О предоставлении земельных участков в постоянное землепользование государственному учреждению "Барсакельмесский государственный природный заповедник" Комитета лесного и охотничьего хозяйства Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.04.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің "Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы" мемлекеттік мекемесіне тұрақты жер пайдалануға жер учаскелерін беру туралы "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 15 шілдедегі Заңына сәйкес және ерекше қорғауды қажет ететін Қазақстанның бірегей табиғи объектілері ретінде Қызылорда облысы флорасы мен фаунасының бағалы түрлерін, экожүйелерін сақтау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қосымшаға сәйкес Арал ормандар және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінің орман қоры жері санатынан жалпы ауданы 63154 гектар жер учаскелері, су қоры жері санатынан жалпы ауданы 75877 гектар жер учаскелері және Қызылорда облысы Арал ауданының босалқы жер санатынан жалпы ауданы 5000 гектар жер учаскелері алып қойылсын және олар Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің "Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы" мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі - мекеме) тұрақты жер пайдалануға берілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының 1-тармағында көрсетілген жер учаскелері орман, су қорлары жерінен және босалқы жерлерден ерекше қорғалатын табиғи аумақтың жері санатына ауыстырылсын, ал осы аумақтағы ормандар "мемлекеттік табиғи қорықтар ормандары" қорғаныштық санатына жатқызылсын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитетімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен жергілікті жерде мекеме жерінің шекараларын белгілесін.
Тармақ 4
4. Қызылорда облысының әкімі күзет аймағының шегінде бұл аумақтардың экологиялық жүйесінің жай-күйіне және оларды қалпына келтіруге теріс әсер ететін кез келген қызметке тыйым сала отырып, мекеме жерінің төңірегінде күзет аймағын белгілесін.
Тармақ 5
5. (күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.04.15 N 339 Қаулысымен)
Тармақ 6
6. Осы қаулы 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің "Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы" мемлекеттік мекемесіне тұрақты жер пайдалануға берілетін Қызылорда облысы Арал ауданының аумағындағы жердің экспликациясы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 25 қарашадағы N 1162 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің "Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы" мемлекеттік мекемесіне тұрақты жер пайдалануға берілетін Қызылорда облысы Арал ауданының аумағындағы жердің экспликациясы N Жер­дің ата­уы Жал­пы ала­ңы, га Оның ішін­де Су қо­ры же­рі, га Олар­дың ішін­де Жай­ы­лым, га Өзге де ал­қап­тар, га 1 "Бар­са­кел­мес" учас­ке­сі 34089,0 34089,0 19582,0 145,0 2 "Қас­қа­құ­лан" учас­ке­сі 109942,0 41788,0 23217,0 18571,0 3 Бар­лы­ғы: 144031,0 75877,0 42799,0 33078,0 Кестенің жалғасы: N Оның ішін­де Ор­ман қо­ры жер­ле­рі, га Олар­дың ішін­де Босал­қы жер, га Олар­дың ішін­де Жай­ы­лым, га Өзге де ал­қап­тар, га Жай­ы­лым, га Өзге де ал­қап­тар, га 1 - - - - - - 2 63154,0 35087,0 28067,0 5000,0 2778,0 2222,0 3 63154,0 35087,0 28067,0 5000,0 2778,0 2222,0