Об утверждении Положения об участковых комиссиях для проведения обследования материального положения лиц, обратившихся за адресной социальной помощью и пособием на детей до восемнадцати лет Күшін жойған
Басқа 0
Атаулы әлеуметтік көмек
және он сегіз жасқа дейінгі
балаларға жәрдемақы
көрсетуді отінген тұлғалардың
материалдық жағдайына тексеріс
жүргізетін учаскелік комиссиялар
туралы Ережені бекіту туралы
«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы Қазақстан Республикасының Заңына», «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 24 желтоқсандағы № 1685 қаулысына және «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 2 қарашадағы № 1092 қаулысына сәйкес облыстық әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған атаулы әлеуметтік көмек және он сегіз жасқа дейінгі балаларға жәрдемақы көрсетуді өтінген тұлғалардың материалдық жағдайына тексеріс жүргізетін учаскелік комиссиялар туралы Ережесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Учаскелік комиссиялар атаулы әлеуметтік көмек көрсетуді өтінген тұлғалардың материалдық жағдайына тексерісті жергілікті бюджеттен әлеуметтік көмек көрсетуге жауапты облыстық уәкілетті органның ұсыныстары негізінде жүргізсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары Е.Л. Тоғжановқа жүктелсін.
Келісілді:
Қарағанды облыстық
Мәслихатының хатшысы
Қ. Медиев ____________
28 қыркүйек 2005жыл
Басқа 4. Атаулы әлеуметтік көмек және он сегіз жасқа дейінгі балаларға жәрдемақы көрсетудіөтінген тұлғалардың
материалдық жағдайына тексеріс жүргізетін
учаскелік комиссиялар туралы Ереже
Қарағанды облыстық әкімдігінің
2005 жылғы 28 қыркүйек №18/03
қаулысымен бекітілген
Атаулы әлеуметтік көмек және он сегіз жасқа дейінгі балаларға жәрдемақы көрсетудіөтінген тұлғалардың
материалдық жағдайына тексеріс жүргізетін
учаскелік комиссиялар туралы Ереже
Осы ереже «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы Қаақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 24 желтоқсандағы № 1685 қаулысына сәйкес әзірленген.
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Учаскелік комиссия атаулы әлеуметтік көмек және он сегіз жасқа дейінгі балаларға жәрдемақы алуға өтініш білдірген тұлғалардың (отбасыларының) материалдық жағдайына тексеріс жүргізу үшін жергілікті бюджеттен әлеуметтік көмек көрсетуге жацапты уәкілетті органның (одан әрі – уәкілетті орган) ұсынысы бойынша тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің (қала, кент, селолық округ, село) әкімдерінің шешімімен құрылады.
Тармақ 2
2. Учаскелік комиссия құрамы жыл сайын уәкілетті органның басшысымен қалыптасады.
Учаскелік комиссияның сандық құрамы кем дегенде 5 адам болуға тиіс.
Учаскелік комиссиялар құрамына жергілікті өкілетті органдардың, білім беру, денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау (әлеуметтік қызметшілер) ұйымдары мен өкілетті органдарының өкілдері, құқық қорғау органдары қызметшілері кіреді, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, қоғамдық бірлестіктердің, үйлер (пәтерлер) меншік иелері кооперативтерінің, тұрғындардың (олар өз еркімен келіскен жағдайда) өкілдері, тиісті жоғары немесе орта арнаулы білімі бар, ақылы қоғамдық жұмыстарға тартылған жұмыссыздар қатарына алынған тұлғалар кіруі мүмкін.
Уәкілетті орган алдын-ала келісілген соң оларды комиссия құрамына енгізу туралы әрбір өкілге жазбаша құлақтандыру жібереді (Ереженің 1 қосымшасы).
Тармақ 3
3. Учаскелік комиссиялар жұмысын уәкілетті орган басқарады. Уәкілетті орган комиссия мүшелерін олардың құқықтарымен, міндеттерімен, және жауапкершілігімен таныстырады.
Тармақ 4
4. Уәкілетті органның басшысы аз қамтамасыз етілген азаматтардың материалдық жағдайына тексеріс жүргізуді ұйымдастыру үшін жауапты.
Тармақ 5
5. Уәкілетті органның басшысы тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің әкіміне комиссия құрамына өз беделіне дақ түсірген немесе тексерістің белгіленген ережелерін бұзған кез келген мүшесін шығару туралы ұсыныс жасауға құқықты.
Тармақ 6
6. Учаскелік комиссия өз қызметінде осы Ережені және қолданыстағы заңнаманы басшылыққа алады.
