“О создании оперативной рабочей группы по усилению контроля за соблюдением порядка реализации спиртосодержащих напитков на территории Мангистауской области” Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.04.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
“Маңғыстау облысының аумағында спиртті ішімдіктерді сатып – өткізу тәртібін сақтауға бақылауды күшейту жөнінде жедел жұмыс тобын құру туралы” 📌 Ескерту. Күші жойылды – Маңғыстау облысы әкімінің 04.05.2004 № 41 шешімімен. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы маусымның 16-ындағы N543 “Алкогольді өнімдердің айналымын реттеу жөніндегі шаралар туралы” Қаулысы негізінде және 12 проценттен артық этил спирті бар адкогольді өнімдерді сатып-өткізудегі тоқталмай отырған тәртіп бұзушылыққа байланысты, алкогольді алкогольді өнімдердің айналымыңа мемлекеттік бақылауды күшейту мақсатында, шешім етемін:
Тармақ 1
1. Облыс аумағында алкогольді өнімдерді сатып- өткізу тәртібін сақтауға бақылауды күшейту жөнінде және осы жүйедегі заң бұзушылықты тоқтату мақсатында облыстық жедел жұмыс тобы құрылып, оның құрамы бекітілсін. (қоса берілді).
Тармақ 2
2. Облыстық жедел жұмыс тобының жетекшілігіне облыс әкімінің бірінші орынбасары Ж. Аманқұлов тағайындалсын. Жұмысшы органы болып облыстық экономика, өнеркәсіп және сауда басқармасы белгіленсін.
Тармақ 3
3. Облыстық жедел жұмыс тобының жетекшісі (Ж. Аманқұлов) : Қазақстан Республикасы Үкіметінің; 1997 жылғы мамырдың 26-ындағы N882 Қаулысымен бекітілген “Алкогольді өнімдерді өндіру және айналымына бақылау жасауды қамтамасыз етуші органдардың бірлесіп әрекет ету тәртібіне” сәйкес алкогольді өнімдердің айналымына бақылау жасаушы облыстық органдардың бірлескен әрекетін қамтамасыз етсін; Атқарылған жұмыстар жөніндегі есепті ай сайын табыс ететін болсын.
Тармақ 4
4. Облыс қалалары мен аудандарының әкімдері алкогольді өнімдердің айналымын бақылайтын осындай топтарды құруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Осы шешімнің орындалысына бақылау жасау әкімінің бірінші орынбасары Ж. Аманқұловқа жүктелсін.
Басқа 6
Облыс әкімінің 1999 жылғы 12.04. № 68 шешімімен бекітілген 1 қосымша Облыстық жедел жұмыс тобының құрамы 1. Аманқұлов Жұмагелді Рахышұлы -облыс әкімінің орынбасары, топ жетекшісі 2. Аяғанов Ескендір Төлешұлы -Облыстық салық, полиция бастығының міндетін атқарушы (келісім борынша) 3. Гребеньков Николай Михайлович -Маңғыстау облысы бойынша табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі комитет төрағасы (келісім бойынша) 4. Приходько Николай Иванович -Облыстық ішкі істер басқармасының бастығы (келісім бойынша) 5. -Маңғыстау стандарттау, метрология және сертификаттау орталығының директоры (келісім бойынша) 6. Кенжалиев Мәлік Сәбитұлы -Облыстық кеден басқармасының бастығы (келісім бойынша) 7. Күмісқали Есен -Облыстық экономика, өнеркәсіп және сауда басқармасының бастығы 8. Акаев Магамед Магамедзагирұлы -Облыс прокуратурасының әлеуметтік- экономикалық саласындағы заңдылыққа бақылау жасау бойынша бөлімнің бастығы (келісім бойынша) 9. Оспанов Серік Жәмекұлы -Ақтау қаласының әкімі 10.Сәрсенқұлов Жансейіт Сәрсенқұлұлы -Облыстық салық комитетінің председателі (келісім бойынша)