Об утверждении Аттестационных Правил Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.05.2002. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Аттестациялық қағидаларды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 13 қарашадағы N 3755 жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясы туралы ереженің 5-тармағының 28) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясы (бұдан әрі "Ұлттық комиссия" деп аталады) қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Аттестациялық қағидалар бекітілсін (қоса берілді).
Тармақ 2
2. Жоғарыда аталған Қағидалардың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркелген сәттен бастап күшіне енгізілетіндігі белгіленсін.
Тармақ 3
3. Жоғарыда аталған Қағидалар Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркелген сәттен бастап Ұлттық комиссияның 1997 жылғы 02 қыркүйектегі N 138 қаулысымен бекітілген және Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1997 жылғы 20 қазанда 406 нөмірмен тіркелген Бағалы қағаздар рыногында жұмыс істеу үшін мамандар даярлаудың, берілген біліктілік куәліктерінің пайдаланылуына бақылау жасаудың, олардың қолданылуын тоқтата тұрудың және қайтарып алудың тәртібі туралы ереженің күші тоқтатылған деп танылсын.
Тармақ 4
4. Ұлттық комиссия орталық аппаратының Лицензиялау және қадағалау басқармасы:
Тармақша 1
1) осы Қаулыны және жоғарыда аталған Қағидаларды (олар күшіне енгізілгеннен кейін) Оқу орталықтарының (олар жоғарыла аталған Қағидалардың 1-тармағының 5) тармақшасында айқындалған), сондай-ақ "Қазақстан қор биржасы" ЖАҚ-ның, бағалы қағаздар рыногының кәсіпқой қатысушылары қауымдастықтарының (оларға осы Қаулыны және жоғарыда аталған Қағидаларды олардың мүшелерінің назарына жеткізу жөніндегі міндетті жүктей отырып) назарына жеткізсін;
Тармақша 2
2) жоғарыда аталған Қағидалардың 6-қосымшасындағы үлгі бойынша біліктілік куәліктерінің бланкілерін типографиялық дайындалуын қамтамасыз етсін;
Тармақша 3. Аттестациялық қағидалар
3) осы Қаулының және жоғарыда аталған Қағидалардың орындалысына бақылау жасасын. Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының 1999 жылғы 23 ақпандағы N 26 қаулысымен бекітілді Аттестациялық қағидалар Осы Қағидалар "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 05 наурыздағы заңына және Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 13 қарашадағы N 3755 жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясы туралы ережеге сәйкес әзірленді және:
Тармақша 1
1) бағалы қағаздар рыногында жұмыс істеуге ниет білдірген жеке тұлғаларды аттестациядан өткізуге жіберу;
Тармақша 2
2) бағалы қағаздар рыногында жұмыс істеуге ниет білдірген жеке тұлғаларды аттестациядан өткізу және оларды қайтадан аттестациядан өткізу;
Тармақша 3
3) аттестациядан өткен жеке тұлғаларға біліктілік куәліктерін беру;
Тармақша 4
4) біліктілік куәліктерін қолдануды тоқтата тұру және қайтарып алу тәртібін белгілейді.
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Қағидаларда қолданылған ұғымдар мыналарды білдіреді:
Тармақша 1
1) "Біліктілік куәлігі" - жеке тұлғаның осы Қағидаларға сәйкес аттестациядан өткендігін куәландыратын және оған осындай құжаттың санатына (аттестацияның санатына) сәйкес жұмыс жасауға рұқсат құқығын беретін құжат;
Тармақша 2
2) "Ұлттық комиссия" - Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясы;
Тармақша 3
3) "Бірінші басшы" - заңды тұлғаның алқалы атқарушы органының басшысы немесе заңды тұлғаның атқарушы органының функциясын жеке дара жүзеге асыратын тұлға;
Тармақша 4
4) "Үміткер" - бағалы қағаздар рыногында жұмыс жасауға ниет білдірген жеке тұлға;
Тармақша 5
5) "Оқу орталығы" - бағалы қағаздар рыногында жұмыс жасау үшін мамандар даярлау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға Ұлттық комиссия рұқсатының негізінде уәкілеттік берілген заңды тұлға.
Тармақ 2
2. Үміткерлерді аттестациядан өткізу қажетті және кәсіби жеткілікті жарамдылықтарды иеленбеген тұлғаларды бағалы қағаздармен жұмыс жасауға жібермеу арқылы бағалы қағаздар рыногындағы тәуекелдердің оның субъектілеріне әсер етуін төмендету мақсатында жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Үміткерлерді аттестациядан өткізуге даярлауды Оқу орталықтары жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Үміткерлерді аттестациядан өткізу мынадай санаттар бойынша жүргізіледі:
Тармақша 1
1) бірінші санат бойынша, осы санат бойынша аттестациядан өткен тұлғаға бағалы қағаздармен мәмілелер жасау жөніндегі жұмыстарды орындауға рұқсат етіледі;
Тармақша 2
2) екінші санат бойынша, осы санат бойынша аттестациядан өткен тұлғаға бағалы қағаздармен жасалған мәмілелерді тіркеу жөніндегі жұмыстарды орындауға рұқсат етіледі;
Тармақша 3
3) үшінші санат бойынша, осы санат бойынша аттестациядан өткен тұлғаға бағалы қағаздар портфелін басқару жөніндегі жұмыстарды орындауға рұқсат етіледі.
Тармақ 5
5. Аттестациядан өткен Үміткерлерге тиісті санаттағы Біліктілік куәліктері беріледі. Біліктілік куәліктері уақытша болып табылады. Біліктілік куәлігінің қолданылу мерзімі - осы Үміткерді тиісті санат бойынша аттестациядан өткізу туралы шешім қабылданған күннен бастап үш жыл.
Тарау 2. 2-тарау. Аттестациялық комиссия
2-тарау. Аттестациялық комиссия
Тармақ 6
6. Аттестация жүргізу және аттестацияға байланысты мәселелерді шешу үшін Ұлттық комиссияда құрамына Ұлттық комиссияның мүшелері - атқарушы директорлары, Ұлттық комиссияның қызметкерлері, сондай-ақ бағалы қағаздар рыногының өзін-өзі реттейтін ұйымдары мен кәсіпқой қатысушылары қауымдастықтарының өкілдері (дауыс беруге қатысу құқығынсыз) кіретін Аттестациялық комиссия құрылады.
