Катонқарағай ауданының ауылдарын көркейту, санитарлық жағдайы, жер мен жасыл өскіндерді қорғауды қамтамасыз етудің Ережелерін бекіту туралы Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.03.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Катонқарағай ауданының ауылдарын көркейту, санитарлық жағдайы, жер мен жасыл өскіндерді қорғауды қамтамасыз етудің Ережелерін бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтарындағы №148-11 Заңының 6 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 3 бабының 2 тармағына сәйкес аудандык мәслихат ШEШІМ ҚАБЫЛДАЙДЫ:
Тармақ 1
1. «Катонқарағай ауданының ауылдарын көркейту, санитарлық жағдайы, жер мен жасыл өскіндерді қорғауды қамтамасыз етудің Ережелері» бекітілсін. (Қоса беріліп отыр).
Тармақ 2. Катонқарағай ауданының ауылдарын көркейту, санитарлық жағдайы, жер мен жасыл өскіндерді қорғауды қамтамасыз етудің ережесі
2. Аталмыш Ереже Шығыс Қазақстан облыстық әділет басқармасында тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енгізіледі және 2005 жылдың наурыз айының 20-шы жүлдызынан іске енгізілсін. Катонқарағай ауданының ауылдарын көркейту, санитарлық жағдайы, жер мен жасыл өскіндерді қорғауды қамтамасыз етудің ережесі
Тарау 1. 1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Тармақ 1
1. Осы ереженің мақсаты ауданда көркейту, жер жұмыстары өндірісінің санитарлық жағдайын және жасыл ағаштарды қорғаудың тәртібін белгілеу болып табылады.
Тармақ 2
2. Тұрақты тазалық пен тәртіпті қолдау мақсатында кәсіпорындар, мекемелер, қоғамдық үйымдар үшін әр айдың бірінші жүмасы санитарлык күн болып есептеледі, елді мекендерінің үжымдарының, түрғындардың олардьщ үйымдары мен үйлері маңындағы аумақтарды таза үстауға, жасыл ағаштарды күтуге қатысулары міндетті деп саналады.
Тармақ 3
3. Мемлекеттік, қоғамдық және меншіктік кәсіпорындарын, үйымдар мен мекемелер, ведомстволык бағынуларына қарамастан, пәтерлердің иелері немесе жалдаушылары, сондай-ақ түрғын үйлер иелері өз қаржылары есебінен заңмен бекітілген ережеде сәулеттік және санитарлык талаптарға сәйкес:
Тармақша 1
1) түрғын үй, мәдени-түрмыстык, әкімшілік, өндірістік және сауда ғимараттарын, стадиондарды олардың маңындағы аумақтарды қоса, бақтарды, парктерді және басқа жасыл ағаштарды;
Тармақша 2
2) көшелерді, алаңдарды, өткелдерді, аулаларды, тротуарларды, жағажайларды, демалыс және жаппай серуендеу орындарын, базарларды, базар алаңдарын, олардың маңындағы аумақтарды, автокөлік түрактарын және жүзу қүралдарының орындарын;
Тармақша 3
3) қашаларды, қоршауларды, газон қоршауларын, жарнамалардың барлық түрлерін және жарнама қондырғыларын, ғимараттар мен ескерткіштердің сәндік сәуле шашу қондырғыларын, маңдайшаларды, витриналарды, арбашаларды, жаймаларды, жолаушылар көлігі аялдамаларының , стансаларын, көшелерге жарык беретін фонарларды, әртүрлі тіреу діңгектерін; бақтардағы, парктердегі орындықтарды; урналарды, көшелер атауларының көрсеткіштерін, үйлердің нөмірлік белгілерін, мемориал такталарын, трансформатор қондырғыларын;
Тармақша 4
4) жолқүбырларын, суқүбырларын, көшелердің жол жабындарын, алаңдарын, көше қозғалысын реттеу белгілерін, басқа гидротехникалык, инженерлік-техникалық және санитарлық күрылыстарды;
Тармақша 5
5) аулалық аумақтарды үнемі сыпырып, жуып, қар мен қоқысты шығарып, күм төгіп, су ағатын жерлер мен дренаждарды, су көздерін; үдайы таз және тәртіпте үстауға міндетті.
Тармақша 6
6) жасыл ағаштарға арналған, агротехникалық шаралардың толық кешенін сақтап,уақтылы суарып, қураған шыбықтарды кесіп, ағаштардың түптерін тазартып, әктеп, ағаш түбіндегі өсімдіктерді жойып, тыңайтқыштар енгізіп, жас ағаштардың айналасын түптеп, жарылғанын дезинфекциялап сылап, бітеп, сондай-ақ арам шөптерді жою жөнінде механикалык өңдеуді жүргізулері керек;
Тармақша 7
7) 1997 ж. 15.07 «Қазақстан Республикасында қоршаған ортаны корғау туралы Заңға» сәйкес жасыл корды сақтау камтамасыз етілсін. Жасыл ағаштар, олардың қай ведомстваға жататындығына қарамастан, тиіспейтін Мемлекеттік қор болып табылады және заңмен қатаң қорғалады.
