О дополнительных мерах по государственному регулированию цен и тарифов на услуги предприятий-монополистов Қолданыста
Басқа 0
Монополияшы кәсіпорындардың қызмет көрсетулеріне бағалар мен тарифтерді мемлекеттік реттеу жөніндегі қосымша шаралар туралы
Республиканың ішкі рыноктарындағы жағдайды тұрақтандыру мақсатында және Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" 1995 жылғы 18 желтоқсандағы N 2688 конституциялық заң күші бар Жарлығының негізінде Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Рыноктарда үстем жағдайға ие және оны бағалар мен тарифтерді негізсіз көтеру үшін пайдаланатын шаруашылық жүргізуші субъектілердің жылу қуатын өндіру және онымен жабдықтау, газбен жабдықтау, электрмен жабдықтау, сумен жабдықтау, кірме темір жолдарды пайдалану бойынша көрсететін қызметтеріне бағаны мемлекеттік реттеу енгізілсін.
Тармақ 2
2. Былай деп белгіленсін:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының аумағында сатылатын тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) бағалары туралы ақпарат тұтынушыларға тек теңгемен берілуі тиіс;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының резиденттері арасында шарттар жасалғанда бағалар тек теңгемен белгіленеді;
Тармақша 3
3) Алып тасталды – ҚР Үкіметінің
20.05.2026
№
411
(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Тармақша 4
4) электр қуаты мен газды Қазақстан Республикасынан тыс жерлерден сатып алатын және өнімді қазақстандық өндірушілерден алудың балама мүмкіншілігі жоқ аймақтарды электр қуатымен және газбен үзбей жабдықтау мақсатында, тұтынушылар үшін газ бен электр қуаты тарифтерін өзгерту ай сайын, АҚШ долларының ай ішіндегі орташа биржалық бағамының серпінінен қарай, Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекені қорғау жөніндегі агенттігі белгілейтін тәртіппен жүзеге асырылына алады.
📌 Ескерту. 3)-тармақша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2003.03.26. N 297; өзгерістер енгізілді –
ҚР Үкіметінің 20.05.2026 № 411(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
Тармақ 3
3. Осы қаулының 2-тармағының 1) және 2) тармақшаларында белгіленген шектеулер табиғи монополияларды реттеу жөніндегі заңдарда және Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарда көзделген жағдайларда ұйымдардың қызмет көрсетулеріне белгіленген бағаларға қолданылмайды.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекені қорғау жөніндегі агенттігі рыноктарда үстем жағдайға ие шаруашылық жүргізуші субъектілердің жылуды өндіру және онымен жабдықтау, газбен жабдықтау, электрмен жабдықтау, сумен жабдықтау, кірме темір жолдарды пайдалану бойынша көрсететін қызметтеріне бағаны мемлекеттік реттеудің енгізілуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Министрліктер, агенттіктер және өзге де орталық атқарушы органдар бұрын қабылдаған нормативтік актілерін осы қаулыға сәйкес келтірсін.
Тармақ 6
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялауға жатады.