Об утверждении Правил розничной продажи периодических печатных изданий, публикующих материалы эротического характера Күшін жойған
Басқа 0
Эротикалық сипатта
жарияланған материалдарды басатын мерзімді баспа басылымдарын бөлшектеп сату Қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасы «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңының 14 бабы 2 тармағына, Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Заңының 40 бабына сәйкес әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған эротикалық сипатта жарияланған
материалдарды басатын мерзімді баспа басылымдарын бөлшектеп сату Қағидасы бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Эротикалық сипатта жарияланған материалдарды басатын мерзімді
баспа басылымдарын бөлшектеп сату Қағидасын бекіту туралы»
2005 жылғы 1 тамыздағы № 451 әкімдік қаулысы өзгертілсін.
Тармақ 3
З. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің
орынбасары М.Қ. Жүндібаевқа жүктелсін.
Басқа 4. Эротикалық сипатта жарияланған материалдарды басатын мерзімді баспа басылымдарын бөлшектеп сату Қағидасы
2005 жылғы 5 қыркүйекте
№ 506 аудан әкімдігінің
қаулысымен бекітілген
Эротикалық сипатта жарияланған материалдарды басатын мерзімді баспа басылымдарын бөлшектеп сату Қағидасы
Осы Қағида Қазақстан Республикасы «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңының 14 бабы 2 тармағы негізінде әзірленді.
Тармақ 1
1. Эротикалық сипатта жарияланған материалдарды басатын мерзімді баспа басылымдарын бөлшектеп сату, арнаулы бөлінген стационарлық бөлмелерде жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Эротикалық сипатта жарияланған материалдарды басатын мерзімді баспа басылымдарын бөлшектеп сату үшін арнаулы бөлінген стационарлык бөлмелер төмендегідей талаптарға сәйкес келуі:
Тармақша 1
1) эротикалық өнімдер шектеулі және кәмелетке толмағандар ала алмайтын бөлмелерде орналасуы;
Тармақша 2
2) эротикалық өнім витринаға қойылмауы;
Тармақша 3
3) эротикалық онімнің әрбір данасы мөлдір ораммен буылып-түйілуі
тиіс.
Тармақ 3
3. Эротикалық сипаттағы өнімдерді:
Тармақша 1
1) кәмелетке толмағандарға;
Тармақша 2
2) белгіленбеген жерлерде, оның ішінде, мемлекеттік, балалар және оқу мекемелерінде, мәдениет мекемелерінде, қоғамдық көлікте іске асыруға тиым салынады.
Тармақ 4
4. Эротикалық сипатта жарияланған материалдарды басатын мерзімді баспа басылымдарын бөлшектеп сату қағидасын бұзу Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 339 бабында қарастырылғандай жауапкершілікке әкеліп соқтырады.
Тармақ 5
5. Осы Қағида эротикалық сипатта жарияланған барлық мерзімді баспа басылымдарына, соның ішінде, шет елдерден әкелінген материалдарға да таратылады.