Тармақша 8
8) Табиғи ауа-райы жағдайларына байланысты аймақтарда жыл сайын наурыз- мамыр айларында аумақтарды тазартудың айлығы, көркейту жөнінде байқау конкурстары өткізілсін:
Тармақша а
а) сумен жабдықтау және суқұбырларының көздері бойынша;
Тармақша б
б) сауда, қоғамдық тамақтану, тағам өнеркәсібі кәсіпорындарының, тауарлы сүт фермаларының жазғы кездегі жұмысы бойынша;
Тармақша в
в) улы химикаттар мен минералдық тыңайтқыштар қоймаларының көктемгі дала жұмыстарына дайындығының барысы бойынша.
Тарау 2. 2. ЕЛДІ МЕКЕНДЕР АУМАҚТАРЫН ТАЗАРТУ ТӘРТІБІ
2. ЕЛДІ МЕКЕНДЕР АУМАҚТАРЫН ТАЗАРТУ ТӘРТІБІ
Тармақ 4
4. Аумақтар бекітіліп берілген ғимараттарда иеленуші немесе жалға алушы меншіктің барлық нысандарындағы кәсіпорындар, мекемелер, қоғамдык үйымдар, заң белгіленген тәртіппен калдықтар мен қоқыстарды өз есебінен немесе жергілікті коммуналдық, баска да қызметтермен бекітіліп берілген аумақтарды, сондай-ақ көшелердің және алаңдардың жүретін бөліктерін механикаландырылған тазартуды орындауға шарт жасасады. 5. 15 сәуірден 15 қарашаға дейінгі кезде тазарту жүмыстарынан басқа көшелерді, алаңдарды және басқа аумақтарды жуу және суару жүргізілуі қажет. Ауа райының жағдайына байланысты бүл мезгілді жергілікті әкім өзгертуі мүмкін.
Тармақ 6
6. Меншіктің барлық нысандарындағы кәсіпорындар, мекемелер, коғамдык үйымдар, азаматтар бекітілген аумақтарды өздері тазартады, немесе аула сыпырушылардың штатын үстайды, немесе бүл жүмыстарды мамандандырылған қүрылымдармен шарттық негізде орындайды, осылайша ереженің 1 тарауының 3- бабының орындалуын камтамасыз етеді. Ескерту: меншіктің әрбір субъектісі көшелер мен түйіспелерді тазартуды үй аумағының бойымен үзынынан, екіжақтықүрылысы болса ортасына дейін, көлденеңінен және сыңаржақты қүрылыстар салынғанда бүкіл көлденеңіне дейін жүргізеді.
Тармақ 7
7. Кәсіпорындар, үйымдар, мекемелер олардың ведомствалық бағыныштығына қарамастан мыналарды ЖҮЗЕГЕ АСЫРАДЫ: бақтардың аумағын, парктердің, газондары, ағаш бүтактары бар тротуарларды, аулаларды, бейіттерді және олардың маңындағы аулаларды, бос жер учаскелерін тазартуды-өнеркәсіп, ауылшаруашылык кәсіпорындар, мекемелер, қоғамдық үйымдар, коммуналдык кызметтер, осы аумактар карамағында болушы жалгерлер мен күрылыс салушылар жүргізеді;
Тармақ 8
8. Меншіктің барлық нысандарындағы заңды, лауазымды және жеке түлғалар осы Ереженің 2 тарауының 7 тармағында көрсетілген аумақтарды, сондай-ақ олардың аумағына жақын учаскелердегі жасыл ағаштардың санитарлык -орман қорғау алаңдарын үлгілі жағдайда ұстауға міндетті.
Тармақ 9
9. Автожол көпірлері, елді мекендерде коммуналдық қызмет күшімен және қаражаттарымен, кәсіпорындардың, мекемелер мен үйымдардың, шаруа қожалықтарының күшімен тазартылады және үлгілі жағдайда үсталады.
Тармақ 10
10. Автобаздардың әкімшіліктері және көлік жүргізушілері көлік қүралдарын елді мекендердің көшелеріне тазалықта шығаруы қажет және оларды оңды үстаулары тиіс. Кірленген автобустардың және автомашиналардың жүрулеріне тыйым салынады. Төгілетін және көшелерді ластайтын басқа да жүктер көшелерді ластамау үшін үқыпты жабылуы қажет. Шынжыр табанды көліктің асфальтанған көшелермен жүруіне тыйым салынады.
