Жаңақала ауданы аумағындағы елді мекендері көркейту, санитарлық тазарту, тазалық сақтау және жинауды ұйымдастыру Ережесін бекіту туралы Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.10.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жаңақала ауданы аумағындағы елді мекендері көркейту, санитарлық тазарту, тазалық сақтау және жинауды ұйымдастыру Ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы», «Қазақстан Республикасында азаматтардың денсаулығын сақтау туралы», «Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы», «Қоршаған ортаны қорғау туралы» Заңдарын және Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексін басшылыққа ала отырып аудандық Мәслихат сессиясы ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Жаңақала ауданы аумағындағы елді мекендерді көркейту, санитарлық тазарту, тазалық сақтау және жинауды ұйыдастыру туралы Ережесі (№1 қосымша) бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім аудандық Әділет Департаменті мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді.
Басқа 3. Жаңақала ауданы аумағындағы елді мекендерді көркейту, санитарлық тазарту, тазалық сақтау және жинауды ұйымдастыру Ережесі
Аудандық Мәслихаттың 2005 жылғы 28 қазандағы №20-2 шешімімен бекітілген №1 қосымша Жаңақала ауданы аумағындағы елді мекендерді көркейту, санитарлық тазарту, тазалық сақтау және жинауды ұйымдастыру Ережесі
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1.1
1.1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы», «Қазақстан Республикасында азаматтардың денсаулығын сақтау туралы», «Халықтың санитарлық - эпидемиологиялық салауаттылығы туралы», «Қоршаған ортаны қорғау туралы» Заңдары негізінде жасалды.
Тармақ 1.2
1.2. Елді мекендерді сұйық және қатты өндірістік, тұрмыстық қалдықтар мен қоқыстарды жинау, оларды белгіленген орындарға шығару, залалсыздандыру жұмыстарының тиімді жүйемен ұйымдастырылып, олардағы тазалық және көріктендіру іс-қимылдары осы Ереже талаптарының негізінде жүзеге асырылады.
Тармақ 1.3
1.3. Осы ереже елді мекендерді санитарлық тазалау жүйесі (соның ішінде тұрғын үйлер мен қоғамдық ғимараттардан, сауда, қоғамдық тамақтандыру, мәдени - тұрмыстық объектілерден шығарылатын тағам қалдықтарынан) қалдықтар мен қоқыстардан тазарту, жиналған қоқыстардан тазарту, жиналған қоқыстар мен тұрмыстық қалдықтарды арнайы белгіленген орындарға шығару және оларды сенімді залалсыздандыру жұмыстарын қамтиды.
Тармақ 1.4
1.4. Осы ереже ауданның елді мекендер аумағында орналасқан меншік түріне қарамастан барлық субъектілер үшін міндетті Ереже.
Тарау 2. 2. Жалпы талаптар
2. Жалпы талаптар
Тармақ 2.1
2.1. Тұрғын үйлер, мекемелер мен ұйымдардың әкімшілік үйлері, түрлі кәсіпорындар ғимараттары мен оларға бекітілген жерлер, көшелер, саяжайлар мен қоғамдық пайдаланудағы алаңдар, демалыс орындары, көп қабатты үйлердің айналалары мен дәліздері - тазалық объектілері болып саналады.
Тармақ 2.2
2.2. Үйлердің маңайына қоқыстар мен қалдықтарға арналған қақпақты су кірмейтін контейнерлер орнатылады немесе ол мүмкін болмаған жағдайларда шұңқырлар қазылып, олардың ауыздары жабылып бекітіледі. Қоқыстар мен қалдықтарды жинауға арналған ыдыстар мүмкіндігіне қарай оларды белгіленген жерлерге шығаратын автокөліктердің кіріп-шығуына ыңғайлы жерлерге орналастырылады.
Тармақ 2.3
2.3. Өндірістік, шаруашылық - тұрмыстық қалдықтар мен қоқыстарды жинау, елді мекендерді олардан тазарту және оларды шығару тәртібі санитарлық - эпидемиологиялық қызметтің ұсынысына сәйкес белгіленеді.
Тармақ 2.4
2.4. Жаңадан салынып жатырған тұрғын үйлердің маңайындағы қоқыстар үйлер пайдалануға берілу мерзіміне дейін тазартылып шығарылады.
Тармақ 2.5
2.5. Тұрғындардың қалыпты демалысы мен тынығуына кедергі келтірмеу мақсатында таңғы 700 мен 2300 де қалдықтар мен қоқыстарды шығаруға рұқсат етіледі.
