Амангелді ауданында көріктендіру, санитарлық тазалау, жасыл желектерді күтіп ұстау, қорғау және шығарып тастау Қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағы 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 300, 387-баптарына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШТІ:
Аманкелді ауданында көріктендіру, санитарлық тазалау, жасыл желектерді күтіп ұстау, қорғау және шығарып тастау Қағидаларын бекіту туралы от 26.10.2005 г. № 131 (Аманкелді ауданында көріктендіру, санитарлық тазалау, жасыл желектерді күтіп ұстау, қорғау және шығарып тастау Қағидаларын бекіту туралы)
1. Аманкелді ауданында көріктендіру, санитарлық тазалау, жасыл желектерді күтіп ұстау, қорғау және шығарып тастау Қағидалары қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Шешімнің орындалуына бақылау жасау аудандық мәслихаттың бюджеті, экономика, заңдылық пен құқықтық тәртіп мәселелері жөніндегі комиссиясы мен аудан әкімінің орынбасары Е. Дауылбайға жүктелсін.
3. Осы шешім Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді.
Аманкелді аудандық мәслихаттың
2005 жылғы 26 қазандағы
№ 131 шешіміне
қосымша
Аманкелді ауданында көріктендіру, санитарлық тазалау, жасыл желектерді ұстау, қорғау және шығарып тастау Қағидалары
Осы Қағидалары Аманкелді ауданының елді мекендерінде көріктендіру, оның элементтерін күтіп ұстау, корғау және пайдалану тәртібін, тазалықты қолдау, аумақтар мен көшелерді тазалау, жасыл желектерді күтіп ұстау, қорғау және шығарып тастау тәртібін, сондай-ақ заңды және жеке тұлғалардың осы мәселедегі құқықтарын, міндеттерін және жауапкершілігін анықтайды.
1-тарау. Негізгі ұғымдар мен анықтамалар
1. Көріктендіру - адамның аудан аумағында қауіпсіз, жайлы және ыңғайлы ортасын қамтамасыз ететін элементтері мен жұмыс кешені. Бұл жұмыс кешені көшені көріктендірудің нысандары мен элементтерін ұйымдастыру, күтіп үстау, пайдалану, жөндеу және қорғауды келесі негізгі бағыттар бойынша қамтиды:
1) инженерлік көріктендіру;
2) сыртқы - әсемдік көріктендіру;
3) санитарлық көріктендіру;
4) көгалдандыру.
2. Бөлінген аумақ - жергілікті атқарушы органның шешіміне сәйкес жер пайдаланушының жеке меншігіне немесе жер пайдалануға, оған қарасты нысандарды (ғимараттар, құрылыстар) орналастыру үшін берілген жер учаскесі.
3. Бекітілген аумақ - оған кызмет көрсету үшін пайдаланылатын немесе күзетілетін аймақ болып табылатын, бөлінген аумаққа қосып берілген жер учаскесі.
4. Жасыл желектер - аудан аумағының оларға арнайы бөлінген алқаптары мен учаскелерінде (бақтар, саябақтар, бульварлар, көшелерді көгалдандыру, гүлзарлар, көгалдар) орналасқан ағаштар, көшеттер.
5. Жер пайдаланушы - мақсаттары мен меншік нысандарына қарамастан, аудан шеңберіндегі жер учаскелерін пайдаланушы заңды немесе жеке тұлға.
6. Инженерлік желілер және ғимараттар - ауданның селолары аумағының жер бетіндегі суларды жинау және бүру үшін, село халқы мен кәсіпорындарының мұқтаждарына кешенді қызмет көрсету үшін арналған селолардың инженерлік көріктенуінің маңызды элементтері.
7. Шағын сәулеттік нысандар - әрі сәндік, әрі утилитарлық сипаттағы көлемі жағынан салыстырмалы түрде шағын нысандар:
1) сәндік ғимараттар - мүсіндер, субүрқақтар мен сәндік су қоймалары, стеллалар, барельефтер, гүлге арналған сауыттар, тутұғырлар және тағы басқалар;
2) утилитарлық сипаттағы ғимараттар - күркелер, павильондар, дүңгіршіктер, сауда арбашалары, телефон және сауда автоматтары, аттракциондар, орындықтар, қоршаулар, урналар, көшелердің, үйлердің және жарнамалардың кестешелері, пошта жәшіктері және тағы басқалар.
