Қолданыстағы ред. 28.03.2005

Халықтың мақсатты топтарын жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау жөніндегі шаралар және оларды қаржыландыру ережелері туралы от 28.03.2005 г. № 1475 (Халықтың мақсатты топтарын жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау жөніндегі шаралар және оларды қаржыландыру ережелері туралы)

0

Халықтың мақсатты топтарын жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау жөніндегі шаралар және оларды қаржыландыру ережелері туралы
«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23-қаңтардағы № 149-11 Заңы 7-бабының 6)-тармақшасына және 5- бабының 2-тармағына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23-қаңтардағы Заңын жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19- маусымдағы № 836 қаулысына сәйкес, халықтың мақсатты топтарын әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шараларды белгілеу мақсатында, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23-қаңтардағы X» 148-11 Заңының 27- бабы 1)-тармағының 17)-тармақшасын басшылыққа ала отырып Катонқарагай аудандың әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. «Жастар іс-тәжірибесін» ұйымдастыру жөніндегі ереже (№ 1 қосымша) және әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру ереже (№ 2 қосымша) бекітілсін.

2

2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудандың әкімінің бірінше орынбасары Манасоваға Ф.Г. жүктелсін.

3

3. Осы қаулы мемлекеттіқ-тғркелген күннен бастап күшіне енеді.

4. «Жастар іс - тәжірибесін» ұйымдастыру жөніндегі ЕРЕЖЕ

Катонқарағай аудандың
әкімиятының 2005 жылғы
«28» наурыз № 1475 қаулысына
№ 1 қосымша
«Жастар іс - тәжірибесін» ұйымдастыру жөніндегі
ЕРЕЖЕ

1. 1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1

1. «Жастар іс - тәжірибесін» ұйымдастыру жөніндегі ереже бастауыш, орта және жоғары кәсіби білім беретін оқу орындарының жұмыссыз түлектерін жұмысқа орналастыру мүмкіншіліктерін кеңейту және олардың тәжірибе, білім, іскерлік пен дағды алу мақсатында әзірленді.

2

2. Осы ереже «Хаілықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23- қаңтардағы № 149-11 Заңының 4, 5, 7, 9, 12 - баптарына сәйкес әзірленді

3

3. Ереже бастапқы жұмыс тәжірибесін алу, жұмысқа орналасу және еңбек рыногіндегі бәсекелестікке төтеп беру қабілеттілігін арттыру үшін мүмкіндіктер тұғызу жөнінде жұмыспен қамту қызметінде тіркелген бастауыш, орта және жоғары кәсіби білім беретін оқу орындарын бітірген жұмыссыз жастарды жұмыспен қамту мәселе бойынша уәкілетті органдардың (одан әрі «Жұмыспен қамту және әлеуметтіқ бағдарламалар бөлімі ») жұмыс бағыттарының бірін айқындайды.
«Жастар іс тәжірибесі» меншік түріне қарамастан мекемелерде, ұйымдарда және кәсіпорындарда (одан әрі «Жұмыс беруші» деп аталатын) ұйымдастырылып өткізіледі. «Жұмыспен қамту және әлеуметтіқ бағдарламалар бөлімі» «Жұмыс берушімен» келісім-шарт негізінде бірлесіп әрекет жасайды.

4

4. «Жұмыспен қамту және әлеуметтіқ бағдарламалар бөлімі» «Жастар іс - тәжірибесіне» жіберу үшін еңбек рыногіндегі жағдайды және жұмыссыз жастардың құрамын есепке ала отырып оқу орындарын бітірген жұмыссыз түлектер есебін анықтайды.

2. 2. «ЖАСТАР ІС - ТӘЖІРИБЕСІН» ҮЙЫМДАСТЫРУ

2. «ЖАСТАР ІС - ТӘЖІРИБЕСІН» ҮЙЫМДАСТЫРУ

5

5. «Жұмыспен қамту және әлеуметтіқ бағдарламалар бөлімі» жастарды жұмыспен қамту аудандағы өңірдегі еңбек рыногіне жағдайды талдау негізінде «Жастар іс - тәжірибесін» өткізу жөнінде шешім қабылдайды.
Шешім қабылдарда келесі негізгі өлшемдер есепке алынады:

1

1) оқу орындарын бітірген жұмыссыз түлектер саны және олардың жұмыспен қамту орталығында тіркелген жұмыссыздардың жалпы санындағы үлесі;

2

2) жастар арасындағы ұзақ уақыт жұмыс істемеген түлектердің санының өсуі;

3

3) бастауыш, орта және жоғары кәсіби білім беретін оқу орындары түлектеріне жұмысқа орналасуда мүмкіншілігін төмендететін еңбек өтілі, алған мамандығы бойынша дағдыларының жоқтығы.

