Қолданыстағы ред. 20.10.2005

Ақтоғай ауданы елді мекендері аумақтарын көркейту Қағидасын бекіту туралы от 20.10.2005 г. № 21/230 (Ақтоғай ауданы елді мекендері аумақтарын көркейту Қағидасын бекіту туралы)

0

Ақтоғай ауданы елді
мекендері аумақтарын
көркейту Қағидасын
бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабы 1 тармағы 8 тармақшасының, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңының 23 бабы 2 тармағының және Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылығы туралы» Кодекстің 3 бабының 2 тармағы негізінде Ақтоғай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТI:

1

1. «Ақтоғай ауданы елді мекендері аумақтарын көркейту Қағидасы» бекітілсін.

2

2. Осы шешімнің орындалысын бақылау экономикалық реформа, бюджет және аграрлық, экология мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (төрағасы Ө.Смайлов) жүктелсін.
«Келісілді»
Аудандық қала қурылысы,
қурылыс, тұрғын үй коммуналдық
шаруашылығы, жолаушылар көлігі
және автокөлік жолдары бөлімінің
меңгерушісі
Сәрсенбеков Маратбек Сәрсенбекұлы
17.10.2005 жыл

3. Ақтоғай ауданының елді мекендері аумақтарын көркейту қағидасы

Ақтоғай аудандық Мәслихатының
2005 жылғы 20 қазандағы
№21/230 шешімімен бекітілген
Ақтоғай ауданының елді мекендері аумақтарын
көркейту қағидасы
Осы қағида Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне (Ерекше бөлім), Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне, Қазақстан Республикасының «Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы» Заңымен, Қазақстан Республикасының «Қоршаған ортаны қорғау туралы» Заңымен, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңымен, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңымен, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Жаңа объектілер салуға және қолда бар объектілерді өзгертуге рұқсат беретін рәсімдерді өткізу ережесін бекіту туралы» Қаулысына сәйкес әзірленіп дайындалды.

1. 1. Жалпы ережелер

1. Жалпы ережелер

1

1. Ақтоғай ауданыу көркейту Қағидасы елді-мекендердегі қоршаған ортаны толығымен күтіп ұстау және ғимараттар бойынша шаралар кешенін өткізу тәртібін анықтайды, көркейту элементтері мен объектілерінің жағдайына сәулет, санитарлық және экологиялық сипаттағы негізгі талаптарды анықтайды.
Осы Қағида елді мекен аумағында тұратын немесе өз қызметін жүзеге асыратын барлық жеке және заңды тұлғалар үшін меншік нысанына қатыссыз қажетті болып табылады.

2

2. Қағида нормативтік құжат болып табылады, оған елді мекенді көркейтуді қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстар өндірісін жүргізу және ұйымдастыру, сондай-ақ барлық меншік түріндегі заңды және жеке тұлғалардың жауапкершілігі, міндеті және құқығы енеді.

3

3. Меншік нысанына қарамастан ұйымдар, қоғамдық бірлестіктер, лауазымды тұлғалар және азаматтар көркейту Қағидасын сактау керек.

4

4. Ақтоғай ауданы әкімдігі жанындағы мемлекеттік мекеме көркейту және инженерлік инфрақұрылымдар элементтері мен объектілерін қорғау, ағымдағы және күрделі жөндеу, қызмет көрсету, күтіп ұстау жөніндегі кәсіпорындармен шарттар жасау, ортақ пайдаланыстағы объектілерде және аумақтарда мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру, көркейту жөніндегі қызметтерді үйлестіруде тапсырыс берушінің қызметін жүзеге асырады.

5

5. Көркейту элементтері мен объектілерін, инженерлік инфрақұрылымдарды, жағдайды қамтамасыз етуге бақылау жасауды жүзеге асырау тиісті өкілетті мемлекеттік органдарымен жүзеге асырылады.

