О переименовании некоторых сельских населенных пунктов области Қолданыста
Басқа 0
Облыстық кейбір ауылдық елді мекендерінің қайта атауы туралы
"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңына, Бөкейордасы және Казталовка аудандарының жергілікті атқарушы және өкілетті органдарының бірлескен шешімдері мен ұсыныстарына сәйкес, облыстық ономастикалық комиссия мәжілісінің 2004 жылғы 1 қазандағы № 1-1, 2005 жылғы 6 шілдедегі № 1-2 қорытындысының есепке ала отырып, облыстық мәслихат пен облыс әкімдігі ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Батыс Қазақстан облысының кейбір ауылдық елді мекендерінің атаулары қайта аталсын:
Бөкейордасы ауданы бойынша:
Искра ауылдық округіндегі Искра ауылы Ұялы ауылы деп;
Искра ауылдық округі Ұялы ауылдық округі деп;
Казталовка ауданы бойынша:
Мирон ауылдық округіндегі Богатырев ауылы Болашақ ауылы деп;
Мирон ауылдық округі Болашақ ауылдық округі деп.
Тармақ 2
2. Осы шешім Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден кейін күшіне енеді.