6

6. «Жастар іс - тәжірибесін» өткізу жөніндегі шешімді қабылдағаннан кейін «Жұмыспен қамту және әлеуметтіқ бағдарламалар бөлімі» қаржылық- экономикалық жағынан тұрақты, одан әрі даму және өндірісін кеңейтуге болашағы бар, жұмыс орындарында еңбек жағдайы бар, «Жастар іс тәжірибесіне» қатысушылар үшін потенциалды жұмыс беруші бола алатын мекемелер жөнінде ақпараттар жинау жұмыстарын жүргізеді.
Сонымен қоса «Жұмыспен қамту және әлеуметтіқ бағдарламалар бөлімі» бұкаралық ақпараттық құралдары арқылы «Жастар іс - тәжірибесін» өткізу жағдайлары және мекеменің негізгі принциптері жөнінде ақпарат береді.

7

7. Кәсіпорындар жөнінде жиналған ақпаратты қорыту және талдау негізінде «Жұмыспен қамту және әлеуметтіқ бағдарламалар бөлімі» «Жастар іс тәжірибесіне» қатыстыру үшін оқу орындарын бітірген жұмыссыз түлектерді іріктейді. Іріктеу өлшемдері келесідегілер болуы мүмкін:

1

1) жұмыссыз ретінде «Жұмыспен қамту және әлеуметтіқ бағдарламалар бөлімі » есепте тұрады;

2

2) қатысушыларды іріктеу кезеңінде олар үшін қолайлы жұмыстың болмауы;

3

3) жасы коса алғанда 24-ке дейін.
«Жастар іс тәжірибесіне» тек қана жұмыссыздың келісімімен 6 ай мерзіміне дейін жіберіледі.

8

8. «Жастар іс - тәжірибесін» өткізуді «Жұмыспен қамту және әлеуметтіқ бағдарламалар бөлімі» жергілікті атқарушы органдармен, жастар істері жөніндегі комитеттермен және жастарды жұмысқа орналастыруға ынталанған басқа мекемелермен бірлесіп ұйымдастырады.

9

9. Жұмыссыз түлектерді уақытша жұмысқа қабылдауға келісім берген кәсіпорындармен «Жұмыспен қамту және әлеуметтіқ бағдарламалар бөлімі» келісім-шарт жасайды.
Келісім-шарт жұмысқа қабылданатын азаматтар санын, «Жұмыс беруші» жұмыссыз жастарды жұмысқа алатын мамандықтар (кәсіптер) бойынша тізімді, «Жастар іс - тәжірибесіне» қатысушыларды мамандыққа СӘЙкес кәсіби білімі мен дағдысын қамтамасыз етуді қарайды.

10

10. «Жұмыспен қамту қамту және әлеуметтіқ бағдарламалар бөлімі» жасасқан келісім-шартқа сәйкес «Жастар іс - тәжірибесі» белгісі бар жолдамамен жұмыссызды мекемеге жібереді. «Жұмыспен қамту және әлеуметтіқ бағдарламалар бөлімі » жасасқан шарт шеңберінде, жұмыссызды нақты жұмыс орнына алу жөніндегі шешімді «Жұмыс беруші» қабылдайды.
«Жұмыс беруші» жолдаманың үзінді талонын толтырып жұмыспен қамту орталығының мекен жайына жібереді.

11

11. Жұмыссызды уақытша жұмысқа алу жөніндегі шешім қабылдаған жағдайда «Жұмыс беруші» Қазақстан Республикасының «Еңбек туралы» Заңына сәйкес «Жұмыспен қамту қамту және әлеуметтіқ бағдарламалар бөлімі » келісім - шартта ескертілген мерзімге онымен еңбек келісім- шартына (контрактқа) отырады. Жастар іс-тәжірибесінің басталуы алдында жұмыс беруші қажеттілікке байланысты жұмыссызды жұмыс орнына жіберуге міндетті косымша курстық даярлықты өткізеді.

12

12. «Жұмыс беруші» жұмыссызды жұмысқа орналастырғанда «Жұмыспен қамту және әлеуметтіқ бағдарламалар бөлімі» жұмысқа кабылдаған кезден 3 күн асырмай еңбек келісім-шартының көшірмесі косылған уақытша жұмысқа қабылдау жөніндегі бұйрықтың көшірмесін ұсынады.