8. Жапқыш (тент) - тасымалданатын сусымалы жүктердің жолға шашылуын, құлауын, себілуін алдын алуға арналған арнайы құрал.
9. Құрылыс салынбаған аумақ - негізгі жобалау нормаларын қолдануды шектейтін, жер үсті және жер асты құрылыстарының барлық түрлері жоқ аумақ.
10. Қоғамдық орындар - жалпы пайдаланатын демалыс аймақтары саябақтар, жағажайлар, гүлбақтар), алаңдар, көлік аялдамалары.
11. Көше - жолдың жүргінші бөлігі, тротуарлар, жасыл желектер, жер асты және жер үсті инженерлік желілер орналасқан аумақ.
2-тарау. Жалпы ережелер
12. Кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдар, меншік нысанына және ұйымдық-құқықтық нысанына қармастан, коғамдық бірлестіктер, лауазымды тұлғалар және азаматтар көріктендірудің Қағидасын ұстануға, аудан аумағында тазалықты және тәртіпті қамтамасыз етуге, ғимарттарды оңды жағдайда ұстауға міндетті.
13. Мемлекеттік, қоғамдық және жеке кәсіпорындар, ұйымдар мен мекемелер, олардың ведомстволық бағынуына қарамастан, сондай-ақ жеке иеліктегі үй иеленушілері заң белгілеген тәртіппен, сәулеттік және санитарлық талаптарға сәйкес, тұрмыстық қалдықтарды жоюға өз уақытылы келісім - шарт жасасуға, өз есебінен оларға бекітілген аумақтарды жүйелі жинауға, тазалықта және тәртіпте ұстауға міндетті:
1) тұрғын үйді, мәдени-тұрмыстық, әкімшілік, өнеркәсіп және сауда ғимараттарын, автобекеттер, бақтар, саябақтар, гүлбақтар, аллеяларды және баска да жасыл желектердің орындарын;
2) көшелер, алаңдар, жолдар, аулалар, тротуарлар, демалыс аймақтарын, базарлар және оларға іргелес аумақтарды, автомотокөлік аялдамаларын;
3) қоршаулар, газондық қоршауларды, жарнаманың барлық түрлері және жарнамалық қондырғыларды, ғимараттар мен ескерткіштерге сәндік сәуле шашу қондырғылары, маңдайша жазулары, көрмелер, жаймалар, жолаушы көлігінің аялдамасындағы павильондар мен отыру алаңдарын, көше жарықтандыру фонарларын, әр түрлі тіреу бағандарды, бақтардағы, парктердегі және бульварлардағы орындықтарды, урналарды, көше атауының көрсеткіштерін, көлік, жолаушылар аялдамаларын, үйдің нөмірлік белгілерін, мемориалдық тақталарды, трансформаторлық қондырғыларды;
4) аула аумағын тазалықта ұстауға, оларды жинау, үнемі сыпыру, суару, қар мен қоқысты белгілеген жерге шығаруға;
5) жасыл желектерді ұқыпты сақтауға, толық кешенді агротехникалық шараларды жүргізуге, суаруға, қураған шыбықтарды кесуге, қиып тастауға, ағаштардың түптерін тазарту және әктеуге, ағаш түптеріндегі өсімдіктерді жоюға, тыңайтқыштар енгізуге, жас ағаштардың түп айналасын түптеуге, жараларын дизенфекциялауға және сылап бітеуге, сондай-ақ арам шөптерді повишкалар, жусандар) жою бойынша механикалық өңдеуді жүргізуге;
6) жыл сайын сәуір-мамыр айларында табиғи-климаттық жағдайға байланысты аумақты тазарту айлығын өткізуге.
14. Әрбір меншік субъектісімен көшелер мен жол қиылыстарын тазарту жүргізіледі: ұзынынан - иеліктегі үй аумағының бойына, көлденеңінен -иеліктегі үйден жол кездемесіне дейін. Қоғамдық автокөліктер қозғалысындағы жол кездемесін, көшелерді, жол қиылыстарын, алаңдарды, парктерді тазарту кәсіпорындармен белгіленген тәртіпте жүргізіледі.
