Іле ауданы елді мекендерінде үй жануарларын күтіп ұстаудың ережелерін бекіту туралы Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.10.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Іле ауданы елді мекендерінде үй жануарларын күтіп ұстаудың ережелерін бекіту туралы 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» № 148-3 Қазақстан Республикасы заңының 6 бабы 1 тармағының 8 тармақшасына, 2001 жылғы 30 қаңтардағы «Әкімшілік құқы бұзушылық туралы» № 115-2 Қазақстан Республикасы Кодексінің 310 бабына және 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» № 339-2 Заңының 10 бабы 1 тармағынын 1 тармақшасына сәйкес, Іле аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Іле ауданы елді мекендерінде үй жануарларын күтіп ұстаудың ережелері қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Ауылдық және поселкелік округ әкімдері «Іле аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Юсупов А.М.) және Ауыл шаруашылығы Министрілігінің Іле аудандық аумақтық басқармасымен (СерікбаевБ.А.) бірлесіп аталған Ережелерді жүзеге асыру үшін шаралар жоспарын дайындап 2005 жылдың 10 қарашасына дейін аудандық мәслихатқа тапсырсын.
Тармақ 3
3. Осы шешім ресми басылымда жарияланғаннан кейін он күндік мерзім өткеннен соң қолданысқа енгізІледі.
Тармақ 4
4. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау бюджет, әлеуметтік-экономикалық даму, көлік құрылыс, байланыс өнеркәсіп ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік мәселері жөніндегі (Жолдасбаев Е.К.) тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Басқа 5
Іле аудандық мәслихатының 2005 жылғы 4 қазандағы «Іле ауданы елді мекендерінде үй жануарларын күтіп ұстаудың ережелерін бекіту туралы» № 31-115 шешіміне қосымша Іле ауданы елді мекендерінде үй жануардарын күтіп ұстаудың ЕРЕЖЕЛЕРІ
Тармақ 1
1. Бұл ереже Іле ауданы аумағындағы барлық ауыл шаруашылық мал иелеріне, сонымен қатар меншік түріне қарамай барлық құрылымдар мен мекемелерге қатысты.
Тармақ 2
2. Үй жануарларын күтіп ұстаудың міндетті шарттары:
Тармақша 1
1)міндетті түрде жыл сайын үй жануарларын тұрғылықты жердегі селолық және поселкелік округ әкімшілігінің шаруа кітаптарына тіркеу және қайта тіркеу;
Тармақша 2
2)селолық және поселкелік округтің мал дәрігерлік қызыметі үй жануарларын 3 айлығынан бастап селолық және поселкелік мал дәрігерлік қызметтерінде диагностикалық тіркеуден өткізіп, аса қауіпті жұқпалы індеттерге қарсы әрдайым eктіpy;
Тармақша 3
3)жаңадан алынған үй жануарларын 2 апталық мерзімде тұрғылықты жерге тіркеп, тіркелгені жөнінде куәлік алып, сырғалап, 1 айлық санитарлық- гигиеналық, мал дәрігерлік санитарлық ережелер мен нормаларға сәйкес карантинге қойып, бақылау;
Тармақ 3
3. Үй жануарларын аудан аумағынан тыс жерлерге сатуға және алып шығуға тек белгіленген үлгідегі мал дәрігерлік куәлік толтырылып, онда диагностика және ауруларға қарсы егілген күш көрсетілген жағдайда рұқсат етіледі. Куәлікті мал дәрігерлік қызметкерлері малдың куәлігі (төл құжат) негізінде береді.
Тармақ 3
3. Аудан елді мекендерінде және сыртқы жайылымдарда табындар құрудың және үй шаруашылығында мал басын ұстаудың мөлшері (нормасы). Малдың түрлері Жеке шаруа ауласындағы малдың саны Елді мекендердегі табындағы малдың саны Ipi қара мал барлығы 6 артық емес Оның ішінде сиыр 2 артық емес 60 артық емес 1 жастан жоғары 2 артық емес 80 артық емес Қой-ешкі 30 артық емес 300 артық емес Оның ішінде аналық 15 артық емес Жылқы 4 артық емес - Оның ішінде аналық 2 артық емес Шошқа 15 артық емес Оның ішінде аналық 2 артық емес Құстың барлық түрі 80ртық емес
Тармақ 4
4. Елді мекендерде табындар құрылғаннан кейін табыннан тыс жеке дара малды жаюға тиым салынады.
Тармақ 5
5. Елді мекен тұрғындарының мал басын асылдандыру мақсатында және қолдан ұрықтандыру жұмысын жандандыру үшін, табындарға бұқаларды қосуға жол берілмейді, жас ipi қара малдар бөлек табында бағылуға тиіс.
