Об оказании социальной помощи молодежи из числа студентов для частичного возмещения расходов, связанных с получением образования Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.11.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Білім алуға байланысты жекелеген шығындарды төлеу үшін студенттер қатарындағы жастарға әлеуметтік көмек көрсету туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабына, «Білім беру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 5-тармағына сәйкес, Қостанай облыстық мәслихатының 2003 жылғы 19 ақпандағы № 263 «Қостанай облысының 2003-2005 жылдарға арналған өңірлік жастар саясаты бағдарламасын бекіту туралы» шешімімен бекітілген Қостанай облысының 2003-2005 жылдарға арналған өңірлік жастар саясаты бағдарламасын орындауда Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Білім алуға байланысты жекелеген шығындарды төлеу үшін студенттер қатарындағы жастарға әлеуметтік комек көрсетілсін: жоғары оқу орындарының күндізгі оқу бөліміндегі студенттер ішінен, оқытудың 3 курсынан бастап, оқу озаттары, облыстың қоғамдық өміріне белсене қатысып жүрген, тұрмысы нашар отбасылардан шыққан 20 студент үшін 2005 жыл ішінде ай сайын 20000 теңге көлемінде; жоғары оқу орындарының күндізгі оқу бөліміндегі студенттер ішінен, оқытудың 3 курсынан бастап, тиісті оқу бағдарламаларын жетік меңгеріп жүрген және тұрмысы нашар отбасылардан шыққан 18 студент үшін 2005 жыл ішінде ай сайын 11600 теңге көлемінде.
Тармақ 2
2. «Қостанай облысының ішкі саясат департаменті» мемлекеттік мекемесі (Т.С. Жақыпова) білім алу кезеңінде жекелеген шығындарды төлеу үшін студенттер қатарындағы жастарға әлеуметтік көмек көрсету жағынан Қостанай облысының 2003-2005 жылдарға арналған өңірлік жастар саясаты бағдарламасының іс-шараларын орындауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Облыс әкімдігінің жанындағы жастар істері жөніндегі кеңес бюджеттік бағдарламалардың әкімгері «Қостанай облысының ішкі саясат департаменті» мемлекеттік мекемесіне әлеуметтік көмекті алуға үміткерлерді анықтау бойынша ұсыныстар әзірлесін және енгізсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасарлары С.Ш. Бектұрғанов, А.П. Рауға жүктелсін.