Об утверждении Положения о звании «Почетный гражданин города Семипалатинска» Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.09.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Семей қаласының Құрметті азаматы" атағы жөніндегі Ережені бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабы, 1 тармағы 12-1 тармақшасына сәйкес Семей қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. «Семей қаласының Құрметті азаматы» атағы туралы Ереже бекітілсін.
Тармақ 2
2. 23.09.2004 жылғы №9 және 06.06.2005 жылғы №16-8 шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Семей қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөліміне (Н.Ә.Жүнісова) қалалық бюджетте «Семей қаласының құрметті азаматы» атағын беруге байланысты ұйымдық-техникалық қамтамасыз ететін шығынды қарау ұсынылсын.
Тармақ 4
4. Осы шешім қабылданған күннен бастап күшіне енеді.
Басқа 5. «Семей қаласының Құрметті азаматы» атағы туралы
Семей қалалық мәслихатының 2005 жылғы 30 қыркүйектегі 19-5 шешіміне Қосымша «Семей қаласының Құрметті азаматы» атағы туралы ЕРЕЖЕ «Семей қаласының Қүрметті азаматы» атағын қалаға сіңірген ерекше еңбегі, қабілеттілігі, дарындылығы мен инициативасын қоғамдық мойындаудың белгісі ретінде бағалап, қалалық мәслихат тірі кезінде қала өкімінің ұсынысымен қала күні (24 қазанда) береді:
Тармақ 1
1. Семей қаласының тұрғынына қалада 25 жылдан артық жұмыс істесе қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан қомақты жеке үлесі мен сіңірген ерекше еңбегі: - жаңа өндірістік және әлеуметтік инфраструктуралар құрғаны; - қаланың білім, денсаулық, мәдениет және құқық қорғау органдары мекемелерінің материалдық-техникалық базаларын нығайтуға, қала көшелерін, аландарын, парктерін (саябақтарын) жағалауды және басқа да объектілерді көркейтуге жеке өзінің үлес қосқаны; - тұрмысы нашар отбасыларына, әлеуметтік мекемелер мен ұйымдарға, тұрақты түрде көмектескені, сондай-ақ соғыс кезінде ордендермен, медальдармен марапатталған Үлы Отан соғысының ардагеріне және соғыстан кейін қаланың әлеуметтік-экономикасына қосқан зор үлесі үшін.
Тармақ 2
2. Ғылым мен мәдениет, әдебиет пен өнер саласының атақты қайраткеріне, республика мен қаланың интелектуалдық потенциалының рухани өсуі мен дамуына жеке өзінің қосқан зор үлесі үшін.
Тармақ 3
3. Семей қаласында болған белгілі мемлекет, саяси қайраткерге, халықтар арасындағы ынтымақ пен бейбітшілікті нығайтуға қосқан үлесі, қоғамдағы ұлтаралық келісімді сақтауға арналған жемісті еңбегі үшін.
Тармақ 4
4. Семей қаласында тұратын қаланың құрметті азаматтарына ай сайын 1,4 айлық есеп айыру көрсеткіші мөлшерінде төлем төленіп түрады. Төлем тоқсан сайын қалалық бюджет есебінен төленеді.
Тармақ 5
5. Семей қаласының қүрметті азаматына диплом және арнаулы үлгідегі куәлік пен белгі беріледі. Қаланың құрметті азаматының Дипломы Құрметті азаматтың Дипломы тығыз ақ қағаздан жасалған, оның ортасында Семей қаласының гербі бейнеленген. Төменгі жағында мемлекеттік тілде «Семей қаласының Құрметті азаматы» деп жазылған. Дипломның ішкі жағында құрметті азамат атағын беру туралы қалалық мәслихат шешімінің мәтіні мемлекеттік тілде жазылған. Дипломға қалалық мәслихат хатшысы қол қояды және гербі бар мөрмен расталады. Қаланың Құрметті азаматының белгісі эскизі берілген. Қаланың Құрметті азаматының Куәлігі Қаланың Құрметті азаматының Куәлігі өрнегі бар қағаздан жасалады. Куәлік мөлшері 80 мм х 55 мм, сыртында Қазақстан Республикасы гербі бейнеленген. Куәлік қолданылып жүрген стандартқа сай жасалып оған қалалық мәслихат хатшысы қол қойып, гербі бар мөрмен расталады.
Тармақ 6
6. Қаланың Құрметті азаматының дипломын, белгісін және куәлігін дайындауға кететін шығынды қалалық мәслихат көтереді.
Тармақ 7
7. Жыл сайын «Семей қаласының Құрметті азаматы» атағы берілуі тиіс кандидаттар саны 5 кісіден аспауы керек. Қалалық мәслихат хатшысы Р.Абузяров