Об утверждении Правил благоустройства населенных пунктов, содержания и защиты зеленых насаждений Аулиекольского района Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.10.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Әулиекөл ауданының елді мекендерін көріктендіру, жасыл желектерін күтіп ұстау және қорғау Ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6-бабының және Әулиекөл ауданы әкімдігінің 2005 жылғы 18 қазандағы № 340 қаулысының негізінде Әулиекөл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Әулиекөл ауданының елді мекендерін көріктендіру, жасыл желектерін күтіп ұстау және қорғау Ережесі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы Ереженің орындалуына бақылау жасау Әулиекөл ауданының елді мекендерін көріктендіру, жасыл желектерін күтіп ұстау және қорғау мәселелері жөніндегі аудандық комиссияға жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы Ереже Әулиекөл ауданының әділет басқармасында тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді.
Басқа 4. Әулиекөл ауданының елді мекендерін көріктендіру, жасыл желектерін күтіп ұстау және қорғау ЕРЕЖЕСІ
Мәслихаттың 2005 жылғы 27 қазандағы № 144 шешіміне қосымша Әулиекөл ауданының елді мекендерін көріктендіру, жасыл желектерін күтіп ұстау және қорғау ЕРЕЖЕСІ Осы Ереже Қазақстан Республикасының «Қоршаған ортаны қорғау туралы» Заңының, Қазақстан Республикасының «Тұрғындардың санитарлық-эпидемиологиялық жақсаруы туралы» Заңының, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Кодексінің негізінде әзірленген. Осы Ереже меншік нысанына қарамастан заңды және жеке тұлғалардың елді мекендер аумағын көркейту, жасыл желектерді күтіп ұстау және қорғау, бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Кодексіне сәйкес жауапкершілік түсетін тәртібін белгілейді.
Тарау 1. 1. Негізгі ұғымдар мен анықтамалар
1. Негізгі ұғымдар мен анықтамалар
Тармақ 1
1. Аумақты көркейту - адамның ауыл және поселке аумағындағы қолайлы өмірін қамтамасыз ететін элементтер мен жұмыстардың кешені.
Тармақ 2
2. Бекітілген аумақ - бөлініп берілген аумаққа жататын немесе оған қызмет ететін немесе күзетілетін аймақ болып табылатын жер учаскесі. Бекітілген аумақтар болып табылады:
Тармақша 1
1) жол бөлігінің шетімен шектелген көше жақтағы аумақ, жол қабаты дұрысталған көшелер үшін немесе жол бөлігінің ортасына дейін жол қабаты жетілдірілмеген көшелер үшін;
Тармақша 2
2) аулалар аралығындағы аумақтар;
Тармақша 3
3) жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен уақытша сақтау, жинау және басқа мақсаттар үшін пайдаланылатын аумақ;
Тармақша 4
4) бөлінген аумақтың периметрі бойынша 25 метрге дейінгі қашықтықтағы аумақ.
Тармақ 3
3. Жасыл желектер - санитарлық-гигиеналық талаптарды, көркейту және сәулеттік-ландшафттық ресімдеу деңгейін арттыруды қамтамасыз ететін елді мекеннің құрылымын жоспарлау элементі.
Тармақ 4
4. Жер жұмыстары - аумақты қазумен, құмды төгумен, қайтадан жабумен байланысты жұмыстар.
Тармақ 5
5. Жер пайдаланушы - меншік нысанына және мақсаттарына қарамастан (кәсіпорындар, ұйымдар, кәсіпкерлер, жеке тұрғын үйлер иелері) ауылдық жерлердегі жер учаскелерін пайдаланушы заңды немесе жеке тұлға.
Тармақ 6
6. Инженерлік жүйелер және құрылыстар тұрғындар мен кәсіпорындардың мұқтаждықтарына кешендік қызмет жасауға арналған елді мекендерді инженерлік көркейтудің маңызды элементтері.
Тармақ 7
7. Шағын сәулеттік нысандар - әрі сәндік, әрі утилитарлық сипаттағы көлемі жағынан салыстырмалы түрде шағын нысандар:
Тармақша 1
1) сәндік имараттар - мүсіндер, фонтандар, барельефтер, гүлдерге арналған сауыттар және тағы басқалар;
Тармақша 2
2) утилитарлық сипаттағы имараттар - күркелер, дүңгіршектер, орындықтар, қоршаулар, қоқыс жинағыштар, көшелердің, үйлердің маңдайшалары, хабарландырулар және тағы басқалар.
Тармақ 8
8. Жапқыштар (тент) - тасымалданатын сусымалы жүктердің жолға шашылуын, құлауын, себілуін алдын алуға арналған арнайы құрал.
Тармақ 9
9. Қоғамдық орындар - жалпы пайдаланылатын демалыс орындары (сапаржайлар, скверлер, саябақтар), алаңдар және көлік аялдамалары.
Тармақ 10
10. Бөлініп берілген аумақ - жер пайдаланушыға иеленуге немесе пайдалануға уәкілдік органдардың шешіміне сәйкес өзіне тиісті объектілерді орналастыруға берілген жер учаскесі.