15. Кәсіпорындар, ұйымдар басшылары, меншік нысанына қарамастан, жеке көліктің жүргізушілері міндетті:
1) автокөлікті селолар көшелеріне шығарғанда санитарлық-гигиеналық нормалардың және экологиялық талаптардың толық сақталуын қамтамасыз етуге;
2) жол кездемесін және атмосфералық ауаны ластамай, автокөліктің техникалық жарамдылығын қамтамасыз етуге.
16. Санитарлық, гигиеналық және эколгоиялық сай емес, қоршаған ортаның ластануын туғызатын, сондай-ақ автокөліктер мен басқа да механикалық құралдарды селолар аумағына шығаруға және пайдалануға тыйым салынады.
17. Тұрғын үй құрылысына қарсы орналасқан автобус аялдамалары мен такси тұрақтарының аумағын тазалау осы аумақтарды тазалау үшін бекітілген тиісті коммуалдық қызметтерге, кәсіпорындарға, мекемелерге, ұйымдарға, жалгерлерге және құрылыс салушыларға жүктеледі.
18. Қоғамдық орындар мен құрылыс салынбаған аумақтар санитарлық ережелер мен нормаларға сәйкес тазартылады.
19. Аумақты жоспарлы, жүйелі тазалауды, қалдықтарды жоюды жүргізетін ұйыммен және санитарлық-эпидемиологиялық қызметі мекемесімен келісіліп құрастырылған келісім-шарттар, кестелер бойынша жүргізу керек.
20. Әкімшілік және өнеркәсіп ғимараттарында, сауда және қоғамдык тамақтандыру кәсіпорындарында, көріністік мекемелерінде, тұрғын үй құрылысының аумағында автомобиль көлігі тұрағының орындары жабдықталуы кажет.
Көгалдарда, саябақтарда және басқа да жасыл желектер орындарында, тұрғын үйлердің жалпы пайдаланатын жерлерінде, дүкендердің, дәріханалардың, базарлардың, қызметтік ғимараттардың маңында көлік құралдарының тұрақтарын тұрғызуға және кіруіне тыйым салынады.
21. Автокөліктерді, мотоциклдерді және басқа да көлік құралдарын жалпыға бірдей пайдаланылатын орындарда және су айыратын колонкалардың, өзендер мен су қоймаларының жағажайларында, су қорғаушы жолақтарда жууға және жөндеуге тыйым салынады.
3-тарау. Аманкелді ауданының селолары мен ауылдары аумақтарында шағын сәулет нысандарын орнату және күтіп ұстау тәртібі
22. Сыртқы көркейтудің барлық элементтері, соның ішінде, ғимараттардың қасбеттерін өңдеу селолар мен ауылдар аумағына құрылыс салудың тәртібін анықтайтын ережеге сәйкес орындалуы қажет. Сауда және қызмет көрсету саласы кәсіпорындарының қасбеттері жарықтануы қажет.
23. Селолар мен ауылдар аумағында шағын сәулеттік нысандарды орнатуға және құруға сәйкес аудандық қызметтердің келісімінен кейін ғана жол беріледі.
24. Барлық шағын сәулеттік нысандар оңды жағдайда ұсталуы тиіс.
25. Тұрғын үй, қызметтік, өндірістік және әкімшілік ғимараттардың иелері көшелердің көрсеткіштері мен нөмірлік белгілерін оңды жағдайда күтіп ұстауға міндетті.
26. Барлық заңды тұлғалар, меншік нысанына қарамастан ғимараттардың кіре берісінде мемлекеттік және орыс тілдерінде заңды тұлғаның атауы болуы және олардың тиісті жағдайын қамтамасыз етуге міндетті.
