Қолданыстағы ред. 19.10.2005

Шахтинск қаласын және маңындағы кенттерді абаттандыру Қағидасын бекіту туралы от 19.10.2005 г. № 141/18 (Шахтинск қаласын және маңындағы кенттерді абаттандыру Қағидасын бекіту туралы)

0

«Шахтинск қаласын және
маңындағы кенттерді абаттандыру
Қағидасын бекіту туралы»
«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Қоршаған ортаны қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Жаңа объектілер салуға және қолда бар объектілерді өзгертуге рұқсат беретін рәсімдерді өткізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 13 желтоқсанындағы № 1313 қаулысына сәйкес қалалық Мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

1

1. Шахтинск қаласын және маңындағы кенттерді абаттандыру Қағидасын бекітілсін /қосымша/.

2

2. Осы шешімнің орындалысына бақылау жасау заңдылық және әлеуметтік сала мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін. /Исатаев К.К./

3. Шахтинск қаласын және маңындағы кенттерді абаттандыру Қағидасы

Қалалық Мәслихаттың 2005 жылғы 19 қазандағы
XVIII кезектен тыс сессиясының № 141/18 шешіміне
Қосымша
Шахтинск қаласын және маңындағы кенттерді абаттандыру
Қағидасы
Осы Қағида «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне, «Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық игілігі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Қоршаған ортаны қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Жаңа объектілер салуға және қолда бар объектілерді өзгертуге рұқсат беретін рәсімдерді өткізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 13 желтоқсанындағы № 1313 қаулысына, сәйкес әзірленіп дайындалады.

1. 1. Жалпы қағидалар

1. Жалпы қағидалар

1

1. Шахтинск қаласын көркейту қағидасы елді-мекендердегі қоршаған ортаны толығымен күтіп ұстау және ғимараттар бойынша шаралар кешенін өткізу тәртібін анықтайды, көркейту элементтері мен объектілерінің жағдайына сәулет, санитарлық және экологиялық сипаттағы негізгі талаптарды анықтайды.
Осы қағида қала аумағында тұратын немесе өз қызметін жүзеге асыратын, меншік нысанына қарамастан барлық заңды және жеке тұлғалар үшін міндетті болып табылады.

2

2. Қағида нормативтік құжат болып табылады, қаланы көркейту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу мәселелерін қамтитын, сондай-ақ барлық меншік нысанындағы заңды және жеке тұлғалардың жауапкершілігі, міндеті және құқығы енеді.

3

3. Объектілердің және көркейту элементтерін, инженерлік инфроқұрылымдардың сақталуына бақылауды жүзеге асыруды тиісті өкілетті органдар жүргізеді.

2. 2. Қағидада қолданылатын негізгі терминдер және анықтамалар

2. Қағидада қолданылатын негізгі терминдер және анықтамалар

4

4. Инженерлік инфрақұрылым – адамдардың тіршілік етуі, сондай-ақ өндірістің немесе тауарлар мен қызмет айналымының тұрақты жұмыс істеуі үшін қалыпты жағдай туғызатын кәсіпорындардың (ұйымдардың), объектілердің (ғимараттар мен құрылыстардың), инженерлік және коммуналдық қамтамасыз етудің коммуникациялары мен желілерінің жиынтығы.

5

5. Коммуналдық-тұрмыстық қалдықтар – адамның тіршілік ету әрекеті нәтижесінде пайда болған қалдықтар.

6

6. Көркейту – таза, ыңғайлы және мәдени өмір сүру талабын құру үшін жүзеге асырылатын жұмыстардың және іс-шаралардың бірігуі.

7

7. Қалдықтарды орналастыру объектісі – полигондар, күл-қоқыс сақтау орындары, қалдық сақтау орындары, кен жыныстарының үйінділері мен қалдықтарды сақтауға және көмуге арналған басқа да арнайы жабдықталған орындар.

8

8. Қалдықтармен жұмыс істеу – қалдықтардың пайда болуына, жиналуына, сақталуына, пайдаланылуына, кәдеге жаратылуына, тасымалдануына және көмілуіне байланысты қызметтің барлық түрлері.

9

9. Қалдықтармен жұмыс істеу нормативтері – қалдықтардың қоршаған ортаға әсер етуін ескере отырып, олардың пайда болуына, жиналуына, сақталуына, пайдаланылуына, кәдеге жаратылуына, тасымалдануына және көмілуіне байланысты сандық және сапалық шектеулер.

10

10. Өкілетті орган – қаланы көркейтумен байланысты, арақатынстарды реттеу саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасы негізінде өкілеттікті жүзеге асыратын мемлекеттік орган.

