Об утверждении Правил ведомственной экспертизы технической документации для среднего ремонта автомобильных дорог Республики Казахстан Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарын орташа жөндеуге арналған техникалық құжаттаманы ведомстволық сараптаманың қағидаларын бекіту туралы
"Автомобиль жолдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарын орташа жөндеуге арналған техникалық құжаттамаға ведомстволық сараптаманың қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көлік инфрақұрылымын дамыту комитеті (Б.С.Камалиев) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне белгіленген тәртіппен ұсынсын.
Тармақ 3
3. "Қазақстан Республикасының жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын жөндеуге арналған техникалық құжаттамаға ведомстволық сараптама жүргізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2002 жылғы 26 желтоқсандағы N 440-І бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2114 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде жарияланған, 2003 ж., N 25-26, 861-құжат) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация бірінші вице-министрі Ә.Қ. Құсайыновқа жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық оның ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарын орташа жөндеуге арналған техникалық құжаттамаға ведомстволық сараптаманың қағидалары
Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация
министрінің 2005 жылғы
31 қазандағы № 337-I
бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарын орташа жөндеуге арналған техникалық құжаттамаға ведомстволық сараптаманың қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарын орташа жөндеуге арналған техникалық құжаттамаға ведомстволық сараптаманың қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Автомобиль жолдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарын орташа жөндеуге арналған техникалық құжаттамаға ведомстволық сараптаманы ұйымдастыру мен жүзеге асыру тәртібін анықтайды.
Тарау 2. 2-тарау. Ведомстволық сараптама жүргізудің тәртібі
2-тарау. Ведомстволық сараптама жүргізудің тәртібі
Тармақ 2
2. Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) автомобиль жолдарын орташа жөндеуге арналған техникалық құжаттамаға ведомстволық сараптама (бұдан әрі – ведомстволық сараптама) – бұл Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің «Жол активтерінің сапасы ұлттық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын (бұдан әрі – Орталық) жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын орташа жөндеуге арналған техникалық құжаттамада қабылданатын шешімдердің негізділігі деңгейін арттыру мақсатында сараптау объектісіне талдау бағасын алу үшін жол саласы ұйымдарының өтінімі бойынша жүргізетін бағалау іс-қимылдары мен тұжырымдау жүйесі;
Тармақша 2
2) тапсырыс беруші - автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау бойынша тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар, мемлекеттік мекемелер, сондай-ақ заңды тұлғалар;
Тармақ 3
3. Ведомстволық сараптаманың мақсаты қабылданған шешімдердің негізділігін және ұсынылатын техникалық құжаттардағы көрсеткіштердің дұрыстығын айқындау, сондай-ақ қабылданған жобалық шешімдердің Қазақстан Республикасының нормативтік-техникалық құжаттарына сәйкестігін белгілеу арқылы техникалық құжаттамаға талдау және бағалау жүргізу болып табылады.
Ведомстволық сараптама жүргізу барысында жобаларды:
Тармақша 1
1) қабылданған көлемдік-жоспарлау және конструктивтік шешімдердің, қолданылатын материалдар мен инженерлік жабдықтардың негізділігіне, құрылыс конструкцияларының, оның ішінде автомобиль жолы мен жол құрылыстарының көліктік-пайдалану жай-күйін жақсарту тиімділігінің тікелей көрсеткіштеріне қол жеткізуге бағдарланған жөндеу көлемдерінің сенімділігі мен беріктігіне;
Тармақша 2
2) техникалық құжаттамада көзделген автомобиль жолдарын орташа жөндеу көлемдерінің негізділігі мен орындылығына;
Тармақша 3
3) көрсеткіштердің, оның ішінде автомобиль жолдарын орташа жөндеудің есептік немесе сметалық құнының негізділігі мен дұрыстығына бағалау бойынша міндеттер орындалады.
Тармақ 4
4. Орталық мамандарының арасынан құрылған сараптамалық топ мынадай кезеңдерден тұратын автомобиль жолдарын орташа жөндеуге арналған техникалық құжаттамаға ведомстволық сараптама жүргізеді:
Тармақша 1
1) техникалық құжаттаманы алдын ала сараптау (учаскені верификациялау және толықтығын тексеру);
Тармақша 2
2) техникалық бөлімнің сараптамасы;
Тармақша 3
3) сметалық бөліктің сараптамасы.