Тармақ 7
7. Аттестациялық комиссия жеті адамнан тұрады және оған Аттестациялық комиссияның төрағасы, төрағаның орынбасары және мүшелері кіреді. Аттестациялық комиссияның төрағасы және төрағасының орынбасары болып, әдетте, Ұлттық комиссияның Атқарушы директорлары тағайындалады. Аттестациялық комиссияның жеке құрамы Ұлттық комиссия Төрағасының бұйрығымен белгіленеді.
Тармақ 8
8. Аттестациялық комиссияның іс-қағазын Ұлттық комиссия Төрағасының бұйрығымен тағайындалған оның хатшысы жүзеге асырады. Аттестациялық комиссия хатшысының функциясын оның мүшелерінің біреуі жүзеге асыра алады.
Тармақ 9
9. Аттестациялық комиссия мынадай функцияларды жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) бағалы қағаздар рыногында жұмыс жасау үшін мамандар даярлау жөніндегі бірыңғай оқу бағдарламаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 2
2) Оқу орталықтарының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілердің жобаларын және бағалы қағаздар рыногында жұмыс жасау үшін мамандар даярлаудың тәртібін әзірлеу;
Тармақша 3
3) Оқу орталықтарының қызметіне бақылау жасау;
Тармақша 4
4) тестілердің және емтихан билеттерінің сұрақтары мен тапсырмаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 5
5) аттестация жүргізудің кестесін әзірлеу және бекіту (осы Қағидалардың 25 және 26-тармақтарында белгіленген ерекшеліктерді қоспағанда, аттестация жүргізу күнін, уақытын және орнын белгілеу);
Тармақша 6
6) Үміткерлерді аттестацияға жіберу;
Тармақша 7
7) аттестация және қайтадан аттестация жүргізу;
Тармақша 8
8) біліктілік куәліктерін толтыру және беру;
Тармақша 9
9) Ұлттық комиссия Директоратының қарауына біліктілік куәліктерін қолдануды тоқтата тұру немесе қайтарып алу туралы және біліктілік куәліктерінің иеленушілерді мерзімінен бұрын қайтадан аттестациядан өткізу туралы ұсыныстар енгізу.
Тармақ 10
10. Аттестациялық комиссияның отырысы қажеттілігіне орай, бірақ кемінде айына бір рет өткізіледі. Аттестациялық комиссияның отырысын өткізу күнін, уақытын және орнын оның төрағасы немесе ол жоқ болған кезде Аттестациялық комиссия төрағасының орынбасары айқындайды. Аттестациялық комиссияның отырысы, егер онда Аттестациялық комиссия төрағасын немесе оның орынбасарын (осы Қағидалардың 26-тармағының 3) тармақшасында белгіленген ерекшеліктерді қоспағанда) қоса отырып оның мүшелерінің кемінде үштен екісі қатысса, өкілетті болып танылады. Ұлттық комиссияның қызметкері - Аттестациялық комиссия мүшесінің Аттестациялық комиссияның отырысына қатысу мүмкіндігі болмай қалған кезде оны, Аттестациялық комиссия отырысының хаттамасына тиісті жазба енгізіле отырып, Ұлттық комиссия орталық аппаратының Аттестациялық комиссияның осы мүшесі жұмыс істейтін бөлімшесінің қызметкері ауыстырады. Ұлттық комиссияның қызметкері - Аттестациялық комиссия мүшесінің міндетін атқарудың схемасы Ұлттық комиссия Төрағасының бұйрығымен белгіленеді. Бағалы қағаздар рыногының өзін-өзі реттейтін ұйымдарының және кәсіпқой қатысушыларының өкілдері - Аттестациялық комиссияның мүшелерінің өкілеттіктерін басқа адамдарға беруге рұқсат етілмейді. Аттестациялық комиссияның шешімдері оның отырысқа қатысып отырған мүшелерінің қарапайым көпшілік дауыстарымен қабылданады. Дауыстар тең болған кезде Аттестациялық комиссия төрағасының (ол жоқ болған кезде, Аттестациялық комиссия төрағасының орынбасарының) дауысы шешуші болып табылады. Аттестациялық комиссияның шешіміне ықпал жасау мақсатында оның отырысының күні, уақыты және орны туралы Аттестациялық комиссияның мүшелерін таңдап ескертуге рұқсат етілмейді.
Тармақ 11
11. Аттестациялық комиссияның отырысы отырыс өткен күннен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірілмей жасалуға және Аттестациялық комиссияның отырысқа қатысқан барлық мүшелері, сондай-ақ Аттестациялық комиссияның хатшысы қол қоюға тиісті хаттамамен ресімделеді. Егер Аттестациялық комиссияның мүшесі (осы Қағидалардың 10-тармағының екінші бөлігіне сәйкес Аттестациялық комиссияның мүшесін ауыстыратын тұлға) Аттестациялық комиссияның шешіміне қарсы болса немесе ерекше пікір айтса, хаттамада тиісті жазба жасалу керек.
Тарау 3. 3-тарау. Үміткерлерге қойылатын талаптар
3-тарау. Үміткерлерге қойылатын талаптар
Тармақ 12
12. Аттестацияға:
Тармақша 1
1) осы Қағидалардың 1-қосымшасында көрсетілген немесе оған ұқсас мамандық бойынша жоғары білімі бар;
Тармақша 2
2) кез-келген мамандық бойынша жоғары білімі бар және бағалы қағаздардың кәсіби қатысушылар - ұйымдарда, банктерде немесе қаржы құралдары рыногындағы тұрақты қызметті жүзеге асыратын өзге де ұйымдарда айрықша техникалық функцияларды орындауға байланысты емес кемінде үш жыл (осы Үміткерді аттестацияға жіберу туралы өтініш беру алдындағы бес жыл ішінде) жұмыс стажы бар; немесе
Тармақша 3
3) кез-келген мамандық бойынша жоғары білімі бар және айрықша техникалық функцияларды орындауға байланысты емес және қаржы құралдары рыногын мемлекеттік реттеуге тікелей қатысты, қаржы құралдары рыногын мемлекеттік реттеу органдарындағы (орталық банкте, бағалы қағаздар рыногын мемлекеттік реттеу органында не қаржы құралдары рыногын реттеу жөніндегі функцияларды орындайтын өзге де мемлекеттік органда немесе оның жекелеген секторларында) кемінде бір жыл жұмыс стажы бар; немесе
Тармақша 4
4) орта арнаулы экономикалық немесе заңдық білімі бар және мамандығы бойынша кемінде үш жыл (осы Үміткерді аттестацияға жіберу туралы өтініш беру алдындағы бес жыл ішінде) жұмыс стажы бар; немесе
Тармақша 5
5) экономикалық мамандық бойынша "Іскерлік әкімшілік магистрі" ("Master of Business Аdмinistrаtiоn"), "Өнер магистрі" ("Master of Arts") немесе "Ғылым магистрі" ("Master of Science") ғылыми дәрежесі бар;
Тармақша 6
6) үшінші санат бойынша аттестацияға - қолданылып жүрген бірінші санатты Біліктілік куәлігін иеленген Үміткерлер жіберіледі.