Тармақ 11
11. Түрғын үй қүрылыстарына қарама-қарсы орналасқан автобус аялдамалары мен такси түрақтарының аумағын тазалау тиісті коммуналды қызметтерге, осы аумақтарды тазарту бекітіліген кәсіпорынға, мекемелерге, үйымдарға ауылшаруашылығы кәсіпорындарына, жалгерлер мен қүрылыс салушыларға жүктеледі. Көшелер мен жолдарды тазартуға 14 жасқа дейінгі мектеп оқушылары қатыстырылмайды. Автостансаларды, көлік шаруашылығының дистпечерлік пункттерін, дистпечерлік қызметімен бірге сөйлесу қондырғыларын және оларға жақын аумақтарды үстау және тазартуды көлік шаруашылығының ведомстволары жүзеге асырады.
Тармақ 12
12. Өнеркәсіп және ауылшарушылығының кәсіпорындары, сауда үйымдары, меншік нысандарына қарамастан, жеке адамдар және басқа үйымдар, көшелерде киоскілері, жаймалары, дәріханалары, шеберханалары бар т.с.с. жергілікті атқарушы органдарымен анықталған орындарында, сондай-ақ ғимараттарды жалдаушылар өздеріне жақын аумақтарды күні бойы тазалықта үстайды және жүмыс аяқталғаннан кейін 50 метр көлемінде қоқыр-соқырдан және батпақтан тазартады.
Тармақ 13
13. Қоғамдық әжетханалар мен үйінділерді коммуналдық немесе жекеше кәсіпорындар меншік субъектілерімен шарт жасау негізінде тиісті жағдайда үстауы қажет.
Тармақ 14
14. Базарлардың аумақтарының (оның ішінде шаруашылық, базар алаңдары) үсті асфальтпен, қиыршық тастармен жабылуы тиіс, олардьщ канализациясы мен суқүбырлары болуы қажет. Канализациясы жоқ базарларда сауда орындарынан 50 м қашықтықта қоқыс өткізбейтін көпшілік әжетхана болуы тиіс. ІІІаруашылық алаңдары (қоймалар, сақтағыштар) сауда жасау орынынан кемінде 30 метр қашықтықта болуы тиіс. Базардың аумағы оған, жақын алаңдарды, қалдықтар жинағышты тазартуды және таза үстауды базар иесі жүргізеді. Жылдың жылы уакытында міндетті түрде сыпырумен қатар базар аумағын жуу жүргізіледі.
Тармақ 15
15. Меншіктің барлық нысандарындағы кәсіпорындар, мекемелер, қоғамдық үйымдар, оқу орындары оларға бекітілген жағажай, демалыс аймағы және жаппай серуендеу орындары аумақтарында орындалған көркейту жобаларына сәйкес мыналарды ОРНАТАДЫ:
Тармақша 1
1) бір орынға 75 келуші есебінен қоғамдық әжетханалар, жағажайда-суға шомылудан кемінде 200 метр қашықтықта;
Тармақша 2
2) арақашықтықтары 40 метрден аспайтын урналар, 600 шаршы метрде кемінде бір урна;
Тармақша 3
3) 3500-4000 шаршы метр алаңға бір контейнер есебінде қоқыс жинаушылар;
Тармақша 4
4) «Ауыз су» 2874-73 мемлекеттік стандартқа сай сусын су жүретін фонтаншалар;
Тармақша 5
5) шешінетін жер, гардеробтар.
Тармақ 16
16. Жағажай, демалыс аймағынан, жаппай серуендеу орындарының аумақтарын тазартуды, сондай-ақ жыл сайын таза құм немесе ұсақ тастар төгу, арнайы механизм болған жағдайда жиналған қалдықтарды шығарумен қатар құмның жоғарғы қабатын механизммен жұмсарту осы аумақтар бекітіліп берілген кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдар заңмен белгіленген тәртіпте жүргізеді.
Тармақ 17
17. Сауда жасаушы үйымдар жағажайларда, парктерде, демалыс аймақтарында және жаппай серуендеу орындарында тазалау жүмыстарын осы Тәртіптің 2 тарауының 13 тармағының талаптарына сәйкес жүргізеді.
Тармақ 18
18. Шомылу үшін арналған жерлерде машиналарды жууға,кір жууға малдарды, иттерді, мысықтарды шомылдыруға жол берілмейді.
Тармақ 19
19. Көлік қүралдарының түрақтары асфальттануы, белгіленуі, орындалған жобаларға сәйкес көгалдандырылуы, көркейтілуі қажет. Көлік қүралдарының газондарда, скверлерде, және жасыл ағаштар отырғызылған баска да жерлерде, түрғын үйлердің жалпы пайдаланатын жерлерде, магазиндердің, дәріханалардың, базарлардың, қызметтік үйлердің маңында түрақтарын түрғызуға тыйым салынады.
