм себу пәтер иелері күшімен немесе мамандандырылған кәсіпорындармен шарт жасасу тәртіпте іске асырылады.
Тармақ 50
50. Жер учаскесі иелері және жер пайдаланушылар белгіленген аумақтарда қар және мұздарды ойып жинауға, тайғақ жерлерге инертті жадығаттармен өз бетімен себуге немесе мамандандырылған ұйымдар шарты бойынша іске асыруға міндетті.
Тармақ 51
51. Шатырларды және карниздегі, төбедегі және су құбырларындағы қардан тазалау ғимарат және мекеме иелерінің құралымен және күшімен, маңайы міндетті қоршалған жасыл көшеттерді, шамдарды, ауа жүйелерінің және жая жолаушылардың бақытсыз жағдайынан сақтану шараларын сақтау міндетімен жүйелі түрде өндіріледі.
Тармақ 52
52. Өтетін жерлерді бөгеуге жасыл көшетті газондарға залалын тигізетін қар және мұз қалдықтарын тастауға жол берілмейді.
Тарау 8. 8. Базарлар
8. Базарлар
Тармақ 53
53. Базарлар аумағында (оның ішінде шаруашылық алаңдарға кірме жолдар, өткелдер) жауын және көктемгі су ағындарының төмен ағып кетуін қамтамасыз ететін қабаттар (асфальт, жұмыртас) төселуі керек. 0,2 гектар алаңы бар базарларға еркіндік етілген жағдайда бұрынғы төселген жоғарғы қабатты кем дегенде 3 см құммен тағы нығырлауға жол беріледі.
Тармақ 54
54. Базардың аумағында канализация және су құбыры болуы керек.
Тармақ 55
55. Шаруашылық алаңдарды Қазақстан Республикасының санитарлық қағидалар мен нормалараның талаптарына сәйкес сауда орындарынан кем дегенде 30 метр қашықтықта орналасуы тиіс.
Тармақ 56
56. Базардың техникалық жұмысшылары ол жабылғаннан кейін аумағын тазартуы керек. Күндіз қалдықтар жиналып қалған жерлерге тазарту жұмыстары жүргізілуі керек.
Тармақ 57
57. Жылдың жылы маусымында базар аумағын міндетті сыпырумен бірге күн сайын жуып отыру керек.
Тарау 9. 9. Бақтар
9. Бақтар
Тармақ 58
58. Ауыспалы күл қоқыс жинағыштарға бөлінген шаруашылық учаскелері демалушылардың көп жиналатын орындарынан (би алаңдары, эстрадалар, фонтандар) 50 метрден жақын орналаспауы керек.
Тармақ 59
59. Парктің 800 шаршы метріне кем дегенде бір урна орнатылуы керек. Басты аллеялардағы урналардың ара қашықтығы 10 метрден аспауы тиіс.
Тарау 10. 10. Табиғи суаттар
10. Табиғи суаттар
Тармақ 60
60. Табиғи жағжайларда медициналық пункттер, құтқару станциялары, тамақтану орындары, киініп шешінетін кабиналар, әжетханалар орналасады. Егер фонтандар болса су ауызсуы Қазақстан Республикасының санитарлық қағидалар мен нормаларының талаптарына сәйкес болуы керек.
Тармақ 61
61. Урналар жасыл көшеттерден 3-5 метрлік қашықтықта орналасуы керек. Урналар жаға-жайдың 1600 метрлік аумағына кем дегенде біреуі орнатылуы қажет. Орнатылған жаға-жайдағы урналардың ара қашықтығын бір-бірінен 40 метрден аспауы тиіс.
Тармақ 62
62. Жаға-жай алаңдарында бір орынға 75 келушіден келетін қоғамдық әжетханалар орнатылуы керек. Қоғамдық әжетханалардың суға шомылатын жерлерге дейінгі ара қашықтығы кем дегенде 50 метрден 200 метрге дейін аспауы керек.
Тармақ 63
63. Ашық және жабық шешінетін орындар, гардеробтар күн сайын дезинфекциялайтын ертінділермен жуылуы керек. Жаға-жайлар аумағында күнделікті жинастыру жүргізу қажет. Арнаулы механизмдер болса жаға-жайларда аптасына кем дегенде бір рет құмның беткі қабатын күл қоқыстан аршып отыру керек. Аршалғаннан кейін құм тегістелуі қажет.