Тарау 2. 2. Комиссияның негізгі функциялары
2. Комиссияның негізгі функциялары
Тармақ 7
7. Учаскелік комиссиялар уәкілетті органдарға және қала, кент, селолық округ, село әкіміне тұрғындарға атаулы әлеуметтік көмек және он сегіз жасқа дейінгі балаларға жәрдемақы көрсету, оның атаулылығын арттыру мақсатында және қаржыны барынша мұқтаж отбасыларына жұмсау жөнінде қолғабыс етеді.
Тармақ 8
8. Учаскелік комиссиялар ұсынылған құжаттар негізінде атаулы әлеуметтік көмекті ұсынудың қажеттілігі туралы қорытындылар әзірлейді (облыс әкімімен бекітілген үлгі бойынша) және он сегіз жасқа дейінгі балаларға жәрдемақыларды алуға отбасының қажеттілігі туралы.
Тармақ 9
9. Учаскелік комиссиялар уәкілетті органның немесе кент, селолық округ, село әкімінің тапсырмасы бойынша (Ережеге 2 қосымша) әлеуметтік көмекті алуға үміттеніп отырған өтініш берушілердің (отбасыларының) тұратын жеріне шығып іс жүзіндегі материалдық жағдайына тексеріс жүргізеді.
Тарау 3. 3. Комиссияның негізгі құқықтары
3. Комиссияның негізгі құқықтары
Тармақ 10
10. Учаскелік комиссиялар өтініш берушілерден еңбек, кәсіпкерлік қызметтен түскен кірістерді және кірістердің өзге де түрлерін растайтын құжаттарды талап етуге құқығы бар.
Тармақ 11
11. Учаскелік комиссиялар уәкілетті органның немесе кент, селолық округ, село әкімінің тапсырмасы бойынша өтініш беруші (отбасы) ұсынған құжаттарды таңдап қайта тексеруге құқығы бар.
Тармақ 12
12. Учаскелік комиссиялар тиісті органдардан тексерулер жүргізу үшін қажетті мәліметтерді сұрауға құқығы бар.
Тарау 4. 4. Материалдық жағдайына тексеріс жүргізу кезінде
комиссияның өкілеттігі
4. Материалдық жағдайына тексеріс жүргізу кезінде
комиссияның өкілеттігі
Тармақ 13
13. Комиссия өтініш берушінің (отбасының) материалдық жағдайына тексерісті атаулы әлеуметтік көмекті және он сегіз жасқа дейінгі балаларға жәрдемақы тағайындауға алғаш өтініщ берген кезде міндетті түрде жүргізеді. Егер қайталап өтініш берсе материалдық жағдайына тексерісті қажеттілігіне қарай (отбасының құрамы мен кірістерінде өзгерістер болған жағдайда, ескерілмеген қосымша кірістер туралы мәліметтер болғанда) жүргізеді. Комиссия материалдық жағдайына тексерісті жылына кем дегенде бір рет жүзеге асырады.
Тармақ 14
14. Учаскелік комиссия отбасының материалдық жағдайына міндетті түрде тексеру актын толтырады, сонымен кчаскелік комиссияның барлық мүшелері осы актыға қол қояды (Ережеге 3 қосымша). Акт толтырылған соң және отбасының әлеуметтік көмекті алуға қажеттілігі жөнінде қорытынды шығарылған соң осы құжаттарды уәкілетті органға (кент, селолық округ, село әкіміне) тапсырады.
Тармақ 15
15. Өтініш беруші тексеріс жүргізуден бас тартқан жағдайда учаскелік комиссия міндетті түрде акт толтырады. Сонымен уәкілетті органға хабарланады (өз кезегінде, осыған ұқсас актілер ұсыныған жағдайлардауәкілетті орган әлеуметтік көмек тағайындаудан бас тарту туралы шешім шығарады).
Учаскелік комиссия өтініш берушімен ұсынылған немесе тексеріс барысында анықталған отбасының кірістері туралы сенімсіз мәліметтерді актыда көрсетеді (өз кезегінде, осыған ұқсас жағдайларда уәкілетті орган әлеуметтік көмекті ағымдағы тоқсанның аяғына дейін тағайындаудан бас тарту туралы шешім шығарады).
Тармақ 16
16. Учаскелік комиссия отбасының материалдық жағдайын тексеру актына міндетті түрде: еңбек, кәсіпкерік қызметтер келіп түскен табыстарды дәлелдейтін құжаттар мен табыстың басқа да түрлерін; қарсы тексеру актын; органдардың сұранысқа жауаптарын (тексеріс жүргізуге қажетті мәліметтер алу туралы сұраныстар жалданған жағдайда) қоса тіркейді. Комиссия уәкілетті органға тексеру актын тапсырған кезде барлық жалғас құжаттарды тапсыруға міндетті.
