О дальнейших мерах по совершенствованию административно-территориального устройства Республики Казахстан Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысын жетiлдiру жөнiндегi бұдан былайға шаралар туралы
"Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы"
Қазақстан Республикасы Заңының
9-бабына сәйкес қаулы етемiн:
Тармақ 1
1. Мына облыстар таратылсын:
Тармақша 1
1) Жезқазған облысы;
Тармақша 2
2) Көкшетау облысы;
Тармақша 3
3) Семей облысы.
Тармақ 2
2. Мына облыстардың:
Тармақша 1
1) таратылып отырған Жезқазған облысының аумағы енгiзiлiп,
Қарағанды облысының;
Тармақша 2
2) таратылып отырған Көкшетау облысының аумағы енгiзiлiп,
Солтүстiк Қазақстан облысының;
Тармақша 3
3) таратылып отырған Семей облысының аумағы енгiзiлiп, Шығыс
Қазақстан облысының шекаралары өзгертiлсiн.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының Үкiметi осы Жарлықты iске асыру
жөнiнде қажеттi шаралар қолдансын. Үш апта мерзiмде құрылған
облыстардың әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы ұсыныс енгiзсiн.
Тармақ 4
4. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.