4-тарау. Инженерлік желілер, ғимараттар және коммуникацияларды күтіп ұстау тәртібі
27. Қарамағында инженерлік коммуникациялары бар заңды және жеке тұлғалар селолар мен ауылдар көркіне нұқсан келтіруі мүмкін инженерлік желілер мен ғимараттардың техникалық жағдайын үнемі қадағалап отыруға міндетті, нақты айтқанда:
1) аумақты су басуын болдырмау;
2) бөлінген және қорғалынатын аймақтардың санитарлық жағдайын, люктерден, құдықтардың қақпақтары қатты жол төсемі деңгейінде жатуын және оңды жағдайда ұсталуын қадағалауға;
3) монтаждау, қайта төсеу және пайдалану ережесін сақтамау салдарынан бұзылуы мүмкін жер асты желілерінің үстіндегі қатты немесе грунттық жол төсемдерінің жағдайын қадағалауға;
28. Қатты төсемді аумақтарды жөндеу немесе күрделі жөндеуін жүргізу кезінде инженерлік желілердің, құдықтардың қақпақтарын талаптарға сай жеткізу жұмыстары тапсырушының есебінен жүргізіледі.
29. Ғимараттар және жер асты коммуникациялары құрылысына техникалық құжаттарды әзірлегенде жобалаушы ұйымдар құрылыс учаскелеріндегі ағаштар мен көшеттердің мүмкіндігінше көп сақталуын қамтамасыз ететін жұмыстарды ұйымдастыру тәртібін әзірлеуге міндетті.
5-тарау. Аумақты қысқы мерзімде күтіп ұстау және тазалау
30. Көшелер мен алаңдардағы қарды жинауды кәсіпорындар мен ұйымдар және басқа шаруашылық субъектілері, оларға бекітілген аумақтарда жүргізеді.
31. Шатырларды қардан тазалау және карниздердегі, шатырлардағы және су ағатын құбырлардағы қар бұлтықтарын алу ғимараттар иелерінің және жалгерлердің өз күштері мен қаражаттарымен жүргізіледі, олар жаяу жүрушілермен бақытсыз жағдайды болдырмау және ауа желілеріне, жарық шамдарына, жасыл желектерге зақым келтірмеу үшін сақтану шараларын міндетті түрде орындау қажет.
Шатырдан тасталған қар жедел тасып шығарылуы қажет.
32. Көшелер мен алаңдарда жүру біліктеріне, көпірлерге, жол қиылыстарына, көтерілетін және төмен түсетін жолдарға механикаландырылған құм төгу коммуналдық кәсіпорындардың мамандандырылған қызметтерімен жоспарлы тәртіпте жүргізіледі.
33. Пәтер иелерінің кооперативтер, үй басқармалары, кәсіпорындар, мекемелер, қоғамдық ұйымдар және меншіктен басқа да нысандарындағы кәсіпорындар мен тұлғалар, жалгерлер коммуналдық шаруашылықтың арнайы техникасы бар мамандандырылған қызметтерімен механикаландырылған тротуарларға, алаңдарға және басқа да адамдар өтетін және жиналатын орындарға құм төгуге келісім-шарт жасауға немесе осы жұмыстарды өз күштерімен, қаражаттарымен жүргізуге міндетті.
Жер пайдаланушылар бөлінген және бекітілген аумақтарында тайғанаққа қарсы шараларды (мұз бен қарды ою, тайғанақ жерлерде инертті немесе ұқсақ материалдар төгу) қарастыруға міндетті.
6-тарау. Аманкелді ауданының село және ауылдар аумағын жарықтандыру
34. Селолар мен ауылдар аумағын жарықтандыру сыртқы жарық қондырғылары арқылы қамтамасыз етіледі. Сыртқы жарық қондырғыларына жататындар:
1) электрмен жабдықтау құрылғысы, қоректендіретін желілер, қоректендіру пункттері, тарататын желілер;
2) қорғау құрылысы және жерге қосылған электр желілері;
3) басқару құрылғысы;
4) белдеу бағандар, арқанды салпыншақтардың тіректері.
35. Тірек бағандары техникалық құжаттамалармен сәйкес жол жиегінде, көшелердің көлік магистральдарында орналасады.
36. Көшелер мен жолдардың қиылысқан жерінде тіректер сәйкес радиустарда тротуардың дөңгеленген жеріне дейін орналасады. Аллеямен жаяу жүрушілердің жолдарындағы тіректер жолдың жаяу жүруші жүрмейтін көлігінде, яғни көгалдарда, ағаштардың қатарында орналасады.
37. Ғимарат жанында орналасқан тар жолдар, тротуар мен алаңдар, ыңғайлы болса ғимарат қабырғасына орналасқан шамшырақтар арқылы жарықтандырылады.