Ведомстволық сараптама жүргізу барысында сараптамалық топ:
Тармақша 1
1) тапсырыс берушілерден қажетті құжаттар мен ақпаратты сұратады және алады;
Тармақша 2
2) теріс және оң қорытындылар береді.
Тармақша 3
3) қолданыстағы нормативтік-құқықтық және техникалық құжаттарға сәйкес оларды жою үшін тапсырыс берушіге жобаның техникалық шешімдері бойынша ескертулер мен ұсыныстар жібереді.
Сараптамалық топ мынадай жағдайларда:
Тармақша 1
1) Тапсырыс берушінің техникалық құжаттамасы бойынша сараптамалық топтың 3 (үш) жазбаша ескертпесі болған кезде;
Тармақша 2
2) сұрау салуды алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сұрау салынған құжаттарды ұсынбау;
Тармақша 3
3) сараптама тобының берілген ескертулерін жазбаша ескерту берілген күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде жоймау.
Тармақша 4
4) тапсырыс беруші қабылдаған жобалық шешімдердің техникалық құжаттамада Қазақстан Республикасының нормативтік-техникалық құжаттарына сәйкессіздігі анықталған кезде теріс қорытындылар береді.
Тармақ 5
5. Ведомстволық сараптама жүргізу үшін Орталыққа мынадай құжаттар ұсынылады:
Тармақша 1
1) еркін нысандағы ведомстволық сараптама жүргізуге арналған өтініш;
Тармақша 2
2) тапсырыс берушімен бекітілген техникалық тапсырма;
Тармақша 3
3) еркін нысандағы жұмыстардың ақаулы ведомосі;
Тармақша 4
4) еркін нысандағы жұмыс көлемінің ведомосі;
Тармақша 5
5) сметалық құжаттама.
Тармақ 6
6. Техникалық құжаттамаға ведомстволық сараптама жүргізу ұзақтығы күнтізбелік 36 (отыз алты) күнінен аспауға тиіс.
Тармақ 7
7. Жобаны іске асыру барысында бекітілген техникалық құжаттамаға жобалық шешімдерге, қолданылатын жол-құрылыс материалдарына және жол жамылғысының құрылымына қатысты өзгерістер енгізуге жол берілмейді.
Тармақ 8
8. Бұрын бекітілген техникалық құжаттама егер оң қорытынды берілген күннен бастап бір жыл ішінде жөндеу жұмыстары басталмаса, мердігерлік ұйыммен шарт жасалмаса немесе бұзылған болса, осы Қағидаларға сәйкес қайта сараптама жүргізуге және қайта бекітуге жатады.
Тармақ 8-1
8-1. Жөндеу жұмыстары басталмаған және мердігер анықталмаған нысандар бойынша бағалар мен жобалық шешімдерді өзектендіру кезінде бұрын берілген қорытындының күшін жоя отырып, бұрын берілген техникалық құжаттаманы қайта бекітуге рұқсат беріледі.
Тармақ 9
9. Ведомстволық сараптамаға жататын, бірақ белгіленген тәртіппен оны өтпеген қолданыстағы автомобиль жолдарын орташа жөндеуге арналған техникалық құжаттама аяқталмаған болып есептеледі және оны пайдаланып, жөндеу жұмыстарын орындауға жол берілмейді.
Тармақ 10
10. Техникалық құжаттаманы осы Қағидаларға сәйкес жүргізілген сараптамалық топтың оң қорытындысынсыз бекітуге жол берілмейді.
Тармақ 11
11. Сараптамалық топтың оң қорытындысын алғаннан кейін техникалық құжаттама тапсырыс берушімен бекітіледі.
Тарау 3. 3-тарау. Қорытынды ережелер
3-тарау. Қорытынды ережелер
Тармақ 12
12. Сараптама тобының шешімімен келіспеген жағдайда тапсырыс беруші оған Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің нормаларына сәйкес шағымдануға құқылы.
Тармақ 13
13. Сараптамалық топтың мүшелері қаралатын техникалық құжаттама бойынша құпиялылықты сақтауы тиіс.