Тармақ 13
13. Осы Қағидалардың 12-тармағының 2)-4) тармақшаларына сәйкес жұмыс стажын айқындау кезінде тек жұмыстағы үзілістер үш айдан аспайтын жағдайлар ғана назарға алынады.
Тармақ 14
14. Аттестацияға:
Тармақша 1
1) аттестацияға жіберу туралы өтініш беру алдындағы екі жыл ішінде біліктілік куәлігі қайтарылып алынған;
Тармақша 2
2) осы Қағидалардың 12-тармағының 2)-4) тармақшаларына сәйкес стаж талап етілетін жұмыс ТАН атқаратын лауазымы немесе істейтін жұмысы біліктілігінің жетіспеу салдарынан сәйкес келмеу не еңбек міндеттерін жүйелі түрде орындамау себебі бойынша жұмыстан босатылған;
Тармақша 3
3) экономикалық қызмет саласындағы қылмысы үшін сотталғандығы өтелмеген немесе заңды тәртіппен алып тасталмаған;
Тармақша 4
4) осы Қағидалардың 16-тармағының 2)-4) тармақшаларында көрсетілген құжаттары жоқ немесе тиісті дәрежеде ресімделмеген Үміткер аттестацияға жіберілмейді.
Тармақ 15
15. Үміткерлердің осы Қағидалардың 12-14-тармақтарының шарттарына сәйкестік мәселелері бойынша таластарды Комиссия қарайды. Үміткердің осы Қағидалардың 12-14-тармақтарының шарттарына сәйкес келмеу мәселесі жөніндегі Аттестациялық комиссияның шешімімен Үміткер келіспеген кезде ол шағым арызбен оны алған күннен бастап он жұмыс күн ішінде қарайтын Ұлттық комиссия Директоратына жүгінуге құқылы. Үміткердің осы Қағидалардың 12-14-тармақтарының шарттарына сәйкес келмеуі туралы Ұлттық комиссия Директоратының шешімі жөнінде Үміткердің сотта шағымдануға құқығы бар.
Тарау 4. 4-тарау. Аттестациядан өту мақсатында ұсынылатын құжаттар
4-тарау. Аттестациядан өту мақсатында ұсынылатын құжаттар
Тармақ 16
16. Бағалы қағаздар рыногындағы жұмыс үшін мамандар даярлауға Оқу орталығы өткізетін курсқа қабылдану үшін Үміткер Оқу орталығына мынадай құжаттар ұсыну керек:
Тармақша 1
1) осы Қағидалардың 2-қосымшасындағы үлгі бойынша өтініш (екі дана);
Тармақша 2
2) Үміткердің білім туралы дипломының нотариалды куәландырылған көшірмесі (Үміткердің білімін растайтын өзге де ықтимал құжаттың);
Тармақша 3
3) Үміткердің еңбек кітапшасының тігілген және беттер бойынша нөмірленген, нотариалды не Үміткердің соңғы жұмыс берушісі - ұйымның мөрімен және бірінші басшысының немесе оның орынбасарының қолымен расталған көшірмесі және/немесе жұмыс беруші - шетелдік ұйымдардың Үміткердің осы ұйымдардағы жұмысының фактісін және ұзақтығын растайтын, Үміткер атқарған лауазымды көрсете отырып, хаттардың (анықтамалардың) түпнұсқалары немесе аудармалары (қазақ немесе орыс тілдеріне);
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы жанындағы Құқықтық статистика және ақпарат орталығының Үміткердің экономикалық қызмет саласындағы қылмысы үшін сотталғандығы немесе осындай сотталғандықтың одан алып тасталғандығы туралы анықтама (хат);
Тармақша 5
5) үшінші санат бойынша келесі аттестация жүргізу кезінде - бірінші санатты Біліктілік куәлігінің көшірмесі.
Тармақ 17
17. Оқу орталығы Үміткерді бағалы қағаздар рыногындағы жұмыс үшін мамандар даярлау курсына Үміткердің осы Қағидалардың 16-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген құжаттарды ұсынбастан қабылдауға құқылы. Бұл жағдайда Оқу орталығы осы курсты жүргізу аяқталғанға дейінгі бес жұмыс күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы жанындағы Құқықтық статистика және ақпарат орталығынан осы курсқа осындай тәсілмен қабылданған Үміткердің экономикалық қызмет саласындағы сотталғандығының жоқтығы немесе осындай сотталғандықтың одан алып тасталғандығы туралы анықтама (хат) алуға міндетті.
Тармақ 18
18. Бағалы қағаздар рыногындағы жұмыс үшін мамандар даярлаудың кезекті курсын жүргізу басталғанға дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей Оқу орталығы Ұлттық комиссияға мынадай құжаттарды ұсыну керек:
Тармақша 1
1) осы Қағидалардың 3-қосымшасындағы үлгі бойынша жазбаша ескертпе;
Тармақша 2
2) оқытушылардың аты-жөні, сондай-ақ уақыты мен өткізу орын көрсетілген, Оқу орталығының бірінші басшысы немесе оны ауыстыратын тұлға қол қойған және Оқу орталығының мөр таңбасымен расталған курс кестесі.
