Об утверждении правил благоустройства территории населенных пунктов района Магжана Жумабаева Қолданыста
Басқа 0
Мағжан Жұмабаев ауданының елді мекендерінің аумағын көркейту Ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабындағы 8 тармаққа, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы» Кодексінің 3 бабына сәйкес аудандық мәслихат сессиясы ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Мағжан Жұмабаев ауданының елді мекендерінің аумағын көркейту Ережелері бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім ауданның Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен кезеңнен бастап күшіне енеді.
КЕЛІСІЛДІ:
Мемлекеттік санитарлық
эпидемиологиялық қадағалаудың
облыстық департаментінің
Мағжан Жұмабаев ауданы
бойынша бөлімінің бастығы
С. Жигаев
Басқа 3. Мағжан Жұмабаев ауданының мекендерінің аумағын көркейту Ережесі
Мағжан Жумабаев ауданы
мәслихатының 2005 жылғы
16 қыркүйектегі № 23-4
«Мағжан Жұмабаев ауданының
елді мекендерінің аумағын
көркейту Ережесін бекіту
туралы» шешімімен Бекітілген
Мағжан Жұмабаев ауданының мекендерінің аумағын көркейту Ережесі
Тармақ 3
Осы Мағжан Жұмабаев ауданының елді мекендерін көркейту Ережесі (ары қарай Ереже) 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы» Кодексіне, Қазақстан Республикасының халықтың санитарлық эпидемиологиялық аман-саулығы мәселелері заңнамасына сәйкес жасалған және ауданның елді мекендерінің аумағын көркейту, санитарлық тазалау және жинауды ұйымдастыру саласында жеке және занды тұлғалардың қатынасын, сондай-ақ осы Ережені бұзғаны үшін жауапкершілікті реттейді.
Ереже меншік түріне қарамастан Мағжан Жұмабаев ауданының елді мекендерінің аумағында орналасқан барлық субъектілері үшін міндетті.
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Меншік түріне қарамастан ұйымдар, кәсіпорындар, мекемелер, лауазымдық тұлғалар және азаматтар ауданның елді мекендері аумағында көркейту Ережесін, тазалықты және тәртіпті сақтауға міндетті.
Тармақ 2
2. Елді мекендердің аумағын санитарлық тазалау жүйесі тұмыстық және өндірістік қалдықтарды жинау, жою, залалсыздандыру және өңдеуді қарастырады.
Тармақ 3
3. Осы Ережеде қолданылатын түсініктер қолданыстағы заңнамаға сәйкес аныкталады.
Тарау 2. 2. Елді мекендердің аумағын жинау және ұстау
2. Елді мекендердің аумағын жинау және ұстау
Тармақ 4
4. Қоғамдық орындар Қазақтсан Республикасының заңнамалық актілерімен, басқа нормативтік құқықтық актілермен және осы Ережемен белгіленген талаптарға сәйкес ұсталады.
Тармақ 5
5. Қоғамдық қолданыс орындарында қоқыс жинайтын ыдыстар қойылуы иіс. Бұл ыдыстардың ара қашықтығы халық көп жүретін көшелерде 40 метрден (әрі қарай м), аз жүретін көшелерде 100 м аспауы керек. Олар олған кезде қоқыстан тазартып отыру қажет.
Тармақ 6
6. Жоспарлы-жүйелі тазалау жиналған қалдықтарды шығарушы жеке және аңды тұлғалармен жасалған шарт- кестелер бойынша жүргізілуі тиіс.
Тармақ 7
7. Саябақтың қоқыс жинайтын ыдыс орнатуға арналған шаруашылық аумағы демалушылар көп жиналатын орындардан (би алаңдары, эстрадалар, бұрқақтар, бас аллеялар, көрініс павильондары) 50 м жақын болмауы керек.
Тармақ 8
8. Қоқыс жинайтын ыдыстар саны былай анықталады: саябақ алаңының 100 шаршы метріне - 1 ыдыс. Бас аллеяларда қоқыс жинайтын ыдыстардың ара қашықтығы 40 метрден аспауы керек. Әр дүкен, дүңгіршек маңында қоқыс жинайтын ыдыс орнатылуы тиіс.
Тармақ 9
9. Жапырақтар түсетін кезде оларды уақытында жинау қажет. Жиналған жапырақтарды арнайы бөлінген орындарға немесе бастыру алқаптарына шығару керек.
Тармақ 10
10. Үй қожалықтарының, ұйымдар, мәдени-көпшілік мекемелері, демалыс орындарының аумағында қоқыс пен қалдықтарды жинайтын контейнерлер орнатылуы тиіс және оларға көлік жақындай алатын жол болуы тиіс.