11

11. Өтініш беруші – өзінің мақсаты үшін (тұру, қызмет көрсету, өнімдер шығару, пайда табу және тағы сол сияқтылар үшін) жаңа қүрылысты жүзеге асыруға ниеті бар немесе қолда бар ғимараттардың (құрылстардың) жекелеген ұй-жайларын немесе өзге де біліктерін қайта жаңғырту, қайта жоспарлау немесе қайта жабдықтау жүргізуге мүдделі жеке немесе заңды тұлға (меншік иесі, тапсырысшы, құрылыс салушы).

12

12. Рұқсат беретін құжаттар – өтініш берушіге жаңа объекті салу немесе қолда бар объектіні өзгерту жөнінде өзінің ойын іске асыруға құқық беретін құжаттар, мыналарды қамтиды:

1

1) ведомстволық бағыныстағы жер телімінің аумағын өтініш берілген объектінің құрылысына беру туралы тиісті жергілікті атқарушы органның шешімін не өтініш берушінің меншік немесе жер пайдалану құқығында болатын телімді құрылысқа пайдалануға арналған рұқсатты;

2

2) қосымша жер телімін (аумақты) берумен (бөліп берумен) байланысты емес қолда бар объектіге (объектінің жекелеген бөліктеріне) сұратылған өзгерістер жүргізуге тиісті жергілікті атқарушы органның рұқсатын;

3

3) мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясының функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі Құрылыс істері жөніндегі комитетінің сәулет-құрылыс алаңында (жер телімінде, аумақта, трассада) осы құрылысқа арналып белгіленген мақсаттағы объекті бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарын жүзеге асыруға арналған рұқсатты.

13

13. Тұтыну қалдықтары – табиғи және моральдық тозу нәтижесінде өзінің тұтынушылық қасиетін толық немесе ішінара жойған бұйымдар, материалдар мен заттар.

3. 3. Жер және құрылыс жұмыстарын жүзеге асыру тәртібі

3. Жер және құрылыс жұмыстарын жүзеге асыру тәртібі

14

14. Өтініш беруші жұмыс басталғанға дейін төмендегілерді орындауға тиіс:

1

1) белгіленген үлгіде ескерту белгілері мен қажетті қоршауларды жұмыс жүргізілетін қауіпті аймақ шекарасы бойына орнату;

2

2) жүргіншілер жүретін жерлерге құрылғылар орнату және қазылған учаскелерді түнгі уақытта жарықпен қамтамасыз ету;

3

3) нөсерлік канализациялардың үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуге шаралар қабылдау;

4

4) механизмдер жұмыс істейтін аймақтарда жасыл көшеттер болған жағдайда олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қатты қалқандармен қоршау;

5

5) жол өткелдері мен қозғалыс жолдарын жабу қажет болған жағдайда айналма жолдары дайныдап, тиісті белгілер арқылы айналма жолдарды анық көрсету;

6

6) жұмыс өндірісі қолданыстағы нормалар мен ережелерге, сондай-ақ рұқсат беру құжаттарына сәйкес жүргізіледі;

7

7) құрылыс материалдарын сақтау жел ұшырмайтын және шаң-тозаңды болдырмайтын шаралар сақтала отырып жүргізіледі. Жұмыс барысында одан әрі пайдалануға жарамсыз материалдар өндіріс процесінде шығарылады. Жасыл көшеттер, жер асы құрылымдарының құдық қақпақтарын, су ағар торларды, лотоқтарды құрылыс материалдарымен және топырақпен жабуға тыйым салынады. Құрылыстың аталған элементтерін қорғау үшін люктер мен құдықтарға қолжеткізуге мүмкіндік болатындай ағаш қалқандар және қоршаулар қолданылуы тиіс.

15

15. Күтпеген жағдайлар, стихиялық апаттар туылған кезде (өрт, төтенше, апатты жағдайлар) апатты жұмыс өндірісі орнында материалдар мен басқа да мүліктерді қоймалаған меншік нысанына қарамастан заңды және жеке тұлғалар өкілетті органдардың бірінші талабы бойынша өз күштерімен осы учаскені босатуға тиіс.

16. 4. Инженерлік тораптарды, құрылыстарды және коммуникацияларды ұстау тәртібі

16. Жұмыс жүргізілетін жерлерде ақпараттық қалқандар (объектінің, кәсіпорынның атауы) орнатылуы тиіс.
4. Инженерлік тораптарды, құрылыстарды және коммуникацияларды ұстау тәртібі

17

17. Қаланы көркетудің бұзылуын болдырмау үшін инженерлік инфрақұрылымдардың техникалық жағдайы және құрылымы арнайы инженерлік инфрақұрылымдарда иеліктері бар заңды және жеке тұлғалардың үнемі бақылауында болады, олар төмендегілерге болмайды:

1

1) аумақты су басуына жол бермеу;

2

2) бөлінген және қорғау аймақтардың жағдайын бақылау, люктардың қақпақтары, құдық және камералардың жабындылары, нөсерлік канализациялардың торлары жол жабындыларының деңгейінде болуы және үнемі дұрыс істеп тұруын тексеріп тұруы тиіс.