Тармақ 19
19. Бағалы қағаздар рыногындағы жұмыс үшін мамандар даярлаудың кезекті курсын жүргізу аяқталғанға дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей Оқу орталығы Ұлттық комиссияға мынадай құжаттарды ұсыну керек:
Тармақша 1
1) тілекке орай аттестация өткізу күнін, осы курсты жүргізудің басталу және аяқталу күндерін және аттестациядан өту санаттарын көрсете отырып осы курстың тыңдаушыларын аттестацияға жіберу туралы еркін нысанда жазылған өтініш;
Тармақша 2
2) Оқу орталығының бірінші басшысы немесе оны ауыстыратын тұлға қол қойған және Оқу орталығының мөр таңбасымен расталған, тегін, аттарын және құжатында жазылса әкелерінің аттарын, сондай-ақ жұмыс беруші - ұйымдардың және атқаратын лауазымдарының атауларын көрсете отырып, осы курста оқыған тұлғалардың тізімін;
Тармақша 3
3) Үміткерлердің осы Қағидалардың 16-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген өтініштерінің бір данасы;
Тармақша 4
4) Үміткерлердің осы Қағидалардың 16-тармағының 2)-5) тармақшаларында көрсетілген құжаттары.
Тармақ 20
20. Оқу орталығының бағалы қағаздар рыногындағы жұмыс үшін мамандар даярлау курсының тыңдаушыларын аттестацияға жіберу туралы өтініші олардың аттестацияға жіберу туралы ұжымдық өтініші ретінде танылады.
Тарау 5. 5-тарау. Аттестация жүргізу
5-тарау. Аттестация жүргізу
Тармақ 21
21. Оқу орталығынан осы Қағидалардың 19-тармағына сәйкес құжаттарды аласымен Аттестациялық комиссия Үміткерлерді аттестацияға жіберу туралы мәселе қарайды және аттестация күні мен уақытын белгілейді. Егер, аттестациядан өтуге жатқызылған Үміткерлердің саны 15 адамнан асып кеткен жағдайда, Аттестациялық комиссия аттестацияны бірнеше күн ішінде өткізуді белгілеуге құқылы. Оқы орталығы құжаттарды дер кезінде бермеген немесе олар тиісті дәрежеде ресімделмеген (осы Қағидалардың 16 және 19 тармақтарында белгіленгендей) жағдайда, Аттестациялық комиссия осы Оқу орталығына аттестация жүргізуден бас тартуға құқылы. Ұлттық комиссияның хаттарға арналған бланкісінде жазылып, Аттестациялық комиссияның төрағасы немесе оның орынбасары қол қойған тиісті хат осы Оқу орталығына орның бағалы қағаздар рыногындағы жұмыс үшін мамандар даярлау курсының тыңдаушыларын аттестацияға жіберу туралы өтініші алынған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде жіберілу керек.
Тармақ 22
22. Аттестация жүргізу белгіленген күнге дейін екі жұмыс күнінен кешіктірмей:
Тармақша 1
1) Аттестациялық комиссия аттестацияға жіберілген Үміткерлердің тізімін бекітеді;
Тармақша 2
2) Оқу орталығына аттестация жүргізу күнін, уақытын және орнын көрсетіп, курста оқыған және аттестацияға жіберілген тұлғалардың тізімін көрсетіп (қоса беріп) Ұлттық комиссияның хаттарға арналған бланкісіне басылған, Аттестациялық комиссия төрағасы немесе оның орынбасары қол қойған хабар жіберіледі.
Тармақ 23
23. Ұлттық комиссиядан осы Қағидалардың 22-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген хабарды алысымен Оқу орталығы бағалы қағаздар рыногындағы жұмыс үшін мамандар даярлау мақсатында жүргізілген курс тыңдаушыларын оларды аттестацияға жіберу туралы (аттестацияға жіберуден бас тарту туралы), сондай-ақ аттестация күні, уақыты және орны туралы хабардар етуге міндетті.
Тармақ 24
24. Аттестация Ұлттық комиссияның ғимараттарында жүргізіледі.
Тармақ 25
25. Осы Қағидалардың 24-тармағында белгіленген норманың ерекшеліктері болып мына жағдайлар болып табылады:
Тармақша 1
1) Ұлттық комиссияның Төрағасы бұйрығының негізінде аттестацияны Оқу орталығының ғимараттарында жүргізу;
Тармақша 2
2) Үміткерлерді аттестациядан өткізу мақсатында Ұлттық комиссияның Төрағасы бұйрығының негізінде Аттестациялық комиссияның көшпелі отырысын өткізу.
Тармақ 26
26. Осы Қағидалардың 25-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Аттестациялық комиссияның көшпелі отырысы өткізілген жағдайда:
Тармақша 1
1) Аттестациялық комиссияның көшпелі отырысқа қатысатын мүшелерінің құрамы Ұлттық комиссия Төрағасының Аттестациялық комиссияның көшпелі отырысын өткізу туралы бұйрығымен белгіленеді;
Тармақша 2
2) Аттестациялық комиссияның көшпелі отырысқа қатысатын мүшелерінің саны кемінде үш адам болу керек;
Тармақша 3
3) Аттестациялық комиссия өзінің көшпелі отырысында Үміткерлерді аттестацияға жіберу, аттестация жүргізу күні, уақыты және орны, Үміткерлерді аттестациядан өткізу (тиісті түрде біліктілік куәліктерін толтыра және бере отырып) мәселелері бойынша шешімдер қабылдауға құқылы. Бұл ретте Аттестациялық комиссияның көшпелі отырысы онда Аттестациялық комиссияның барлық мүшелері қатысса өкілетті болады.
Тармақ 27
27. Үміткер аттестацияға өзін куәланадыратын құжатын және білімі туралы дипломын (немесе Үміткердің білімін растайтын өзге де ықтимал құжатты) қоса ала келу керек.
Тармақ 28
28. Аттестация екі кезеңде өткізіледі:
Тармақша 1
1) бірінші кезең - тестілеу;
Тармақша 2
2) екінші кезең - ауызша емтихан.