2. 2. Осы Қағида қолданылатын негізгі түсініктер мен анықтамалар

2. Осы Қағида қолданылатын негізгі түсініктер мен анықтамалар

6

6. Өкілетті орган - ауданның елді мекендерін көркейту қызметін жүзеге асыруға байланысты қатынастарды реттеу саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының негізінде өкілеттікті жүзеге асыратын мемлекеттік атқарушы орган.

7

7. Көркейту-адамның елді-мекендерде жақсы да жайлы қауіпсіз өмір сүру ортасын қамтамасыз ететін элементтер мен жұмыстар кешені. Осы жұмыс кешені төмендегі негізгі бағыттар бойынша көркейту объектілері мен элементтерін жөндеу және қорғау, пайдалану, күтіп ұстау және ұйымдастыруды қарастырады: инженерлік көркейту, сыртқы көркейту, санитарлық көркейту, көгалдандыру, жарықтандыру, үй маңындағы аумақты көркейту.

8

8. Бекітілген аумақ - Қазақстан Республикасының Жер Кодексінде белгіленген тәртіпке субъектілерге бөлінген жер телімі.

9

9. Инженерлік, көліктік және әлеуметтік инфрақұрылымдар-инженерлік жабдықтар, байланыс, көлік коммуникациялары мен құрылымдары, сондай-ақ елді мекеннің қызметі мен дамуын тұрақты қамтамасыз ететін, тұрғындарға әлеуметтік және мәдени-тұрмыстық қызмет көрсететін объектілер кешені.

10

10. Жер жұмыстары - аумақты қазу, тас төсеу және қайта жабумен байланысты жұмыстар.

11

11. Бөлінген аумақ - өкілетті органның шешіміне сәйкес, жер пайдаланушыға өзіне қарасты объектілерді (пайдалану) орналастыру үшін меншікке немесе пайдалануға берілген жер учаскесі.

12

12. Салынбаған аумақ - жер үсті және жер асты құрылыс түрлері жоқ аумақ.

13

13. Санитарлық тазалау - жинау жүйесі, қалдықтарды жою және жинау, қайта өңдеу, запалсыздандыру.

14

14. Қатты тұрмыстық қалдықтар - бұл жалпы және тұрғылықты ғимараттарда пайда болған тұрмыстық қоқыстар, қазіргі пәтерлерді жөндеудегі қалдықтарды, жергілікті жылытудағы жылыту қондырғыларындағы қалдықтарды, үй тұрмысындағы ірі заттар қалдықтарын қосқанда.

15

15. Сұйық тұрмыстық қалдықтар - канализацияланбаған үй-жай қалдықтары.

16

16. Қалдықтар жиынтығы - олардың концентрацияларын бекітілген орнынан олардың пайда болу көзінен қалдықтарды қабылдау бойынша арнайы кәсіпорын қызметі.

17

17. Қалдықтарды шығару (жою) - анықталған орынға қалдықтарды транспорттау (қалдық арту пункті, қалдық өңдеу заводы, полигон).

18

18. Қалдықтарды көму - арнайы орындарға (полигон) одан әрі пайдалануға келмейтін қалдықтарды қоршаған табиғат ортасына зиянды заттардың түсуінің алдын алу мақсатында оқшаулау.

19

19. Полигон - жергілікті атқару органдары шешімдерімен анықталған, қалдықтарды жою және жинауға арналған, жалпы пайдалану орындары.

20

20. Инженерлік жүйелер мен құрылғылар - елді мекен түрғындары мен кәсіпорындарының қажеттіліктеріне кешенді қызмет көрсетуге, қала аумағынан жер үстіндегі суды жинап, бұруға арналған елді мекенді инженерлік көркейтудің маңызды элементтері.

21

21. Қоғамдық орындар - ортақ пайдаланыстағы демалу аймақтары (бақтар, жаға-жайлар, скверлер), алаңдар, қоғамдық көліктердің аялдамалары.

22

22. Көше - даңғыл жолдар, тротуарлар, жасыл көшеттер, жер асты және жерүсті инженерлік желілері орналастырылған елді мекен аумағы.