Тармақ 20
20. Гараждарды, шаруашылық сарайларын, погребтерді, аумақтарды, саяжай, огород-бақша қоғамдарының аумақтарын және оларға жақын жасыл ағаштар аумақтарын үстау мен тазалауды меншік иелері мен қоғамдардың қоғамдық үйымдары жүргізеді. Түрғын үй және қоғамдық үйлер аулаларының ішінде гараждар мен погребтер орнатуға тыйым салынады. Өз еркімен салынғандары бүзылады. 10 метр радиусындағы жасыл ағаштары бар аумақтар тазартуға жатады. Бюджеттік үйымдардың көзделген аумақтардан қоқырларды, қалдықтарды шығаруды коммуналдық қызметтер немесе кәсіпорындар тиісті әкім белгіленген тәртіпте жүргізеді.
Тармақ 21
21. Бейіттердің аумақтарын үстау мен тазартуды коммуналдық немесе жеке кәсіпорындар жергілікті бюджет каражаттары есебінен жүргізеді. Бейіттердің аумақтары қоршалуы қажет, ішкі жақта өтетін жер қатқақтау болуы тиіс. Бейіт шекараларын жергілікті әкімдер белгілейді.
Тармақ 22
22. Қоймалардың, базардың басшылары мыналарды қамтамасыз етеді:
Тармақша 1
1) кірме жолдарды, көліктердің бүрылуына қажетті алаңдарды оңды үстауды. Шығатын және ішкі құрылыс жолдардың берік жабындары болуы тиіс;
Тармақша 2
2) көліктің доңғалақтары мен корабтарын жууды, ыластанған автомашиналар мен қүрылыс механизмдерінің көшелерге шығуларына жол бермеуді.
Тармақ 23
23. Мал, құс, аң өсірумен және үстаумен шұғылданушы шаруашылықтар мен кәсіпорындардың меншік иелері оларды қолда үстау кезінде оларды үстау аумағында көң мен басқа да лас заттарды бір жерге үйіп, содан соң жергілікті мемлекеттік қадағалау органымен келісілген орындарға шығаруға міндетті.
Тармақ 24
24. Жетілдірілген жабындары бар көшелер мен алаңдардың жүріс бөлігін механикаландырылған әдіспен тазарту жергілікті әкімдер бекіткен кесте бойынша жүргізіледі. Механикаландырылған әдіспен тазарту таңғы 4-тен сағат 6-ға дейін және қажеттілігіне қарай күні бойы кайталап жүргізіледі.
Тармақ 25
25. Түрғын үйлерден, сауда және коғамдық тамақтану кәсіпорындарынан, балалар және емдеу мекемелерінен, оқу орындарынан, мәдениет мекемелерінен, қоғамдык үйымдардан түрмыстык калдыктарды шығаруды коммуналдық шаруашылықтардың күшімен және каражаттарымен немесе жекеше кәсіпорындардың жоғарыда аталған заңды және жеке түрғалар жүргізеді. Тағам қалдықтарын жинау және пайдалану «Тағам қалдықтарын жинау және оларды малды азықтандыру үшін пайдалану тәртібі туралы» ветеринарлық- санитарлық Тәртіптің талаптарына сәйкес жүзеге асырылады. Елді мекендерде сүйық жуынды -шайынды, қоқым -соқымды коммуналдық шаруашылықтың арнайы қызметтері қүю стансаларына немесе бүл мақсатта арнайы бөлінген жерге шығарәды. Арнайы қызметтердің қамтуымен қамтылмаған кәсіпорындар, жеке адамдар қоқым-сокымды шығаруды өз күштерімен және қүралдарымен жүргізеді. Контейнерлер үшін алаңдар түрғын үйлер мен қоғамдық ғимараттардан, спорт алаңдарынан кемінде 20 метрге, бірақ 100 метрден артық емес жерге аластатылуы тиіс. Орнатылған контейнерлердің саны бір алаңға 5-тен артпауы керек. Контейнерлер, қоқыс жинағыштар дер кезінде тазалануы қажет, оңды жағдайда үсталып, дезинфекциялануы керек. Контейнерлерді, қокыс жинағыштарды дезинфекциялау әрбір босатылған сайын, ал алаңдардың айналасы күн сайын, қырылатын қабырғалар үш күнде бір рет. Түрмыстық қалдықтарды шағару: -жылдың суық уақытында -3 күнде 1 рет; -жылы уақытта күн сайын;
Тармақ 26
26. Көшелердің, тротуарлардың, алаңдардың жүріс бөліктерін жуу коммуналдық шаруашылықтың және кәсіпорындардың арнайы қызметтерінің механизмімен жоспарлы түрде, бірақ аптасына кемінде екі рет сағат 24-тен таңғы 6-ға дейін жүргізіледі. Шаң-тозаң басқан көшелерді суландыру күн сайын (кемінде екі рет), оның ішінде күндіз (кемінде бір рет) жүзеге асырылады.
