Об учреждении ежегодных премий акима области журналистам средств массовой информации Северо-Казахстанской области Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.11.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Солтүстік Қазақстан облысының бұқаралық ақпарат құралдары журналистеріне облыс әкімінің жыл сайынғы сыйлықақысын тағайындау туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 Заңы 27 бабы 2 тармағына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысының бұқаралық аппарат құралдары журналистерінің шығармашылық өсуін көтермелеу және облыстың әлеуметтік-саяси жетістіктерін, өңірдің тарихи және ұлттық-мәдени дәстүрлерін, қоғамдағы ұлт аралық және конфессия аралық келісімді, өңірдегі саяси тұрақтылықты жаңғырту және насихаттау жөніндегі шығармашылық қызметтерін ынталандыру мақсаттарында облыс әкімдігі КАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Солтүстік Қазақстан облысының бұқаралық ақпарат құралдары журналистеріне облыс әкімінің жыл сайынғы сыйлықақысы тағайындалсын (ілгеріде - сыйлықақы).
Тармақ 2
2. Қоса берілген сыйлықақыларды тағайындау Ережесі бекітілсін.
Тармақ 3
3. Алып тасталды - Солтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің 13.12.2006 № 300 қаулысымен
Тармақ 4
4. Қаржы департаменті сыйлықақыны төлеу үшін 263.001.003 «Ішкі саясат департаментінің «басқармасының» қызметін қамтамасыз ету. Жергілікті органдар аппараты» бюджеттік бағдарламасын дер уақытында каржыландыруды қамтамасыз етсін.
Басқа 5
Облыс әкімдігінің 2005 жылғы «18» қарашадағы №264 қаулысымен бекітілген Солтүстік Қазакстан облысынын бұкаралық акпарат құралдары журналистеріне облыс әкімінің жыл сайынгы сыйлықақысын тағайындау Ережелері
Тармақ 1
1. Облыс әкімінің жыл сайынғы сыйлықақысы Солтүстік Қазақстан облысының бұқаралық ақпарат құралдарынын журналистеріне облыстың әлеуметтік-экономикалык жетістіктерін, өңірдің тарихи және ұлттық -мәдени дәстүрлерін, қоғамдағы ұлт аралық және конфессия аралык келісімді, өңірдегі саяси тұрақтылыкты үздік насихаттағаны үшін (ілгеріде -сыйлыкакы), олардың шығармашылық өсуін көтермелеу және шығармашылык кызметін ынталандыру мақсаттарында тағайындалады.
Тармақ 2
2. Материалдары жыл ішінде Солтүстік Қазақстан облысының бұкаралык акпарат кұралдарында жарияланған журналистер сыйлықақыны талап етуші үміткер болып табылады.
Тармақ 3
3. Сыйлықақы облыс бюджетінен төленетін бір жолғы ақшалай сыйақы болып табылады. Сыйлықақы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай беріледі.
Тармақ 4
4. Сыйлықақылар келесі номинациялар бойынша тағайындалады:
Тармақша 1
1) Шокан Уәлиханов атындағы - өңірдің тарихи және ұлттық-мәдени дәстүрлерін үздік жарықтандырғаны және насихаттағаны үшін: 1 орын- 100 000 теңге; 2 орын- 75 000 теңге; 3 орын 50 000 теңге;
Тармақша 2
2) Мағжан Жұмабаев атындағы- облыстың әлеуметтік- экономикалық жетістіктерін жарықтандырғаны және насихаттағаны үшін: 1 орын- 100 000 теңге; 2 орын- 75 000 теңге; 3 орын 50 000 теңге;
Тармақша 3
3) Иван Шухов атындағы - қоғамдағы ұлт аралық және конфессия аралық келісімді, өңірдегі саяси тұрақтылықты үздік жарықтандырғаны және насихататағаны үшін: 1 орын- 100 000 теңге; 2 орын- 75 000 теңге; 3 орын 50 000 теңге;
Тармақ 5
5. Сыйлықақыларды талап ететін кандидатуралар сыйлықақыны тағайындау жөніндегі комиссияның (ілгеріде-комиссия) отырысында каралады. Сыйлықакыға талап ететін үміткерлерді таңдау кезінде олардың материалдарының келесі критерийлері есепке алынады: жарияланымның әділдігі; қозғалған проблемалардың тереңдігі және олардың шығармашылық талдануы; жұмыстың әлеуметтік маңыздылығы; жарияланған материалдан туындаған қоғамдық резонанс; журналистің тәуелсіздігі, принциптілігі; жұмыстың шығармашылық дәлелділігі;
Тармақ 6
6. Сыйлықақыны тағайындау туралы шешім комиссия отырысында көпшілік дауыспен қабылданады.
Тармақ 7
7. Комиссия шешімінің негізінде облыс әкімінің актісімен сыйлықақы тағайындалған үміткерлердің тізімі бекітіледі.
Тармақ 8
8. Облыс әкімінің актісімен жыл сайын комиссия құрамы бекітіледі.
Басқа 17. Комиссия мұшелері:
Облыс әкімдігінің 2005 жылғы «18» қарашадағы №264 қаулысына қосымша Солтүстік Қазакстан облысының бұқаралық ақпарат құралдары журналистеріне облыс әкімінің жыл сайынгы сыйлықақысын тағайындау жөніндегі комиссия құрамы Нұрақаев Ерік Есімүлы- облыс әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы Құбаш Асылбек Сайлыбекұлы – ішкі саясат департаментінің бастығы, комиссия төрағасының орынбасары Мұқанов Серік Қабиденұлы - ішкі саясат департаменті акпараттық саясат және бұқаралық ақпарат құралдары мониторингі бөлімінің бастығы, комиссия хатшысы Комиссия мұшелері: Бикенев Рустам Төлегенұлы - мәдениет басқармасының бастығы Дроздецкий Николай Петрович - «Северный Казахстан» облыстық газеті бас редакторының орынбасары (келісім бойынша) Зарқын Тайшыбай Қанғожин - М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінің аға оқытушысы, филология ғылымының кандидаты, доцент (келісім бойынша) Мұтәллап Мұхамадиұлы - ақын, Қазақстан Республикасы мәдениетіне еңбегі сіңген қызметкер, Қазакстан Республикасының Жазушылар одағы және Журналистер одағының мүшесі (келісім бойынша) Қоспанов Руслан Тобылұлы - облыс әкімінің пресс-хатшысы Мұсырман Кәрібай Иманжанұлы - «Қазақстан - Петропавл» РТРК ЖАҚ облыстык филиалының директоры (келісім бойынша) Сазанов Евгений Анатольевич- «Муниципалды телерадиоканал» КМК директоры (келісім бойынша) Сауытбаев Сабыр - журналистика ардагері, Қазақстан Республикасының Журналистер одағының мүшесі (келісім бойынша) Сүлейменов Жарасбай Қабдоллаұлы - «Солтүстік Қазақстан» облыстық газетінің бас редакторы (келісім бойынша) Табакова Зинаида Петровна - М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан Мемлекеттік университеті орыс тілі және әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, (келісім бойынша) Таласбаева Жанар Серкешқызы- М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан Мемлекеттік университеті тіл және әдебиет институтының директоры (келісім бойынша) Шестериков Владимир Георгиевич - «Северный Казахстан» газеті редакциясы коғамдық-саяси бөлімінің редакторы, Қазақстан Республикасының Жазушылар одағының мүшесі (келісім бойынша)