Тарау 5. 5. Комиссия міндеттері мен жауапкершілігі
5. Комиссия міндеттері мен жауапкершілігі
Тармақ 17
17. Өтініш беруші мен оның отбасының материалдық жағдайына тексеруді учаскелік комиссия азаматтардың жеке өміріне құрметті сақтай отырып, олардың қадір-қасиетін кемітетін іс-қимылдарды болдырмайтын жағдайда жүргізеді. Комиссия мүшелері азаматтардың жеке өмірі туралы мәліметтерді жария етпеуге міндетті.
Тармақ 18
18. Әлеуметтік көмек алуға өтініш беруші мен оның отбасының материалдық жағдайына тексеріс оның қатысуымен өкілетте органның немесе кент, селолық округ, село әкімінің тапсырмасы берілген күннен бастап бес күндік мерзім ішінде жүргізіледі.
Тармақ 19
19. Комиссия мүшелері уәкілетті органға тапсырылған актіде мазмұндалған деректерді сенімділігі мен дәлдігіне жауап береді.
Қандай-ақ балмасын бұзушылықтар анықталған жағдайда немесе заңсыз төлемге жол берген өтініш берушімен сенімсіз мәліметтер ұсынылғаны анықталған жағдайда, зиянның орнын толтыру «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 7 бабының 3 тармағымен және Балалы отбасыларға жәрдемақымен белгіленген тәртіппен кінялі тұлғалардан (өтініш берушілерден) өндіріліп алынады.
Басқа 1-1. Учаскелік комиссия құрамына еңгізу
туралы құлақтандыру
Қарағанды облыстық әкімдігінің
2005 жылғы 28 қыркүйек №18/03
қаулысымен бекітілген
атаулы әлеуметтік көмек
және он сегіз жасқа дейінгі
балаларға жәрдемақымен
көрсетуді өтінген тұлғалардың
материалдық жағдайына
тексеріс жүргізетін
учаскелік комиссиялар
туралы Ережеге 1 қосымша
Учаскелік комиссия құрамына еңгізу
туралы құлақтандыру
Құрметті
_______________________
(тегі, аты, әкесінің аты)
________________________аудандық (қалалық) жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі Сізді атаулы әлеуметтік
көмекті және он сегіз жасқа дейінгі балаларға жәрдемақы алуға
өтініш білдірген тұлғалардың (отбасылардың) материалдық жағдайына
тексеріс жүргізу үшін учаскелік комиссия (әкімшілік-аумақтық бірлік)
құрамына енгізу туралы құлақтандырады.
Аудандық (қалалық) жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімінің басшысы 200__ жылғы «__»_________
(қолы)
Құқықтармен, міндеттермен және жауапкершілікпен таныстым.
Комиссия мүшесінің қолы 200__ жылғы «__»_________
Ескерту: 2 данада жасалады. Біреуі жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде сақталады.
Басқа 1-2. Тексеріс жүргізу туралы тапсырма
Қарағанды облыстық әкімдігінің
2005 жылғы 28 қыркүйек №18/03
қаулысымен бекітілген
атаулы әлеуметтік көмек
және он сегіз жасқа дейінгі
балаларға жәрдемақымен
көрсетуді өтінген тұлғалардың
материалдық жағдайына
тексеріс жүргізетін
учаскелік комиссиялар
туралы Ережеге 2 қосымша
Тексеріс жүргізу туралы тапсырма
Учаскелік комиссияға (әкімшілік-аумақтық бірлікке) бес күн мерзім ішінде
________________________________________________________________
мекен-жайында тұратын _________________________________________________ (ТАӘ)
материалдық жағдайына тексеріс жүргізуді тапсырамын.
Құжаттарды қарсы тексеру жөніндегі қосымша тапсырмалар:
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
__________________________________________________________________
___________________________________________________________________
__________________________________________________________________
Жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар
бөлімінің басшысы – қолы
Кент, селолық округ,
село әкімі – қолы 200_ жылғы «__» __________
Ескерту: 2 данада жасалады. Біреуі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде немесе селолық әкімдікте сақталады. Тапсырма бір мезгілде бірнеше өтініш берушіге бір тізіммен жасалады.