38. Сыртқы жарық қондырғыларына қызмет көрсету және күтіп ұстау келесі шараларды қамтиды:
1) сыртқы жарықтандыру құрылғыларын сан және сапа көрсеткіштері берілген өлшемге сәйкес, соның ішінде, шамшырақтардың таратушыларының істен шыққандары мен шамдарын ауыстыру, шамшырақтарды тазалау, жарықтандырудың деңгейін өлшеу, техникалық оңды жағдайда ұстау;
2) жарықтандыру құрылғыларының атқарушы үкіметтің жергілікті органының шешімімен бекітілген регламенттегі жұмыс режимін қамтамасыз ету, кесте бойынша шамшырақтарды, ақауларды табу және оларды шұғыл түрде жою.
39. Жарықтандыру құрылғыларының жағдайын және шамшырақтардың жану пайызын анықтау үшін екі жетіде бір бақылау тексерістері өткізіледі.
40. Сыртқы жарықтандыру қондырғыларының металл тіректері, тіреуіштері және басқа да элементтері жабынының жағдайына байланысты еемінде үш жылда бір сырланады.
41. Көрмелерді жарықтандыру үшін, әдетте, неондық шамдар алынады, қосымша бағытталған жарық беру үшін қызуы қатты шамдар пайдаланады.
42. Жарқағаздарды, стендттерді, көрмелерді жарықтандыруда жарық аспаптарын, жарықтанған беттен шағылысқан толассыз жарықтың айналымы қарап тұрған адамның көзіне түспейтіндей орналастыру керек.
43. Жаяу адамның, жүргізушінің көзіне шамдардың тіке жарығы түспеуі үшін жарықтандыру аспаптарын қорғаушы бұрышын ескереді немесе арнайы экранды торлар орнатылады.
7-тарау. Аудан аумағындағы тозығы жеткен нысандарды бұзу және тазалау
44. Аумақты көне және тозығы жеткен құрылыстардан тазарту жұмыстарына, қолданыстағы заңдарға сәйкес, осы процедуралардың орындалуының заңдылығын заңды түрде қамтамасыз еткеннен кейін кіріседі.
45. Көрсетілген жұмыстарды қажетті машина мен механизмдерді жұмылдыра отырып, кәсібилігіне сәйкес жұмысшылар атқарады.
46. Құрылысты бөлшектегеннен немесе бұзғаннан кейін, құрылыс қалдықтары (қоқыстар) қатты тұрмыстық қалдықтар полигонына тасып шығарылады, ал учаске қайта қопсытылады.
8-тарау. Жасыл желектерді күтіп ұстау, қорғау және шығарып тастау тәртібі
47. Жасыл желектер маңызды сауықтыру факторы және селолар мен ауылдардың көркі болып табылады. Оларды қорғау және күтіп ұстау - меншік нысанына қарамастан, әрбір кәсіпорынның, мекеменің, үйымның, әрбір азаматтың міндеті.
48. Аманкелді ауданының селолары мен ауылдары заңды тұлғалардың, меншік нысанына қарамастан және жеке тұлғалардың шаруашылық қызметінің нәтижесінде жасыл қорды мүмкіндігінше барынша сақтау Аманкелді ауданында көріктендірудің негізгі бағыттарының бірі болып табылады.
49. Кәсіпорындар, ұйымдар және жеке тұлғалар (бұдан әрі "тапсырушы" деп аталатын) құрылыс, жөндеу және басқа да жұмыстарды жүргізу кезінде міндетті:
1) жасыл желектерді зақымданудан қоршауға алуға, жеке желектерді сынуынан немесе зақымдануынан қорғау үшін қораптарға салуға;
2) жолдарға, тротуарларға, өткелдерге, алаңдарға қатты материал төсеген және асфальттаған кезде жасыл желектердің айналасында оңтайлы ашық топырақты кеңістік құру мақсатында, мөлшері 1x1 метр қоршаумен шектелген, ағаш түбінен қуыс қалдыруға;
3) жасыл желектер орналасқан аймақтарда жолдарды, тротуарларды, құрған және қайта құрған кезде тік белгілерді жоғарлатқанда немесе төмендеткенде 5 сантиметрден артық өзгертуге болмайды. Егер түпкі жүйені жалаңаштаудан басқа амал болмаған жағдайда, жобаларда жасыл желектің дұрыс өсу жағдайын сақтауға арналған құрылғыларды ескеру керек;
4) салынып жатқан объектілерге кірме жолдарын тартқанда желектердің орындарын ескеріп, жасыл желектердің бар қоршауларын бұзбау керек.