Тармақ 64
64. Суға шомылу үшін арналған орындарда машина, кір жууға, жануарлар суға түсіп және оларды ертіп жүруге жол берілмейді.
Тармақ 65
65. Қысқы маусым аяқталғанда су тоғандарының жағалық аймақтары күл қоқыстардан, бей берекет үйінділерден арылуы керек, су бассейінінің санитарлық жағдайын күтіп ұстау бойынша шаралар жүргізілуі қажет.
Тарау 11. 11. Қатты қалдықтарды жинау, шығару және залалсыздандыру
11. Қатты қалдықтарды жинау, шығару және залалсыздандыру
Тармақ 66
66. Тұрғын үйлерден, сауда және қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарынан, мәдениет кәсіпорындарынан, қоғамдық және басқадай ұйымдардан қатты қалдықтарды жинауды және шығаруды жоспарлы-тұрақтандыру жүйесі бойынша арнайы кәсіпорындар арқылы жүргізіледі.
Тармақ 67
67. Қоқыстар мен қалдықтарды жинау үшін контейнерлерді орналастыру үй иелерімен және кәсіпорындармен шарт жасасу арқылы жүзеге асырылады. Кәсіпорын, мекеме және ұйым басшылары санитарлық қызметтер және өртке қарсы қызметтер келісімі бойынша контейнер орнатуды өндіреді. Қағаз қораптар пакеттелген және байланған түржде қоқыс салатын орындардың жанына жиналуы тиіс.
Тармақ 68
68. Қоқыс жинайтын алаңдар елді мекендерде тұратын адамдар үшін қолайлы жағдайда, топырақ беті мен ауаның ластануына мүмкіндік бермейтін, тиісті эстетикалық талаптарды қамтамасыз етуді есепке ала отырып орналастырылады. Алаңқайлар асфальтпен жабылып және оған үй не кіреберіс жақтан арнаулы транспорттың кіріп шығуына мүмкіндік жасалған жөн.
Тармақ 69
69. Қалдықтарды сыртқа шығару ісіне өкілетті органдар бақылау жасайды.
Тарау 12. 12. Құрылысты бұзу және шығару
12. Құрылысты бұзу және шығару
Тармақ 70
70. Қолданылып жүрген заңдылықтар және бекітілген жобалық процедуралардың орындалуы қамтамасыз етілген жағдайда ғана аумақтардағы ескірген және құлауға шақ қалған құрылыстарды тазарту жұмыстарына кірісуге болады.
Тармақ 71
71. Бұзу және бөлшектеу технологиясы Қазақстан Республикасының құрылыс нормалары мен қағидалар талаптарына сәйкес қызметкерлер мен жұмысшылардың қауіпсіз еңбек талаптарын қамтамасыз ету керек.
Тармақ 72
72. Бөлшектеу жүргізілгеннен немесе участок бұзылғаннан кейін құрылыс қалдықтары (қоқыс) қаланың қатты тұрмыстық қалдықтар полигонына шығарылады, ал учаске қайта өңдеуге жатқызылады.
Тарау 13. 13. Үй маңайын күтіп-ұстау және тазалау
13. Үй маңайын күтіп-ұстау және тазалау
Тармақ 73
73. Үй маңындағы аймаққа контейнер орнату үшін, ыңғайлы транспорт өту жолдары үшін арнайы алаңдар бөлінуі керек. Алаң жасыл көшеттермен қоршалған және су өткізбейтін жабындымен бірге ашық болуы керек.
Тармақ 74
74. Аулалық қоқыс жинағыштардың саны мен көлемі Қазақстан Республикасының талаптарына сәйкес анықтау ұсынылады.
Тармақ 75
75. Камера, қалдық өткізу, қалдық жинау және камерадан қалдықтарды арту орнына тиіп тұрған аумақты, сонымен қатар қалдық (контейнер) және тұрмыстық-қалдықтарды уақытша сақтау үшін алаңдарға жауапкершілікті меншік иесі, кондоминиум объектілері мекеме органдары, немесе үй немесе ғимарат меншігіндегі ұйымдар мойнына алады. Контейнер алаңы бекітілген аумақ сыртынан табылса, контейнер алаңын күтіп-ұстау жауапкершілігін қатты-тұрмыстық қалдықтарды шығаратын ұйымдар мойнына алады.