Тармақ 11
11. Контейнерлер орнатуға арналған орындар тұрғын үйлер және барлық түрдегі қоғамдық ғимараттар мен ұйымдардан, спорттық алаңдардан, халықтың демалыс орындарынан 25 метрден кем емес және 100 метрден аспайтын жерде орналасуы тиіс.
Тармақ 12
12. Аула дәретханаларынан, контейнерлік алаңдардан бекітілген бөліністі сақтау мүмкіндігі жоқ құрылыс аумақтарында бұл ара қашықтықтарды аудандық сәулетші, тұрғын үйді пайдалану ұйымы және мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық қызметі аумақтық органының маманы қатысқан комиссия белгілейді.
Тармақ 13
13. Қатты және сұйық тұрмыстық қалдыктарды залалсыздандыру қолданыстағы нормативтік құжаттарға сәйкес келетін арнайы орындарда қатты тұрмыстық қалдықтар полигондары, тазарту алаңдары, жырту алаңдары, мал жерлейтін орындар, канализациялық құрылыстар) жасалуы тиіс.
Тармақ 14
14. Су құйылатын канализациялары жоқ көшелердің көлік жүретін жолдары сыпыру-жинау машиналарымен тазалануы керек. Көшелерге ас тұзын себуге болмайды.
Тармақ 15
15. Жолдарды жуған кезде жол жиектерінде жиналған балшықтар су ағынымен жасыл екпелерге және тротуарға лақтырылмау керек.
Тармақ 16
16. Қысқы кезеңде жасыл екпе алаңдарына мүз ойындыларын, ластанған қарды тасу, лақтыру және жинауға болмайды.
Тармақ 17
17. Қоқыс жинағыштар (контейнерлер) санын анықтау үшін оларды қолданатын тұрғындар санын, қалдықтарды жинау, оларды сақтау нормаларын есепке алу керек.
Тармақ 18
18. Сумен жабдықтау орталықтандырылмаған жағдайда аула дәретханалары құдықтардан және су көздерінен 50 метрден кем емес қашықтықта орнатылуы тиіс. Аула дәретханалары күнде тазартылып тұруы қажет. Базарлар нормативтік құжаттар талаптарына сәйкес оқшауландырылған аумақтарда орналастырылуы қажет.
Тармақ 19
19. Базарды ұйымдастырғанда міндетті түрде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тазалық ережелері мен нормалары, өрт қауіпсіздігі ережелері, сәулет, құрылыс, ветеринарлық, экологиялық және басқа талаптар сақталуы тиіс.
Тармақ 20
20. Елді мекендер аумағында:
Тармақша 1
1) көшенің көлік және жолаушылар жүретін бөліктерін, су қоймаларын, жағалауларды, бос жатқан жер аумақтарын, жасыл екпелер аумақтарын және басқа да жалпы пайдаланыс орындарын қоқыстармен (шылым қалдықтары, бөтелкелер, қағаздар) ластауға;
Тармақша 2
2) халық суға түсуге арналған орындарда көлік құралдарын жууға, кір жууға, малдарды жуындыруға;
Тармақша 3
3) белгіленбеген орындарда хабарландырулар, жарқағаздар, үндеухаттар, хабарламалар және басқа материалдар жапсыруга тыйым салынады.
Тармақша 4
4) малды, құсты көшелерде, гүл алаңдарында, бақшаларда, стадиондарда, мектеп жанындағы учаскелерде бағуға тыйым салынады.
Тармақ 21
21. Елді мекен аумағын жинау жөніндегі ұйым әкімшілігі:
Тармақша 1
1) тұрғын үйлер, ұйымдар, мекемелер аумағынан қатты және сұйық тұрмыстық қалдықтарды мерзімінде (шартқа сәйкес) шығаруға;
Тармақша 2
2) әр арнайы машинаға қозғалыс сызбасы мен бағыттық кестелер құрастыруға және оларды пайдалану шарттарының өзгеруіне сәйкес тұзетуге;
Тармақша 3
3) азаматтардың жеке меншік құқығындағы үй құрылысы аумағын қатты тұрмыстық қалдықтардан жоспарлы-жүйелі түрде аптасына екі рет тазалауға тиісті.
Тарау 3. 3. Осы Ережені бұзғаны үшін жауапкершілік
3. Осы Ережені бұзғаны үшін жауапкершілік
Тармақ 22
22. Осы Ереженің талаптарын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Кодексіне сәйкес жауапкершілік тартылады.