Тармақ 29
29. Аттестация барысында Үміткерге анықтамалық, арнаулы және өзге әдебиетті, сондай-ақ қандай да болмасын жазбаны (оның ішінде электронды түрде) пайдалануға тыйым салынады. Осы талаптар, сондай-ақ жалпыға бірдей тәртіп нормалары бұзылған жағдайда Үміткер аттестациядан шығарып жіберілуі мүмкін. Осы баптың бірінші бөлігіне сәйкес аттестациядан шығарып жіберілген Үміткер аттестациядан өтпеген болып танылады.
Тармақ 30
30. Тест жүргізу Үміткердің тест сұрақтарына жауап беруі және тест есептерін жазбаша түрде немесе бағдарламалық-техникалық құралдарды қолданып шешуі арқылы жүзеге асырылады. Тестідегі сұрақтар мен есептердің саны 50 аспау керек. Үміткердің тестінің сұрақтарына жауабының дұрыстығын және Үміткердің тестінің есептерін шешуінің дұрыстығын тексеруді Аттестациялық комиссияның хатшысы және оның кемінде бір мүшесі жүзеге асырады (бағдарламалық-техникалық құралдарды пайдаланып тестілеу кезінде - автоматты түрде). Тест сұрақтарының жалпы санының кемінде 80 процентін құрайтын сұрақтарға дұрыс жауап берген Үміткер ауызша емтиханға жіберіледі. Тест жүргізу нәтижелері бойынша ауызша емтиханға жіберілмеген Үміткер аттестациядан өтпеген болып танылады.
Тармақ 31
31. Ауызша емтихан Үміткердің емтихан билетінің үш сұрағына және Аттестациялық комиссия мүшелерінің бағалы қағаздар рыногындағы жұмыс үшін мамандар даярлау жөніндегі бірыңғай оқу бағдарламасының шеңберінде қойған қосымша сұрақтарына ауызша жауап беруі нысанында кейіннен тиісті санат бойынша аттестациядан өткізіле отырып жүргізіледі. Емтихан билеттері әрбір аттестацияға бөлек жасалады және нөмірленеді. Үміткерден ауызша емтиханды Аттестациялық комиссияның кемінде үш мүшесі қабылдау керек. Аттестациялық комиссияның Үміткерден ауызша емтихан қабылдаған мүшелері оның сұрақтарға жауабын бағалау үшін осы Қағидалардың 4- қосымшасындағы үлгі бойынша емтихан ведомосының бланкісін пайдаланады. Ауызша емтиханның нәтижелерін бағалау үшін "тапсырды" және "тапсырмады" деген бағалар қолданылады. Ауызша емтиханның нәтижелері бойынша "тапсырды" деген баға алған Үміткер аттестациядан өткен болып саналады. Ауызша емтиханның нәтижелері бойынша "тапсырмады" деген баға алған Үміткер аттестациядан өтпеген болып саналады.
Тармақ 32
32. Аттестация жүргізу барысында бір Үміткердің тестіден өтуіне және оның ауызша емтиханға даярлануына берілетін жалпы уақыт:
Тармақша 1
1) бірінші және екінші санаттар бойынша - 60 минуттан, оның ішінде тестіден өтуге - 30 минуттан;
Тармақша 2
2) үшінші санат бойынша - 120 минуттан, оның ішінде тестіден өтуге - 90 минуттан аспау керек.
Тармақ 33
33. Аттестациядан өтпеген деп таныған Үміткердің шағым арыз беруге құқығы бар. Аттестациядан өтпеген Үміткерлердің шағым арыздарын Ұлттық комиссия Төрағасының бұйрығымен тағайындалған, құрамында Аппеляциялық комиссияның төрағасы және оның екі мүшесі бар Аппеляциялық комиссияның төрағасы болып табыла алмайды. Аттестациялық комиссияның кемінде екі мүшесі (оның төрағасын қоса отырып) Аттестациялық комиссияның мүшелері болу керек. Дәлелді түрде негізгі талаптар баяндалған жазбаша шағым арызды аттестациядан өтпеген деп танылған Үміткер осындай деп танылған күннен кешіктірмей беруі керек. Шағым арызды Аппеляциялық комиссия оны алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қарау керек. Шағым арызды қараудың нәтижесі Аппеляциялық комиссияның барлық мүшесі қол қоятын және орындауы үшін Аттестациялық комиссияға жіберілетін хаттамамен ресімделеді. Шағым арызды Аппеляциялық комиссияның шешуіне рұқсат етілмейді.
Тармақ 34
34. Барысында (нәтижесінде) ол аттестациядан өтпеген деп танылған аттестация жүргізу күнінен бастап бір айдан ерте емес уақытта Аттестациядан өтпеген деп танылған Үміткердің қайтадан аттестациядан өтуге құқығы бар. Қайтадан аттестациядан өтуге рұқсат беру туралы еркін үлгіде жазылған өтініш Аттестациялық комиссияның төрағасының атына беріледі. Егер, Үміткер қайтадан аттестациядан өтудің нәтижесінде тағы да аттестациядан өтпеген деп танылған жағдайда, ол бұдан кейін аттестацияға тек Оқу орталықтарының бірінде қайтадан бағалы қағаздар рыногындағы жұмыс үшін мамандар даярлау курсын тәмәмдағаннан кейін ғана жіберіледі.
Тарау 6. 6-тарау. Біліктілік куәліктері. Қайтадан аттестация жүргізу. Біліктілік куәліктерін қолдануды тоқтата тұру және қайтарып алу
6-тарау. Біліктілік куәліктері. Қайтадан аттестация жүргізу. Біліктілік куәліктерін қолдануды тоқтата тұру және қайтарып алу
Тармақ 35
35. Аттестациядан өткен деп танылған Үміткерге осы Қағидалардың 5қосымшасындағы үлгі бойынша қазақ және орыс тілдерінде жазылған біліктілік куәлігі беріледі.
Тармақ 36
36. Аттестация жүргізілген күннен бастап жеті күн ішінде өтініші бойынша аттестация жүргізілген Оқу орталығына Аттестациялық комиссияның Үміткерлерді аттестациядан өткізу туралы мәселе қаралған отырысы хаттамасының көшірмесі беріледі.
Тармақ 37
37. Аттестациялық комиссияның хатшысы берілген біліктілік куәліктерінің журналын жүргізеді және қолданылып жүрген біліктілік куәліктерінің, сондай-ақ қолданылу мерзімі ұзартылған немесе тоқтата тұрылған қайтарылып алынған біліктілік куәліктерінің есебін жүргізуді жүзеге асырады.
