Об оказании временной финансовой помощи субъектам малого предпринимательства из средств бюджета области на возвратной основе Қолданыста
Басқа 0
Облыстық бюджет қаражатынан қайтарымдық негізінде шағын кәсіпкерлік субъектілеріне уақытша қаржылық көмек бөлу туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 6 наурыздағы № 3398 «Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдауды және дамуын жандандыруды күшейту жөніндегі шаралары туралы» жарлығын және 1997 жылғы 19 маусымдағы №131-1 «Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау жөніндегі» Заңын орындау максатында және облыстағы шағын кәсіпкерлік субъектілерін ынталандыру, экономикалық өсуін қамтамасыз ету үшін ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Қызылорда облысының бюджет каражатынан қайтарымдық негі.де шағын кәсіпкерлік субъектілеріне уақытша қаржылық көмек бөлу тәртібі жөніндегі ереже № 1 косымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Уакытша қаржылық көмек бөлу бойынша комиссия құрамы № 2 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 3
3. Аудандар мен Қызылорда қаласының әкімдері аудандық және қалалық бюджет қаражаттарынан қайтарымдық негізде шағын кәсіпкерлік субъектілеріне уақытша қаржылық көмек көрсету тәртібі туралы ереже әзірлесін.
4.0сы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары Е. Ізтаевқа жүктелсін.
Басқа 4
Облыс әкімінің
1998 жылғы 20 қарашадағы
№ 836 шешіміне 1 қосымша
Кызылорда облысының бюджеті каражаттарынан қайтарымдық негізде шағын және орта кәсіпкершілік субъектірлеріне уақытша қаржылай көмек болу тәртібі жөніндегі кағида.
Тарау 1. 1. ЖАЛПЫ ҚАҒИДАЛАР.
1. ЖАЛПЫ ҚАҒИДАЛАР.
Тармақ 1.1
1.1. Бұл ереже Қызылорда облысының бюджетінен кәсіпкершілік субъектілеріне өте қатаң қайтарымдық негізде уакытша қаржылай көмек беру үшін олардың жобаларының қарау тәртібін сонымен қатар оны бөлу механизмдері мен шарттарын анықтайды. Ереже Казақстан Республикасының 1997 жылғы 19 маусымдағы «Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау жөніндегі» Казақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 6 наурыздағы № 3398 «Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдауды күшейту және оны дамытуды жандандыру шаралары туралы» Жарлығын орындау үшін әзірленген.
Тармақ 1.2
1.2. Облыс бюджеті қаржыларынан шағын және орта кәсіпкершілікті қолдауға және оның дамуына қаралған уақытша қаржылай көмекті заңды тұлға деген статусы бар Кызылорда облысының кәсіпкерлікті қолдау және дамыту бағдарламасында анықталған басымдылық және болашағы бар бағыттағы қызметпен айналысатын, жаңа жұмыс орындарын құруды қамтамасыз ететін кәсіпкершілік субъектілері және жеке кәсіпкер деген статусы бар жеке тұлғалар да ала алады.
Тармақ 1.3
1.3. Қаржы Қызылорда облысының бюджетінен өте қатаң қайтарымдық негізде бөлінеді. Уақытша қаржылай көмек шағын кәсіпкершілік субъектілеріне бір миллион бес жүз мың теңгеге дейінгі, қаржының сақтандыру жарнасының қауыпты төлеуін қоспағанда, нөлдік ставкамен бөлінеді. Уакытша қаржылай көмектің ең ұзақ берілу мерзімі бір жарым жыл болып анықталған.
Тармақ 1.4
1.4. Қаржы бөлу мәселесін дұрыс шешуде кәсіпкерлік субъектінің банк мекемелеріне несие қарызының, салық, зейне-тақы және басқа заңда қаралған бюджетке төлемдерінің жоқтығы міндетті шарты болып есептеледі.
Тармақ 1.5
1.5. Жоспарларды талдау жасау, қаржылай көмек беруге болатындығы туралы қорынды жасау, қаржының қайтарылуын қамтамасыз ету үшін ипотекалық келісім шарт жасау, қаржылай көмек беру, оның мақсатты түрде пайдалауына және оның уақтылы қайтарылуына бақылауды шағын кәсіпкерлікті қолдау департаменті, бұнан әрі тексте «Департамент» жасайды.