Тармақ 11
11. Көше - жолдың жүргінші бөлігі, тротуарлар, жасыл желектер, жер асты және жер үсті инженерлік желілер орналасқан аумақ.
Тарау 2. 2. Жалпы ережелер
2. Жалпы ережелер
Тармақ 12
12. Кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдар меншік нысанына және ұйымдық - құқықтық нысанына қарамастан, қоғамдық бірлестіктер, лауазымдық тұлғалар және азаматтар көркейту ережелерін ұстануға, сақтауға, елді мекеннің аумағында тазалықты және тәртіпті қамтамасыз етуге, ғимараттар мен имараттарды оңды жағдайда ұстауға міндетті. Аумақ учаскелерінің санитарлық күтілу және сыртқы көркейтілуі заңды және жеке тұлғаларға осы Ережелер негізінде аудан әкімінің және село, селолық округтер, поселке әкімдерінің өкімдік актілерімен бекітіліп беріледі.
Тармақ 13
13. Жылдың жылы мерзімінде ауа райына байланысты бөлінген, аумақты жинағаннан басқа, бөлінген және бекітілген аумақтарға суару жүргізілуі қажет.
Тармақ 14
14. Әр меншік субъектісі көшелерді жинауды бекітілген аумақ бойында жүргізеді.
Тармақ 15
15. Меншік нысанына қарамастан кәсіпорын, ұйымдар басшылары, жеке автокөлік жүргізушілері көшелерге көлікті тиісті санитарлық-гигиеналық нормаларды сақтағанда ғана шығаруды қамтамасыз етуге міндетті. Елді мекендер аумағына санитарлық-гигиеналық және экологиялық талаптарға сай келмейтін, жол қабатының ластануына жол беретін және сыртқы механикалық ақаулары бар автокөліктер және басқа механикалық құралдардың кіруіне және жұмыс жасауына жол берілмейді. Жол қабатын ластап себілетін және басқа да жүктер таситын жүк автокөлік иелері, осы көліктің артқы қорабының болуын және жапқыш құралмен жабдықталуын қамтамасыз етуге міндетті.
Тармақ 16
16. Қоғамдық орындар және салынып бітпеген аумақтар село, селолық округтер және поселке әкімдерінің шешіміне сәйкес тазартылады.
Тармақ 17
17. Автокөліктер тұрақтарының орындары әкімшілік және өндірістік имараттар, сауда кәсіпорындары мен қоғамдық, тамақтану жерлеріндге жабдықталуы керек.
Тармақ 18
18. Кәсіпорындар мен ұйымдар басшылары кірме жолдарлдың ақаусыз жағдайын қамтамасыз етуге міндетті.
Тармақ 19
19. Өтетін жолдарды жауып, көшеттер отырғызылған гүлзарларда мұз бен қар жинауға тыйым салынады.
Тармақ 20
20. Хабарландыруларды, жарқағаздарды, кез-келген плакаттар, үндеухаттар, хабарламалар және сол сияқты материалдарды белгіленбеген жерлерге жапсыруға тыйым салынады.
Тармақ 21
21. Адамдардың жаппай демалатын жерлерінде автокөліктерді және басқа көлік құралдарын жууға, малдар мен құстарды су құбырлары тартқыштарында, жағажайлар мен тоғандарда суаруға тыйым салынады.
Тармақ 22
22. Елді мекендердің бөлінбеген жерлеріне малдарды жаюға тыйым салынады.
Тармақ 23
23. Ауылшаруашылық кәсіпорындарының басшылары міндетті:
Тармақша 1
1) құлағалы тұрған жерлерді, малдар көмілетін орындарды жөндеуді, ұдайы тазартуды ұйымдастыруға;
Тармақша 2
2) мал қиы жиналған қойманы механикалық тазартуды, көмуді жүргізуге.
Тармақ 24
24. Жергілікті атқарушы органдар, сумен қамсыздандыру кәсіпорындары мен ұйымдары ауыз су сапасымен және санитарлық ережелер мен нормаларға сәйкес су шаруашылығы және мәдени-тұрмыстық жерлердегі жасанды су тоғандарын ластанудан қорғауды қамтамасыз етуге міндетті.
Тарау 3. 3. Елді мекендер аумағында шағын сәулеттік нысандарды белгілеу және ұстау тәртібі
3. Елді мекендер аумағында шағын сәулеттік нысандарды белгілеу және ұстау тәртібі
Тармақ 25
25. Сыртқы көркейтудің барлық элементтері, соның ішінде ғимараттардың алдыңғы жағы эстетикалық ресімделуі керек. Сауда және қызмет көрсету салалары кәсіпорындарының алдыңғы жағы жарықтандырылуы керек.
Тармақ 26
26. Елді мекендер аумағында шағын сәулеттік нысандардың құрылысына және орнатылуына аудан әкімдігінің тиісті қызметтерімен келісілгеннен соң жол беріледі.
Тармақ 27
27. Шағын сәулеттік нысандардың барлық белгілері ақаусыз жағдайда болуы керек.
