Нұра ауданы аумағында ит пен мысықты ұстау Қағидасы туралы Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.10.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Нұра ауданы аумағында ит пен мысықты ұстау Қағидасы туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабына және Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 311 бабына сәйкес Нұра аудандық Мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ: Нұра ауданы аумағында ит пен мысықты ұстау Қағидасы қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Басқа 1. Нұра ауданы аумағында ит пен мысықты ұстау Қағидасы
2005 жылғы 20 қазандағы Нұра аудандық Мәслихаттың №191 шешімімен бекітілген қосымша Нұра ауданы аумағында ит пен мысықты ұстау Қағидасы
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Қағида ветеринариялық және санитарлық қалып негізінде әзірленген және Нұра ауданының аумағындағы нысан түріне және ведомстволық қарамағына қарамастан барлық кәсіпорындар мен ұйымдарды ескре отыра, иттер мен мысықтардың иелеріне таратылады.
Тармақ 2
2. Елді мекендерде ит пен мысықты онаша жерде (жақсы қоршалған ауларда, учаскелерде, торлы қорада) немесе байлауда ғана ұстауға рұқсат етіледі.
Тармақ 3
3. Жатақхананың санитарлық гигиеналық, ветеринариялық санитарлық ережелерінің нормалары жануарларды ұстауда міндетті шарт болып табылады.
Тармақ 4
4. Иттерді оқшау жерден жалпы алаңға немесе көшеге шқырғанда шылбыры қысқа немесе тұмылдырық кигізіп шығаруға рұқсат етіледі. Тұмылдырықсыз және байлаусыз иттерді тек қана отар басында, табын басында, аң аулау кезінде, үйрету алаңдарында, арнайы ұйымдармен шұғыл пайдалануда рұқсат етіледі.
Тармақ 5
5. Жабайы және үй жануарларын мектеп алды балалар мекемесі мен мектептердің зообұрыштарына тек қана ветеринарлық қызметтің рұқсатымен ғана ұстауға болады. Балалар яслилері, балалар бақшаларында, сондай-ақ емдік мекемелерде итті байлап, күзету үшін, олармен қарым-қатынаста болмайтын жағдайда ғана ұстауға болады.
Тармақ 6
6. Мысықтар мен иттердің ауырғандығы туралы туралы кешіктірмей ветеринариялық мекемеге, ал егер ит (мысық) адамдарды немесе жануарларды тістеп алса, онда медициналық және ветеринарлық мекемеге хабарлау қажет.
Тармақ 7
7. Азаматтардың, кәсіпорындар мен мекемелердің, ұйымдардың иттері 3 айлық жастан бастап жындану және басқа да ауруларға қарсы егіліп отырылуы тиіс.
Тармақ 8
8. Егер иттер ауданнан шет жерге сатылатын болса, белгіленген үлгідегі ветеринарлық куәлік ресімделуі керек.
Тармақ 9
9. Жолаушылардың мазасын алмайтын шарртарды сақтай отыра жерде жүретін барлық көліктерде жануарларды тасуға болады. Ит тұмылдырықта немесе қысқа байлауда болуы тиіс.
Тармақ 10
10. Әкімшілікпен келісілген және санитарлық гигиеналық ережелерді сақтаған жағдайда қонақ йлерде иесімен бірге итті жәнемысықты ұстауға тиым салынбайды.
Тармақ 11
11. Тыйым салынатын жазу болмаса, поштада, азық-түлік емес дүкендерде, мекемелерде иесімен бірге тұмылдырық кигізілген, қысқа байлаудағы иттің бірге жүруіне тыйым салынбайды.
Тармақ 12
12. Иесі дүкеннің, дәріхананың, тұрмысиық қызмет көрсететін кәсіпорынның, емхананың және басқалардың алдына байлап кеткен иттерден өзге, иесінің жетегенсіз қоғамдық жерлерде жүрген иттер мүдделлі ұйымның арызы бойынша аулануға тиісті.
Тарау 2. 2. Жануар иесінің міндеті.
2. Жануар иесінің міндеті.
Тармақ 13
13. Жануар иесі оны биологиялық ерекшеліктеріне сәйкес, жануарға адамгершілікпен қарап, оның қарусыз, тамақсыз, сусыз қалдырмай, ұрмай, жануар ауырса уақытында ветеринарлық көмекке сүйену керек.
Тармақ 14
14. Жануарлардың иелері айналадағы адамдар мен жануарлардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қажетті шаралар қолдануға парызды.
Тармақ 15
15. Иттер мен мысықтардың иелері мемлекеттік ветеринарлық инспектордың талабы бойынша диагностикалық зерттеу байқауы, сақтандыру, егу мен емдік алдын алу жұмыстарын жүргізу үшін оларды әкелуге міндетті.
Тармақ 16
16. Иттер мен мысықтардың иелері адамдарды тістеген өздерінің асырандыларын ветеринарлық мекемеге тексеруге және 10 күн ішінде онаша ұстауға әкелуге парыздв.
Тармақ 17
17. Мас адамдарға қоғамдық жерлерде, көлікте итпен жүруге рұқсат берілмейді.
Тармақ 18
18. Итті қыдыртуға шығарғанда шылбырмен байлап, қарғы бауында иттің аты, иесінің мекен-жайы, телефоны көрсетілген жетоны жапсырулы болуы тиіс. Сонымен қатар ірі иттерге тұмылдырық кигізілуі тиіс.
Тармақ 19
19. Пайдалануда жер учаскесі бар иттердің иелері иттерді тек қана жақсы қоршалған аумақта бос жібере алады, немесе байлауда ұстауға болады.
Тармақ 20
20. Жануарды одан әрі ұстау мүмкіндігі болмаса иесі оны басқа біреуге береді немесе ветеринарлық мекемеге тапсырады.
Тармақ 21
21. Жануар өлген жағдайда оның өлімтігін иесі жерлеуге тиісті. Өлген малдың өлімтігін лақтырып тасатуға рұқса берілмейді.
Тарау 3. 3. Жануар иесінің құқығы.
3. Жануар иесінің құқығы.
Тармақ 22
22. Қандай жануар болса да иесінің меншігі және Заңмен қорғалады.
Тармақ 23
23. Заңмен қарасытырылған жағдайларда немесе сот шешімі бойынша жануар иесінен тартып алынуы мүмкін.
Тармақ 24
24. Иесі шектелген уақытта итін дүкен немесе басқа да мекемелердің алдында қысқа шұлбырмен (ірі иттерді тұмылдырық кигізіп) байлап кетуге болады.
Тарау 4. 4. Осы Қағиданы сақталмағаны үшін жануар иесінің жауапкершілігі.
4. Осы Қағиданы сақталмағаны үшін жануар иесінің жауапкершілігі.
Тармақ 25
25. Осы қағиданы сақтамағаны үшін иттер мен мысықтардың иелері Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 311 бабына сәйкес жауапкершілікке тартылады.
Тармақ 26
26. Иттер мен мысықтар азаматтардың денсаулығына келтірген зияны немесе мұлікке келтірген шығыны үшін заңмен белгіленген тәртіпте қалпына келтіріледі. Осы Қағиданы бұзу Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес жауапкершілікке тартылады.