О порядке представления акционерам предложения по использованию права преимущественной покупки Күшін жойған
Басқа 0
Акционерлерге артықшылықты сатып алу құқығын пайдалану жөніндегі ұсыныс жасаудың тәртібі туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 25 шілдедегі N 252 қаулысымен.
"Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 10 шілдедегі заңының 4-бабын орындау және акционерлердің құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясы (бұдан әрі "Ұлттық комиссия" деп аталады) қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Осы Қаулыда пайдаланылатын мынадай ұғымдар айқындалсын:
Тармақша 1
1) "Акциялар" - акциялар және акцияларға айырбасталатын басқа да бағалы қағаздар;
Тармақша 2
2) "Қоғам" - акционерлік қоғам;
Тармақша 3
3) "Баспасөз басылымы" - "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 10 шілдедегі заңы 48-бабы 1-тармағының 20) тармақшасына сәйкес Қоғам айқындаған баспасөз басылымы;
Тармақша 4
4) "Ұсыныс" - Қоғамның өз акционерлеріне олардың осы Қоғамның жаңадан шығарылған Акцияларын артықшылықты сатып алу құқығын пайдалану жөніндегі "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 10 шілдедегі заңы 3-бабының 4-тармағына сәйкес жасаған ұсынысы.
Тармақ 2
2. Ұсыныстың Акционерлерге Қоғамның жіберетіндігі және/немесе Баспасөз басылымында жарияланатындығы белгіленсін. Бұл реттеу Қоғам өзінің акционерлеріне Ұсынысты мынадай жағдайларда жіберуге міндетті:
Тармақша 1
1) егер Қоғам акционерлерінің саны жүз немесе одан аз болса;
Тармақша 2
2) егер акционер Ұсынысты жеке өзінің алуын талап етсе және оны жіберуге байланысты Қоғамның шығындарын төлеуге келіссе.
Тармақ 3
3. Ұсыныста мынадай ақпараттың болу керектігі белгіленсін:
Тармақша 1
1) Қоғам Акцияларының жаңа эмиссиясының құрылымы туралы мәлімет;
Тармақша 2
2) Қоғамның бұрын шығарылған акцияларының жалпы санының және оның жаңа шығарылған Акцияларының санының, сондай-ақ Қоғамның жаңа эмиссиясының бір Акциясын артықшылықты сатып алу құқығына ие болу үшін иелену қажетті болатын Қоғамның алдыңғы эмиссиялары акцияларының санының не Қоғамның алдыңғы эмиссиясының бір акциясын иелене отырып Қоғамның жаңа эмиссиясының артықшылықты сатып алу құқығына сәйкес сатып алуға болатын Акцияларының санының арасындағы ара-қатынас;
Тармақша 3
3) Қоғамның жаңадан шығарылған Акцияларының орналастырылу бағасы;
Тармақша 4
4) артықшылықты сатып алу құқығына сәйкес Қоғамның жаңадан шығарылған Акцияларын акционерлер сатып ала алатын (Қоғамның жаңадан шығарылған Акцияларын сатып алуға өтінім беретін) орын (орындар);
Тармақша 5
5) артықшылықты сатып алу құқығына сәйкес Қоғамның жаңадан шығарылған акцияларын акционерлер сатып ала алатын (Қоғамның жаңадан шығарылған акцияларын сатып алуға өтінім беретін) мерзім. Бұл ретте аталған мерзім Ұсынысты акционерлерге жіберген (Ұсынысты Баспасөз басылымында жариялаған) күннен бастап кемінде екі аптаны құру керек.
Тармақ 4
4. Қоғамның ұсыныс жасалатын акционерлері деп Акцияларды шығару туралы шешім қабылданған күн жағдайына Қоғамның акционерлері болып табылатын тұлғалар түсінілетіндігі белгіленсін. Егер қандай да болмасын тұлға осы Акцияларды шығару туралы шешім қабылданған күннен бастап осы Қаулының 3-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген мерзім аяқталғанға дейін Қоғамның акционері болса, Қоғамның жаңадан шығарылған акцияларын артықшылықты сатып алу құқығы осы тұлғаға тиісті мәміле шарттарына сәйкес беріледі. Егер осындай мәміленің шарттарымен Қоғамның жаңадан шығарылған Акцияларын артықшылықты сатып алу құқығын беру реттелмесе, онда құқық осы акцияларды шығару туралы шешім қабылданған күн жағдайына Қоғамның ационерлері болып табылатын тұлғада сақталады.
Тармақ 5
5. Қоғам жаңадан шығарылған Акцияларды нарықтық құны бойынша орналастырған жағдайда (бұл "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 10 шілдедегі заңының 27-бабы 1-тармағында көзделген):
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының заңдарында орналастырылатын бағалы қағаздардың нарықтық құнын айқындаудың тәртібін белгілейтін нормалардың жоқ болуына байланысты және Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексінің (Жалпы бөлім) 5-бабына сәйкес жаңадан шығарылған Акциялардың нарықтық құнын айқындау кезінде "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 10 шілдедегі заңының 78-бабының 2 және 3-тармақтарының нормалары қолданылу керектігі;
Тармақша 2
2) жаңадан шығарылған Акциялардың нарықтық құнын не олардың нарықтық құнын айқындау әдістемесін осы Акцияларды шығару туралы шешім қабылдаған Қоғамның органы бекіту керектігі белгіленсін.
Тармақ 6
6. Осы Қаулының оны қабылдаған күннен бастап күшіне енгізілетіндігі белгіленсін.
Тармақ 7
7. Ұлттық комиссия орталық аппаратының Заң басқармасы:
Тармақша 1
1) осы Қаулыны оны тіркеу мақсатында Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жіберсін;
Тармақша 2
2) осы Қаулыны "Қазақстан қор биржасы" ЖАҚ-ның және бағалы қағаздар рыногының кәсіпқой қатысушылары қауымдастықтарының (оларға осы Қаулыны және жоғарыда аталған Қағидаларды олардың мүшелерінің назарына жеткізу жөніндегі міндетті жүктей отырып) назарына
жеткізсін;
Тармақша 3
3) осы Қаулының мәтіні "Заң газеті", "Юридическая газета" газеттеріне және "Қазақстанның бағалы қағаздар рыногы" журналына жариялауды қамтамасыз етсін.