Об утверждении Правил возмещения затрат на проезд, питание, проживание и медицинское освидетельствование безработным и незанятым гражданам из целевых групп, направленным на профессиональное обучение Күшін жойған
Басқа 0
Кәсіби оқытуға жіберілген жұмыссыз
және мақсатты топтан жұмыспен
қамтылған азаматтардың жол жүру,
тамақтану, тұру және медициналық
куәландыру шығындарын өтеудің
қағидаларын бекіту туралы
«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Рсспубликасыныц 2001
жылғы 23 қаңтардагы № 149-ІІ Заңына, «Қазақстан Республикасындағы
жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001
жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ Заңының 31-бабы 1-тармағы
14-тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы
19 маусымдағы № 836 қаулысымен бекітілген Жұмыссыздарды кәсіби
даярлауды, біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды ұйымдастыру мен
каржыландырудың қағидаларына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған, Кәсіби оқытуға жіберілген жұмыссыз және
мақсатты топтан жұмыспен қамтылмаған азаматтардың жол жүру, тамақтану,
тұру және медициналық куәландыру шығындарын өтеудің қағидалары
бекітілсін.
Тармақ 2
2. Әкімдіктің осы қаулысының атқарылуын бақылау қала әкімінің
орынбасары Т. Ж. Мүсәпірбековке жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы жарияланған сәттен бастап күшіне енеді.
Қаулы жобасын енгізген:
"Жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің меңгерушісі
В. Кудрин
Басқа 4. Кәсіби оқытуға жіберілгсн жұмыссыз және мақсатты топтан
жұмыспсн қамтылмаған азаматтардың жол жүру,
тамақтану, тұру және медициналық куәландыру
шығындарын өтеудің
Қала әкімдігінің
2005 жылғы «28» ақпандағы
№ 126 қаулысымен
БЕКІТІЛГЕН
Кәсіби оқытуға жіберілгсн жұмыссыз және мақсатты топтан
жұмыспсн қамтылмаған азаматтардың жол жүру,
тамақтану, тұру және медициналық куәландыру
шығындарын өтеудің
ҚАҒИДАЛАРЫ
Осы қағидалар «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149-ІІ Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысымен бекітілген Жұмыссыздарды кәсіби даярлауды, біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды ұйымдастыру мен қаржыландырудың ережелеріне сәйкес әзірленді.
Тарау 1
Тармақ 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы қағидаларда колданылатын негізгі ұғымдар:
Тармақша 1
1) өтініш беруші - кәсіби даярлыққа жіберілген және шығындарын өтеуге өтініш берген жұмыссыз немесе мақсатты топтан жұмыспен қамтылмаған азамат;
Тармақша 2
2) шығындарды өтеу - өтініш берушінің жол жүруін, тамақтануын, -тұруын және медициналық куәландыруын ішінара немесе толық төлеу;
Тармақша 3
3) мақсатты топтан жұмыспен қамтылмаған азамат- «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне өтініш берген жүмысқа жарамды жастағы, жұмыспен қамтылған халықтың санына жатпайтын, жергілікті атқарушы орган белгілеген мақсатты топтарға енгізілген азамат.
Тармақ 2
2. Өңір шегінде тұруға, оқу орнына барып, кері қайтуға арналған шығындарды өтеу тұрмайтын жерінде оқитын өтініш берушіге жүргізіледі.
Тармақ 3
3. Өңір шегінде оқу орнына барып, кері қайту, тамақтандыру, тұру және медициналық куәландыру шығындарын өтеуді «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Медициналық куәландыру шығындарын өтеу кәсіби жарамдылықты белгілеуді талап ететін мамандықтар бойынша оқытуға жіберілген өтініш берушілерге жүргізіледі және нәтижесіне қарамастан төленеді.
Тармақ 5
5. Өтініш берушілер медициналық куәландыруды «Жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеітік мекемесінің жолдамасы бойынша өтеді.