Тармақ 38
38. Біліктілік куәліктері Оқу орталықтарында немесе Ұлттық комиссияда беріледі. Біліктілік куәліктері Оқу орталығында берілген жағдайда оның тиісті уәкілетті өкілі берілген біліктілік куәліктерінің журналына олардың алынғандығын растап қол қоюға міндетті.
Тармақ 39
39. Біліктілік куәлігінің қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін оның иесі Оқу орталығында даярлықтан өтпестен осы біліктілік куәлігіне сәйкес оның қолданылу мерзімі ішінде бір жыл жұмыс стажы болу шартымен осы Қағидаларға сәйкес аттестациядан өтуге құқылы.
Тармақ 40
40. Ұлттық комиссия біліктілік куәлігінің қолданылу мерзімі ішінде оның иесін Аттестациялық комиссияның ұсынысы бойынша мерзімінен бұрын қайтадан аттестациядан өтуге (Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногындағы қызметті реттейтін заң нормаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бекітілген бағалы қағаздармен сауда-саттық ұйымдастырушылардың және бағалы қағаздар рыногы кәсіпқой қатысушыларының өзін-өзі реттейтін ұйымдарының қағидаларын бұзу фактілері анықталған жағдайда) міндеттеуге құқылы. Қайтадан аттестациядан өту осы Қағидалардың 24-33 тармақтарына сәйкес жүргізіледі.
Тармақ 41
41. Егер, бұрын берілген біліктілік куәлігінің иесі қайтадан аттестациядан өту нәтижесінде аттестациядан өткен деп танылған жағдайда, оның біліктілік куәлігінің қолданылу мерзімі біліктілік куәлігіне арнаулы белгі, ал берілген біліктілік куәліктерінің журналына тиісті жазба енгізе отырып аттестация жүргізілген күннен бастап үш жылға ұзартылады.
Тармақ 42
42. Егер, бұрын берілген біліктілік куәлігінің иесі қайтадан аттестациядан өту нәтижесінде аттестациядан өтпеген деп танылған жағдайда, осындай біліктілік куәлігі қайтарылып алынады.
Тармақ 43
43. Біліктілік куәлігінің қолданылу мерзімі Аттестациялық комиссияның ұсынысы бойынша Ұлттық комиссия Директоратының шешімімен бір айдан үшін айға дейін мынадай негіздер бойынша тоқтатыла тұрылуы мүмкін (ұзарту мүмкіндігімен):
Тармақша 1
1) осы біліктілік куәлігі иесінің аттестациядан өту мақсатында оның Оқу орталығына немесе Ұлттық комиссияға ұсынған құжаттардағы нақты емес мәліметтерді көрсетуі;
Тармақша 2
2) бағалы қағаздар рыногы субъектілерінің тарабынан осы біліктілік куәлігінің иесіне елеулі түрдегі талаптарының болуы;
Тармақша 3
3) осы біліктілік куәлігінің иесінің Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногындағы қызметті реттейтін заң нормаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бекітілген бағалы қағаздармен сауда-саттық ұйымдастырушылардың және бағалы қағаздар рыногы кәсіпқой қатысушыларының өзін-өзі реттейтін ұйымдарының қағидаларын бұзу фактілері анықталуы.
Тармақ 44
44. Біліктілік куәлігінің қолданылуы мерзімін жаңарту Аттестациялық комиссияның ұсынысы бойынша Ұлттық комиссия Директоратының шешімімен жүзеге асырылады.
Тармақ 45
45. Біліктілік куәлігі Аттестациялық комиссияның ұсынысы бойынша Ұлттық комиссия Директоратының шешімімен мынадай негіздер бойынша қайтарылып алынуы мүмкін:
Тармақша 1
1) қайтадан аттестациядан өту нәтижесінде осы біліктілік куәлік иесі аттестациядан өтпеген деп танылса;
Тармақша 2
2) осы біліктілік куәлігін қолдану мерзімін тоқтата тұруға себеп болған негіздер Ұлттық комиссия Директоратының осындай тоқтата тұру туралы шешімімен белгіленген мерзімде жойылмаса;
Тармақша 3
3) осы біліктілік куәлігін қолдану мерзімін тоқтата тұруға қайтадан негіздер туындаса;
Тармақша 4
4) Аттестациялық комиссияның осы біліктілік куәлік иесінің осы біліктілік куәлігіне сәйкес оған рұқсат етілген жұмыстарды орындауға біліктілігінің жетіспейтіндігі туралы шешімі қабылданса (Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногындағы қызметті реттейтін заң нормаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бекітілген бағалы қағаздармен сауда-саттық ұйымдастырушылардың және бағалы қағаздар рыногы кәсіпқой қатысушылардың өзін-өзі реттейтін ұйымдарының қағидаларын бұзу фактілері анықталған жағдайда);
Тармақша 5
5) осы біліктілік куәлік иесі оның атқарып отырған лауазымы немесе атқарып отырған жұмысы біліктілігінің жетіспеу не оның еңбек міндеттерін жүйелі түрде орындамау салдарынан сәйкес келмеу себебі бойынша жұмыстан босатылса;
Тармақша 6
6) осы біліктілік куәлік иесі экономикалық қызмет саласындағы қылмысы үшін сотталса.
Тармақ 46
46. Біліктілік куәлігін қолдану тоқтатыла тұрған немесе қайтарылып алынған жағдайда:
Тармақша 1
1) Ұлттық комиссия бұл туралы біліктілік куәлігі қайтарылып алынған тұлға қызметкері болып табылатын ұйымға ескертеді;
Тармақша 2
2) Ұлттық комиссия бұл туралы барлық қолайлы тәсілдермен бағалы қағаздар рыногының субъектілеріне хабарлайды;
Тармақша 3
3) біліктілік куәлігі қайтарылып алынған тұлға қызметкері болып табылатын ұйым осындай тұлғаны оған осы біліктілік куәлігіне сәйкес оған рұқсат етілген жұмыстарды орындаудан шұғыл түрде (осы тармақтың 1) тармақшасына сәйкес Ұлттық комиссияның ескертпесін алысымен босатуға міндетті.