Тармақ 1.6
1.6. Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне уақытша қаржылай көмек көрсету Департаментпен осы қағидаға сәйкес Департаменттің есеп шотынан жүргізіледі.
Тарау 2. 2. Қызылорда облысының бюджет қаржысынан кәсіпкерлік субъектілеріне уақытша каржылай көмек бөлу комиссиясының жұмыс тәртібі.
2. Қызылорда облысының бюджет қаржысынан кәсіпкерлік субъектілеріне уақытша каржылай көмек бөлу комиссиясының жұмыс тәртібі.
Тармақ 2.1
2.1. Кәсіпкерлік субъектілеріне Кызылорда облысы бюджетінен уақытша қаржылай көмек беруге Қызылорда облысы әкімінің орынбасары бекіткен қаржылай көмек болу комиссиясының шешімі негіз болады. Комиссия өз жұмысында қолданылып жүрген заңдарды, Президенттің Жарлықтарын, Қазақстан үкіметінің қаулыларын, Қызылорда облысы әкімінің шешімдері мен өкімдерін және осы қағиданы басшылыққа алады. Кәсіпкерлік субъектілеріне Кызылорда облысы бюджеті қаражатынан уақытша қаржылай көмек бөлу жөніндегі материалдарды қарау барысында комиссия қоғамдық өндірістің нәтижиесінің өсуіне, жеке экономикалық сектордың нығанына, жұмыс орның көбеюіне баса мүмкіндік туғызады.
Тармақ 2.2
2.2. Кәсіпкерлікті қолдаудың белсенділігін арттыру және дамуы бойынша мемлекеттік саясатты жүзеге асыру комиссия жұмысының мақсаты болады, сонымен негізгі алынатын принциптері болып:
- қаржылай көмектің мақсаттының бөлінуі.
- бөлінген қаржының нақты қайтару мерзімін белгілеу.
- Салық инспекциясының белгісімен соңғы екі жылғы мекеменің балансы.
- Койылған талаптарға сай бизнес-жоспар.
- Неспе алатын адамның несие қарызы және ақша қаражаты туралы қызмет көрсететін банкінің анықтамасы.
- Салық инспекциясының бюджет алдында қарызы жоқтығы туралы анықтамасы.
- Салық қызметінің салық төлеушінің тіркелуін растауы.
- Соңғы 2 жылғы қаржы және бухгалтерлік құжаттар. Балансы болмаған жағдайда (шаруа жеке шаруа қожалықтары, жеке кәсіпкерлер) кіріс және шығыс туралы декларациясын ұсынуы қажет.
-Тұрақты жер пайдалануға құқығы жөніндегі мемлекеттік акт.
- Жер учаскесінің бағалық құнын анықтау акті.
- Козғалмайтын мүлік объектілерін бағалау актісі.
- Шаруа жеке шаруа қожалығының жер салығын төленгенін растайтын қүжат.
- Кепілге берілген мүлікті қамтамасыз ету құжаттары.
- Кепілге берілген мүліктерді енгізуге келісім туралы ұжымның жиналысының хаттамасы.
Жеке кәсіпкерлерге.
- Патент немесе куәлік (салық инспекциясы).
- Бизнес-жоспар экономикалық техникалық дәлелдеуімен.
- Тұратын жерінен анықтама.
- Несие алатын адамның несие қарызы және ақша қаражаты туралы қызмет көрсететін банкінің анықтамасы.
- Салық инспекциясының бюджет алдында қарызы жоқтығы жөніндегі анықтамасы.
- каржылай көмектің кепілдік мүліктермен қамсыздандырылуы табылады.
Тармақ 2.3
2.3. Комиссия мәжілісі қажеті бойынша өткізіледі, айына бір рет-тен кем болмайды.
Тармақ 2.4
2.4. Комиссияның шешімі ашық дауысқа салынып, мүшелерінің көпшілік дауысымен қабылданады және хаттамамен ресімделеді.
Тармақ 2.5
2.5. Департаменттің басымдық жобалардың іріктеу қорытындысы бойынша комиссия өз мәжілісінде уақытша қаржылай көмек беру туралы дайындалған құжаттарды қарайды. Жобаға басымдылық баға берген жағдайда комиссия міндетті түрде қайтару негізінде уақытша қаржылай көмек беру туралы хаттама бойынша шешім қабылдайды, егер жобаның ауытқушылығы жағдайында дәлелді шешім қабылданады.
