О правилах благоустройства населенных пунктов Иртышского района, обеспечение санитарного состояния и охраны зеленых насаждений на их территориях Қолданыста
Басқа 0
Ертіс ауданының елді мекендерін көркейту, санитарлық жағдайын қамтамасыз ету және жасыл желекті қорғау қағидалары туралы
Қазақстан Республикасы Кодексінің әкімшілік праволарды бұзу туралы 3 бабы, 2 тармағына сәйкес, аудандық мәслихат сессиясы Шешім ҚАБЫЛДАЙДЫ:
Тармақ 1
1. Ертіс ауданының елді мекендерін көркейту, санитарлық жағдайын қамтамасыз ету және жасыл желекті қоғаудың ұсынылған қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Берілген шешімінің орындалуын аудандық мәслихаттын кәсіпкерлік, экология және көркейту тұрақты комиссиясының бақылауына алынсын.
Тармақ 3
3. Берілген шешім баспасөзде жарияланған күннен бастап күшіне енеді.
Басқа 4. Ертіс ауданының елді мекендерін көркейту, санитарлық жағдайын қамтамасыз ету және жасыл желікті қорғау жөніндегі ҚАҒИДАЛАРЫ
Аудандық мәслихаттың 2005 жылғы
28 қазандағы кезектен тыс ІІІ сайланған,
ХХІ сессиясының «Ертіс ауданның елді
мекендерін көркейту, санитарлық
жағдайын қамтамасыз ету және жасыл
желікті қорғау Қағидалары туралы»
№ 101-21-3 шешімімен мақұлданған
Ертіс ауданының елді мекендерін көркейту, санитарлық жағдайын қамтамасыз ету және жасыл желікті қорғау жөніндегі ҚАҒИДАЛАРЫ
Ертіс ауданының елді мекендерін сәулеттендіру, санитарлық жағдаймен қамтамасыз ету және ол аумақтардағы жасыл желекті қорғаудың қағидалары (бұдан әрі-қағидалар) елді мекендерде қоршаған органы толық қолдау жөніндегі іс шаралар кешенінің өткізілу тәртібін анықтайды, сәулеттендіру объектілері мен элементтеріне қатысты архитектуралық санитарлық, экологиялық негізгі талаптарын анықтайды.
Қағидалар ауданның елді мекендерін сәулеттендіру жөніндегі жұмысты жүргізу және ұйымдастыру мәселелерін, сондай-ақ барлық меншік түрлерінің жеке және заңды тұлғаларының құқығын, міндетін, жауапкершілігін анықтайтын нормативтік құжат болып табылады.
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер мен анықтамалар
1. Жалпы ережелер мен анықтамалар
Тармақ 1
1. Осы қағидалар аудандық мәслихат бекіткеннен кейін Ертіс ауданы аумағында тұратын немесе жұмыс істейтін, меншік нысанына қарамай, барлық заңды және жеке тұлғалар үшін міндетті және ауданның елді мекендерінің барлығына таратылады.
Тармақ 2
2. Ауданның елді мекені Ертіс ауданы аймағын құрастыратын элемент болып табылады, яғни адамдар тұратын әртұрлы мақсаттағы объектілері бар бірыңғай салынған жер учаскесі шеңберінің бөлігі.
Тармақ 3
3. Әрбір ауылдық округтерде сәулеттендіру жағдайын қамтамасыз ету үшін ауыл әкімі жанында ертіс ауданы елді мекендерін сәулеттендіру бойынша жұмысшы тобы құрылып (бұдан әрі-ЖТ). Осы жұмысшы топтарының жұмысын ұйлестіру, аудандық қала құрылысы, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне жұктеледі (бұдан әрі-ҚҚТКШЖКжАЖБ).
Тармақ 4
4. Тендерді женіл алған жеке және заңды тұлғалар жергілікті бюджет есебінен орындалатын жұмыстарды жасайды.
Тармақ 5
5. ҚҚТКШЖКжАЖБ мен ЖТ жұмыстарының мақсаты ауданның елді мекендерін көғалдандыру, санитарлық жағдайымен қамтамасыз етуді сәулеттендіруді қажетті деңгейде сақтау.
Тармақ 6
6. Осы құжаттағы қағидалары заңды және жеке тұлғалардың бұзуы заңға сәйкес жауапкершілікке тартуға соғады.
Тармақ 2
Тарау 2. 2. Негізгі талаптар
2. Негізгі талаптар
Тармақ 7
7. Елді мекендер қызмет көрсететін объетілермен көркеюі керек және іс жүзіндегі қалыптың, ережелердің талаптарына сай, сондайақ осы құжаттың ережелеріне сәйкес, адам өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған техникалық құралдармен жабдықталуы тиіс.
Тармақ 8
8. Барлық меншік түрлерінің жеке, заңды тұлғалары өздеріне бөлініп, бекітіліп берілген аумақтарды көріктендіру талабына сай, күтеді, тазалайды, сонымен қатар, өз есебінен архитектіралық, санитарлық, экологиялық талаптарға орай, күтіп ұстап, жөндеу жұмыстарын жұргізеді.
Тармақ 9
9. Жыл сайын сәуір мен қазан айларында көріктендіру айлығын өткізеді.
Тармақ 10
10. Елді мекендерде коммуникацияның барлық түрлеріне қызмет көрсететін заңды және жеке тұлғалар өзіне қатысты әрбір қатынас жолдарында мезгілінде жұмыстарын жүргізіп, жөндеу кезінде бұзылған жерлерді қайтадан қалпына келтірулері тиіс.