Тармақ 27
27. Жекеменшік үйлердің (пәтерлердің) кооперативтері, жекеменшік қүқысында үйлері бар азаматтар мен пәтерлер иелері мыналарға міндетті.
Тармақша 1
1)Тұрғын үйлерді осы Ереженің 1 тарауынының 3 тармағының және Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі Агенттігі баға және монополияға қарсы саясат жөніндегі комитетінің 1998 жылғы 05.02 № 16 бұйрығымен бекітілген «Пәтер иелерінің кооперативінің түрғын үй және үй жанындағы жекеменшік жер учаскелерін үстау» Ережелерінің талаптарына сәйкес түрғын үйлерді үстауға;
Тармақша 2
2) Түрмыстық қоқым-соқымды жинау үшін өз есебінен арнайы ыдыстардың қажетті мөлшерін алуға. Түрмыстық қоқым- соқымды жинау үшін арналған ыдысты таза үстауға және тығыздап жабуға.
Тармақша 3
3) Қоқым-соқым салынған ыдысты көшеге қоймауға, оны шығарып, машинаға төгуге.
Тармақша 4
4) Иттер мен мысықтардың пәтерлерді, басқыш торларын және қоғамдық пайдаланатын басқа жерлерді ластануына тыйым салынады. Иттерді далаға шығаруды арнайы бөлінген жерлерде серуендету керек, ал қоғамдық жерлерде тек түмылдырық, қатты бау тағып шығару қажет. Иттерді үстайтын азаматтар иттер үшін ветеринарлық-санитарлык төлқүжат алуға, жоспарлы профилактикалық вакцинация (егу) жасауға міндетті; иттерді аулаларда мықтап байлап үстауға, олардың қашып шығуына жол бермеуге.
Тармақша 5
5) Үй иелері подъездерді аулалық әжетханамен және күрелген қоқыс төгілетін ормен қамтамасыз етеді.
Тармақша 6
6) Көппәтерлі үйлерден, ауласы бар үйлерден, жалдайтын ғимараттардан қоқым-соқымды, түрмыстық қалдықтарды, қатты және сүйық лас жуынды - шайындыны шығаруды азаматтар өзбетімен немесе коммуналдық шаруашылықтармен, немесе осы максаттар үшін арнайы техникасы және механизмдері бар жеке адамдармен, кәсіпорындармен шарт бойынша жүргізеді.
Тарау 3. 3. ҚЫС ЖАҒДАЙЛАРЫНДА АУМАҚТАРДЫ ТАЗАРТУ ЖӘНЕ УСТАУ
3. ҚЫС ЖАҒДАЙЛАРЫНДА АУМАҚТАРДЫ ТАЗАРТУ ЖӘНЕ УСТАУ
Тармақ 28
28. 16 қарашадан 15 сәуірге дейінгі кезде елді мекендердің аумақтарын тазарту қоқым-соқымды, карды, мүзды, батпақты және қүмды тасып шығару сағат 6-дан 9-ға дейін және қажеттілігі бойынша бүкіл күні бойы жүргізілуі қажет. Ауа райының жағдайына байланысты тазартудың бүл тәртібін жергілікті әкімдер өзгерте алады
Тармақ 29
29. Өнеркәсіп және ауылшаруашылығының кәсіпорындары, мекемелер, үйымдар жеке еңбекпен шүғылдану үшін үйлерді жалдаушы адамдар қар тазалауды кар жауғаннан бастап және қар жауу аякталғанға дейін үздіксіз жүргізулері қажет. Автобус аялдамаларының аумақтарынан басқа барлық кошелер мен алаңдарда жаңа жауған қарды жалға салуға және үюге рүқсат етіледі, кейін олар тасып шығарылуы қажет (қар жауу аяқталғаннан кейін іле- шала). Проездермен отетін жерлерге, газондарға қар мен мүз тосеуге тыйым салынады.
Тармақ 30
30. Шатырларды қардан тазалау және карниздердегі, шатырлардағы, су жүретін қүбырларда қар бүлтықтарын жою ғимараттар мен қүрылыстар иелерінің күшімен және қаражаттарымен жүргізіледі, мүнда жаяулардың бақытсыз жағдайын болдырмау, әуе желілерін, жарық сәулелерін және жасыл ағаштарды бүлдірмеу үшін сақтану шараларын міндетті орындау қажет. Шатырлардан түсірілген қар жедел тасып шығарылуы керек. Қарды, мүзды жергілікті басқару органдары белгіленген су объектілері мен аумақтарды ластауды болдырмайтын арнайы бөлінген жерлерге тасып шығару қажет.
