О мерах по обеспечению безопасности граждан на водоемах в зимний период Күшін жойған
Басқа 0
Қыс кезінде су қоймаларында азаматтардың қаупсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы " Заңның 27-бабының 1-тармағының 12) тармақшасына сәйкес қыс кезінде су айдындарында адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қалалар мен аудандардың әкімдері, облыстық жұмылдыру әзірлігі және төтенше жағдайлар департаменті (А.К. Қажыбаев):
Тармақша 1
1) мұз өткелінен өту жағдайында облыстық мәслихаттың ХVІІІ сессиясының 1998 жылғы 17 қыркүйектегі шешімімен бекітілген және Шығыс Қазақстан облысының Әділет басқармасында 1998 жылғы 9 қазанда 100 нөмірмен тіркелген "Шығыс Қазақстан облысының су қоймаларында шомылатын азаматтардың қауіпсіздік ережесін" басшылыққа алсын. Өткелдер мен мұз өткелдерін ұстау үшін жауаптыларға нұсқаулық жүргізуді ұйымдастырсын;
Тармақша 2
2) судан құтқару стансаларын және құтқарушыларды, құтқару және суға түсу жабдықтарын су айдындарындағы төтенше жағдайлар орындарына жеткізу үшін маневрлік-іздестіру топтарын көлікпен қамтамасыз етсін;
Тармақша 3
3) су қоймаларында апатқа ұшыраушыларға жедел көмек көрсету үшін ішкі істер органдарымен, әскери бөлімдермен өзара іс-қимыл жасауды ұйымдастырсын.
Тармақ 2
2. Қыс кезінде су қоймаларында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі қоса беріліп отырған іс-шаралар жоспары бекітілсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің бірінші орынбасары М.Т. Баяндаровқа жүктелсін.
Басқа 7. Қыс кезінде су айдындарында азаматтардың
қауіпсіздігін қамтамасыз ету
жөніндегі іс-шаралар
ЖОСПАРЫ
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің
2005 жылғы 28 қазандағы
N 343 қаулысымен
бекітілген
Қыс кезінде су айдындарында азаматтардың
қауіпсіздігін қамтамасыз ету
жөніндегі іс-шаралар
ЖОСПАРЫ
N№
р/с
Іс-шаралар
Ўйымдар, жауапты тұлғалары және орындаушылары
Орындау мерзімі
1.
Қауіпті су қоймаларының, әсіресе өткелдердегі, мұз үстінен өтетін өткелдердегі, мұз астынан балық аулайтын жерлердегі мұз жағдайын анықтау және тиянақты бақылау жасау, оларда ескерту белгілерін орнату
аудандар және қалалар әкімдері
үнемі
2.
Мұз жағдайының өзгергендігі, қауіпті дауылдардың жақындағандығы, күннің жылынғандығы, қалың қар жауғандығы туралы халықты дер кезінде құлақтандыруды ұсыну
ҚР ТЖМ ШҚО ТЖ департаменті (келісім бойынша)
жүйелі
3.
Дауылды жел туралы ескерту алған кезде мұз астынан балық аулаушыларды құлақтандыру және оларды жағаға шығару бойынша жедел шараларды жүзеге асыруды ұсыну
ҚР ТЖМ ШҚО ТЖ департаменті (келісім бойынша)
қажеттілігі бойынша
4.
Барлық мектептерде, гимназияларда, лицейлермен, колледждерде мұздағы қауіпсіздік шаралары туралы сабақтар өткізу
ШҚО білім департаменті
жыл сайын қараша - желтоқсан
5.
Құтқару стансалары мен маневрлік-іздестіру топтарының тұрақты әзірлігін қамтамасыз ету, кезекші жүзу және құтқару құралдарын дайындау, ЖЖМ азаймайтын қорының, прожекторлардың, аккумуляторлы фарлардың болуын қамтамасыз ету
"Судан құтқару қызметінің Шығыс Қазақстан орталығы" ММ
үнемі
6.
Құтқару тақтайларын, шаналарды, басқыштарды, сырғауылдарды және мұздан құтқарудың басқа да құралдарын жөндеу немесе әзірлеу
"Судан құтқару қызметінің Шығыс Қазақстан орталығы" ММ
жыл сайын 1 қарашаға дейін
7.
Барлық құтқару стансаларында С-З ("Мұзда адамдардың өмірін қорғау") міндетін пысықтау
"Судан құтқару қызметінің Шығыс Қазақстан орталығы" ММ
жыл сайын 15 қазанға дейін
8.
Өткелдер мен мұз өткелдерін ұстау үшін жауаптыларға, сондай-ақ мұз астынан балық аулауға барушы ұжымдарға нұсқаулық жүргізу. Ескерту белгілерін орнатуға бақылау жасауды ұйымдастыру
"Судан құтқару қызметінің Шығыс Қазақстан орталығы" ММ
үнемі
9.
Облыстық мәслихаттың ХVІІІ сессиясының 1998 жылғы 17 қыркүйектегі шешімімен бекітілген және Шығыс Қазақстан облысының әділет басқармасында 1998 жылғы 9 қазанда 100 нөмірмен тіркелген "Шығыс Қазақстан облысының су қоймаларында шомылатын азаматтардың қауіпсіздік ережесін" оқытуды ұйымдастыруды ұсыну
барлық жеке меншік түріндегі ұйымдардың, мекемелердің және кәсіпорындардың бірінші басшылары
жыл сайын 1 желтоқсанға дейін
Жұмылдыру әзірлігі және
төтенше жағдайлар департаменті
директорының м.а.