Об изменениях в административно-территориальном устройстве Лебяжинского района Павлодарской области Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.11.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Павлодар облысы Лебяжі ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" 6 бабы 1 тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңы 11 бабының 3) тармақшасына, Лебяжі ауданының мәслихаты мен Лебяжі ауданы әкімдігінің 2005 жылғы 17 тамыздағы "Қызылағаш селолық округінің Подпуск елді мекенін жабу туралы" № 7/16, "Лебяжі ауданы Майқарағай селолық округінің Қорт ауылының атын өзгерту туралы" № 5/16, 2005 жылғы 8 маусымдағы "Лебяжі ауданы Жамбыл селолық округінің Ленино ауылының атын өзгерту туралы" № 4/15 бірлескен шешімдеріне сәйкес, Лебяжі ауданы Қызылағаш селолық округінің Подпуск, Майқарағай селолық округінің Қорт, Жамбыл селолық округінің Ленино ауылдары тұрғындарының пікірлерін ескере отырып және облыс әкімдігінің 2005 жылғы 9 қарашадағы "Лебяжі ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы" № 340/19 қаулысына сәйкес облыс әкімдігі мен облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ :
Тармақ 1
1. Павлодар облысы Лебяжі ауданының әкімішілік-аумақтық құрылысына мынадай өзгерістер енгізілсін: Лебяжі ауданы Майқарағай селолық округі Қорт ауылының аты Мерғалым ауылына; Лебяжі ауданы Жамбыл селолық округі Ленино ауылының аты Әйтей ауылына өзгертілсін; Лебяжі ауданы Қызылағаш селолық округінің Подпуск ауылы елді мекен мәртебесін жоғалтуына байланысты кейіннен есептік деректерден алына отырып таратылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың азаматтардың құқығы мен заңды мүдделерін қорғау және ақпараттық саясат мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.