Об утверждении Правил содержания собак и кошек в населенных пунктах Аулиекольского района Күшін жойған
Басқа 0
Әулиекөл ауданының елді мекендерінде иттер мен мысықтарды ұстау Ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағы 8) тармақшасының, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339 «Ветеринария туралы» Заңының 10-бабының, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы № 155 «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 3-бабының және Әулиекөл ауданы әкімдігінің 2005 жылғы 1 тамыздағы № 298 «Әулиекөл ауданының елді мекендерінде иттер мен мысықтарды ұстау Ережесі туралы» қаулысының негізінде Әулиекөл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Әулиекөл ауданының елді мекендерінде иттер мен мысықтарды ұстау Ережесі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы Ереженің орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің әлеуметтік сала және ауыл шаруашылығы мәселелеріне басшылық жасаушы орынбасарына (Қ.М. Ғабдулин) жүктелсін.
Басқа 3. Әулиекөл ауданының елді мекендерінде иттер мен мысықтарды ұстау
ЕРЕЖЕСІ
Мәслихаттың
2005 жылғы 27 қыркүйектегі
№ 137 шешіміне
қосымша
Әулиекөл ауданының елді мекендерінде иттер мен мысықтарды ұстау
ЕРЕЖЕСІ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Әулиекөл ауданының елді мекендерінде иттер мен мысықтарды ұстау Ережесі (әрі қарай - Ереже) Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339 «Ветеринария туралы» Заңының, Қазақстан Республикасының
2001 жылғы 30 қаңтардағы № 155 «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің негізінде әзірленді.
Тармақ 2
2. Осы Ереже иеленушілердің (меншік қалпынан тәуелсіз жеке және заңды тұлғалардың) иттер мен мысықтарды ұстау жөніндегі құқықтары мен міндеттерін, шарттары мен талаптарын белгілейді және Әулиекөл ауданының барлық елді мекендерінде орындалуға тиісті.
Тарау 2. 2. Иттер мен мысықтарды ұстау жөніндегі шарттар мен талаптар
2. Иттер мен мысықтарды ұстау жөніндегі шарттар мен талаптар
Тармақ 3
3. Иттер мен мысықтардың иелері санитарлық-гигиеналық, ветеринарлық-санитарлық нормаларды және оларды ұстау ережелерін қатаң сақтауға, жалпы пайдалану орындарын ластауға жол бермеуге, адамдардың қауіпсіздігін және көппәтерлі үйлерде тыныштықты (түн уақытында) сақтауды қамтамасыз етуге міндетті.
Тармақ 4
4. Осы Ереженің 3-тармағында көрсетілген талаптарды сақтау кезінде ұстауға рұқсат етіледі:
Тармақша 1
1) тұрғын үй-жайларында, жеке үйлерде иттер тек қана жақсы қоршалған аумақтарда, олардың бар екендігі туралы кіреберісте ескертетін жазу болу керек;
Тармақша 2
2) иттер, мысықтар және басқа жануарларды ауданның санитарлық-эпидемиологиялық және ветеринарлық қызмет рұқсатымен балалар мен жасөспірімдер мекемелерінде, жазғы сауықтыру мекемелерінде "зообұрыштарда”, "тірі бұрыштарда";
Тармақша 3
3) мекемелер мен ұйымдардағы күзет иттерді тек қана байлауда немесе вольерлерде.
Тармақ 5
5. Қоғамдық көліктерде иттер мен мысықтарды тасымалдау жолаушыларды мазаламау шартымен жүзеге асырылуы керек. Жануар не тұмылдырықта, не арнайы бөлікте, қолдорбада болу керек.
Тармақ 6
6. Қоғамдық орындарда адамдар ертіп жүрмеген, иелері байлауда қалдырғандардан басқа иттер қаңғып жүрген деп есептеледі және оларды арнайы мекемемен міндетті түрде ұстауға жатады.