Тармақ 2.6
2.6. Уақытша қаржылай көмек еңбек ақы төлеуге бюджет, бюджеттен тыс қорлардың барлық қарыздарды өтеуге пайдаланбайды.
Тармақ 2.7
2.7. Комиссия шешіміне сәйкес департамент кәсіпкерлік субъектімен қайтарымдық негізде уақытша қаржылай көмек көрсету жөнінле,алдын ала қамсыздандыру компаниясында қаржылай қауыпты қаржылай көмектің мөлшерінде қамсыздандырып алып, келісім шарт жасайды.
Тармақ 2.8
2.8. Департамент комиссияның хаттамасына қол қойылғаннан кейін 3 күн ішінде уақытша қаржылай көмекті қарыз алушының есеп шотына аударып береді.
Тарау 3. 3. Уақытша қаржылай көмек сұраушы кәсіпкерлік субъектілерге қойылатын негізгі талаптар.
3. Уақытша қаржылай көмек сұраушы кәсіпкерлік субъектілерге қойылатын негізгі талаптар.
Уақытша қаржылай көмек алу үшін кәсіпкерлік субъектілер кіші кәсіпкерлікті қолдау департаментіне төмендегі құжаттарды дайындайды.
Заңды тұлғалар:
Тармақша а
а) Мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (нотариалды куәланлырылған көшірме).
Тармақша б
б) Жарғы (нотариалды куәландырылған көшірме).
Тармақша в
в) Құрылтайшьыык келісім -шарт (құрылтайшылар 2 және одан көп жағдайда -нотариалды куәландырылған көшірме ).
Статистикалық карточка.
-Салық қызметінің салық төлеушінің тіркелуін растауы(РНН).
-Тұрақты жер пайдалануға құқығы жөнінде мемлекеттік акт, жер учаскесі болған жағдайда жер учаскесінің бағалық құнын анықтау актісі.
-Кепілдікке берілген мүлікті қамтамасыз ету құжаттары. Меншік құқығын растайтын қүжаттар.
-Техникалық құжаттар.
*Несие алушы (заемщик) тұрғын үйін немесе пәтерін кепілге өткізгенде өз жанұясы мүшелерінің нотариус бекіткен келісімін тапсыруы тиіс*. Аудан(қала) әкімінің кіші кәсіпкерлік субъектілерге уақытша қаржылай көмек бөлу туралы өтініші. Кей жайғайдайларда комиссия уақытша қаржылай көмек көрсетуді аудан (қала) әкімдерінің қсынысысыз-ақ шеше алады.
Тармақ 3.2
3.2. Кепілге берудің(залог) шарты заңдылыққа сай белгіленген тәртіппен жасалады. Кепілдік муліктің құнын анықтағанда бағалық құны қозғалмайтын мүлікті бағалау Актісінде көрсетілген құнның нарықтың бағасының 50 процентінен аспауы керек, ал өтімділігі жоғары кепілдік мүлік болған айрықша жағдайда комиссия шешімімен 70 процентіне дейін болуы мүмкін.Кепілдікке қабылданатын мүлік сақтандыру компаниясында сақтандырылуы тиіс. Кепілдік мүлік табиғи апат нәтижесінде бүлінген не жойылған жағдайда кепілдік мүлік құнының орнын толтыру жауапкершілігін сақтандыру компаниясы алады.
Тармақ 3.3
3.3. Департамент несие алушының өтем қабылетін анықтау максатында:
- кірістері және шығыстары жайлы тұжырым (заключение) жасайды.
- Несиенің нақты пайдалану мерзімін анықтайды.
- Басқа да тұжырымдар жасайды және кепілдік мүліктің сараптық бағасын береді.
Тармақ 3.4
3.4. Несие қаржыны мақсатты пайдаланбаған жағдайда немесе шарттағы ескертілген басқа да шартты бұзушылық жағдайында, департаменттің кәсіпкерлік субъектінен бөлінген қаржыны мерзімінен бұрын қайтару жайлъі мәселе қоюға, заң талаптарына сай тұрғыда мүліктік түрде шаралар қолдануға құқығы бар.
Тармақ 3.5
3.5. Несие алушының нақты мүмкіндіктеріне қарай шартта несиенің тоқсан сайын өтелуінің ескертілуі мүмкін.