Тармақ 11
11. Елді мекендердегі адма өмірінің қауіпсіздігіне, қоршаған ортаға әсерін тигізетін жағдайда жөндеу жұмысын жүргізуші жұмысты жүргізуден бұрын, бұл рұқсат қағазды тиісті өкілетті мемлекеттік органдарда тіркеуге міндетті.
Тарау 3. 3. Елді мекендердің ішкі көлік жүйесі
3. Елді мекендердің ішкі көлік жүйесі
Тармақ 12
12. Қозғалыс қауіпсіздігімен қамтамасыз ету және оны ұйымдастыруды жақсарту шараларына мыналар жатады:
Тармақша 1
1) Жол тегістігін сақтау, шұнқыр, жарық тағы басқа ақауларды жою;
Тармақша 2
2) Автомобиль дөнгелегінің қажетті ілінісу коэфицентін қамтамасызететін жолдың кедірбұдырлығынан сағтау;
Тармақша 3
3) Жолдың бойында көру мүмкіндігін қамтамасыз ету, онын ішінде жолдың ойма жермен өтетін бөлігінде, жол торабында;
Тармақша 4
4) Қозғалысты каналканалмен өткізу;
Тармақша 5
5) Қозғалыстың ұйымдастырылуын жақсарту және оның кауіпсіздігін арттыру.
Тармақ 13
13. Көліктің барлық түрлерінің иелері елді мекендер мен көшелерге автомашиналар мен көліктің басқа түрлерін таза күйінде шығарып, оларды мұнтаздай етіп ұстауға міндетті.
Тармақ 14
14. Көшелерді ластамау үшін көлікпен тасымалданатын сусымалы және басқа ж.ктер мұқият жабылуға тиіс.
Тармақ 15
15. Жазғы түрымғы кезенде поселке аралық жолдарды сумен жуған кезде. Ертіс аулының көшелерімен жүк көтеретін салмағы 3 –тн артық жүк машиналарына жүріге тиым салынады.
Тармақ 16
16. Көліктің үзіліссіз козғалысын қамтамасыз ету барлық көшелер мен жолдарды пайдалушылардың, жол қозғалысын реттеу және бақылау органдарының міндетті.
Тармақ 17
17. Жұмыстар жүргізілетін жерлерге ескерту хабарламалар жазылған тақтайлар орнатылуы қажет.
Тарау 4. 4. Елді мекендердің ішіндегі жер асты және жер бетіндегі инженерлік коммуникация жүйесі
4. Елді мекендердің ішіндегі жер асты және жер бетіндегі инженерлік коммуникация жүйесі
Тармақ 18
18. Елді мекендердің сәулеттілігін қорғау үшін инжеренлік жұйелердің техникалық жағдайы инженерлік коммуникация және ғимараттар мамандырылған кәсіпорындардың үздіксіз бақылауында болады, олардың міндетті:
Тармақша 1
1) күзететін және бөлініп берілген аймақтардың санитарлық жағдайын бақылау;
Тармақша 2
2) қыс мезгілінде олардың орналасқан жерін жылдам анықтау үшін белгілер салынуы.
Тарау 5. 5. Елді мекен аумағында үй жануарларын ұстау
5. Елді мекен аумағында үй жануарларын ұстау
Тармақ 19
19. Мал мен құс су жағасынан, демалыс орындарынан, садуа, қоғамдық тамақтану кәсіпорныдарынан, аурухана, мектен т.б. қоғамдық ғимараттардың 100 метр және тұрғын үйлерден 15 м қашықта ұсталуы кере. Аулаларда санитарлық-техникалық талаптарға сәйкес тезек сақтайтын орын болуы керек.
Тармақ 20
20. Мынаған рұқсат етіледі:
Тармақша 1
1) санитарлық-эпидемологиялық, мал дәрігерлік зызметтердің рұқсатымен жануарларды зообұрыштарда, балалар мен жасөспірімдердің мекемелерінде, сауқтандыру және санитарлық-курорттық мекемелерде ұстауға;
Тармақша 2
2) байлаулы күйінде немесе қоршалған, жекелендірілген аумақта жануарларда бос жіберуге;
Тармақша 3
3) мекемелер мен уйымдарда күзетші иттерді тек байлаулы күйінде ұстауға;
Тармақша 4
4) иесінің немесе жауапты адамның қатысумен малды жайлаудан тұрақты жеріне айдауға.
Тармақ 21
21. Мыналарға тиым салыналы:
Тармақша 1
1) сауда, қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарына, мектепке дейнгі мекемелер мен мектептерге жануарларды әкелуге, сонда ұстауға;
Тармақша 2
2) жалпы пайдалынатын жерлер мен жағажайды, стадионды, бақтар мен саябақтарды иттерді серуендетуге пайдалануға;
Тармақша 3
3) ірі тұқымды иттерді 14 жастан кіші балалардың серуендетуіне;
Тармақша 4
4) елді мекендердін санитарлық аймақтарында, басқа да жалпы пайдаланылатын жерлерде мал бағуға;
Тармақ 22
22. Елді мекен аумағында иесіз жүрген жануарлар қанғарған деп есептеліп, арнайы қызметтердің ұстін алуына болады.
Тарау 6. 6. Осы қағидаларды бұзғаны үшін жауапкершілік
6. Осы қағидаларды бұзғаны үшін жауапкершілік
Тармақ 23
23. Осы қағидаларды бұзғаны үшін Қазақстан Республикасы әкімшілік заңдылығында ескерілген жазалау шаралары қолданылады.
Тармақ 24
24. Бақылаушы және өкілетті органдар, әрбір өз мөлшер компетенциясында Қазақстан Республикасы әрекеттегі Заңына сәйкес нақты қағидалардың орындалуына бақылау іске асырылады.