13

13. «Жастар іс - тәжірибесіне» қатысушы еңбек заңнамасын бұзған жағдайда «Жұмыс беруші» бір жақтылық тәртіпте келісім-шартты бұзуға кұқылы.

14

14. «Жүмыс берушінің» ықыласы бойынша жұмыссызбен келісім-шарт бұзылғанда жұмыс беруші «Жастар іс - тәжірибесінің» аяқталғаны және «Жастар іс - тәжірибесі» қатысушысының жұмыстан босағаны жөнінде 3 күн мерзімінде «Жұмыспен қамту және әлеуметтіқ бағдарламалар бөлімі» ақпарат береді.
Кәсіпорыннан жұмыстан босатылу Қазақстан Республикасының «Еңбек туралы» Заңына сәйкес жүргізіледі.
Жұмыссыз «Жастар іс - тәжірибесіне» қатысуының доғарылуы жөнінде шешім қабылдауға болады, ол туралы «Жұмыс берушіні» және «Жұмыспен қамту және әлеуметтіқ бағдарламалар бөлімі » 3 күн мерзімінде хабардар етеді.

15

15. Келісім- шарттың мерзімі өткеннен кейін «Жұмыс беруші» «Жұмыспен қамту және әлеуметтіқ бағдарламалар бөлімі » азаматтың еңбек келісім-шарты (контракт) бойынша жұмысқа қабылданғаны жөніндегі бұйрықтың көшірмесін немесе оның кәсіпорыннан жұмыстан босатылуы туралы бұйрықтың көшірмесін жібереді.

16

16. «Жұмыс берушінің» шешімі бойынша жұмыссыз «Жастар іс - тәжірибесін» өту мерзімінің аяқталуына дейін тұрақты жұмыс орнына орналаса алады. Онда «Жұмыс беруші» «Жұмыспен қамту және әлеуметтіқ бағдарламалар бөлімі» «Жастар іс - тәжірибесіне» қатысушының еңбек- келісім шарты бойынша (контракт) жұмысқа алынғаны жөніндегі бұйрықтың көшірмесін жібереді.

17

17. «Жұмыс беруші» шарт мерзімінің аяқталуы бойынша оған қатысушының «Жастар іс - тәжірибесін» өткені туралы мінездеме ұсынады.

18

18. Осы немесе баска кәсіпорындарға тұрақты (уақытша) жұмыс орнына жұмысқа орналаспаса «Жастар іс - тәжірибесінің» аяқталуы бойынша жұмыссыз жұмыссыз ретінде «Жұмыспен қамту және әлеуметтіқ бағдарламалар бөлімі » есепте тұруын жалғастырады.

3. 3. «ЖАСТАР ІC - ТӘЖІРИБЕСІН» ҚАРЖЫЛАНДЫРУ

3. «ЖАСТАР ІC - ТӘЖІРИБЕСІН» ҚАРЖЫЛАНДЫРУ

19

19. «Жастар іс - тәжірибесін» қаржыландыру жұмыспен қамту бағдарламасын орындалуға бекітілген шығыстар сметасына сәйкес облыстық бюджет каражаты есебінен жүргізіледі.

20

20. Маманды жұмыс орнына жіберуге қажетті қосымша курстық даярлыктың төлемі жұмыспен қамту бағдарламасында жұмыссыздардың кәсіби даярлығына қаралған қаржаттар есебінен жүргізіледі.

21

21. «Жастар іс тәжірибесіне» қатысушының еңбек төлемі келесі мөлшерде жүргізіледі:

1

1) толық айға бастауыш және орта кәсіби білім беретін оқу орындарының түлектері үшін бір ең төменгі жалақы;

2

2) толык айға жоғары оқу орындары түлектері үшін 1,2 ең төменгі жалақы.

22

22. «Жұмыс беруші» «Жастар іс - тәжірибесінің» қатысушысына өз каражаты есебінен қосымша төлем жасай алады.

23

23. «Жастар іс - тәжірибесі» қатысушылардың еңбек төлемі «Жұмыспен қамту және әлеуметтіқ бағдарламалар бөлімі» олардың жеке шоттарына қаражат аудару жолымен жүргізіледі.

24

24. «Жастар іс - тәжірибесіне» қатысушы жұмыссыздарға есептелген еңбек ақыға қолданыстағы салық заңнамасына сәйкес салық салынады.
Жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар
бөлімінің меңгерушісі
Л. Токсанова