Жергілікті атқару органының резервін пайдалану Ережесін бекіту туралы Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.07.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жергілікті атқару органының резервін пайдалану Ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 27 желтоқсандағы № 1405 «Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқару органдарының резервтерін пайдалану Ережесін бекіту туралы» қаулысын жүзеге асыру мақсатында, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет Кодексіне сәйкес Қазакстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабы 1 тармағының 1 тармақшасын басшылыққа ала отырып Жарма ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: Жергілікті атқару органының резервін пайдалану Ережесі (қосымша берілген) бекітілсін.
Басқа 1. Жергілікті атқару органының резервін пайдалану
2005 жылғы «5» шілде № 207 Жарма ауданы әкімиятының қаулысымен бекітілген Жергілікті атқару органының резервін пайдалану Ережесі Осы ереже жергілікті атқару органының резервін бөлу және пайдалану реттілігін айқындайды. І. Жалпы түсініктер
Тармақ 1
1. Осы Ережеде мына түсініктер пайдаланылады : резерв - жергілікті бюджетте сәйкес қаржылық жылға ескерілген және бір реттік құлықтағы ескерілмеген шыгындарды қаржыландыру үшін аудан әкімиятынының қаулысы бойынша бөлінетін қаржы ; ескерілмеген шығындар - ағымды қаржылық жылда кейінге қалтырмай қаржыландыруды талап ететін және оның кездейсоқтыгына орай бюджетті қалыптастыру кезінде жоспарлау мүмкіншілігі болмаган шығындар.
Тармақ 2
2. Жергілікті атқару органының резерві есебінен қаржыландырылатын бір реттік қүлықтағы ескерілмеген шығындарға мына шаралар жатады;
Тармақша 1
1) Мыналарды қамтитын табиғи және техногенді құлықтағы төтенше жағдайларды жою: төтенше жағдайлардың туындауы нәтижесінде зардап шеккендерге материалдық көмек көрсету; зардап шеккендер үшін уақытша тұру тамақтану пунктерін ашу және ұстау; сақтанудың техникалық көздеріне, жабдықтарына, құралдарына жедел бейімделудің авариялық-қалыпқа келтіру бөлімшелерін қосымша толықтыру; төтенше жагдай аймағына күш пен қаржыны тасуды қамтамасыз ету ; төтенше жағдайлардың алдын алу мен жою бойынша кезек күттірмейтін, өмірлік маңызды және қорғаныс шараларын өткізу ; тұргындарды хабарландыру жүйесін қайта конструкциялау және пайдалану ; материалдық- техникалық, азық-түліктік, медициналық және басқа да қорларды жасау және жаңарту ; сәтсіз оқиғалар, апаттар және катастрофалар жайында хабарландыру мен болжамдар, алдын алу шаралары ғылыми зерттеулер, қадағалаулар, жағдайды бақылау, білімді насихаттау, тұрғындарды, мамандарды оқыту, оқыту-жаттықтыру және басқа да қорғану шаралары.
Тармақша 2
2) аудан әкімиятының қаулысымен айқындалатын басқа да кезек күттірмейтін шығындар.
Тармақ 3
3. Қаржылық жыл бойы жергілікті атқару органдарының резервінен бөлінген ақшаны пайдаланбаған немесе жартылай пайдаланған жағдайда, бюджеттік бағдарламаның әкімшілігі ағымдағы қаржылық жылдың аяғына дейін бөлінген ақшаның пайдаланылмаған бөлігін сәйкес бюджетке қайтаруды қамтамасыз етеді.
Тармақ 2. 2. Жергілікті атқару органдарының резерв қаржысын бөлу және пайдалану тәртібі
2. Жергілікті атқару органдарының резерв қаржысын бөлу және пайдалану тәртібі Жергілікті атқару органының резервінен қаржы бөлуді аудан әкімиятының қаулысы негізінде қаржы бөлімі жүзеге асырады, онда алушы, бөлінген қаржы мөлшері, оны пайдалану мүддесі көрсетіледі, сондай-ақ қаржы қайта қайтару негізінде бөлінсе, оны беру және қайтару мерзімі көрсетіледі. Жергілікті атқару органының резерв қаржысының қатаң мүдделі тағайындауы бар, және ол осы Ережемен және аудан әкімиятының қаулысында ескерілмеген мұқтаждықтарға пайдаланылмауы керек. Қаржы бөлуге аудандық әкімиятының қаулысын дайындаған кезде мына жағдайларды ескеру қажет:
Тармақша 1
1) Ағымдағы жылы аталған мүддеге жергілікті бюджетте қаржы бөлу мүмкіндігі жоқтығы.