Тармақ 47. Аттестациялық қағидаларға
47. Ұлттық комиссия Директоратының біліктілік куәлігін қайтарып алу туралы шешімі жөнінде сот тәртібімен шағым жасалуы мүмкін. Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының 1999 жылғы 23 ақпандағы N 26 қаулысымен бекітілген Аттестациялық қағидаларға
Басқа 126. Бағалы қағаздар рыногында жұмыс стажынсыз жұмыс істеу үшін иегерлері аттестацияға жіберілетін жоғары білімді мамандықтардың Тізбесі
1-қосымша Бағалы қағаздар рыногында жұмыс стажынсыз жұмыс істеу үшін иегерлері аттестацияға жіберілетін жоғары білімді мамандықтардың Тізбесі Мамандықтардың атауы және олардың топтары, сондай-ақ мамандықтардың шифрлары Қазақстан Республикасының жоғарғы білім мамандықтарының Классификаторына (тізбесіне) сәйкес келтірілген. __________________________________________________________________________ | Мамандықтар тобының атауы | Шифр | Мамандықтың атауы | | және оның шифры | | | |_____________________________|_______|___________________________________| | 1 | 2 | 3 | |_____________________________|_______|___________________________________| |Жаратылыс ғылымдарының |0101 |Математика | |мамандықтары (0100) |0102 |Қолданбалы математика | | |0103 |Механика | | |0104 |Физика | | |0105 |Информатика | |_____________________________|_______|___________________________________| |Гуманитарлық мамандықтар |0205 |Халықаралық қатынастар | |(0200) |0216 |Құқықтану | | |0217 |Халықаралық құқық | |_____________________________|_______|___________________________________| |Білім беру мамандықтары |0301 |Математика; | |(0300) | |математика и физика | | |0302 |Физика | | |0322 |Құқық және экономика негіздері | |_____________________________|_______|___________________________________| |Экономикалық мамандықтар |0701 |Саяси экономика | | (0700) |0702 |Экономика (әлеуметтік салада және | | | |салаларда) | | |0703 |Статистика | | |0704 |Мемлекеттік және муниципальдық | | | |басқару | | |0706 |Қаржы және несие | | |0707 |Бухгалтерлік есеп және аудит | | |0708 |Экономика және еңбек социологиясы | |0709 |Табиғат пайдалану экономикасы | | |0710 |Тауартану және тұтыну тауарларының | | | |сапасын сараптау | | |0712 |Экономикалық кибернетика | | |0713 |Экономика және кәсіпорындағы | | | |менеджмент (салалар бойынша) | | |0714 |Халықаралық экономикалық қатынастар| | |0716 |Экономикадағы ақпараттық жүйелер | | |0717 |Бағалау | |_____________________________|_______|___________________________________| |Менеджмент (0900) |0901 |Мемлекеттік басқару | | |0902 |Менеджмент (әлеуметтік салада және | | | |салаларда) | | |0905 |Маркетинг және коммерция | | |0911 |Құжат жүргізу және басқаруды | | | |құжаттық қамтамасыз ету | | |0915 |Еңбек ресурстарын басқару | |_____________________________|_______|___________________________________| |Техникалық физика (1100) |1107 |Радиофизика және электроника | |_____________________________|_______|___________________________________| |Ақпараттық жүйелер (1500) |1501 |Ақпараттық жүйелер (қолдану | | | |салалары бойынша) | |_____________________________|_______|___________________________________| |Ақпараттық және басқару(3600)|3601 |Автоматика және техникалық | | | |жүйелердегі басқару | | |3602 |Автоматика, телемеханика және | | | |байланыс (салалар бойынша) | | |3603 |Технологиялық процесстерді және | | | |өндірісті автоматтандыру (салалар | | | |бойынша) | | |3604 |Электроэнергетикалық жүйелерді | | | |автоматты басқару | | |3605 |Робототехникалық жүйелер және | | | | кешендер | | |3606 |Микроэлектроника және жартылай | | | |өткізгіш приборлар | |_____________________________|_______|___________________________________| |Есептегіш техникалар және |3701 |Есептегіш машиналар, жүйелер және | |бағдарламалық қамтамасыз ету | |тармақтар | |(3700) | | | | |3702 |Ақпарат өңдеудің автоматтандырылған| | | |жүйелері және басқару | | |3703 |Автоматтандырылған жобалау | | | |жүйелері | | |3704 |Есептегіш техникаларды және | | | |автоматтандырылған жүйелерді | | | |бағдарламалық қамтамасыз ету | | |3705 |Электрондық есептегіш жүйелерді | | | |конструкциялау және технологиясы | | |3706 |Ақпаратты қорғау және қауіпсіздігі | |_____________________________|_______|___________________________________| |Радиоэлектроника және |3801 |Автоматты электр байланысы | |телекоммуникация (3800) |3802 |Көп арналы телекоммуникациялық | | | |жүйелер | | |3803 |Радиотехника | | |3804 |Радиобайланысы, радиотарату және | | | |телевидение | | |3805 |Радиобайланыс және белгі беру | | | |құралдарын пайдалану | | |3806 |Радиоэлектрондық қондырғыларды | | | |конструкциялау және технологиясы | | |3807 |Көліктік радио құрал-жабдықтарды | | | |техникалық пайдалану | | |3808 |Радиобайланыс және радионавигация | |_____________________________|_______|___________________________________| Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының 1999 жылғы 23 ақпандағы N 26 қаулысымен бекітілген Аттестациялық қағидаларға
Басқа 127
2-қосымша Оқу орталығы жүргізетін бағалы қағаздар рыногындағы жұмыс үшін мамандар даярлау курсына қабылдауға арналған өтініштің Үлгісі (Оқу орталығының барыс септігіндегі толық атауы) Өтінушінің фотографиясы Өтініш Мені кейіннен (аттестация санатын санмен немесе жазумен көрсету) санаты бойынша аттестациядан өткізе отырып, бағалы қағаздар рыногындағы жұмыс үшін мамандар даярлау курсына қабылдауды сұраймын. Өзім туралы мыналарды хабарлаймын: 1. (Өтінушінің аты-жөні (тегі, аты және құжатында жазылса әкесінің аты)). 2. (Өтінушінің туған жылы). 3. (Өтінушінің жынысы). 4. (Өтінушінің білімі (жоғары, орта арнаулы)). 5. (Өтінуші оқыған оқу орнының атауы). 6. (Өтінуші оқу орнын аяқтаған жыл). 7. (Өтінушінің оқу орнында алған мамандығының атауы (дипломға немесе өтінушінің білімін растайтын өзге де құжатқа сәйкес)). 8. Өтінушінің жалпы жұмыс стажы және оның Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының 1999 жылғы 23 ақпандағы N 26 қаулысымен бекітілген Аттестациялық қағидалардың 12-14 тармақтарына сәйкес есептелген жұмыс стажы). 9. (Осы өтінішті берген сәтке өтінушінің жұмыс беруші - ұйымның атауы). 10. (Осы өтінішті берген сәтке өтінушінің атқарып отырған лауазымы). 11. (Өтінушінің жұмыс телефоны).
