Об утверждении Правил выгула собак и кошек на территории Федоровского района Қолданыста
Басқа 0
Федоров ауданының аумағында иттер мен мысықтарды серуендету Қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңының 10-бабы 1-тармағының 2)-тармақшасына сәйкес Федоров аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Федоров ауданының аумағында иттер мен мысықтарды серуендету Кағидалары бекітілсін (қосымша).
Басқа 1. Федоров ауданының аумағында иттер мен мысықтарды серуендету Қағидасы
Мәслихаттың
2005 жылғы «29» қыркүйектегі
№ 200 шешіміне қосымша
Федоров ауданының аумағында иттер мен мысықтарды серуендету Қағидасы
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Қағида Федоров ауданының аумағында иттер мен мысықтарды серуендетуді реттеу мақсатында әзірленді.
Тармақ 2
2. Осы Қағида ит пен мысық ұстайтын барлық нысана түріне қарамастан меншіктің жеке және заңды тұлғаларына таратылады.
Тармақ 3
3. Осы Қағида "Жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының "Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық жағдайы туралы" Заңына сәйкес әзірленді.
Тармақ 4
4. Кез келген хайуанат иесінің меншігі болып табылады және кез келген меншік ретінде заңмен қорғалады.
Тарау 2. 2. Иттер мен мысықтарды ұстау
2. Иттер мен мысықтарды ұстау
Тармақ 5
5. Ит және мысық иелері оларды серуендету кезінде санитарлық-гигиеналық және ветеринарлық-санитарлық қағидаларын сақтауға міндетті.
Тармақ 6
6. Иттерді көшеге, аулаға қысқа жіппен жетектеп және томаға кигізіп шығаруға олардың қашып кетуін болдырмауға міндетті.
Тармақ 7
7. Иттерді томағасыз ұстауға мына жағдайларда: мал отарында, аң аулау кезінде, жаттығу алаңдарында, арнайы ұйымдарда, жедел қызмет атқару үшін пайдалануда рұқсат етіледі.
Тармақ 8
8. Хайуанаттардың подъездерді, баспалдақ алаңдарын, спорт және балалар алаңдарын, көгалдарды, тротуарларды ластауға тыйым салынады.
Тарау 3. 3. Қағидаларды сақтамаған хайуанаттар иелерінің жауапкершілігі
3. Қағидаларды сақтамаған хайуанаттар иелерінің жауапкершілігі
Тармақ 9
9. Осы Қағидаларды сақтамаған, жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларымен белгіленген тәртіпте жауапқа тартылады.