Тармақ 76
76. Жеке жер үйлер қожайындары кондоминиум объектісі мекеме органына аула маңайы және үйге жүру жолын жинау жүктеледі.
Тарау 13-1. 13-1. Жасыл желектерді күтіп – ұстау және қорғау
13-1. Жасыл желектерді күтіп – ұстау және қорғау
Тармақ 76-1
76-1. Қазақстан Республикасының «Қоршаған ортаны қорғау туралы» Заңына сәйкес әр азамат жасыл қордың сақталуын қамтамасыз етуге міндетті. Көпшілік қолданатын жерлерде орналасқан жасыл желектер қол сұғылмайтын мемлекеттік қорды құрайды және заңмен қатаң қорғалады.
Тармақ 76-2
76-2. Қала аумағында орналасқан барлық жасыл желектер қай учаскіде жіне кімнің билігінде тұрғанына қарамастан қалалық жасыл қорды құрайды.
Тармақ 76-3
76-3. Жасыл желектерді күту және оларды зиянкестерден, аурудан, арам шөптерден уақытылы қорғау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруға келесі негізгі шаралар кіреді:
Тармақша 1
1) жасыл желектерді жеткілікті және уақытылы сауру;
Тармақша 2
2) топырақты уақытылы және сапалы өңдеу, тыңайту;
Тармақша 3
3) қатараралық ағаш діңінің айналасын тиянақты және уақытылы өңдеу;
Тармақша 4
4) зиянкестер санының, аурудың таралуын есепке алу және болжау негізінде қорғаныс құралдармен биологиялық және химиялық өңдеу.
Тармақ 76-4
76-4. Құрсыл және жөндеу жұмыстарын жүргізетін заңды және жеке тұлғалар құрылыс салатын жерлердегі жасыл желектерді, көгалды жоюға тиіс болған жағдайда сметада оларды қалпына келтіру құнының төлемін ескеруі қажет.
Тармақ 76-5
76-5. Рұқсатты «Жезқазған қаласының тұрғын үй шаруашылығы, жолаушыларкөлігі мен автокөлік жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі береді.
Тармақ 77-6
77-6. Көгалдандыру аумағының алаңы бір адамға шаққанда аумағы 16 шаршы метр деп ұсынылады.
Тармақ 76-7
76-7. Ағаш мен бұталардың қартаюына қарай қалалық ұйымдардың келісім бойынша жаңасын отырғызу қажет.
Қосамшаға сәйкес жасыл желектерді ғимараттар мен құрылымдардан белгіленген нормативтерге сәйксе қашықтықта орналастыру қажет.
Өндірістік жұмыстар жүргізу кезінде заңды және жеке тұлғалар:
Тармақша 1
1) жасыл желекьерді зақымданудан қорғауға;
Тармақша 2
2) жолды, тротуарларды, алаңдарды және тағы басқа асфальттау кезінде қажетіне қарай көк шөп еге отырып немесе металл тор орната отырып, диаметрі 1 метрден кем емес ағаш түптерінен ұялар қалдыруға;
Тармақша 3
3) Жасыл желектер орналасқан аймақтағы жолды, тротуарларды және тағы басқа қайта құрылымдау және құрылысын жүргізу кезінде тік белгінің 5 сантимерден аса өзгеруіне жол бермеуге;
Тармақша 4
4) құрылысы жүріп жатқан объектілерге кірер жолдарды салу кезінде ағаштардың орналасуын ескеруге және жасыл желектердің тұрған қоршауларын бұзбауға міндетті.
Тармақ 76-8
76-8. Ағаштардың күтіп-ұсталуын бақылау жоспарлы (көктем және жүз) және кезектен тыс (қатты қар жауу, нөсер мен желден кейін) тексерістерді жүргізу арқалы жүзеге асыралады. Тексеру кезінде жөндеу, күтіп-ұстау, егу жұмыстарының көлемі мен сапасы анықталып, жасыл желектер мен абаттандырудың барлық элементтері тексеріледі.