3. 3. Жаппы талаптар

3. Жаппы талаптар

23

23. 3аңды және жеке тұлғалар жол жамылғыларының, тротуарлар, көк майсалар және басқа объектілердің, көркейту элементтерінің және инженерлік құрылғылардың бүлінуіне байланысты, жүмыстарды жол органдарымен жазбаша рұқсат қағазымен (ордер) ғана іске асырылады.

24

24. Көлік жолдарын пайдаланушылар келісімді іске асырады:

1

1) өкілетті органмен, жол полициясы бөлімдерімен және төтенше жағдай бойынша басқармамен мыналарды келісімдеуге;
қатты әсер ететін және радиоактивті, қопарғыш заттар таситын ірі габаритті және (немесе) ауырсалмақты көліктер жолын;
көлік жолдарын арналармен, байланыс және электр беру жүйелерімен, газ, су өткізуші және темір жолдармен және басқа инженерлік және коммуникация жүйелерімен қиылысуын;
бір деңгейде көлік жолдарымен қиылысу кезіндегі қосымша жолдарды төсеу немесе теміржолдарының төмендеуі және жоғарлауын;
темір жол өткелдерін тарату және жөндеу, қайта жөндеу, орнату;
көлік жолдарын бақылау зонасында және бөлінген жол жиегінде дүңгіршектер, павильондар немесе басқа ғимараттар орнатуды;
жол ақпаратына қатысы жоқ, транспаранттардың көлік жолдарын, жарнама, плакаттарды жол жиегіне орнатуды;
көлік жолдарының бақылау зонасына және жол жиегіне сыртқы жарықтандыру тірегін орнатуды;
жолдарда жалпылай және спорт шараларын өткізуді;
аялдама пункттерінің орнатылуын және жолаушылардың жалпы пайдалану транспорт құралдары қозғалысы маршруттарының ашылуын;
жүктерді арту және тасу үшін алаң және жолдардан келуді орнату;
көлік жолдарында жаяу жүретіндерге және көлік құралдары қозғалысына бөгет болатын түрлі жұмыстарды жүргізуге;

2

2) өкілетті органымен мыналарды келістіруге:
жолдарды бақылау зоналарында жол жиегіндегі карьерлерді өңдеуді, сәнді көшеттерді, дуалдарды орнатуды, ескерткіштер, ғимараттарды қалпына келтіруді;
көлік жолдарының жиек жолағындағы көшеттерді отырғызу және алуды;

25

25. Жобалау құжаттары болған жағдайда ғана жер жұмыстарын жүргізуге рұқсат (ордер) беріледі:

1

1) жұмыс өндірудің күн тізбекті кестесі;

2

2) жоддың бүлінген элементтерін қалпына келтіру туралы қажетті құжаттар. Жер жұмыстарын өндіруге рұқсат (ордер) беру тәртібі.

26

26. Шұғыл авариялы-қалпына келтіру жұмыстары, Осы Қағиданың 24 тармағында бектілілген рұқсат беру тәртібімен келесі рәсімдеуімен, осы жолдар мекеме бақылауындағы, өкілетті органның өкілінің қатысуымен орындалу керек.

27

27. Жер жұмыстарын өндірісінің тәртібін бұзғаны үшін жауапкершілік:

1

1) нұсқау бойынша ескертулерді қалпына келтіру мерзімі өткен соң, әзірленген материалдар бойынша «Қағиданы» бұзған кінәлі лауазымды түлғалардан «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 387 бабында қарастырылған айыппұл өндіріп алу үшін материалдық зиянды өндіп алу үшін материалдарды сотқа жібереді.

2

2) жоба бойынша бекітілген және жол өкілетті органмен келсілген құрылыс жүмыстары өндірісінің мерзімі бұзылған жағдайда, жұмыс істеуге берілген ордер (рұқсат) өкілетті органның жазбаша өкімі бойынша жойылып, материалдар «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексіне сәйкес, айыппұл қолдану үшін сотқа берілуі мүмкін, сот шешімінің заң күшіне енгеннен кейін өкілетті органның нұсқауы бойынша жұмысқа ордер (рүқсат) жойылуы мүмкін.