Тармақ 6
6. Малдарды тек арнаулы белгіленген орындарда ғана шомылдыруға рұқсат етіледі, өзендер, көлдер мен басқа су қоймаларынан 100 метр қашықтықтан кем емес жерлерде.
Тармақ 7
7. Мал өліктері міндетті түрде арнайы орындарғаға (мал зиратына) апарылып жерленуі тиіс, өліктерді лақтырып тастауға немесе жерге көмуге тиым салынады.
Тармақ 8
8. Мал иелерінің міндеттері:
Тармақша 1
1)биологиялық ерекшеліктеріне сай күтіп ұстауға, бақылаусыз қалдырмауға, үй жануарларының қараусыз жолдарға, аландар мен саяжайларға және су қоймаларына баруын болдырмауға;
Тармақша 2
2)үй жануарлары ауырған жағдайда, мал дәрігерінің көмегіне жүгінуге;
Тармақша 3
3)малдың тұратын, жайылатын және серуендейтін жерлерінің санитарлық жағдайын таза ұстауға;
Тармақша 4
4)мемлекеттік мал дәрігерлік мекемелері мамандарының талабына байланысты өз уақытында тексеруге, диагностикалық зерттеуге және емдеудің алдын - алу шараларын жүргізу үшін малын апаруға;
Тармақша 5
5)айналадағы тұрғындар мен басқа малдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін шаралар қолдануға;
Тармақша 6
6)мал алғанда, жоғалғанда немесе өлгенде жергілікті жердегі мемлекеттік мал дәрігерлік қызмет органдарына хабарлауға;
Тармақша 7
7)малдардың жұқпалы ауыруымен ауыруына күдіктенген жағдайда тез арада жергілікті медициналық және мал дәрігерлік мекемелеріне хабарлауға; 8)малдарды тек арнаулы белгіленген мал сойятын орындарда (бойня) ғана союға;
Тармақша 9
9)Мал өлекселерін шығарып жою үшін ауылдық және кенттік мал дәрігерлік мамандарға хабарлауға. 9. Асыл тұқымды бұқаларды ұстау ережесі.
Тармақша 1
1)асыл тұқымды бұқалар арнайы бөлінген қораларда ерекше жағдайда күтіп ұстауды қажет етеді. Бұқалар тұратын қораның аумағы және серуендейтін алаңының аймағы 1,5 метрлік биіктіктен кем емес темір қоршаумен бекітілуі керек;
Тармақша 2
2)6-8айлық бұқалардың мұрын аралығына темір сақина тағылуы кажет;
Тармақша 3
3) асыл тұқымды бұқаларға берілетін жем-шөптің сапасы өте жоғары калориялық болуымен катар күтімі мен күйекке пайдалану тәртібі дұрыс болуы тиіc;
Тармақша 4
4)асыл тұқымды бұқаларды көпшілік табында, жазғы жайылымда ұстауға, жеке дара жоюға, серуендетуге және байлап, тұсап жаюға тиым салынады.
Тармақ 10
10. Ауыл шаруашылық үй жануарларын күтіп ұстау үшін:
Тармақша 1
1)үй шаруашылығындағы мадарды биологиялық ерекшеліктеріне, зоогигиеналық және мал дәрігерлік-санитарлық талаптар мен нормаларға сай және малдың түріне қарай және ерекшеліктерін ecкepiп арнайы орындарда ұстау керек;
Тармақша 2
2)мал қоралары, жылы, жарық және кең, әpi қолайлы болуы керек;
Тармақша 3
3)үй жануарлары жеке жер төлімдерінде немесе 6ipгe қатарлас орналастырылуы керек, тек төлімдер арасындағы санитарлық аралық (бөлу) сақтағаны жөн;
Тармақша 4
4)ipi қара малды ұстау төлімдері шошқа, ұсақ мал мен жылқы төлімдерінен 15 метр қашықтықта орналастырылуы керек;
Тармақша 5
5)мал орналасқан төлімдер құрғақ және көліктің келуіне ыңғайлы болуы тиic, малдарды жайылымға айдайтын жолдар, темip жол және автомобиль жолдарымен киылыспауы тиic;
Тармақша 6
6)елді мекендерден сырттағы мал ұстайтын телімдер аудандық маңызы бар жолдардан 1000 метр, облыстық маңызы бар жолдардан 200 метр, республикалық маңызы бар жолдардан 1000 метр қашықтықта орналасуы тиic;
Тармақша 7
7)шаруашылықтардағы мал қоралары тағы басқа мал жайлары ай сайын ақталып, дезинфекция жасалуы керек;
Тармақша 8
8)малдардың тезектерң жұқпалы ауруларынын қоздырғыштарын залалдау және биотермикалық өндеуден ету үшін арнайы бөлінген жерлерде жиналып, сақталуы қажет.
Тармақ 11
11. Кез келген жануар өз иесінің меншігі болып табылады және жеке меншік ретінде заңмен қорғалады.