О Координационном совете по борьбе с преступностью и коррупцией Қолданыста
Басқа 0
Қылмыскерлікке және сыбайлас
жемқорлыққа қарсы күрес
жөніндегі Үйлестіруші кеңес туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» 1998 жылғы 2 шілдедегі № 267-1 Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің «Қылмыскерлікке және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүйесін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» 2000 жылғы 20 сәуірдегі № 377 Жарлығына сәйкес қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қала әкімдігі жанына Қылмыскерлікке және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі Үйлестіруші кеңес (бұдан әрі-Үйлестіруші кеңес) құрылсын.
Тармақ 2
2. Қоса беріліп отырған Үйлестіруші кеңес туралы ереже бекітілсін.
Тармақ 3
3. Үйлестіруші кеңестің дербес қүрамы қалалық мәслихаттың кезекті сессиясының бекітуіне енгізілсін.
Тармақ 4
4. Қала әкімінің 2000 жылғы 16 қарашадағы № 01-128-ө «Қылмыскерлікке және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі оператйвтік штабты құру туралы» өкімінің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 5
5. Әкімдіктің осы қаулысының атқарылуын бақылау қала әкімінің бас инспекторы Е.О. Ұранхаевқа жүктелсін.
Қаулы жобасын енгізген:
Кадрлық және мемлекеттік-
құқықтық жұмыс бөлімі
Е. Ұранхаев
Келісілді:
Апарат басшысы
Е. Майкенов
Жоба іс жүргізу талаптарына
сәйкестігі тұрғысында текскерілді
Кеңсе бастығы
Ж. Молдаханов
Басқа 6. Қылмыскерлікке және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі Үйлестіруші кеңес туралы
Қала әкімдігінің
2005 жылғы "02" маусымдағы № 359
қаулысымен БЕКІТІЛГЕН
Қылмыскерлікке және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі Үйлестіруші кеңес туралы
ЕРЕЖЕ
Тармақ 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Қылмыскерлікке және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі үйлестіруші кеңес (бұдан әрі-Үйлестіруші кеңес) қаланың атқарушы, құқық қорғаушы және өзге де мүдделі органдарының кылмыскерлікке және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті ұйымдастыру мәселелері жөніндегі қызметін ведомствоаралық үйлестіруді қамтамасыз етуге арналған, қала әкімдігі жанындағы тұрақты қызмет ететін консультациялық-кеңесші орган болып табылады.
Тармақ 2
2. Үйлестіруші кеңес өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, өзге де нормативтік-қүқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 2. 2. Үйлестіруші кеңестің негізгі міндеттері мен функциялары
2. Үйлестіруші кеңестің негізгі міндеттері мен функциялары
Тармақ 3
3. Үйлестіруші кеңестің негізгі міндеттері мен функциялары мыналар:
Тармақша 1
1) қаланың атқарушы, қүқық қорғаушы және өзге де мүдделі мемлекеттік органдарының қылмыскерлікке және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті ұйымдастыру, құқық тәртібін және заңдылықты нығайту қызметін ведомствоаралық үйлестіруді қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) қаладағы криминогендік жағдайды талдау, қылмыскерлікке және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту жөніндегі ұсыныстарды қарау және енгізу;
Тармақша 3
3) қылмыскерлікке және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасы Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік- құқықтық актілерді қаланың атқарушы, құқық қорғаушы және өзге де мемлекеттік органдарының орындауының жай-күйін зерделеу;
Тармақша 4
4) қалада қүқық тәртібі мен заңдылықты қамтамасыз ету жөнінде атқарушы, құқық қорғаушы және өзге де мемелекеттік органдарға ұсынымдар әзірлеу болып табылады.
Тармақ 3. 3. Үйлестіруші кеңесінің өкілеттіктері
3. Үйлестіруші кеңесінің өкілеттіктері
Тармақ 4
4. Негізгі міндеттерді іске асыру және өз функцияларын жүзеге асыру барысында Үйлестіруші кеңес:
Тармақша 1
1) атқарушы, құқық қорғаушы және өзге де мемелекеттік органдардан жүмысқа қажетті ақгіаратты, құжаттар мен материалдарды заңнамада белгіленген тәртіппен сүратуға және алуға;
Тармақша 2
2) Үйлестіруші кеңес мәжілісіне материалдар әзірлеу үшін атқарушы, құқық қорғаушы және өзге де мемелекеттік органдардың қызметкерлерін тартуға;
Тармақша 3
3) мәжілістерде атқарушы, құқық қорғаушы және өзге де мемлекеттік органдар басшыларының қылмыскерлікке және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті ұйымдастыру жөніндегі есептерін қарауға және тыңдауға;
Тармақша 4
4) қылмыскерлікке және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің әсерлілігін жоғарылату жөніндегі үсынымдарды әзірлеуге құқығы бар.
Тармақ 4. 4. Үйлестіруші кецестіц жұмысын ұйымдастыру
4. Үйлестіруші кецестіц жұмысын ұйымдастыру
Тармақ 5
5. Үйлестіруші кеңес жоспарға сәйкес жұмыс істейді. Мәжілістері қажеттігіне қарай, бірақ гоқсанына бір реттен сиретией өткізіледі.
Үйлестіруші кеңес мәжілістерін төраға немесе оның тапсырмасы бойынша Үйлестіруші кеңес мүшелерінің бірі өткізеді және мүшелерінің жартысынан астамы қатысқан жағдайда заңды болып табылады. Мәжілістер нәтижелері хаттамамен ресімделеді.
Тармақ 6
6. Қажет болған жағдайда Үйлестіруші кеңес талқыланатын мәселелер бойынша шешімдер (үсынымдар) қабылдайды. Үйлестіруші кеңестің шешімдері мәжіліске қатысып отырған Үйлестіруші кеңес мүшелерінің жай көпшілік даусымен қабылданады.
Дауыстар тең болған жағдайда төрағалық етушінің даусы шешуші болып табылады.
Тармақ 7. Қылмыскерлікке және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі үйлестіруші кеңестің
7. Үйлестіруші кеңестің жұмыс органы қала әкімі аппаратының кадрлық және мемлекеттік-құқықтық жүмыс бөлімі болып табылады.
Аппарат басшысы
Е.Майкенов
Қылмыскерлікке және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі үйлестіруші кеңестің
ДЕРБЕС ҚҰРАМЫ
Омаров
Нұрлан
Срайұлы
- Семей қаласының әкімі, Үйлестіруші кеңестің төрағасы
Ақашев Аскқар
Артықбайұлы
- Семей қаласындағы ШҚО бойынша ҰҚК департаменті басқармасынын бастығы
Бокишев
Қайрат
Мәріпбекұлы
- Семей кеденінің бастығы
Баяхметов
Серік Ризаұлы
- қаланың әділет басқармасының бастығы
Ибраев
Жетпісбай
Сапарғалиұлы
- қаланың ішкі істер басқармасының бастығы
Ковалев Игорь
Михайлович
- қала прокуроры
Омашев Марат
Қабидоллаұлы
- Семей өңірі бойынша қаржы полициясы басқармасының бастығы
Ұранхаев
Еркін
Оразғалиұлы
- қала әкімінің бас инспекторы