3

3) егер апатты жүмыстарды орындап жатқан ұйым 3 тәуліктің ішінде ордерді (рұқсатты) ресімдемесе, одан әрі орындалған жұмыс рұқсатсыз орындалған деп есептеледі.

28

28. Жұмыс өндіруші жұмыс басталғанға дейін төмендегілерді орындауы керек:

1

1) белгіленген үлгіде ескерту белгілері мен қажетті қоршауларды жұмыс жүргізілетін қауіпті аймақ шекарасы бойына орнату;

2

2) жүргіншілер жүретін жерлерге құрылғылар орнату және қазылған учаскелерді түнгі уақытта жарықпен қамтамасыз ету;

3

3) механизмдер жумыс істейтін аймақтарда жасыл көшеттер болған жағдайда олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қатты қалқандармен қоршау;

4

4) жол өткелдері мен қозғалыс жолдарын жабу қажет болған жағдайда айналма жолдарды дайындап, тиісті белгілер арқылы айналма жолдарды анық көрсету;

5

5) жұмыс өндірісі қолданыстағы нормалар мен ережелерге, сондай-ақ ордерде көрсетілген талаптарға сәйкес жүргізіледі;

6

6) құрылыс материалдарын сақтау жел ұшырмайтын және оларды болдырмайтын шаралар сақтала отырып жүргізіледі. Жұмыс барысында одан әрі пайдалануға жарамсыз материалдар өндіріс процесінде шығарылады. Жасыл көшеттер, жер аты құрылымдарының құдық қақпақтарын, су ағар торларды, лотоктар. Құрылыс материалдарымен және топырақпен жабуға жол берілмейді Құрылыстың аталған элементтерін қорғау үшін люктер мен құдықтарға қолжеткізуге мүмкіндік болатындай ағаш қалқандар және қоршаулар қолданылуы тиіс.

29

29. Қоршаған ортаның нашар жағдайын ескере отырып, ауданның елді мекендерін көркейту мақсатында меншіктің барлық нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдарға, жеке тұлғаларға жол берілмейді:

1

1) қоқыстарды, тұрмыстық қалдықтарды, лайлар мен басқа да қоқыстарды, құрылыс қалдықтарын, сондай-ақ қар мен мұзды арнайы бөлінген орындардан басқа, нөсер қабылдағыштар мен торларға, байқайтын және бақылайтын канализациялық құдықтарға, су құбыры мен жылу жүйелеріне, суаттарға, өзендер мен жасыл көшеттерге, көгалдарға, алаңдарға, гүлзарларға, көлік жолдарына, қоғамдық көліктерді тосатын аялдамаларға тастауға, сонымен қатар бос жерлерді, қоғамдық орындарға, көшелерге қоқысты тастауға;

2

2) кіші сәулеттік объектілерін, гүлзарлар, бақтар және басқа да қоғамдық пайдапанатын орындардағы жабдықтарды сындыруға;

3

3) жергілікті атқарушы орган осындай мақсат үшін бөлмеген орындарға, сонымен қатар меншік иесінің келісімінсіз хабарландыру, жарнамалық және үгіттеу баспа өнімдерін (плакаттар, афишалар, үнқағаздар) және басқа да көзге көрінетін ақпараттарды үйлердің, ғимараттар мен ғимараттардың қасбетіне, су құбырларына, жарықтандыру тіреулеріне, инженерлік жүйелерімен коммуникацияларға және басқа да жерлерге ілуге;

4

4) қоқыс төгетін қораптарда қоқыстарды өртеуге, қоқыс төгетін орынға құрылыс материалдарын, металл қалдықтарын тастауға;

5

5) осы нормаларды бұзған жағдайда айыпты тұлғалар Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 387 бабына сәйкес жауапқа тартылады.

4. 4. Көлік жүйесі

4. Көлік жүйесі

30

30. Көлік құралдарымен тасымалданатын көшелерді ластайтын, төгілетін және басқа да жүктер көшелердің ластануына жол бермес үшін ұқыпты жабылуы тиіс.

