О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам штатной численности и заимствования Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасының штат саны және қарыз алу мәселелері бойынша кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Бап 1
1-бап. Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ішкі әскерлері туралы" 1992 жылғы 23 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1992 ж., N 11-12, 290-құжат; N 24, 592-құжат; 1993 ж., N 8, 179-құжат; 1995 ж., N 1-2, 17-құжат; 23, 155-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 7, 79-құжат; N 12, 184-құжат; N 13-14, 205-құжат; 1998 жылы 15 желтоқсанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының анықтау мен тергеуді жүзеге асыратын арнаулы мемлекеттік органдары туралы" және "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тергеу комитеті және оның органдары туралы" заң күші бар Жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы" 1998 жылғы 9 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 1998 жылғы 26 желтоқсанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерді қаржыландыру мәселелері бойынша кейбір заң актілеріне өзгерістер енгізу туралы" 1998 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
Тармақша 1
1) 2-баптың үшінші азатжолында "еңбекпен түзеу" деген сөздер "түзеу" деген сөзбен ауыстырылсын;
Тармақша 2
2) 4-баптың үшінші бөлігінде "еңбекпен түзеу" деген сөздер "түзеу" деген сөзбен ауыстырылсын;
Тармақша 3
3) 8-баптың екінші азатжолы мынадай редакцияда жазылсын:
" - ішкі әскерлердің құрылымын, штат саны лимитін, орналастырылуын, Әскери қызметті өтеу туралы ережені және Ішкі әскерлер Қолбасшысының Бас басқармасы туралы ережені бекітеді;";
Тармақша 4
4) 10-баптың бесінші азатжолы мынадай редакцияда жазылсын:
"Ішкі істер министрлігінің ішкі әскерлері құрамаларының (бөлімдерінің) құрылымын, орналастырылуын және штат санын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен штат санының лимитті шегінде белгілейді;";
Тармақша 5
5) 13-бапта:
екінші, үшінші, төртінші және жетінші азатжолдарда "еңбекпен түзеу" деген сөздер "түзеу" деген сөзбен ауыстырылсын;
бесінші азатжолда "еңбекпен түзеу" деген сөздер "түзеу" деген сөзбен ауыстырылсын;
Тармақша 6
6) 21-баптың екінші азатжолында "еңбекпен түзеу" деген сөздер "түзеу" деген сөзбен ауыстырылсын;
Тармақша 7
7) 25-баптың 1), 8) тармақшаларында "еңбекпен түзеу" деген сөздер "түзеу" деген сөзбен ауыстырылсын;
Тармақша 8
8) 26-баптың 1) тармақшасында "еңбекпен түзеу" деген сөздер "түзеу" деген сөзбен ауыстырылсын;
Тармақша 9
9) 39-баптың үшінші бөлігінде "еңбекпен түзеу" деген сөздер "түзеу" деген сөзбен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы" 1993 жылғы 9 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1993 ж., N 8, 202-құжат; 1995 ж., N 8, 56-құжат; N 20, 120-құжат; N 22, 136-құжат):
Тармақша 1
1) 6-баптың екінші бөлігінде:
"Мемлекеттік шекара күзеті жөніндегі мемлекеттік комитеті төрағасының" деген сөздер "Мемлекеттік шекара күзеті күштерінің қолбасшысы - Қазақстан Республикасының Шекара күзеті жөніндегі комитеті төрағасының" деген сөздермен ауыстырылсын;
"мемлекеттік комитеті" деген сөздер "агенттігі" деген сөзбен ауыстырылсын;
Тармақша 2
2) 12-баптың екінші бөлігінің екінші азатжолындағы "санын" деген сөз "құрылымын, штат саны лимитін" деген сөздермен ауыстырылсын;
Тармақша 3
3) 16-баптың екінші бөлігінің жетінші азатжолы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылымын, әскер түрлерінің, тектерінің штат санын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен Қарулы Күштердің штат санының лимиті шегінде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне бағынысты мемлекеттік мекемелердің штат санын белгілейді, өз өкілеттігі шеңберінде кадрлар даярлау мен орналастыруды қамтамасыз етеді;".