Тармақ 3.6
3.6. Уақытша қаржылай көмектің қайтарымдылығын камтамасыз ету үшін департамент сақтандыру компаниясымен басты келісім-шартқа отырады. Уақытша каржылық көмек бөлу жайлы комиссияның хаттамалық шешімі кабылданғаннан кейін департамент сақтандыру компаниясымен қаржылық тәуекелді сақтандыру жөнінде шартқа отырады. Аталған шарт сақтандыру компаниясы департамент пайдасына сақтандыру полисін берген күннен күшіне енеді.
Тармақ 3.7
3.7. Қаржыландыру жайлы шартта көрсетілген мерзімі біткен соң несие алушы шарттың тәртібіне сәйкес бөлінген сома қайтарады.
Тармақ 3.8
3.8. Қаржы қайтарылмаған жағдайда департамент сақтандыру компаниясының есеп шотынан осы қаржыны шығарып және оған кепілдіктегі мүліктерден өзінің шығынын өтеу құқығын береді. (қаржы тәуекелін сақтандыру шартқа сай).
Тарау 4. 4. Каржылай көмектін мақсатты пайдаланылуына және оларды уақытылы өтеуге бақылау жасау.
4. Каржылай көмектін мақсатты пайдаланылуына және оларды уақытылы өтеуге бақылау жасау.
Тармақ 4.1
4.1. Кәсіпкерге уақытша берілген қаржылай көмек беру жайлы құжаттар пакеті кіші кәсіпкерлікті қолдау департаментінде катаң есептегі бланкілерді сақтау ережесіне сай сақталады.
Тармақ 4.2
4.2. Кіші кәсіпкерлік субъектілердің қаржыларды қолданыстағы заңдарға сәйкес мақсатты пайдалануына бақылауды департамент және облыстық қазынашылық басқармасы жүзеге асырады.
Тармақ 4.3
4.3. Облыстық қаржы басқармасы кіші кәсіпкерлік объектілеріне қаржылай көмек жасауға бөлінген қаржыларды департаменттің өз мақсатына бағыттауын бақылау жасайды.
4.4 Департамент бюджеттік қаржылардың уақытылы қайтарылуын облыстық қаржы басқармасы мен департамент арасындағы шартқа сай қамтамасыз етеді.
Тарау 5. 5. Есеп беру.
5. Есеп беру.
Тармақ 5.1
5.1. Бөлінген қаржыларды пайдаланып жүрген кәсіпкерлік субъектілері әр айдың 5-не дейін ай сайын департаментке қаржылардың пайдалануы жөнінде және қаржылық нәтижелер жайлы департаментке есеп береді.
Тармақ 5.2
5.2. Департамент ай сайын келесі айдың 8-нен кешіктірмей шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің қаржыны пайдалану және жүмыс нәтижелері жайлы есептерін Қызылорда облысы әкіміне, облыстық қаржы органына тапсырады.
Басқа 39
1998 жылғы 20 қарашадағы
N 836 облыс әкімінің
шешіміне № 2 қосымша
Шағын кәсіпкерлер субъектілеріне қайтарымдық негізде уақытша қаржы бөлу жөніндегі комиссия құрамы
Тармақ 1
1. С. Нұргисаев - облыс әкімінің бірінші орынбасары, комиссия төрағасы
Тармақ 2
2. Е. Ізтаев - облыс әкімінің орынбасары, комиссия төрағасының орынбасары
Тармақ 3
3. Т. Сүлейменов - шағын кәсіпкерлікті колдау департаментінің бастығы, комиссия хатшысы
Комиссия мүшелері:
Тармақ 4
4. К. Әжібеков - облыстық қаржы басқармасының бастығы
Тармақ 5
5. Б. Шаменова - экономика басқармасының бастығы
Тармақ 6
6. Б. Ақжігіт - Кызылорда облысы бойынша салық комитеті бастығының орынбасары
Тармақ 7
7. К. Әбдіхалықұлы - облыстық шағын кәсіпкерлікті қолдау департаменті бастығының орынбасары
Тармақ 8
8. Д. Салетдинова - облыстық өнеркәсіп және сауда басқармасы бастығынын орынбасары
Тармақ 9
9. Ж. Бектібаев – облыстық ауыл шаруашылығы департаменті бастығының орынбасары
Тармақ 10
10. А. Жұмабаев - облыстық жұмыспен қамту орталығының бастығы