31

31. Күтпеген жағдайлар, стихиялық апаттар туылған кезде (өрт, төтенше, апатты жағдайлар) апатты жұмыс өндірісі орнында материалдар мен басқа да мүліктерді қоймалаған меншік нысанына қатыссыз заңды және жеке түлғалар өкілетті органның бірінші талабы бойынша өз күштерімен осы учаскені босатуы керек.

32

32. Егер қазған кезде жобада жол жер асты коммуникациялары белгілі болса жүмысты жүргізуші ол туралы жол органдарына және осы коммуникациялар қарайтын мекемеге хабарлауға тиіс.

33

33. Жұмыс өндірісі орындарында ақпараттық қалқандар (объектінің, кәсіпорынның атауы) орнатылуға тиіс.

34

34. Мыналарға жол берілмейді:

1

1) арнайы рұқсатсыз шынжыр табан көліктермен аудан көшелерінде жүруге;

2

2) белгіленбеген орындарға қоқыс шығаруға;

3

3) көлік құралдарынан темекі қалдықтарын, қағаздарды және басқа да қоқыстарды лақтыруға;

4

4) белгіленбеген орындарда автомашиналарды жууға;

5

5) аула ішіне өрт сөндіру автокөлігінің жүруіне бөгет болатын кедергілерді орнатуға.

5. 5. Жер асты және жер үсті инженерлік коммуникациялардың жүйесі

5. Жер асты және жер үсті инженерлік
коммуникациялардың жүйесі

35

35. Елді мекенді көркейтудің бұзылуын болдырмау үшін инженерлік жүйелердің техникалық жағдайы және құрылымы арнайы инженерлік коммуникацияларға иеліктері бар заңды және жеке тұлғалардың үнемі бақылауында болады, олар төмендегілерге жауап беруге тиіс:

1

1) аумақты су басуына жол бермеу;

2

2) бөлінген және қорғау аймақтардың жағдайын бақылау, люктердің, қақпақтары, құдық және камералардың жабындылары, нөсерлік канализациялардың торлары жол жабындыларының деңгейінде болуы тиіс және үнемі дұрыс істеп тұруын тексеріп тұру;

3

3) қайтадан құм төгу және пайдалану, монтаж тәртібін сақтаму салдарынан бұзылатын жер асты жолдарымен топырақ және қатты жабындыларының жағдайына үнемі көңіл аудару.

36

36. Жоғарғы және жер асты суларына арналған каналдарды, құдықтарды, құбырлар мен дренаждарды тазалау мен жинау, нөсерлік канализациялары коллекторлары мен жаңбыр қабылдағыш құдықтарды тазалау қажетіне қарай жаз мезгілінде төрт реттен кем емес, ал қыс мезгілінде бір реттен кем емес жүргізіледі.

6. 6. Аумақты жарықтандыру

6. Аумақты жарықтандыру

37

37. Аумақты жарықтандыру сыртқы жарықты орнату арқылы қамтамасыз етіледі. Сыртқы жарықты орнатуға төмендегілер жатады:

1

1) электрмен жабдықтау құрылғылары, бөлуші жүйелер;

2

2) электр желілерін орналастыру және қорғау қондырғысы;

3

3) кронштейндер, тросты іліншек тіректері.

38

38. Тар жолдар, тротуарлар және алаңдарға жарық түсіру ғимарат қабырғасына ілінген шамдармен оларға жақсы жарық түсетіндей жерге ілу арқылы жүргізіледі.

39

39. Сыртқы жарық қондырғысына қызмет көрсету және күтіп ұстау төмендегі шараларды қамтиды:

1

1) сыртқы жарық қондырғысын техникалық, дұрыс жағдайда ұстау, ондағы сандық және сапалық көрсеткіштер берілген параметрге сәйкес келумен қоса, лампаларды ауыстыру және шамдардағы істен шыққан шашыратқыштарды ауыстыру, шамдарды тазалау, жарық түсіру деңгейін өлшеуді енгізу;

2

2) шамдарды жөндеу кезінде неғұрлым сапалы, қазіргі заманғы және тиімді жарық лампаларын пайдалану қажет.