18

18. Жоғарғы және жер асты суларына арналған каналдарды, құдықтарды, құбырлар мен дренаждарды тазалау мен жинау, нөсерлік канализациялары коллекторлары мен жаңбыр қабылдағыш құдықтарды тазалау қажетіне қарай жаз мезгілінде төрт реттен кем емес, ал қыс мезгілінде бір реттен кем емес жүргізіледі.

5. 5. Сыртқы жарықтандыру қондырғыларын ұстау

5. Сыртқы жарықтандыру қондырғыларын ұстау

19

19. Аумақты жарықтандыру сыртқы жарықты орнату арқылы қамтамасыз етіледі. Сыртқы жарықты орнатуға төмендегілер жатады:

1

1) электрмен жабдықтау құрылғылары, бөлуші жүйелер;

2

2) электр желіліерін орналастыру және қорғау қондырғысы;

3

3) кронштейндер, тросты іліншек тіректері.

20

20. Тар жолдар, тротуарлар және алаңдарға жарық түсіру ғимарат қабырғасына ілінген шамдармен оларға жақсы жарық түсетіндей жерге ілу арқылы жүргізіледі.

21

21. Сыртқы жарық қондырғысына қызмет көрсету және күтіп ұстау төмендегі шараларды қамтиды:

1

1) сыртқы жарық қондырғысын техникалық дұрыс жағдайда ұстау, ондағы сандық және сапалық көрсеткіштер берілген параметрге сәйкес келумен қоса, лампаларды ауыстыру және шамдардағы істен шыққан шашыратқыштарды ауыстыру, шамдарды тазалау, жарық түсіру деңгейін өлшеуді енгізу;

2

2) шамдарды жөндеу кезінде неғұрлым сапалы, қазіргі заманғы және тиімді жарық лампаларын пайдалану қажет.

22

22. Жарықтандыру тірегіне жарнама қалқандарын, баланста ұстаушының келісімінсіз басқа инженерлік жүйелерді орнатуға тыйым салынады.

6. 6. Қалалық аумақты жинау тәртібі

6. Қалалық аумақты жинау тәртібі

23

23. Аумағы оқшауланған объектілерде (базарлар, жағажайлар, бақтар, емдеу-сауықтыру мекемелері) санитарлық-эпидемиялық станциялардың келісімінсіз санитарлық қондырғыларды орнатуға және құрылыстарын жүргізуге, автокөліктерін жууға, шашылған шөлмектерді және ағаштарды сақтауға болмайды.

24

24. Қоғамдық орындардағы аумақтарды жинау (жалпы қолданыстағы демалыс орындары) таңертеңгілік және адамдар аз жүретін уақыттарда (түнгі, таңертеңгілік кезде) жүргізіледі.

25

25. Жазғы маусымда жүретін жерлерден және тротуарлардан шаң-тозаң, кір-қоқыс жерге түскен жапырақтар, көше күл-қоқыстары. Жолдар, алаңдар көшелер және инженерлік құрылыстар жүру бөліктері түнгі уақытта жуылады.

26

26. Күзде жапырақтар көптеп түсе бастаған кезде олар уақытында жиналып отыруы керек. Жиналған жапырақтарды арнайы шірітуге арналған орындарға апарып, төгу керек. Жиналған жапырақтарды тұрғын үй аудандарында, парктерде жағуға болмайды.

27

27. Жодардағы және тротуарлардағы көктайғақтармен күресу үшін тұз араластырылған кұм (немесе басқа хлоридалы құмдар) қолданылады. Жолдарды қауіпсіздендіру жүру қозғалысы жоғары жерлерде ең бірінші кезекте апатты-қауіпті жерлерден басталады: тік құлама түсү және көтерілу жолдарында, қиылыстарда, қоғамдық көліктер аялдамалары орындарында, көпірлердің өту бөліктерінде, жол өтімдерінде және басқа инженерлік құрылыстарда.

28

28. Көк шөптің үстіне мұз ойындыларын, лас қарларды тастауға және жинауға болмайды.

29

29. Базардың аумағында канализация және су құбыры болуы керек.

30

30. Демалыс орындарында медициналық пункттер, құтқару станциялары, тамақтану орындары, киініп шешінетін кабиналар, дәретханалар орналасады.

31

31. Ашық және жабық шешінетін орындар, шешінуге арналған павильондар, гардеробтар күн сайын Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген зарарсыздандырғыш дәрмектердің ерітінділерін пайдалану арқылы жуылып отырылуы керек.