50. Құрылыс салуға немесе басқа жұмыстар жүргізуге бөлінген учаскелерде жасыл желектерді сақтау мүмкін болмаған жағдайда жасыл желектер шығарылып тасталынады. Жасыл желектерді шығарып тастағанда мына жағдайлар ескеріледі:
1) жасыл қор нысандарын шаңнан қорғайтын, желден қорғайтын және фитонцидтік қасиеттері;
2) негізгі биоматериалдық көрсеткіштері - өсімдіктің биіктігін, енін, олардың қабығының калыңдығын және қоюлығын;
3) сәнділігіне және әсем рәсімделуіне әсерін;
4) осы аймақта сауықтыру әсерін.
51. Жұмысты жүргізгенде жасыл желекті сақтап қалу мүмкін болмаған жағдайда тапсырыс беруші міндетті:
1) жасыл желектерді шығарып тастауға, басқа жерге отырғызуға немесе кесуге рұксат алуға. Рұқсатты жергілікті атқарушы өкілетті орган береді. Рұқсат беру үшін Аманкелді ауданының селолары мен ауылдарын көгалдандыру жөніндегі комиссияның оң қорытындысы негіз болып табылады.
2) жасыл желектерді шығарып тастауға, қайта отырғызуды немесе кесуді өз күшімен және қаражатымен жүргізуге немесе осы жұмыстар түрін жүргізуге лицензиясы бар мамандандырылған ұйымдармен келісім-шарт жасасуға.
52. Жасыл желектерді шығарып тастауға рұқсат алған жағдайда тапсырыс беруші жасыл желектерді бағалауға лицензиясы бар ұйымдармен келісім-шарт жасасады, ақша қаражаттарын (шығарылған жасыл желектердің құнын) жергілікті бюджетке аударады.
53. Жасыл желектердің аумағында тыйым салынады:
1) құрылыс материалдарын, құм, көмір және басқа заттарды жинауға, газондарды, гүлдер егілген жерлерді, ағаш шұңқырларын ластауға;
2) көгалдарда жүруге, ағаштарды, көшеттерді сындыруға немесе кесуге, басқа да механикалық зақымдар келтіруге;
3) көшелерді, алаңдарды, тротуарларды тазалау мақсатында жасыл желектер үшін түз және басқа зиянды заттар қолдануға;
4) гүлдерді жұлуға, жемістерді үзуге, мал бағуға, құм өндіруге;
5) жасыл желектерді өнеркәсіптік лай сумен және басқа тастамалармен ластауға;
6) бақ мүліктері мен жабдықтарын (орындықтарды, урналарды, шартақтарды) бүлдіруге;
7) автокөліктермен, мотоциклдермен, велосипедтермен, баска да көлік құралдарымен жүруге (арнайы көліктен баска);
8) көгалдарда, қашалардың маңына жолаушылар көлігінің аялдамасын орнатуға;
9) көгалдарда автокөлік құралдарын қоюға және тұрағын орнатуға;
10) от жағуға, өртке қарсы басқа да тәртіптерді бұзуға;
11) ағаштарға электр сымдарын, тікенек сымдарды, алтыбақандарды, киімдерді кептіру үшін жіп байлауға, жазулар жазуға;
12) агрономиялық белгіленген мерзімдерден тыс, сәйкес қызметтермен келісілген кесу тәртібін сақтамай ағаштардың басын кесуге;
13) ағаш және бұта көшеттерін өз еркімен кесуге;
14) өз бегімен қашалар орнатуға;
15) ойындар: футбол, волейбол, городки және басқа ойындар (бұл мақсат үшін арнайы бөлінген орыннан басқа) ұйымдастыруға;
16) жабайы және мәдени флораның гүлдерін жуашықтарымен және
54. Жер пайдаланушылар, оларға берілген аумақтарда жасыл желектерді өсіп-өндіруге және қорғауын қамтамасыз етуге міндетті.