Тармақ 76-9
76-9. Жасыл жекектерді ағымдық күтіп-ұстау, сақтау және өсіру келесі бекітілген аумақтың иелеріне, жерді пайдаланушыларға, заңды және жеке тұлғаларға жүктелсін:
Тармақша 1
1) тұрғын ықшам аудандарда, тұрғын үйлердің алдындағы көшелерде – тұрңғын-үй коммуналдық шаруашылығы мен тұрғын үй қорының иелеріне;
Тармақша 2
2) көпшілік қолданатын объектілерде (парк, сквер және тағы басқа) көпше бойында – мамандандырылған кәсіпорындарға;
Тармақша 3
3) өндірістік кәсіпорындар, зауыттар, фабрикалар мен меншіктің әр түрлі нысандағы басқа да объектілер аумағында, сондай-ақ, бекітілген аумақ пен санитарлық-қорғау аумақтарында – кәсіпорын басшыларына немесе ося объектілердің иелеріне;
Тармақша 4
4) құрылысқа бөлінген аумақтарды жұмыс бастаған күннен бастап – тапсырыс беруші немесе оның сенім хаты бойынша бас мердігер құрылыс ұйымына.
Тармақ 76-10
76-10. Меншіктің барлық нысандағы мекелерге, кәсіпорындарға, ұйымдарға және азаматтарға:
Тармақша 1
1) рұқсатсыз ағаштар мен бұтақтар кесуге, көгалдарды және басқа да учаскідегі жасыл желектерді қазуға;
Тармақша 2
2) жасанды мұздың еру нәтижесінде болған суды көгалдарға құюға;
Тармақша 3
3) көгалдар мен жасыл желектерге пластмассалы бөтелкелер, пакеттер, басқа да ыдыстар мен қоқыстарды лақтыруға;
Тармақша 4
4) жасыл желектері бар участкелерді тротуарлар мен жолдарға қарларды лақтыруға;
Тармақша 5
5) ағаштардан смола, шырын өндіруге, басқа да механикалық зақымданған өсімдіктермен жазулар, тіліктер жасауға;
Тармақша 6
6) ағаштарға жарнама қалқанын, нөмірлі белгілер, әр түрлі көрсеткіштер, хабарландырулар, сымдар қадауға;
Тармақша 7
7) ағаштар мен бұталардың айналасындағы қоршаулар мен ернеулерді, гүлзарларды және көгалдарды бұзу;
Тармақша 8
8) ағаштар мен бұталарды заңсыз кесуге және зақымдауға;
Тармақша 9
9) ормандарда өрт қауіпсіздігі мен санитарлық ереже талаптарын бұзуға;
Тармақша 10
10) орман қорын көрсетілген тәртіпте қолдануды, ағаштарды дайындау мен шығаруды бұзуға;
Тармақша 11
11) уықытша пайдаланылған орман қорын қайтару мерзімін бұзуға;
Тармақша 12
12) есептелген кеспе ағаштардан артық мөлшердегі сүректерді әзірлеуге жол беруге;
Тармақша 13
13) қоршаған ортаны ластауға болмаса жануарлар әлеміне зиян келтіруге себеп болған және себеп болуы мүмкін өсімдіктерді қорғау құралдарын, өсіуне ықпал жасайтын заттарды, материалды таңайтқыштар мен басқа да препараттарды тасымалдау, сақтау және қолдану ережелерін бұзуға;
Тармақша 14
14) өсімдіктер қалың өскен орындар мен жануарлар өмір сүретін ортаны қорғау ережелерін, зоологиялық топтамаларды құру, сақтау, есепке алу және пайдалану, сонымен қатар, өзеркімен орын ауыстыру, бейімделу, қайта бейімделу және жануарларды бұдандастыру ережелерін бұзуға;
Тармақша 15
15) елді мекендерді, кәсіпорындарды және басқа объектілерді орналастыру, жобалау және салу кезінде, өндірістік процестерді жүзеге асыру және көлік құралдарын, өсімдіктерді қорғау құралдарын, минералды тыңайтқыштар мен басқа да препараттарды пайдалану кезінде жануарлар мен өсімдіктерді қорғау ережелерін бұзуға рұқсат етілмейді;
Тармақ 76-11
76-11. Заңды және жеке тұлғалар жасыл желектерді кесу (оның ішінде қию, қысқарту) қажет болған жағдайда «Жезқазған қаласы тұрғы үй шаруашылығы, жолаушылар көлігі мен автокөлік жолдары бөлімі» мемлекеттік мекесіне өтініш береді, онда кесілетін жасыл желектер саны, оны жою себебі және жасыл желектің орналасқан жері көрсетіледі.