Тармақ 31
31. Көшелердің, алаңдардың жүру бөліктеріне, көпірлерге, түйіспелерге көтерілген және төмен түсетін жерлерге механизмдермен күм төгуді коммуналдық кәсіпорындардың мамандандырылған қызметтері жоспарлы жүргізеді.
Тармақ 32
32. Түрғын үй-пайдалану мекемелері, жекеменшік үйлердің (пәтерлердің) кооперативтері, кәсіпорындар, мекемелер, коғамдық үйымдар, үйлерді жалға алған адамдар мен кәсіпорындар коммуналдық шаруашылықтың арнайы техникасы бар мамандандырылған қызметтермен тротуарларға, алаңдарға және өтетін басқа жарлерге және адамдар көп жиналатын орындарға механизммен күм төгуге шарттар жасауға және бүл жүмысты аталған жерлерде өз күштерімен және қаражаттарымен жүргізуге міндетті.
Тармақ 33
33. Жол- пайдалану шаруашылықтары, жекеменшік үйлерден (пәтерлердің) кооперативтері, кәсіпорындар, коғамдық үйымдар, адамдар және меншіктің басқа нысандарындағы кәсіпорындар тротуарларға, үйлерге қарама-қарсы орналасқан автобус аялдамаларының отыру алаңдарына, жаяулар өтетін жерлерге қүм төгеді.
Тарау 4. 4. ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІҢ АУМАҚТАРЫНДА ШАҒЫН СӘУЛЕТТІК НЫСАНДАРДЫ ОРНАТУ ЖӘНЕ ҰСТАУ ТӘРТІБІ.
4. ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІҢ АУМАҚТАРЫНДА ШАҒЫН СӘУЛЕТТІК НЫСАНДАРДЫ ОРНАТУ ЖӘНЕ ҰСТАУ ТӘРТІБІ.
Тармақ 34
34. Сыртқы көркейтудің барлық элементтері, оның ішінде ғимараттардың фасадтарын өңдеу аумақта қүрылыс салудың тәртібін белгілейтін Ережеге сәйкес орындалуы қажет.
Тармақ 35
35. Қашалар, шарбақтар, газондар, киоскілер, палаткалар,павильондар, ларектер, жарнамалық стендер салу және орнату, маңдайша жазуларын, әртүрлі көрнекі және басқа қондырғыларды салу және орнатуға, бақша-парк орындықтарын орнатуға тек қалалык және аудандық сәулет органдарымен келісілгеннен кейін ғана жол беріледі. Барлық сәулеттік нысандар оңды жағдайда үсталуы қажет және жылына кемінде бір рет боялуы қажет.
Тармақ 36
36. Көшелерге жарық беретін шамшырақтар, шырақты жарнама және шырақты маңдайша жазуларды, подъездердегі шырақтар қараңғы түскенде ғана жағылуы керек. Жарық беруге жататын көшелердің, парктердің, скверлердің, бульварлардың, түрғын ықшам аудандардың тізбесін жергілікті әкімдер белгілейді.
Тармақ 37
37. Көшелерді, алаңдарды және басқа қоғамдык орындарды қоқым- соқыммен ластамау үшін қалалардың, аудан орталығының көшелерінде ара қашықтығы 100 метрден аспайтын жерлерге урналар орнатылады. Тұрғын үй- пайдалану мекемелері, үй басқармалары, меншіктің барлық нысандарындағы кәсіпорындар, мекемелер, үй басқармалары, меншіктің барлық нысандарындағы кәсіпорындар, мекемелер, үйымдар (жалгерлер, күрылыс салушылар) фасад бөлегінде өздерінің үйлері мен офистердің кіру және шығу маңында урналар орнатады, сауда үйымдары-сауда үйлерінің кіретін және шығатын жерінің маңында, палаткалардың, ларектердің, павильондардың маңында, коммуналдық шаруашылық кәсіпорындары, үйымдар мен баска кәсіпорындар меншіктері- скверлердің, бульварлардың маңында, парктерде, жағажайларда урналар орнатады, жеке еңбек іс-қимылдарымен шүғылданушылар-жалға алған үйлердің (ларектердің, будкалардың) маңында урналар орнатады. Урналар бүтін және тазалық жағдайда үсталуы қажет, коқым-соқымнан тазартылуы тиіс, аптасына бір рет жуылуы, дезинфекциялануы, жылына кемінде екі рет сырлануы керек.
Тармақ 38
38. Көшелерде, алаңдарда, парктерде, жағажайларда, бейіттерде шағын сәулеттік нысандарының барлық элементтері күрылыс салу жоспарларына сәйкес сақталуы және орналастырылуы кажет, мүны коммуналдық қызметтер орындайды, басқа жерлер мен елді мекендерде-меншіктің барлық нысандарындағы кәсіпорындар, мекемелер, қоғамдық үйымдар, жергілікті әкім белгіленген аумақтарда қүрылыс салушылар жүзеге асырады.