Тармақ 3
3. "Қазақстан Республикасының жергілікті өкілді және атқарушы органдары туралы" 1993 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1993 ж., N 23-24, 516-құжат; 1995 ж., N 7, 48-құжат; N 20, 120-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., N 1, 175, 180-құжаттар; 1997 ж., N 12, 181-құжат; 1998 жылы 24 қарашада "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының қарыз алу мәселелері жөніндегі кейбір заң
актілеріне өзгерістер енгізу туралы" 1998 жылғы 20 қарашадағы
Қазақстан Республикасының Заңы):
Тармақша 1
1) 34-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"34-бап. Әкімшілік-аумақтық мекеннің
экономикалық және қаржылық негізі
Облыстың, аудан (қаладағы ауданнан басқа) мен республикалық және
облыстық маңызы бар қаланың экономикалық және қаржылық негізін мыналар
құрайды:
1) жергілікті бюджет;
2) коммуналдық заңды тұлғаларға бекітілген мүлік;
3) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әкімшілік-аумақтық
мекендердің меншігіндегі өзге де мүлік.";
Тармақша 2
2) 36-бапта:
төртінші бөліктегі "теңгермеленіп" деген сөз алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
"Жергілікті бюджетке түсімдер көздері, оны әзірлеу, бекіту және
атқару тәртібі "Бюджет жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының
Заңымен және өзге де нормативтік-құқықтық актілермен белгіленеді.";
Тармақша 3
3) 37-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"37-бап. Жергілікті бюджеттердің кірістері мен шығыстары
Жергілікті бюджеттердің кірістері мен шығыстары "Бюджет жүйесі
туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қалыптасады.";
Тармақша 4
4) 38 және 39-баптар алып тасталсын;
Тармақша 5
5) 40-бапта:
1-тармақта:
жетінші азатжолдағы "жалпы" деген сөз алып тасталсын;
он бесінші азатжол алып тасталсын;
2-тармақта:
а) тармақшасы мынадай мазмұндағы екінші азатжолмен толықтырылсын:
" - лотереялар шығару, олардың шарттары, оларды орналастыру және өткізу туралы шешімдер, сондай-ақ облыстар мен Астана және Алматы қалалары бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен қарыз алу лимиті шегінде қарыз алу туралы шешімдер қабылдау;";
б) тармақшасында:
бірінші азатжол мынадай редакцияда жазылсын:
"б) Астана және Алматы қалалары Мәслихаттарының-Депутаттар жиналыстарының өкілеттігіне мыналар жатады:";
мынадай мазмұндағы екінші азатжолмен толықтырылсын:
" - лотереялар шығару, олардың шарттары, оларды орналастыру және өткізу туралы шешімдер, сондай-ақ облыстар мен Астана және Алматы қалалары бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен қарыз алу лимиті шегінде қарыз алу туралы шешімдер қабылдау;";
Тармақша 6
6) 42-бапта:
тоғызыншы азатжол мынадай редакцияда жазылсын:
" - аппараттың, жергілікті әкімшілік органдарының және оның шешімдері бойынша құрылатын және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын өзге мемлекеттік мекемелердің басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады, заң актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, көзделген қаржы бөлу шегінде олардың штат санының лимитін және материалдық-техникалық қамтамасыз ету шарттарын бекітеді;";
оныншы азатжол мынадай редакцияда жазылсын:
" - Қазақстан Республикасы министрліктерінің, мемлекеттік комитеттері мен ведомстволарының, аумақтық органдарының (прокуратура мен соттардан және Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардан басқасы), республикалық бағыныстағы ұйымдардың бірінші басшыларын қызметке тағайындауға келісім береді, оларды қызметтен босату туралы ұсыныс енгізеді;";
он төртінші азатжолдағы "ұйымдастырады" деген сөз "жүзеге асырады" деген сөздермен ауыстырылсын.
Тармақша 7
7) 43-баптың екінші азатжолы мынадай редакцияда жазылсын:
" - "Бюджет жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жергілікті бюджет жобаларын, облыстың, ауданның, қаланың әлеуметтік-экономикалық даму жоспарлары мен бағдарламаларының жобаларын әзірлейді;".
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы" 1995 жылғы 21 желтоқсандағы N 2707 заң күші бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., N 23, 154-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 7, 79-құжат; N 12, 184-құжат; 1998 ж., N 17-18, 225-құжат; 1998 жылғы 15 желтоқсанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының анықтау мен тергеуді жүзеге асыратын арнаулы мемлекеттік органдары туралы" және "Қазақстан Республикасының мемлекеттік тергеу комитеті және оның органдары туралы" заң күші бар Жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы" 1998 жылғы 9 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 1998 жылы 26 желтоқсанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерді қаржыландыру мәселелері бойынша кейбір заң актілеріне өзгерістер енгізу туралы" 1998 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
Тармақша 1
1) 4-баптың төртінші бөлігін мынадай редакцияда жазылсын:
"Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын ішкі істер органдары жүйесінің үлгілік ұйымдық құрылымы мен штат санын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының үкіметі бекітеді.";
Тармақша 2
2) 6-баптың 2-тармағында:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"2) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен штат санының лимиті шегінде ішкі істер органдары жүйесінің құрылымы мен штат санын белгілейді, ал жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ішкі істер органдарының штат санын облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдерімен келісе отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен сан нормативтерінен төмен емес мөлшерде белгілейді;";
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"3) ішкі істер органдары жүйесінің басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады, қызметке тағайындау және қызметтен босату тәртібін белгілейді, бұл орайда жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын ішкі істер органдары бөлімшелерінің басшыларын қызметке тағайындау және қызметтен босату облыстардың, Астана, Алматы қалаларының әкімдерімен келісе отырып жүзеге асырылады;".
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары туралы" 1995 жылғы 21 желтоқсандағы N 2710 заң күші бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., N 24, 157-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 10, 108-құжат; N 12, 184-құжат; 1998 жылы 15 желтоқсанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының анықтау мен тергеуді жүзеге асыратын арнаулы мемлекеттік органдары туралы" және "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тергеу комитеті және оның органдары туралы" заң күші бар Жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы" 1998 жылғы 9 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 1998 жылы 26 желтоқсанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерді қаржыландыру мәселелері бойынша кейбір заң актілеріне өзгерістер енгізу туралы" 1998 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
16-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Ұлттық қауіпсіздік органдары жүйесі әскери қызметшілерінің, жұмысшылары мен қызметшілерінің штат санының лимитін Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті белгілейді.
Ұлттық қауіпсіздік органдары, сондай-ақ Ұлттық қауіпсіздік
комитетіне ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер әскери
қызметшілерінің, жұмысшылары мен қызметшілерінің штат санын ұлттық
қауіпсіздік органдары жүйесі әскери қызметшілері, жұмысшылары мен
қызметшілері штат саны лимитінің Қазақстан Республикасының Президенті
бекіткен шегінде Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы белгілейді.".
Бап 2
2-бап. Осы Заң жарияланған күннен бастап күшіне енеді.