«Жезқазған қаласы тұрғы үй шаруашылығы, жолаушылыр көлігі мен автокөлік жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі өтінішті қарағаннан кейін оның көшірмесін «Қалалық қоршаған ортаны қорғау бөлімі» мен «Қалалық автожолдар басқармасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынына жолданады, олар «Сәулет және қала құрылыс бөлімі» мен «Тұрғын үй шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі» өкілдерді бірге сол жерге барып жасыл желектердің физикалық жағдайы мен жасыл желектерді кесуге рұқсат беру мүмкіндігі туралы қорытынды дайындайды.
Жасыл желектерді кесуге (оның ішінде қию, қысқарту) рұқсатты «Жезқазған қаласы тұрғы үй шаруашылығы, жолаушылар көлігі мен автокөлік жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі береді.
Заңды және тұлғалар рұқсат алған жағдайда «Қалалық автожолдар басқармасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынымен келісім шарт жасайды және «Жезқазған қаласы тұрғы үй шаруашылығы, жолаушылар көлігі мен автокөлік жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне залалдың орны толтырылғанын растайтын (сәндік және қылқанды көшеттер, ағаштарды сатып алу) төлем құжаттарының (квитанция, сату – салып алу келісім шарты) көшірмесін тапсыруды. Кесілген бір ағаштың орнына 30 ағаш отырғызылады.
Заңды және жеке тұлғалар мен «Қалалық автожолдар басқармасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны арасында жасалған келісім шартта міндетті түрде отырғызылатын жасыл желектің түрлері мен олар отырғызылмаған жағдайда қолданылатын шаралар көрсетіледі.
Жоғарына көрсетілген құжаттар тапсырылғаннан кейін «Сәулет және қала құрылысы бөлімі», «Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемелердің келісімі бойынша «Қалалық автожолдар басқармасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны жасыл желектерді кесу жұмыстарын бастай алады.
«Қалалық автожолдар басқармасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіорыны жасыл желектерді (оның ішінде қию, қысқарту) кескеннен кейін қалалық сәулет және қала құрылысы бөліміне, тұрған үй – коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөліміне, қоршаған ортаны қорғау бөліміне орындалуын бақылау, нормалары мен ережелерін сақтау және ақпарат тапсыру үшін жасыл желектерді кесу жөніндегі хат жолданады.»;
Тарау 14. 14. Осы Қағиданы бұзғандығы үшін жауапкершілік
14. Осы Қағиданы бұзғандығы үшін жауапкершілік
Тармақ 77
77. Сағат 23.00-ден 07.00-ге дейін үй жануарларымен бекітілген аумақтардан басқа қоғамдық орындарда жүруге тыйым салынады Сондай-ақ иттерді қарғы баусыз және мұрындықсыз алып шығуға тыйым салынады.
Осы Қағиданы бұзғандығы үшін «Әкімшілік құқық бұзышылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне көрсетілген санкциялар қолданады.
Тармақ 78
78. Осы Қағиданың орындалуын бақылауды қолданыстағы заңға сәйкес әр бақылаушы органдар өз құзыреті шегінде іске асырады.
Басқа 166. Ағаштар мен бұталардан ғимараттар, құрылымдарға дейінгі ара-қашықтығы
Жезқазған қаласының аумағын
көркейту қағидасына
қосымша
Ағаштар мен бұталардан ғимараттар, құрылымдарға дейінгі ара-қашықтығы
Инженерлік абаттандыру объектісі, ғимарат, құрылым
Оське дейінгі ең аз қашықтық, метрмен
Ағаш діңінен
Бұталар діңінен
Ғимараттың сыртқы қабырғасынан бастап
5
1,5
Жыралардың сыртқы жиегі мен көшелердің жүрген бөлігінің шетінен бастап
2
1
Тротуарлар мен бақ жолдарының шетіне бастап
0,7
0,5
Айналма, галерея және этакадтар
4
0,5
Жарық жүйелерінің діңгектері мен тіректерінен бастап
1
0,5
Еңіс, терраса немесе тіреу қабырғаларының ішкі қырынан
3
1
Жер асты жүйелерді мен газ және кәріз құбырлары
1,5
1
Жылу жүйесі (тоннель каналының қабырғасы немесе қаналсыз төсем қабықшасы)
2
1
Су құбыры және дренаж каналдары
2
0,7
Күш кабелі мен байланыс кабелі
2
0,7