9-тарау. Ауданның селолық және ауылдық аумақтарында жер қазумен байланысты жер жұмыстарын жүргізу тәртібі
55. Жер асты коммуникацияларын салуға байланысты жұмыстарды жүргізуді жоспарлаушы барлық заңды және жеке тұлғалар міндетті:
1) жыл сайын 01 қыркүйекке дейінгі мерзімде, келесі жылға өткізілетін жоспарлы жұмыстардың айын, түрін, мерзімін көрсетіп, өтінім беруге. Ауданның аумағында жоспарланған жұмыстар туралы тиісті қызметтерге өз уақытылы ақпарат беруге;
2) жер асты желілерін жөндеу уәкілетті органдардан жер жұмыстарын жүргізу құқығына рұқсат (ордер) алғаннан кейін ғана жүргізіледі;
3) ғимараттарды, коммуникацияларды қайта құру және жөндеу кезінде құрылыс нормаларының талаптары мен нысандарды қоршау жөніндегі тәртіптерді сақтау;
4) артық топырақ пен құрылыс қоқыстарын өз уақытылы шығарып тастауын қамтамасыз ету;
5) бұзылған жол төсемдері мен аула аумақтарын қалпына келтіру жөніндегі жұмыстарды өз уақытылы жүргізу, құрылыс және жөндеу аяқталғаннан кейін қазба орындарын, сонымен қатар құрылыс алаңдарын тәртіпке келтіруде қажетті шараларды қабылдау.
56. Жер асты коммуникацияларының құрылғысын жөндеуге байланысты жұмыстарды жүргізгенде тыйым салынады:
1) қандайда бір жер үсті құрылысы мен ғимараттарын ығыстыру;
2) жол төсемдерін артық бұзу және жұмыстарды рұқсатсыз (ордерсіз) жүргізуге;
3) тротуарларда, жолмен жүретін бөлігінде және көгалдарда тартып алынған топырақтарды, құрылыс материалдарының қалдықтарын, қоқысты қалдыруға, құдық қақпақтарын көміп тастауға;
4) жұмыстардың рұқсат қағазда (ордерде) көрсетілген мерзімдері мен шарттарын бұзуға.
10-тарау. Жер пайдаланушының міндеттері
57. Жер пайдаланушының міндеттері:
1) бөлінген және бекітілген аумақтарды, инженерлік желілер мен олардың бөлшектерін (құдықтар, люктер, торлар, бағаналар, насос, жылу пункттері, трансформаторлық шағын станциялар) санитарлық нормалармен белгіленетін тиісті санитарлық жағдайда ұстау;
2) қалдықтарды жинау және сақтау үшін қатты жол төсемі бар арнайы жабдықталған алаңдардың болуы;
3) қалдықтарды көму жөніндегі полигонға (қоқыс төгетін жер) өнеркәсіп қалдықтарын, сүйық қалдықтардың шығарылуын және көмуін қамтамасыз ету;
4) өз аумағында қажет болса дезинфекция, дезинсекция мен дератизация жүргізу (шыбындарды, тарақандарды, масаларды, тышқандар мен егеуқұйрықтарды жою үшін);
5) бөлінген аумақтық шегінен құрылыс қоқыстарының, топырақтың және лас машиналар мен құрылыс механизмдерінің елді мекендердің көшелерінде шығуына жол бермей, өздерінің құрылыс алаңдарына және қатты жол төсемдеріне, басқа нысандарға апаратын кірме жолдарының тиісті жағдайда ұсталуын қамтамасыз ету.
58. Жерді пайдаланушыға мыналарды жасауға тыйым салынады:
1) құрал-жабдықтарды, босаған ыдыстарды, шикізатты, құрылыс материалдарын бөлінген аумақтан тыс жерге жинап кою;
2) от жағу, қоқысты, түскен жапырақтарды, шыбықтарды, өндіріс қалдықтарын селолар мен ауыл аумақтарында жағу;
3) қоршаған ортаға зиян келтіретін тазалау әдістерін қолдану.
11-тарау. Осы Қағидаларды бұзуына жауапкершілік
59. Осы Қағидалардың талаптарын бұзғаны үшін "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес жауапкершілікке тартылады.