О правилах оказания помощи малообеспеченным семьям (гражданам) на оплату содержания жилища и оплату коммунальных услуг Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.10.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйлерді ұстау үшін төлеуге көмек көрсету ережелері туралы Қазақстан Республикасының № 94 1997 жылғы 16 сәуірдегі, № 477 1999 жылғы 16 қарашадағы, № 568 2004 жылғы 5 шілдедегі; № 13 2004 жылғы 20 желтоқсандағы өзгертулер мен толықтырулар енгізілген «Тұрғын үй қарым-қатынастары туралы» Заңының 97 бабы 2 тармағы және № 148 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабының 1 тармағы негізінде, аудандық мәслихат ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. «Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйлерді ұстау үшін төлеуге көмек көрсету ережелері туралы» қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. № 29 2004 жылғы 15 қаңтардағы, 2004 жылғы 17 ақпандағы тіркеу № 1154, № 24 (8153) 2004 жылғы 9 маусымдағы «Ишим» аудандық газеті, «Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйлерді ұстауға және коммуналдық қызметтерді төлеуге көмек көрсету ережелері туралы» аудандық мәслихаттың шешімінің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Нақты Ережелер Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының әділет Басқармасында тіркелгеннен кейін күшіне енеді. КЕЛІСІЛГЕН: Экономика және қаржы бөлім бастығы Қ.Сатвалдинова 17.10.2005 ж. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлім бастығының м.а. А.Бектасова 17.10.2005 ж.
Басқа 4. Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйлерді ұстау үшін төлеуге көмек көрсету ЕРЕЖЕСІ
Аудандық мөслихаттың сессиясының 2005 жылғы 14 қазандағы № 141 шешімімен бекітілген Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйлерді ұстау үшін төлеуге көмек көрсету ЕРЕЖЕСІ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Нағыз ереже тұрмыстық жәрдемақыны төлеу тәртібі мен шартын анықтайды.
Тармақ 2
2. Тұрмыстық жәрдемақы аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйлерді ұстау (жеке тұрғын үйді ұстаудан басқа) және коммуналдық қызмет көрсетудің ақысы үшін шығынның өтемін толтыруға ұсынылады.
Тарау 2. 2. Тұрмыстық жәрдемакыға құқық
2. Тұрмыстық жәрдемакыға құқық
Тармақ 3
3. Тұрмыстық жәрдемақы Есіл ауданында үнемі түратын Қазақстан Республикасының азаматтары, тұруға рұқсаты бар оралмандар, және тұрғын үйге жеке меншіктік құқығы бар азаматтар, коммуналдық қызмет көрсету және тұрғын үйді ұстау үшін шығындардың тұрғын үй көлемі нормасына сай, өтемақы шараларымен қамтамасыз етілген, осы мақсатқа жіберілген отбасы бюджеті шығынының үлестік шегінен жоғары болса тұрғын үй және коммуналдық қызмет (сумен жабдықтау, канализация, жылу, электроэнергия, газ, қоқықты шығару) Есіл ауданының тұрғындары үшін отбасыларының жиынтық табысының 30 пайыз көлемінде белгіленеді. Тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтердің нормативі мен тарифі заңнама тәртібімен анықталмаған жағдайда шығыстардың өтемі нағыз шығындар бойынша жүргізіледі. Коммуналдық қызметтерді тұтынуды есепке алу аспаптары бар, өткен айдың нақты шығындары бойынша осы есепке алу аспаптары негізінде тұтынушылардың есебіне қолданылатын шығындары анықталады.
Тармақ 4
4. Тұрмыстық жәрдемақы мына отбасыларға тағайындалмайды: жеке меншігінде бір үйден артық, үйін жалға берген, жұмыспен қамту мәселе жөніндегі уәкілеттік органда жұмыссыз болып тіркелмеген жұмыссыздары бар, 1 айдан артық стационарлы емдеуде болған мүгедектер мен тұлғалардан басқа, төбөркөлөзбен ауыратын, уақытша жұмыссыз деп танылған дәрігерлік-консультациялық комиссия қорытындысы бар және емдеу мекемелерінде тұрақты азаматтар, студенттер және оқушылар, күндізгі бөлімде оқитын курсанттар және тыңдаушылар, 1,2 топ мүгедектерге күтетін азаматтар, сексен жастан асқан азаматтар, 7 жасқа дейінгі балалар. Үй иесі немесе уй иелерінің біреуі қайтыс болған жағдайда, тұрмыстық жәрдемақы үй иесі қайтқан күннен бастап 6 ай бойы, осы үйде тұрақты тұратын отбасы мүшелеріне, мүрагерлік құқығы берілгенге дейін тұрғын үй аумағының нормасы және коммуналдық қызметтерді тұтыну нормативтерінің шегінде төленеді.