32

32. Шомылуға арналған жерлерде машина, кір жуып, жануарларды шомылдыруға және оларды ертіп жүруге тыйым салынады.

33

33. Қысқы маусым аяқталғанда су тоғандарының жағалық аймақтары күл қоқыстардан, бей берекет үйінділерден арылуы керек, су бассейінінің санитарлық жағдайын күтіп ұстау бойынша шаралар жүргізілуі қажет.

7. 7. Қатты тұрмыстық қалдықтарды және қоқыстарды жинау және шығару тәртібі

7. Қатты тұрмыстық қалдықтарды және қоқыстарды жинау және шығару тәртібі

34

34. Тұрғын үйлерден, сауда және қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарынан, мәдениет кәсіпорындарынан, қоғамдық және басқадай ұйымдардан қатты қалдықтарды және коммуналдық-тұрмыстық қалдықтарын шығару жоспарлы-тұрақтандыру жүйесі бойынша арнайы кәсіпорындар арқылы жүргізіледі.

35

35. Қоқыс жинайтын алаңдар елді мекендерде тұратын адамдар үшін қолайлы жағдайда топырақ беті мен ауаның ластануына мүмкіндік бермейтін, тиісті эстетикалық талаптарды қамтамасыз етуді есепке ала отырып орналастырылады. Алаңқайлар асфальтпен жабылып және оған үй не кіре беріс жақтан арналуы трнаспорттың кіріп шығуына мүмкіндік жасалған жөн.

36

36. Қалдықтарды сыртқа шығару жұмысына өкілеттік орган бақылау жасайды.

37

37. Қоршаған ортаның нашар жағдайын ескере отырып, қаланы көркейту мақсатында меншіктің барлық нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдарға, жеке тұлғаларға:

1

1) қоқыстарды, тұрмыстық қалдықтарды, лайлар мен басқа да қоқыстарды, құрылыс қалдықтарын, сондай-ақ қар мен мұзды арнайы бөлінген орындардан басқа, нөсер қабылдағыштар мен торларға, байқайтын және бақылайтын канализациялық құдықтарға, су құбыры мен жылу жүйелерріне, фонтандарға, суаттарға, өзендер мен жасыл көшеттерге, көгалдарға, алаңдарға, гүлзарларға, көлік жолдарына, қоғамдық көліктерді тосатын аялдамаларға тастауға;

2

2) аулалар, гүлзарлар, бақтар және басқа да қоғамдық пайдаланатын орындардағы жабдықтарды сындыруға;

3

3) жергілікті атқарушы органдарымен үйлердің алдыңғы қабырғасына, ғимараттарда және құрылыстарда, су беру құбырларында, жарық беру тіректерінде, инженерлік тораптардың және коммуникация құрылыстарында және бұл мақсаттарға бөлінбеген өзге де жерлерде хабарландыруларды, баспалы жарнамалық және үгіттеу өнімдерін (плакат, жарнама, парақтарды) және көрнекі ақпараттың өзге де объектілерін ілуге немесе меншік иесінің келісімінсіз;

4

4) қоқыс төгетін қораптарда қоқыстарды өртеуге, қоқыс төгетін орынға құрылыс материалдарын, металл қалдықтарын тастауға болмайды.

8. 8. Құрылысты бұзу және шығару

8. Құрылысты бұзу және шығару

38

38. Бұзу және бөлшектеу технологиясы қызметкерлер мен жұмысшылардың қауіпсіз еңбек талаптарын қамтамасыз ету керек.

39

39. Құрылыстарды бөлшектегеннен және тасып-шығарғаннан кейін, коммуналдық-тұрмыстық қалдықтар қаланың қоқыстарды орналастыру объектісіне тасып шығарылады, ал учаскелер өңдеуге жатады.

9. 9. Үй маңайын күтіп-ұстау және тазалау

9. Үй маңайын күтіп-ұстау және тазалау

40

40. Үй иеліктерінің, ұйымдардың, мәдени-көпшілік мекемелерінде, демалыс орындарында қоқыс пен қалдықтарды жинауға арналған контейнерлерді қоюға көліктің келуіне ыңғайлы жолы бар арнайы алаң бөлінуі керек. Алаң су өткізбейтін қабатпен жабылып, жасыл көшеттермен қоршалуы керек.

41

41. Жеке жер үйлер иелеріне, кондоминиум объектілерін басқару органдарына аула маңайы және үйге жүру жолын жинау жүктеледі.

10. 10. Осы Қағиданы бұздандығы үшін жауапкершілік

10. Осы Қағиданы бұздандығы үшін жауапкершілік

42

42. Осы Қағиданы бұзғаны үшін, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне көрсетілген санкциялар қолданылады.