Тармақ 6
6. Өтініш берушілердің шығындарын өтеу құжаттарды ұсынған күннен
бастап, бірақ оқу аяқталған күннен бір ай бұрынғыдан кешіктірілмей жүргізіледі.
Тармақ 7
7. «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»
мемлекеттік мекемесінде ресми тіркелген және кәсіби даярлыққа, біліктілікті арттыру мен қайта даярлауға жіберілген жұмыссыз, сондай-ақ мақсатты топтардан жұмыспен қамтылмаған азаматтар шығындарды өтеу құқығына ие болады.
Тарау 2
Тармақ 2. 2. Шығындардың өтеуін алуға өтініш беру тәртібі
2. Шығындардың өтеуін алуға өтініш беру тәртібі
8.Өтініш беруші «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жазбаша өтініш береді және қажетті құжаттарды ұсынады.
9.Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес, өтініш пен құжаттарда
көрсетілген мәліметтердің толықтығы мен сенімділігі үшін жауапкершілік Өтініш берушіге жүктеледі.
Тарау 3
Тармақ 3. 3. Қажетті құжаттардың тізбесі
3. Қажетті құжаттардың тізбесі
Тармақ 10
10. Шығындардың өтеуін алу үшін қажетті құжаттар:
Тармақша 1
1) тұратын жеріндегі банкте жеке шотының нөмірі көрсетілген жазбаша
өтініш;
Тармақша 2
2) теміржол көлігімен, жолаушылар автокөлігімен (таксиден басқа) жол жүру құжаттары, немесе тасымалдың аталған түрлерін жүзеге асыратын ұйымның жол жүру құны туралы анықтамасы;
Тармақша 3
3) медициналық куәландыруды өткендігі туралы төлем құжаты болып
табылады.
Тарау 4
Тармақ 4. 4. Шығындарды өтеудің мөлшері
4. Шығындарды өтеудің мөлшері
Тармақ 11
11. Шығындардың толық өтелуі:
Тармақша 1
1) медициналық куәландыру үшін - құжаттармен расталған тексеру құны;
Тармақша 2
2) өңір шегіндегі оқу орнына бару және кері қайту жолына - құжаттармен расталған жол жүру құны бойынша жүргізіледі.
Тармақ 12
12. Тұру шығындарының ішінара өтелуі өзге жерлерден келген өтініш берушілер оқу кезінде Семей қаласында жатақханада тұрған жағдайда -
ұсынылған төлем құжаттары бойынша, бірақ айында айлық үш есептік
көрсеткіштен асырылмай жүргізіледі. Жалданған тұрғын үйлерде тұрған
жағдайда - айында үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жүргізіледі.
Тармақ 13
13. Семей қаласында оқитындар үшін тамақтандыру шығындарының
өтелуі айына 3 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жүрігізіледі.
Тарау 5
Тармақ 5. 5. Шығындарды өтеу төлсмдерінің тәртібі
5. Шығындарды өтеу төлсмдерінің тәртібі
Тармақ 14
14. Шығындарды өтеудің төлемі Жұмыспен қамту бағдарламасын
орындауға қаралған қалалық бюджет қаржылары есебінен жүзеге асырылады.
Тармақ 15
15. Тұру шығындарын ішінара өтеу төлемі оқудың аяқталуы бойынша
немесе ай сайын жүргізіледі.
Тармақ 16
16. Тамақтандыру шығындарын өтеу төлемі ай сайын жүргізіледі.
Тармақ 17
17. Медициналық куәландыруға және өңір шегінде оқу орнына барып
кайта қайту жолына арналған шығындардың толық өтелуінің төлемі құжаттар
ұсынылған сәттен бастап бір ай ішінде жүргізіледі.
Тармақ 18
18. Өтініш берушіге шығындардың өтелуін төлеу толық немесе ішінара
төлеу ақшалай түрде жеке шотқа аудару жолымен жүзеге асырылады.
«Жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің меңгерушісі
В. Кудрин