Об утверждении Правил учетной регистрации малочисленных религиозных групп Қолданыста
Басқа 0
Саны жағынан аз діни топтарды есептік тіркеу Ережелерін бекіту туралы
«Дін тұту еркіндігі және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 15 қаңтардағы Заңының 6-2 бабына сәйкес және заңды тұлға нышандары жоқ саны жағынан аз діни топтарды қамтамасыз ету мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Тайынша ауданы аумағындағы саны жағынан аз діни топтарды есептік тіркеуге қоса берілген Ережелер бекітілсін.
Тармақ 2
2. Тайынша ауданының ішкі саясат бөлімі саны жағынан аз діни топтарды есептік тіркеу жөніндегі уәкілетті органы болып белгіленсін.
Басқа 3. Саны жағынан аз діни топтарды есептік тіркеу Ережелері
Аудан әкімдігінің 2005 жылғы
18 қазандағы № 492 қаулысымен
Бекітілген
Саны жағынан аз діни топтарды есептік тіркеу Ережелері
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Ереже Тайынша ауданы әкімдігінің заңды тұлға нышандары жоқ саны жағынан аз діни топтардың есептік тіркеу жөніндегі қызметін реттейді.
Тармақ 2
2. Заңды тұлға нышандары жоқ саны жағынан аз діни топтардың есептік тіркеу «Дін тұту еркіндігі және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 15 қаңтардағы № 1128-ХІІ Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Саны жағынан аз діни топтарды тіркеу діни бірлестіктермен байланыс бойынша уәкілетті органмен (әрі қарай - тіркеу органы) жүргізіледі.
Тармақ 4
4. Есептік тіркеуге жататын мүшелері он кәмелеттік жасқа толған азаматтардан аспайтын және заңды тұлға статусы бар Қазақстан Республикасы діни бірлестіктерінің біріне жататын саны жағынан аз діни топтарға жергілікті діни қауымдар жатады.
Тармақ 5
5. Заңды тұлға нышаны жоқ саны жағынан аз діни топтарды тіркеу діни қызметті жүзеге асырудағы легитимдік субъектілеріне берілетін тәсіл болып табылады және тіркеу органымен саны жағынан аз діни топтар туралы мәліметті есеп жүрігізу журналына енгізу жолымен жүзеге асырылады. Есептік тіркеуден өту туралы ресми расталуы анықтама қағаз болып табылады.
Тармақ 6
6. Заңды тұлға нышандары жоқ саны жағынан аз діни топ діни қызметті жүзеге асыру құқығын оны тіркеу органында есептік тіркеуге қойған кезден бастап беріледі.
Тарау 2. 2. Саны жағынан аз діни топтарды есептік тіркеу тәртібі
2. Саны жағынан аз діни топтарды есептік тіркеу тәртібі
Тармақ 7
7. Саны жағынан аз діни топтарды есептік тіркеуге:
Тармақша 1
1) есеп жүргізу журналына діни топтар туралы мәліметтерді енгізу;
Тармақша 2
2) есепке қою туралы анықтама беру енеді.
Тармақ 8
8. Есептік тіркеу үшін діни топ аудан әкімдігіне:
Тармақша 1
1) діни қауымның атауы көрсетілген есепке тіркеу туралы арызды, оның қай дін тұтуына жататындығын, орналасқан жері, топ басшысы туралы, қызметін жүзеге асыратын шекте ғибадат қылу орны мен аумағының бар болуы туралы мәліметті (осы Ереженің 1 қосымшаға келісім бойынша);
Тармақша 2
2) топ құрайтын кәмелеттік жасқа толған азаматтардың тізімін (2 қосымша);
Тармақша 3
3) топ мүшелері жиналысының хаттамасын;
Тармақша 4
4) тіркелетін саны жағынан аз діни топқа құрылымды түрде жататын заңды тұлға статусы бар діни бірлестік жарғысының нотариалды бекітілген көшірмесін тапсырады.
Тармақ 9
9. Саны жағынан аз діни топтарды есептік тіркеу туралы мәліметтер арнайы қатаң есеп берушілік журналына енгізіледі (4 қосымша).
Тармақ 10
10. Есептік тіркеу құжаттар тапсырған күннен бастап 10 күннен аспайтын мерзімде жүргізіледі.
Тармақ 11
11. Тіркеу органы діни топтың басшысына аудан әкімінің орынбасарымен қол қойылатын жергілікті атқару органында есептік тіркеуге қою туралы белгіленген үлгідегі анықтама қағаз береді (3 қосымша).
Тармақ 12
12. Саны жағынан аз діни топта өзгеріс болған жағдайда тіркеу органымен журналға сәйкес мәліметтер енгізіледі.
Тармақ 13
13. Саны жағынан аз діни топтарды есепке қою туралы мәліметтер, сонымен қатар есеп жүргізу журналына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар облыстың ішкі саясат бөліміне жіберіледі.
Тармақ 14
14. Топ басшысы аудан әкімдігіне жылына екі рет өзінің қызметі туралы ақпарат береді.
Тармақ 15
15. Есептік тіркеу тегін жүргізіледі.
Тармақ 16. Діни топтар құрайтын азаматтардың тізімі
16. Саны жағынан аз діни топ өз қызметін шын мәнінде тоқтатқан жағдайда, немесе заңды тұлға немесе заңды тұлға филиалы статусымен діни бірлестік ретінде әділет органдарында заңды тіркеуден өткеннен кейін есептік тіркеуден алынады.
Саны жағынан аз діни
топтарды есептік тіркеу
Ережесіне 1 қосымша
_______________________
(арызды тіркейтін органның
_______________________
атауы мен мекен-жайы)
Өтініш
______________________________________________
(топ басшысының тегі, аты, әкесінің аты)
______________________________________________
(діни топтың атауы, оның қай дін тұтуына жататындығы)
______________________________________________
(кәмелеттік жасқа толған мүшелелердің саны)
______________________________________________
(діни топтардың мекен-жайы мен ғибадат ету орындарының
бар болуы)
______________________________________________
(өз қызметін жүзеге асыратын шектегі аумақ)
______________________________________________
______________________________________________
______________________________________________
Саны жағынан аз діни
топтарды есептік тіркеу
Ережесіне 2 қосымша
Діни топтар құрайтын азаматтардың тізімі
№
Тегі, аты, әкесінің аты
Туған жылы, айы, күні
Тұғылықты жері (мекен-жайы)
Қолы
Саны жағынан аз діни
топтарды есептік тіркеу
Ережесіне 3 қосымша
________________________
(өтінішті тіркейтін органның атауы)
Діни топты есептік тіркеуге қою туралы анықтама қағаз
№_____
Берілді «___»________________ 2005 ж.
Діни топтың атауы ________________________________
_____________________________________________________
Топты тіркейтін органның басшысы
Мөр
Саны жағынан аз діни
топтарды есептік тіркеу
Ережесіне 4 қосымша
Саны жағынан аз діни топтарды тіркеу журналы
№
Тіркеу нөмірі және тіркелген күні
Діни топтың атауы
Діни топтың қай дін тұтуына жататындығы және қай діни орталыққа жататындығы
Діни топтың орналасқан жері
Діни топтың қызмет ету ауданы
1
2
3
4
5
6
Ғибадат ету ғимаратының бар болуы (Құдайға құлшылық ету орны)
Басшының немесе топ өкілінін тегі, аты, әкесінің аты, оның мекен-жайы, телефон нөмрі
Тіркеу туралы тұлғаны толтыратын тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты
Тіркеу туралы анықтаманы алған тұлғаныың тегі, аты, әкесінің аты және қолы
Ескерту
7
8
9
10
11