Тармақ 2.6
2.6. Қалдықтар мен қоқыстарды олар үшін белгіленбеген жерлерге шығаруға тиым салынады. Қоқыстар мен қалдықтар арнайы белгіленіп жасақталынған орындарға шығарылуға және оларды шығару кездерінде техника, өрт қауіпсіздігі сақталынады.
Тарау 3. 3. Жалпы пайдалану орындарын тазалау және күту
3. Жалпы пайдалану орындарын тазалау және күту
Тармақ 3.1
3.1. Тұрмыстық қалдықтар мен қоқыстарды тұрғын үйлердің аулаларында жинағанда олардың шіруі мен бұзылып иістенуіне жол берілмеу керек, сондықтан суық уақыттарда /0°, одан да төмен температура/ үш тәуліктен, жылы уақыттарда (плюстік температура) бір тәуліктен кешіктірілмей жиналған қоқыстар шығарылады.
Тармақ 3.2
3.2. Көп қабатты үйлердің маңайына тұрмыстық қалдықтар мен қоқыстар үшін мүмкіндігіне қарай сыйымдылығы 0,75 текше метрден кем емес темір жәшіктер, ал тұрғын үйлердің жанына ағаш немесе металдан жасалған қоқыс жинағыштар қоюға болады.
Тармақ 3.3
3.3. Қоқыс жинағыштар тұрғын үйлер мен әкімшілік үйлерінен 20 метрден кем емес, 100 метрден әрі емес қашықтыққа орналастырылады. Жеке меншік тұрғын үйлердегі қоқыс жинағыштардың қашықтығы үйден 10-12 метрден кем болмайды.
Тармақ 3.4
3.4. Жеке тұрғын үй әжетханалары үйден 8-10 метр қашықтықта орналастырылады, сонымен бірге, құдықтар мен басқа да су көздерінен белгіленген қашықтыққа орналастырылуы керек.
Тармақ 3.6
3.6. Тұрығын үйлердің маңайындағы тұрмыстық қалдықтар мен қоқыстар жинақталуына қарай тазаланып шығарылуы қажет, ал әжетханалар санитарлық тазалықта ұсталынып, залалсыздандырылуға жатады.
Тарау 4. 4. Елді мекендердің тазалығы
4. Елді мекендердің тазалығы
Тармақ 4.1
4.1. Қоғамдық демалыс алаңдарына, саяжайларға, мекемелер мен ұйымдардың үйлерінің, өндірістік ғимараттардың алдарына қоқыс жинағыштар қойылады.
Тармақ 4.2
4.2. Күзгі, көктемгі мезгілдерде елді мекендердің көшелері, тұрғын және әкімшілік үйлердің маңайлары тазартылып, жиналған қоқыстар мен қалдықтар белгіленген жерлерге шығарылады. Ағаш жапырақтарын, жанатын өзгеде қоқыстар мен қалдықтарды тұрғын үйлерге жақын, саяжайларда өртеуге тиым салынады.
Тармақ 4.3
4.3. Көшелерге тағам өнімдерін, көкөністер мен жеміс-жидектер сататын шағын сауда объектілерін ораналастыру үшін санитарлык-эпидемиологиялық қадағалау қызметімен алдын ала келісіледі. Сауда объектісінің иесі өз объектісінің жан-жақты /5 метр радиуста/ тазалап, санитарлық талаптарға сай ұстауға міндетті.
Тармақ 4.4
4.4. Сауда орындары жабылғаннан кейін негізгі санитарлық тазалық жұмыстары жүргізіледі. Аптасына бір күн санитарлық күн деп жарияланып, ол күні жан-жақты тазалық жұмыстары ұйымдастырылады.
Тармақ 4.5
4.5. Көпшілік сауда алаңдарына асфальт, жұмыртас төсеуге, ал жері 0,2 га көлеміндегі сауда алаңдарына қалыңдығы 3 см кем емес құм төгуге болады.
Тармақ 4.6
4.6. Көпшілік сауда алаңдарына қоқыс жинағыштар орналастырылады және әжетхана салынады. Олардың сауда орындарынан қашықтығы 25 метрден кем болмауға тиісті.
Тарау 5. 5. Осы ережелер бұзылған жағдайда жауапкершілік
5. Осы ережелер бұзылған жағдайда жауапкершілік
Тармақ 5.1
5.1. Осы Ережелердің талаптарын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне сәйкес жауапкершілікке тартылады.