Басқа 1-3. Материалдық жағдайын тексеру
АКТІСІ
Қарағанды облыстық әкімдігінің 2005
жылғы 28 қыркүйек № 18/03
қаулысымен бекітілген атаулы
әлеуметтік көмек
және он сегіз жасқа дейінгі
балаларға жәрдемақымен
көрсетуді өтінген тұлғалардың
материалдық жағдайына тексеріс
жүргізетін учаскелік
комиссиялар туралы
Ережеге 3 қосымша
Материалдық жағдайын тексеру
АКТІСІ
200__ жылғы «__» _________
Отбасының тұратын мекен-жайы_______________________________________________________
Телефон____________________________________________________________________________
Отағасының (өтініш берушінің) ТАӘ _____________________________________________________
Отбасы жағдайы _____________________________________________________________________
Тармақ 1
1. Отбасы құрамы:
№
Отбасы
Мүшелерінің ТАӘ (отағасы да қосылады)
Туған жылдары
Жыны
сы
Туысқандық
қарым-қатынасы
Білімі
Жұмысы (жұмыс,
оқу орны)
Жұмыс істеуінің себебі
Әлеуметтік жеке коды
Салық төлеушінің
тіркеу
нөмірі
Жеке басын куәлендіретін
құжат
Тармақ 2
2. Үй шаруашылығының кірістері
№
Кірістері бар отбасы мүшелерінің ТАӘ (отағасы да қосылады)
Кіріс түрі
Айдағы сома
Тоқсандағы сома
Қосалқы шаруашылық туралы мәлімет
1
2
3
4
5
Жалпы отбасылық кіріс (басқа көмек)
Тармақ 3
3. Көмекке мұқтаждық және қызмет көрсетуді қамтамасыз ету:
Мұқтаж:
+/-
Ескерту (Мұқтаждықты толығырақ сипаттап көрсету және отбасы мүшесінің қайсысы көмекті қажет етеді)
Мұқтаждық
+/-
Ескерту (Мұқтаждықты толығырақ сипаттап көрсету және отбасы мүшесінің қайсысы көмекті қажет етеді)
1.Тамаққа
8.Интернат мекемесіне орналастыруды анықтау
2.Киім мен аяқ киімге (нақты көрсету)
9.Қозғалыс құралдарымен қамтамасыз ету (күймеарба, балдақтар,трост)
3.Дәрі-дәрмек препараттарына
10.үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелерінің қызмет көрсетулері
4.коммуналдық қызметтерді есептейтін приборларды қоюға
11.Шипажай-курорттық емделуге
5.білім беру қызметтеріне
12.Құжаттарды қалпына келтіруге
6.Денсаулық сақтау қызметтеріне
13.Пәтерлерді жөндеу, тұрғын үй ауыстыру
7.Туризм мен спорт органдарының қызметтеріне
14.Басқалар (көрсету)
Тармақ 4
4. Өтініш берушіні Заң бойынша асырауға міндетті туыстары болса, ТАӘ мен тұратын мекен-жайын көрсету (егер де ол жалғыз болған жағдайда):
___________________________________________________________
___________________________________________________________
Тармақ 5
5.Тұрмыс жағдайы (мемлекеттік пәтер, жеке шелендірілген коммуналды, жеке үй), бөлмелер саны
___________________________________________________________
___________________________________________________________
Тармақ 6
6. Ұзақ уақыт қолданылатын ең қажетті заттардың болуы:
___________________________________________________________
___________________________________________________________
___________________________________________________________
___________________________________________________________
___________________________________________________________
Тармақ 7
7. Тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерге шығындар
___________________________________________________________
___________________________________________________________
___________________________________________________________
Тармақ 8
8. Бұрын көрсеткен көмектер туралы мәлімет (үлгісі, түрі, табыс көзі, сомасы)
___________________________________________________________
___________________________________________________________
___________________________________________________________
___________________________________________________________
___________________________________________________________
Тармақ 9
9. Әлеуметтік көмекті көрсетуге мұқтаждықты барып көргеннен кейінгі комиссия қорытындысы
___________________________________________________________
___________________________________________________________
___________________________________________________________
___________________________________________________________
Учаскелік комиссия мүшелерінің қолдары
___________________________________________________________
___________________________________________________________
___________________________________________________________
___________________________________________________________
___________________________________________________________
Құрылған актімен таныстым:____________________________
Т.А.Ә. және өтініш берушінің қолы
Отбасы кірісінің есебі (жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде толтырылады):
Кіріс жиынтығы:________________________________
Ортажандық кірісі:______________________________
Он сегіз жасқа дейінгі балаларға жәрдемақы үшін кіріс жиынтығы :______________________________
Он сегіз жасқа дейінгі балаларға жәрдемақы үшін отражандық кірісі:_____________________________
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі маманының қолы мен
Т.А.Ә._____________________
200__ жылғы «__»____________