Тармақ 28
28. Тұрғын, қызмет, өндірістік және өзге ғимараттар және құрылыстар иелері көшенің көрсеткіштері мен нөмірлік белгілерін дұрыс жағдайда ұстауы керек.
Тармақ 29
29. Барлық меншік түрінің кәсіпорындары мен ұйымдары кіре берісте заңды тұлғаның мемлекеттік және орыс тілдеріндегі атауын іліп қоюға және оның тиісті жағдайда болуын қамтамасыз етуге тиісті.
Тарау 4. 4. Жасыл желектерді ұстау тәртібі
4. Жасыл желектерді ұстау тәртібі
Тармақ 30
30. Заңды тұлғалар мен жеке тұлғаларға, оларға бекітіліп берген аумақтағы скверлерді, саябақтарды, гүлзарларды, басқа жасыл желек объектілерін ағымдық ұстау жүктеледі. Жер пайдаланушылар, оларға берілген аумақтарда жасыл желектерді өсіп-өндіру және қорғауды қамтамасыз етуге міндетті.
Тармақ 31
31. Құрылыс жеріндегі, жерасты коммуникация және инженерлік желілер жолдарындағы жасыл желектерді бұзуға және көшіруге аудан әкімі аппаратында бекітілген жасыл желектерді бұзу актісі бар болғанда ғана жол беріледі.
Тармақ 32
32. Жасыл желектерді бұзу және көшіру құрылыс салушылар күшімен жүргізіледі. Бұзылған жасыл желектерді қалпына келтіру құрылыс немесе ғимаратты жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан ұйымға жүктеледі.
Тармақ 33
33. Жұмыс жүргізу кезінде заңды және жеке тұлғалар міндетті:
Тармақша 1
1) жасыл желектерді бұзылудан қоршауға;
Тармақша 2
2) жолдар, тротуарлар, кірме жолдарға асфальт төсегенде диаметрі 1 метрден кем емес ойық қалдыруға;
Тармақша 3
3) жасыл желектер орналасқан жерлерде жолдарды қайта жөндеу және басқа жұмыстар кезінде жоғарылату және төмендету кезінде 5 сантиметрден артық көлденең белгілердің өзгеруіне жол бермеу керек. Өсімдіктің көмілуі және тамырының ашылуы жағдайында жобада жасыл желектердің қалыпты өсуіне жағдайлардың сақталуы үшін құрылғы көзделуі қажет.
Тармақ 34
34. Жасыл желектер орналасқан аумақтарда тыйым салынады:
Тармақша 1
1) құрылыс материалдарын, құмдарды, ағаш және басқа заттарды жинауға, көгалдарды, гүлзарларды, ойықтарды бітеуге;
Тармақша 2
2) гүлзарлардың үстімен жүруге, ағаштарды, көшеттерді кесіп, сындыруға, басқа да зияндар келтіруге;
Тармақша 3
3) ағаштарды, көшеттерді және желектерді өз бетімен кесуге;
Тармақша 4
4) село, селолық округтер және поселке әкімдерінің келісімінсіз қоршаулар орнатуға.
Тарау 5. 5. Жер пайдаланушының міндеттері
5. Жер пайдаланушының міндеттері
Тармақ 35
35. Жер пайдаланушы міндетті:
Тармақша 1
1) бөлінген және бекітілген жерлерді, инженерлік желілер және олардың элементтерін санитарлық нормалар белгілеген санитарлық жағдайда ұстауға;
Тармақша 2
2) өндірістік және тұрмыстық қалдықтарды жинау, қайта өңдеу, залалсыздандыру және көмуді қамтамасыз етіп, аумақтарды нормативтер белгілеген санитарлық ережелер мен нормаларға сәйкес ұстауға;
Тармақша 3
3) сұйық қалдықтарды жинауға санитарлық нормаларға сай қазылған шұңқыр болу керек;
Тармақша 4
4) қажеттігіне қарай өз аумағында дезинфекция, дезинсекция және дератизация жүргізуге.
Тармақ 36
36. Жер пайдаланушыға тыйым салынады:
Тармақша 1
1) бөлінбеген аумақта жабдықтар, шикізат, ыдыстар және соларға ұқсастарды жинауға;
Тармақша 2
2) қоршаған ортаға зиян келтіретін тазарту әдістерін пайлалануға.
Тармақ 37
37. Кәсіпорындар мен ұйымдар басшылары өз қызметін жүзеге асыруда міндетті:
Тармақша 1
1) қолданыстағы санитарлық заңнамаларды, санитарлық ережелер мен нормалар, гигиеналық нормативтерді сақтауды қамтамасыз етуге;
Тармақша 2
2) қоршаған ортаның ластануының алдын алуға және жоюға бағытталған санитарлық-эпидемияға қарсы іс-шараларды әзірлеуге және жүзеге асыруға.
Тарау 6. 6. Осы Ережелерді бұзғаны үшін жауапкершілік
6. Осы Ережелерді бұзғаны үшін жауапкершілік
Тармақ 38
38. Осы Ережені бұзу Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Кодексінің 300, 387-баптарында көзделген әкімшілік жауапкершілікке тартылады.