Тармақша 2
2) жергілікті атқару органдарының резерв каржысына деген сұранысы, және бұл қажеттіліктің алушылардың тек міндеттерді жабу, сот шешімімен болған жағдайдан басқа бұрынғы міндеттерімен байланысты еместігі. Аудан әкімиятының қаржы бөлу туралы қаулысы қаржыландыру сомасына қарамастан бір жыл өткен соң күшін жояды.
Тармақ 3. 3. Төтенше жағдайларды жоюға қаржы бөлу
3. Төтенше жағдайларды жоюға қаржы бөлу Жергілікті деңгейдегі табиғи және техногенді құлықтағы төтенше жағдай туындай қалса аудан әкімінің резервінен ақша бөлу туралы қолдау хатты төтенше жағдайлар бойынша аудандық уәкіл орган немесе аудандық қаржы бөлімі шешеді. Негіздеуші материалдарды жәнеоның тізімін ұсыну реттілігін төтенше жағдайлар бойынша аудандық комиссия айқындайды. Төтенше жағдайдың деңгейін қарап айқындаған соң, қажет болған жағдайда оны жою қаулысының жобасы жасалады. Жергілікті деңгейдегі аудандық мәндегі табиғи және техногенді құлықтағы төтенше жағдайды жою қажет болған жағдайда, төтенше жағдайлар бойынша уәкіл орган немесе аудандық қаржы бөлімі заңдылықта белгіленген реттілікпен жергілікті атқару органына табиғи және техногенді құлықтағы төтенше жағдайды жоюға қаржы бөлу туралы шешімнің жобасын енгізеді.
Тармақ 4. 4. Жергілікті атқару органдарының резервін қауырт шығындарға пайдалану реттілігі
4. Жергілікті атқару органдарының резервін қауырт шығындарға пайдалану реттілігі Қазақстан Республикасының саяси, экономикалық және әлеуметтік тұрақтылығына, немесе оның әкімшілік-аумақтык бірліктеріне, адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп тудыратын жағдай туындай қалса, сондай-ақ жергілікті атқару органының резервінен ескерілмеген шығындарға ақша бөлінген жағдайда сәйкес мемлекеттік орган бюджетті орындау бойынша уәкіл органға сәйкес негіздемелерімен және есептерімен қаржы бөлу туралы қолдау хат ұсынады. Бюджетті орындау бойынша уәкіл орган ұсынылған қолдаухаттың негізінде жергілікті атқару органының резервте қауырт шығындарға ескерілген ақшадан белгілі мөлшерде бөлудің мүмкіндігіне немесе мүмкін еместігіне тұжырым береді. Мемлекеттік органның қолдаухатына оңды тұжырым жасалса жергілікті атқару органының қауырт шығынға ақша бөлу туралы шешімінің жобасын заңдылықпен белгіленген реттілікпен сол мемлекеттік орган дайындайды. 5. Басқадай ескерілмеген шығындарға қаржы бөлу Резерв қаржылары аудандық бюджеттік бағдарлама әкімшіліктерінің, аудан әкімінің бюджетті қалыптастыру кезінде ескерілмеген шығындарға сәйкес негіздемелерімен және есептерімен жасалған сондай-ақ іс-әрекеттегі заңдылыққа қайшы келмейтін қолдаухаты негізінде бөлінеді. 6. Бақылау және есептілік Резерв қаржысын алушы оны пайдалану жөнінде есеп береді, бөлінетін қаржының мақсатсыз жұмсалуына толық жауап береді. Аудан әкімдігінің резерв қаржысын дұрыс жұмсауға бақылау аудандық қаржы бөліміне жүктеледі. Жергілікті атқару органының резервінен бөлінген қаржыдан ақша алушы бюджеттік бағдарлама әкімшіліктері олардың пайдаланылуы, атқарылған жұмыстың көлемі мен құны туралы бюджетті орындау бойынша орталық уәкілетті орган белгіленген реттілікпен және мерзімінде есеп беруге міндетті. Бюджетті орындау бойынша жергілікті уәкілетті орган ай сайын жергілікті атқару органына жергілікті атқару органы резервінің ақшасын пайдалану және сәйкес кезеңге оның қалдығы туралы ақпарат беріп отырады. Жергілікті атқару органы резервінің ақшасын мақсатсыз пайдаланғаны үшін жауапкершілік жергілікті атқару органының резервінен Қазақстан Республикасының заңдылықтарында ескерілген реттілікпен ақша алған бюджеттік бағдарлама әкімшілігіне жүктеледі. Аудан әкімі Аппаратының басшысы: Д.Садыков
Тармақ 5