Об утверждении Положения о комиссии по предупреждению и ликвидации чрезвычайных ситуаций на территории города Петропавловска Күшін жойған
Басқа 0
Петропавл қаласының аумағындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссия туралы Ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 31 бабы 1 тармағының 17 тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссия туралы» 2003 жылғы 11 маусымдағы № 554 қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссия туралы» 1996 жылғы 3 мамырдағы № 55 қаулысына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің «Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі облыстық комисия туралы Ережені бекіту туралы» 2001 жылғы 11 сәуірдегі № 3 қаулысы (2001 жылғы 11 мамырдағы № 339 мемлекеттік тіркеу) негізінде, төтенше жағдайлардың алдын алу жөне жою жүйесін одан әрі жетілдіру мақсатында қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Петропавл қаласының аумағындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссия туралы Ереже бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары П.И. Гловаға жүктелсін.
Басқа 3
Бекітілді
қала әкімдігінің 2005 жылғы
12 қазан № 1240 қаулысымен
Петропавл қаласының аумағындағы төтенше жағдайдарлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссия туралы Ереже
Тармақ 1
1. Петропавл қаласының аумағындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссия бүдан әрі - комиссия авариялардан, апаттардан, зілзала және басқа нәубеттерден болатын тотенше жағдайлардың алдын алу және жою мәселелері бойынша мемлекеттік мекемелердің меншік түріне қарамастан шаруашылық жүргізуші субъектілердің, қоғамдық үйымдар мен бірлестіктердің қызметін үйлестіру жөнінде үсыныстар әзірлейтін консультативтік-кеңестік орган болып табылады,
Тармақ 2
2. Комиссияның негізгі міндеттері:
авариялардан, апаттардан, зілзала және басқа нәубеттерден болатын төтенше жағдайлардың алдын алу және жою саласында бірыңғай саясат жасау және жүргізу;
авариялардан, апаттардан, зілзала және басқа нәубеттерден болатын төтенше жағдайлардан, халықты, қала аумағын қорғауға және қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған қүқықтық, экономикалық, ұйымдық - техникалық және өзге шаралар жүйесін қалыптастыру;
төтенше жағдайлардың алдын алу және жою күштері мен құралдарын құру және дамыту саласында бірыңғай техникалық саясат жүргізу;
төтенше жағдайлардың алдын алу және жоюдың мемлекеттік жүйесінің облыстық аумақтық ішкі жүйесінің қалалық аумақтық звеносын жетілдіру және одан әрі дамытудың негізгі бағыттарын айқындау;
төтенше жағдайлардың алдын алуға, халықты және елдің аумағын төтенше жағдайлардан қорғауға және осы бағдарламаларды орындау жөніндегі жұмыстарды үйлестіруге бағытталған мақсатты бағдарламалардың жобаларын әзірлеуді ұйымдастыру;
меншіктің барлық нысанындағы кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың адамдардың жұқпалы аурулар індеті мен жаппай улануының, мал эпизоотиясы мен өсімдіктер ауруының алдын алуға, оқшаулауға және жоюға, қала шекарасы мен аумағын аса қауіпті және карантиндік инфекция әкелуден және олардың таралуынан санитарлық қорғауға бағытталған қызметін үйлестіру жөнінде үсыныстар әзірлеу болып табылады.
Тармақ 3
3. Комиссияның құқығы бар:
тотенше жағдайлардың алдын алу және жоюда облыстың меншіктің барлық нысанындағы кәсіпорындарының, мекемелерінің, ұйымдардың, ғылыми, қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктердің іс-әрекеттерін үйлестіру жөнінде ұсыныстар енгізуге;
комиссия құзырына қатысты мәселелер бойынша меншіктің барлық нысанындағы кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдардың басшыларын тыңдауға;
мешіктін барлық нысанындағы кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдар басшыларынан олардың қызметі туралы комиссия жұмысына қажетті ақпарат сұрауға және алуға;
төтенше жағдайлардың алдын алу және жою мәселелері бойынша меншіктің барлық нысандарындағы кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдармен мақсатты бағдарламалардың орындалуына, оның ішінде бағдарламалық іс-шараларды жүзеге асыруға бюджеттен бөлінген қаржыны мақсатты пайдалануына талдау жүргізуге;
адамдар, жануарлар, өсімдіктер арасында жұқпалы аурулар тарауының алдын алу мақсатымен карантинді - шектеу шараларын енгізу туралы қорытынды беруге;
төтенше жағдайлардың алдын алу және жою мәселелері бойынша талдау, сараптау және басқа да жұмыстарды орындау үшін кәсіпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың (олардың басшыларының келісімі бойынша) білікті мамандарын тартуға.
Тармақ 4
4. Комиссияның жеке құрамы Петропавл қалалық мәслихатының шешімімен бекітіледі.
Тармақ 5
5. Қала әкімінің орынбасары Комиссияның төрағасы болып табылады.
Тармақ 6
6. Комиссия жұмысын ұйымдастыру-техникалық қамтамасыз ету қала әкімінің аппаратына жүктеледі.
Тармақ 7
7. Комиссия өз қызметін төрағасы бекіткен жұмыс жоспарына сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 8
8. Комиссияның отырысы қажеттілігіне қарай тоқсанына бір рет өткізіледі. Комиссияның шешімдері хаттамамен ресімделері және ұсыныс сипатында болады.
Тармақ 9
9. Қала әкімінің шешімін қабылдауды талап ететін мәселелер бойынша комиссия заңнамамен белгіленген тәртіппен тиісті ұсыныстар енгізеді.
Тармақ 10
10. Комиссия қарастыратын және шешетін ең маңызды мәселелер бойынша қала әкіміне жүйелі түрде ақпарат береді.