Тармақ 39
39. Түрғын, кызметтік, өнеркәсіптік және басқа ғимараттар мен қүрылыстардың иелері нөмірлік белгілерді оңды жағдайда үстаулары қажет.
Тармақ 40
40. Меншіктің барлык нысандарындағы кәсіпорындар, мемлекеттік мекемелер, қоғамдық үйымдар, оқу орындары, сауда және коғамдық тамактану мекемелері, басқа мекемелер, үйымдар кіреберісте кәсіпорынның, үйымның қазақ және орыс тілдерінде жазылған атауының болуын және олардың тиісті оңды жағдайда үсталуын қамтамасыз етуге міндетті.
Тармақ 41. 5. ИНЖЕНЕРЛІК ҚУРЫЛЫСТАР МЕН КОММУНИКАЦИЯЛАРДЫ ҰСТАУ МЕН ЖИНАСТЫРУДЫҢ ТӘРТІБІ
41. Кәсіпорындар, мекемелер, үйымдар телефон-автоматтарды, жарнамаларды, витриналарды орнатуды жергілікті сәулет органдарымен, ал олар жоқ жерде жергілікті әкімдермен келісім бойынша жүргізулері қажет. Телефон-автоматты жөндеуді, сырлауды олар балансында түрған телефон желілерінің кәсіпорындары жүргізеді. 5. ИНЖЕНЕРЛІК ҚУРЫЛЫСТАР МЕН КОММУНИКАЦИЯЛАРДЫ ҰСТАУ МЕН ЖИНАСТЫРУДЫҢ ТӘРТІБІ
Тармақ 42
42. Қарамағында жер асты желілері бар кәсіпорындар, мекемелер, үйымдар газ люктерінің, канализация, суқүбыры, жаңбыр және басқа қүдықтардың қақпақтары жолжабынының деңгейінде болуын үдайы қадағалап, олардың оңды жағдайда болуы камтамасыз етулері керек.
Тармақ 43
43. Қүрылыстар мен жерасты коммуникацияларын салу жобаларын әзірлеген кезде жобалау үйымдары қүрылыс учаскелерінде болушы ағаштар мен бұтақтардың сақталуын қамтамасыз ететіндей жұмыс ұйымдастыру тәртібін пысыктап, қүрылыс жұмыстарының сметаларында калпына келтіру күнын өтеуді көздеуге, ал оларды басқа жерге отырғызатын болса, жасыл көшеттерді қайта отырғызу жөніндегі жүмыс күнын қосымша өтеуді көздеуге міндетті.
Тармақ 44
44. Елді мекендерді көркейту, санитарлық жағдайда үстауды қамтамасыз ету мақсатында тыйым салынады:
Тармақша 1
1) санэпидқадағалау келісімінсіз түрмыстық қоқысты және тағам қалдықтарын жинау үшін алаңдар орналастыруға;
Тармақша 2
2) түрмыстық және тағам қалдықтарын тасып шығарудың келісілген тәртіптегі кестені бүзуға;
Тармақша 3
3) қүрылыс материалдарын, ағаштарды, көмірді, шөпті, сабанды, улыхимикатты, минералдык тыңайтқыштарды және баска материалдарды көшелерде, тротуарларда, үйлердің фасадтарында сақтауға;
Тармақша 4
4) қоқысты, боқашықты және баска калдықтарды көшелерге, күрылыстан бос аумақтарға, жүретін жерлерге тастауға; сүйык лас заттарды (жуындыларды, кір жуғаннан кейінгі суды) төгуге, сондай-ақ су айдындарын және олардың жағалаудан ластауға;
Тармақша 5
5) сутартатын колонкалардың, артезиандык қүдыктардың және шахталык қүдыктардың маңында кір жууға және шаюға;
Тармақша 6
6) көшелерде, скверлерде, бақтарда, орман бактарында, стадиондарда, мектеп жанындағы учаскелерде және қоғамдык пайдаланылатын басқа орындарда мал, қүс бағуға;
Тармақша 7
7) иттерді тиісті бөлінбеген аумақтарда серуендетуге;
Тармақша 8
8) көшелерде мал айдауға, шынжыр табанды тракторлардың, шынжыр табанды көліктің басқа түрлерінің жүруіне, бүлар үшін мал айдайтын арнаулы жері мен жолдары белгіленуі тиіс;
Тарау 6. 6. ЖАСЫЛ АҒАШТАРДЫ ҮСТАУ ТӘРТІБІ ЖӘНЕ ҚОРҒАУ
6. ЖАСЫЛ АҒАШТАРДЫ ҮСТАУ ТӘРТІБІ ЖӘНЕ ҚОРҒАУ
Тармақ 45
45. Парктерді, тротуарлық газондарды, жасыл шаруашылықтың басқа объектілерін ағымды үстау коммуналдық шаруашылык кәсіпорындарына, сондай- ақ өнеркәсіп және ауылшаруашылығы кәсіпорындарына, мекемелерге, коғамдық үйымдарға, жергілікті әкімдер бекітіп берген аумақтарда жекеменшік үй иелеріне жүктеледі.