Тарау 3. 3. Иттер мен мысықтар иелерінің міндеттері
3. Иттер мен мысықтар иелерінің міндеттері
Тармақ 7
7. Иттер мен мысықтардың иелері міндетті:
Тармақша 1
1) сатып алған кезден бастап екі апта мерзімінде өз жануарларын Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылық Министрлігінің аудандық аумақтық басқармасының ветеринарлық қадағалау бөліміне тіркеуге;
Тармақша 2
2) жануарларға жүйелі егуді жүргізуге;
Тармақша 3
3) итпен немесе мысықпен тістелген жағдайлар, келтірілген жарақаттар туралы медициналық мекемелерге және ветеринарлық қадағалау бөліміне тез хабарлауға;
Тармақша 4
4) адамдар мен жануарларды тістеген немесе оларға жарақат келтірген иттерді, мысықтарды қарау және карантиндік іс-шаралар қолдану үшін оларды ветеринарлық қадағалау бөліміне тез жеткізуге;
Тармақша 5
5) жануарды оның биологиялық қажеттілігіне сай ұстауға, онымен дұрыс қарым-қатынас жасауға, қараусыз, тамақ пен сусыз қалдырмауға, ал ауырса - уақытында ветеринарлық көмек көрсетуге;
Тармақша 6
6) аулаларды, кіреберістерді, баспалдақ алаңдарын, лифттерді, балалар алаңдарын, жолдарды, жаяу соқпақтарды, саябақтарды, бақтарды, демалыс орындарын ластамау, ал ластаған жағдайда міндетті түрде жинауды жүзеге асыруға;
Тармақша 7
7) жануарды одан әрі ұстау мүмкіндігі болмаса, басқа адамға беру немесе арнайы мекемеге өткізуіне;
Тармақша 8
8) жануар өліп қалған жағдайда, оның өлексесін мемлекеттік ветеринарлық инспекторының бақылауымен өлген жануарлар өлекселерін көму аумағына жерлеуге.
Тармақ 8
8. Иттер мен мысықтар иелеріне тыйым салынады:
Тармақша 1
1) жануарларды балалардың аула алаңдары, балалардың мектепке дейінгі мекемелері, мектептер мен оқу орындары, денсаулық сақтандыру нысандары, спорт алаңдары, бақтар, сутартқылар, суаттар, жағажай аумақтарында қыдыртуға;
Тармақша 2
2) мас күйіндегі адамдар мен 14 жасқа толмаған балаларға қоғамдық орындарда жануарларды қыдыртуға және олармен көлікке отыруға тыйым салынады;
Тармақша 3
3) иттер мен мысықтарды қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарында, сауда және азық-түлік дүкендерінің сауда және өндіріс залдарында пайда болуларына жол бермеуге;
Тармақша 4
4) жануарларды жалпы қолдану орындарында, кіреберістерде, баспалдақ бөліктері мен төбелерде, жертөлелерде, жатақханалардың дәліздерінде ұстауға;
Тармақша 5
5) иттер мен мысықтарды ветеринарлық құжаттары жоқ болса, белгіленген орындардан басқа жерде сатуға.
Тарау 4. 4. Иттер мен мысықтар иеленушілерінің құқы
4. Иттер мен мысықтар иеленушілерінің құқы
Тармақ 9
9. Кез келген жануар иесінің меншігі болып табылады және басқа меншік сияқты Заңмен қорғалады.
Тармақ 10
10. Иесі итін шектеулі уақытқа дүкен немесе басқа мекеме жанында (ірі итті - тұмылдырықта) қысқа баумен байлаулы қалдыруға құқы бар.
Тарау 5. 5. Осы Ережені бұзған иттер мен мысықтар иелерінің жауапкершілігі
5. Осы Ережені бұзған иттер мен мысықтар иелерінің жауапкершілігі
Тармақ 11
11. Осы Ережені сақтамағаны үшін иттер мен мысықтардың иелері Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне сәйкес жауап береді.