40

40. Жарықтандыру тірегіне жарнама қалқандарын, баланста ұстаушының келісімінсіз басқа инженерлік жүйелерді орнатуға жол берілмейді.

41

41. Сыртқы жарықтандыру қондырғысын орнату жағдайын және шамдардың жану пайызын анықтау үшін, екі жұмада бір рет бақылаулы тексеріс жүргізіледі, сыртқы жарықтандыру қондырғысы жағдайы бойынша акт құрылады. Шамдардың жануы 95 пайыздан кем болмауы керек.

7. 7. Ерекшелінген аумақтардағы нысандарды тазалау

7. Ерекшелінген аумақтардағы нысандарды тазалау

42

42. Ерекшеленген аумақтардағы нысандарда (базарлар, жағажайлар, бақтар, емдеу-сауықтыру мекемелері) санитарлық-эпидемиялық станциялардың келісімінсіз санитарлық қондырғыларды орнатуға және құрылыстарын жүргізуге, күл қоқыстарды жинауға, автокөліктерін жууға, шашылған шөлмектерді және ағаштарды сақтауға рұқсат етілмейді.

43

43. Қоғамдық орындардағы аумақтарды жинау (жалпы қолданыстағы демалыс орындары) таңертеңгілік және адамдар аз жүретін уақыттарда (түнгі, таңертеңгілік кезде) жүргізіледі.

44

44. Жазғы маусымда жүретін жерлерден және тротуарлардан шаң-тозаң, кір-қоқыс жерге түскен жапырақтар, көше күл-қоқыстары. Жолдар, алаңдар көшелер және инженерлік құрылыстар жүру бөліктері түнгі уақытта жуылады.

45

45. Жапырақтар саулап түскен шақтарда оларды жел ұшырып әкелетін көшелерде, тротуарларда дер кезінде жинап алу керек немесе газондарды жауып тастау қажет. Жиналған жапырақтарды арнаулы белгіленген учаскелерге жеткізу қажет. Жапырақтарды елді мекендерде, скверлерде және парктерде өртеп, жинақтауға болмайды.

46

46. Қысқы жинау жұмысы тұрақты (қар жауған кездерде) және мезгілді (қар жауған және одан кейінгі уақытта) болып екі түрге бөлінеді.

47

47. Жолдардағы және тротуарлардағы көктайғақтармен күресу үшін тұз араластырылған құм (немесе басқа хлоридалы құмдар) қолданылады. Жолдарды қауіпсіздендіру жүру қозғалысы жоғары жерлерде ең бірінші кезекте апатты-қауіпті жерлерден басталады: құлдилауда, көтерілуде, қиылыстарда, қоғамдық көліктер тежелетін орындарда, көпірлердің өту бөліктерінде, жол өтімдерінде және басқа инженерлік құрылыстарда.

48

48. Мұз үйінділерін, қардың кірлік қалдықтарын жасыл көшетті аумақтарға апарып, тастауға жол берілмейді.

49

49. Көшелердің өту жолдарын, алаңдарын, қиылыстары, көпірлер, жоғары және ылдиларды құмды механизмділік себу осы жұмыстарды өткізуге конкурста жеңіп шыққан ұйымдар мен мекемелер құқылы. Аула ішіндегі жаяу кісілі жолдарға құм себу пәтер иелері кооперативтер көшімен немесе мамандандырылған кәсіпорындармен шарт жасасу тәртіпте іске асырылады.

50

50. Жер учаскесі иелері және жер пайдаланушылар бекітілген және белгіленген аумақтарда қар және мұздарды ойып жинауға, тайғақ жерлерге инертті жадығаттармен өз бетімен себуге немесе мамандандырылған ұйымдар шарты бойынша іске асыруға тиіс.

51

51. Шатырларды және карниздегі, төбедегі және су құбырларындағы қардан тазалау ғимарат және мекеме иелерінің құралымен және көшімен, маңайы міндетті қоршалған жасыл көшеттерді, шамдарды, ауа жүйелерінің бөлінуінен және жаяу жолаушылардың бақытсыз жағдайынан сақтану шараларын сақтау міндетімен жүйелі түрде өндіріледі.