Тармақ 12
12. (Өтінушінің жеке басын куәландыратын құжатының (паспортының, жеке куәлігінің) атауы және осындай құжаттың реквизиттері (нөмірі, берген күні және органның атауы)). 13. (Өтінушінің тұрғылықты жері). 14. (Өтінушінің жеке байланыс құралы (үйінің немесе көлік телефонының, пейджерінің (пейджерлік байланыс операторының нөмірін көрсетіп) немесе өзге де жеке байланыс құралының нөмірі)). Осы өтінішке мыналар қоса берілді: (өтінушінің Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының 1999 жылғы 23 ақпандағы N 26 қаулысымен бекітілген Аттестациялық қағидалардың 16 тармағының 2)-5) тармақшаларына сәйкес ұсынуына жататын құжаттардың тізбесі). (Қолы) (Күні) Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының 1999 жылғы 23 ақпандағы N 26 қаулысымен бекітілген Аттестациялық қағидаларға 3-қосымша Бағалы қағаздар рыногындағы жұмыс үшін мамандар даярлау курсын жүргізу туралы ескертпенің Үлгісі (Оқу орталығының бланкісінде) Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясы Ескертпе Осы арқылы Сіздерді кейіннен (аттестация санатын санмен немесе жазумен көрсету) санаты бойынша аттестациядан өткізе отырып, бағалы қағаздар рыногындағы жұмыс үшін мамандар даярлау курсының өтетіндігін ескертеміз. Курстың өті мерзімі ("ХХХХ жылғы ХХ ай" форматтағы курсты өткізудің басталу күні)-дан ("ХХХХ жылғы ХХ ай" форматтағы курсты өткізудің аяқталу күні)-дейін. Егер, курсты өткізудің басталу және аяқталу күні бір айға қатысты болған жағдайда, курсты өткізудің басталу күнінде айдың атауы және жылды белгілеу көрсетілмейді. Егер, курсты өткізудің басталу және аяқталу күні бір жылға қатысты болған жағдайда, курсты өткізудің басталу күнінде жылды белгілеу көрсетілмейді. Курс тыңдаушыларын ("ХХХХ жылғы ХХ ай" форматтағы аттестация аттестациядан өткізу өткізу күні) жобаланған күн Курс тыңдаушыларының жобаланған саны: Қоса берілді: курс кестесі (парақтар санын көрсете отырып) (Лауазымы) (Қолы) Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының 1999 жылғы 23 ақпандағы N 26 қаулысымен бекітілген Аттестациялық қағидаларға 4-қосымша Емтихан ведомосы бланкінің Үлгісі Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссиясы Емтихан ведомосы Аттестация жүргізу күні " "_____________ _____ жыл. Өтініші бойынша аттестация жүргізілетін Оқу орталығының атауы ______________________________ Аттестациялық комиссия мүшесінің ______________________________ тегі мен инициалы __________________________________________________________________________ |NN| Үміткер |Тестілеудің|Билет | 1 | 2 | 3 |Қосымша |Нәтижесі | | | | нәтижесі |нөмірі|сұрақ | сұрақ |сұрақ|сұрақтар|("тапсырды"| | | | (%) | | | | | |"тапсырмады"| |__|_________|___________|______|______|_______|_____|________|___________| |__|_________|___________|______|______|_______|_____|________|___________| (Аттестациялық комиссия мүшесінің қолы) Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының 1999 жылғы 23 ақпандағы N 26 қаулысымен бекітілген Аттестациялық қағидаларға 5-қосымша (жазбаша) санатты N_____ Біліктілік куәлігі Осы куәлік (аттестациядан өткен тұлғаның барыс септігіндегі тегі, өз аты және құжатында жазылса, әкесінің аты) берілген себебі оған Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясы Аттестациялық комиссиясының ("ХХХХ жылғы ХХ ай" форматтағы күн) шешімімен (біліктілік куәлігінің санатына қатысты "бағалы қағаздармен мәмілелер жасау" немесе "бағалы қағаздармен жасалған мәмілелерді тіркеу" немесе "бағалы қағаздар портфелін басқару" деген жазба) жөніндегі жұмыстарды орындауға рұқсат берілді. ("ХХХХ жылғы ХХ ай" форматтағы күн) дейін қолданылады. Аттестациялық комиссияның төрағасы (қолы) (тегі және инициалы) Аттестациялық комиссияның хатшысы (қолы) (тегі және инициалы) М.О. (Ұлттық комиссияның мөр таңбасы) Алматы қ. 5-қосымша (жалғасы) Квалификационное свидетельство N______ (прописью) категории Настоящее свидетельство выдано (фамилия, собственное имя и, при наличии, отчество аттестованного лица в дательном падеже) в том, что ему (ей) решением Аттестационной комиссии Национальной комиссии Республики Казахстан по ценным бумагам от (дата в формате "ХХ месяца ХХХХ года") разрешен допуск к выполнению работ по (в зависимости от категории квалификационного свидетельства запись "заключению сделок с ценными бумагами" или "исполнению и регистрации сделок с ценными бумагами" или "управлению портфелем ценных бумаг"). Действительно до (дата в формате "ХХ месяца ХХХХ года"). Председатель Аттестационной комиссии (подпись) (фамилия и инициалы) Секретарь Аттестационной комиссии (подпись) (фамилия и инициалы) М.П. (оттиск печати Национальной комиссии) г. Алматы