Тармақ 46
46. Қүрылыс жүмыстарын жүргізу кезінде тапсырысшылар сақталатын жас көшеттерді қүрылыс үйымдарына сақтау колхатын алумен беруге міндетті. Қүрылыс үйымдары жас көшеттерді шарбақтармен коршауға, жеке жас көшеттерді бүлдірмеу үшін қорабқа салуға міндетті. Қүрылыс салуға немесе басқа жүмыстар жүргізуге бөлінген учаскелерде жас көшеттерді сақтау мүмкін болмаған жағдайда тапсырысшы жас көшеттерді өз күшімен және каражатымен басқа жаққа отырғызуға немесе коммуналдық шаруашылықтың мамандандырылған үйымымен жас көшеттерді кайта отырғызу және күту жөнінде шарт жасауға, жас көшеттердің қүнын өтеуге міндетті. Жас көшеттердің аумағында тыйым салынады:
Тармақша 1
1) құрылыс материалдарын, жер, көмір және басқа заттарды қоймалауға, газондарды, гүлдер егілген жерлерді, ағаш шүңқырларын ластауға;
Тармақша 2
2) газондар бойынша жүруге, ағаштарды сындыруға немесе кесуге, басқа да механикалық бүзуларға;
Тармақша 3
3) көшелерді, алаңдарды, тротуарларды тазалау мақсатында жас көшеттер үшін түз және басқа зиянды заттар қолдануға;
Тармақша 4
4) гүлдерді жүлуға, жемістерді үзуге, мал бағуға, жер, қүм өндіруге;
Тармақша 5
5) жас көшеттерді өнеркәсіптік лайсумен және басқа тастамалармен ластауға;
Тармақша 6
6) бақша мүліктері мен жабдықтарын (орындықтарды, урналарды, шыбықтарды, газон торларын) бүлдіруге;
Тармақша 7
7) автомашиналармен, мотоциклдермен, велосипедтермен, баска да көлік қүрылдарымен жүруге (арнайы көліктен басқа);
Тармақша 8
8) жолаушылар көлігін газондар мен гүлдердің маңында тоқтатуға;
Тармақша 9
9) от жағуға, өртке қарсы басқа да тәртіптерді бүзуға;
Тармақша 10
10) ағаштарға электрсымдарын, тікенек сымдарды, әткеншектерді, киімдерді кептіру үшін жіп байлауға, жазулар жазуға;
Тармақша 11
11) агрономиялық белгілінген мерзімдерден тыс, кесу тәртібін сақтамай, жергілікті әкімшіліктердің коммуналдық шаруашылықтарының өсімдіктер шаруашылығы қызметінің рүқсатынсыз ағаштардың басын кесуге;
Тармақша 12
12) ағаш және бүта көшеттерін өз еркімен кесуге;
Тармақша 13
13) өзбетімен қашалар орнатуға;
Тармақша 14
14) ойындар: футбол, волейбол, городки және баска ойындар (бүл мақсат үшін арнайы бөлінген орыннан басқа) үйымдастыруға;
Тармақша 15
15) жас көшеттерге зиянды ықпал етуді болдырмайтын жабдықтармен қамтамасыз етілмеген жаңа және жаңгыртылган кәсіпорындарды, цехтарды, агрегаттарды және басқа объектілерді пайдалануга беруге.
Тарау 7. 7. КӨРКЕЙТУ ТӘРТІБІН БҰЗҒАНЫ ҮШІН ЖАУАПКЕРШІЛІК, ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДЕ ЖЕРДІ ЖӘНЕ ЖАС АЕАШТАРДЫ ҚОРЕАУДЫҢ САНИТАРЛЫҚ ЖАЕДАЙЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
7. КӨРКЕЙТУ ТӘРТІБІН БҰЗҒАНЫ ҮШІН ЖАУАПКЕРШІЛІК, ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДЕ ЖЕРДІ ЖӘНЕ ЖАС АЕАШТАРДЫ ҚОРЕАУДЫҢ САНИТАРЛЫҚ ЖАЕДАЙЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ Осы ережені бүзғаны үшін жауапкершілік «Әкімшілік күқык бүзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес келеді. Катонқарагай ауданының қала қүрылысы, күрылыс, түргын -үй коммуналдық шаруашылык, көлік, автомобиль жолдары бөлімінің меңгерушісі С.В.Гаврилов