52

52. Өтетін жерлерді бөгеуге жасыл көшетті газондарға залалын тигізетін қар және мұз қалдықтарын тастауға жол берілмейді.

8. 8. Базарлар

8. Базарлар

53

53. Базарлар аумағында (оның ішінде шаруашылық алаңдарға кірме жолдар, өткелдер) жауын және көктемгі су ағындарының төмен ағып кетуін қамтамасыз ететін қабаттар (асфальт, жұмыртас) төселуі керек. 0,2 гектар алаңы бар базарларға еркіндік етілген жағдайда бұрынғы төселген жоғарғы қабатты кем дегенде 3 см құммен тағы нығырлауға жол беріледі.

54

54. Базардың аумағында канализация және су құбыры болуы керек.

55

55. Шаруашылық алаңдарды Қазақстан Республикасының санитарлық қағидалар мен нормаларының талаптарына сәйкес сауда орындарынан кем дегенде 30 метр қашықтықта орналасуы тиіс.

56

56. Базардың техникалық жұмысшылары ол жабылғаннан кейін аумағын тазартуы керек. Күндіз қалдықтар жиналып қалған жерлерге тазарту жұмыстары жүргізілуі керек.

57

57. Жылдың жылы маусымында базар аумағын сыпырумен бірге күн сайын жуып отыру керек.

9. 9. Бақтар

9. Бақтар

58

58. Ауыспалы күл қоқыс жинағыштарға бөлінген шаруашылық учаскелері демалушылардың көп жиналатын орындарынан (би алаңдары, эстрадалар, фонтандар) 50 метрден жақын орналаспауы керек.

59

59. Парктің 800 шаршы метріне кем дегенде бір урна орнатылуы керек. Басты аллеялардағы урналардың ара қашықтығы 10 метрден аспауы тиіс.

10. 10. Табиғи суаттар

10. Табиғи суаттар

60

60. Табиғи жағдайларда медициналық пункттер, құтқару станциялары, тамақтану орындары, киініп шешінетін кабиналар, әжетханалар орналасады. Егер фонтандар болса су ауыз суы Қазақстан Республикасының санитарлық қағидалар мен нормаларының талаптарына сәйкес болуы керек.

61

61. Урналар жасыл көшеттерден және су көзінен кем дегенде 10 метрлік қашықтықта орналасуы керек. Урналардың жағажайдың 1600 метрлік аумағына кем дегенде біреуі орнатылуы қажет. Орнатылған жағажайдағы урналардың ара қашықтығын бір-бірінен 40 метрден аспауы тиіс.

62

62. Жаға-жай алаңдарында бір орынға 75 келушіден келетін қоғамдық әжетханалар орнатылуы керек. Қоғамдық әжетханалардың суға шомылатын жерлерге дейінгі ара қашықтығы кем дегенде 50 метрден 200 метрге дейін аспауы керек.

63

63. Ашық және жабық шешінетін орындар, гардеробтар күн сайын дезинфекциялайтын ерітінділермен жуылуы керек. Жағажайлар аумағында күнделікті жинастыру жүргізу қажет. Арнаулы механизмдер болса жағажайларда аптасына кем дегенде бір рет құмның беткі қабатын күл қоқыстан аршып отыру керек. Аршылғаннан кейін құм тегістелуі қажет.

64

64. Суға шомылу үшін арналған орындарда машина, кір жууға, жануарлар суға түсіп және оларды ертіп жүруге рұқсат етілмейді.

65

65. Қысқы маусым аяқталғанда су тоғандарының жағалық аймақтары күл қоқыстардан, бей берекет үйінділерден арылуы керек, су бассейінінің санитарлық жағдайын күтіп ұстау бойынша шаралар жүргізілуі қажет.