Тарау 3. 3. Тұрмыстық жәрдемақыны тағайындау тәртібі
3. Тұрмыстық жәрдемақыны тағайындау тәртібі
Тармақ 5
5. Есіл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне тұрмыстык, жәрдемақы тағайындау үшін тұлға (әрі қарай - өтінуші) өз атынан немесе отбасының атынан белгіленген үлгі бойынша құжаттар ұсынумен бірге, өтінуші өз жеке куәлігін және барлық отбасы мүшелерінің жеке куәліктерін тапсырады.
Тармақ 6
6. Өтінішпен бірге келесі құжаттар тапсырылады:
Тармақша 1
1) Отбасы мүшелері туралы мәліметтер;
Тармақша 2
2) Жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық ұсынатын үйдің жалпы көлемі жайында жеке меншік үйі туралы мәлімет;
Тармақша 3
3) Өтінушінің және отбасының табыстары туралы мәлімет;
Тармақша 4
4) Тұрғын үй және коммуналдық қызметке төленген шығын туралы мәліметтер. Өтінуші және оның отбасы мүшелері Қазақстан Республикасының заңнама актілеріне сай өтініште берілген мәліметтердің толықтығына және шындығына жауапты.
Тармақ 7
7. Тұрмыстық жәрдемақы жергілікті бюджетте қаралған сома шегінде тағайындалады.
Тармақ 8
8. Бөлім құжаттармен бірге арыз бергеннен кейін 15 күн ішінде тұрмыстық жәрдемақы тағайындау немесе тағайындамау туралы шешім қабылдайды.
Тармақ 9
9. Тұрмыстық жәрдемақы өткен айға төленеді. Құжаттар тоқсанның соңғы айының 25-не дейін қабылданады.
Тармақ 10
10. Тұрмыстық жәрдемақы жақсы жабдықталған үйде тұратындарға қызмет көрсетушілердің есебіне арыз бойынша ақшасыз есепке аударылады.
Тармақ 11
11. Құжаттар тапсырылған соң өтініш беруші және бөлім арасында шарт жасалады және есеп айырысады. Шарт 2 данада жасалады, үй иесінде 1 дана қалады. Тұрмыстық жәрдемақысын төлеу негізі осы шарт болып саналады.
Тармақ 12
12. Бөлім үй иелерінің тұрғын үй көмегі мөлшері реестірін жасап және ай сайын қызмет көрстеушілер есебіне ақша аударады.
Тармақ 13
13. Бөлім қажет болған жағдайда отбасының тұрмыстық жағдайын тексеріп, басқа органдардан қажет мәліметтерді сұрай алады.
Тармақ 14
14. Тұрмыстық жәрдемақы алушы тұрғын үй көмегін немесе оны алу құқығын өзгертуге негіз болатын себептер туралы 10 күн ішінде хабарлауға тиісті.
Тармақ 15
15. Бөлім Қазақстан Республикасының заңнама актілеріне сәйкес тұрмыстық жәрдемақысын төлеу жөне тағайындау дұрыстығына жауапты.
Тарау 6. 6. Тұрмыстық жәрдемақының мөлшерін анықтау
6. Тұрмыстық жәрдемақының мөлшерін анықтау
Тармақ 16
16. Тұрмыстық жәрдемақының мөлшері отбасына бөліммен тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызмет нормасы есебінен меншік иесінің нақты төлеген айырмасы түрінде төленеді.
Тармақ 17
17. Тұрмыстық жәрдемақыны алуға отбасының жиынтық табысын анықтау № 31-11 2002 жылғы 13 ақпандағы Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің бұйрығымен бекітілген, атаулы әлеуметтік көмек төлеу туралы отбасы жиынтығы табысын анықтау ережесі негізінде анықталады.
Тармақ 18
18. Тұрмыстық жәрдемақының сомасы тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызмет үшін нақты тағайындалған сомадан жоғары бола алмайды.
Тармақ 19
19. Тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызмет үшін төлем, отбасы және құрамы өзгерген жағдайда, тұрмыстық жәрдемақы қайта есептеледі, артық төленген ақы қайтарылады.
Тарау 7. 7. Тұрмыстық жәрдемақыны қаржыландыру көздері
7. Тұрмыстық жәрдемақыны қаржыландыру көздері
Тармақ 20
20. Тұрғын үй жәрдемақысы ағымдағы жылға сәйкес бекітілген жергілікті бюджет қаржысы ессбінен төленеді.