11. 11. Қатты қалдықтарды жинау, шығару және залалсыздандыру

11. Қатты қалдықтарды жинау, шығару және залалсыздандыру

66

66. Тұрғын үйлерден, сауда және қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарынан, мәдениет кәсіпорындарынан, қоғамдық және басқадай ұйымдардан қатты қалдыктарды шығару жиналуы жоспарлы-тұрақтандыру жүйесі бойынша арнайы кәсіпорындар арқылы жүргізіледі.

67

67. Қоқыстар мен қалдықтарды жинау үшін контейнерлерді орналастыру үй иелерімен кәсіпорындармен шарт жасасу арқылы жүзеге асырылады. Кәсіпорын, мекеме және ұйым басшылары санитарлық қызметтер және өртке қарсы қызметтер келісімі бойынша контейнер орнатуды өндіреді.

68

68. Қоқыс жинайтын алаңдар елді мекендерде тұратын адамдар үшін қолайлы жағдайда, топырақ беті мен ауаның ластануына мүмкіндік бермейтін, тиісті эстетикалық талаптарды қамтамасыз етуді есепке ала отырып орналастырылады. Алаңқайлар асфальтпен жабылып және оған үй не кіре беріс жақтан арнаулы транспорттың кіріп шығуына мүмкіндік жасалған жөн.

69

69. Қалдықтарды сыртқа шығару ісіне өкілетті органдар бақылау жасайды.

12. 12. Құрылысты бұзу және шығару

12. Құрылысты бұзу және шығару

70

70. Қолданылып жүрген заңдылықтар және бекітілген жобалық процедуралар орындалуы қамтамасыз етілген жағдайда ғана аумақтардағы ескірген және құлауға шақ қалған құрылыстарды тазарту жұмыстарына кірісуге болады.

71

71. Бұзу және бөлшектеу технологиясы Қазақстан Республикасының құрылыс нормалары мен қағидалар талаптарына сәйкес қызметкерлер мен жұмысшылардың қауіпсіз еңбек талаптарын қамтамасыз ету керек.

72

72. Бөлшектеу жүргізілгеннен немесе участок бұзылғаннан кейін құрылыс қалдықтары (қоқыс) ауданның қатты-тұрмыстық қалдықтар полигонына шығарылады, ал учаске қайта өңдеуге жатқызылады.

13. 13. Үй-маңайын күтіп-ұстау және тазалау

13. Үй-маңайын күтіп-ұстау және тазалау

73

73. Үй маңындағы аймаққа контейнер орнату үшін, ыңғайлы транспорт өту жолдары үшін арнайы алаңдар бөлінуі керек. Алаң жасыл көшеттермен қоршалған және су өткізбейтін жабындымен бірге ашық болуы керек.

74

74. Аулалық қоқыс жинағыштардың саны мен көлемін Қазақстан Республикасының талаптарына сәйкес анықтау үсынылады.

75

75. Камера, қалдық өткізу, қалдық жинау және камерадан қалдықтарды арту орнына тиіп тұрған аумақты, сонымен қатар қалдық (контейнер) және тұрмыстық-қалдықтарды уақытша сақтау үшін алаңдарға жауапкершілікті меншік иесі, кондоминиум объектілері мекеме органдары, немесе үй немесе ғимарат меншігіндегі ұйымдар мойнына алады. Контейнер алаңы бекітілген аумақ сыртынан табылса, контейнер алаңын күтіп-ұстау жауапкершілігін қатты-тұрмыстық қалдықтарды шығаратын ұйымдар мойнына алады.

76

76. Жеке жер үйлер қожайындары кондоминиум объектісі мекеме органына аула маңайы және үйге жүру жолын жинау жүктеледі.

14. 14. Осы Қағиданы бүзғандығы үшін жауапкершілік

14. Осы Қағиданы бүзғандығы үшін жауапкершілік

77

77. Осы Қағиданы бұзғаны үшін, «Әкімшілік тәртіп бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде көрсетілген санкциялар қолданылады.

78

78. Осы Қағиданың орындалуын бақылауды қолданыстағы заңға сәйкес әр бақылаушы органдар өз құзыреті шегінде іске асырады.