Об утверждении Регламента акимата Шемонаихинского района Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.04.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Шемонаиха ауданы әкімиятының Үлгі регламентін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 24 сөуірдегі № 546 "Облыс (республикалық маңызы бар қала) және аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімияттарының үлгі регламенттерін бекіту туралы" қаулысына сәйкес ШЕШТІМ:
Тармақ 1
1. Шемонаиха ауданы әкімиятының регламенті бекітілсін (қоса берілді).
Тармақ 2
2. Шемонаиха ауданы әкімінің 2001 жылғы 12 маусымдағы № 1121 "Шемонаиха ауданы әкімиятының Регламентін бекіту туралы" шешімінің күші жойылды деп есептелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан өкімі аппаратынын басшысы Ж.З. Қалиеваға жүктелсін.
Басқа 4. Шемонаиха ауданы әкімиятының ҮЛГІ РЕГЛАМЕНТІ
Шемонаиха ауданы әкімінің 2005 ж. 26 сәуір № 22 шешімімен бекітілді Шемонаиха ауданы әкімиятының ҮЛГІ РЕГЛАМЕНТІ 1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Шемонаиха ауданының әкімияты (бұдан өрі - әкімият) Қазақстан Республикасы атқарушы органдарының біртұтас жүйесіне кіреді, атқарушы биліктің жалпы мемлекеттік саясатын Шемонаиха ауданынын даму мүдделеріне және қажеттілігіне сәйкес жүргізуді қамтамасыз етеді.
Тармақ 2
2. Әкім әкімият құрамын әкім орынбасарларынан, әкім аппаратының басшысынан, аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың бірінші басшыларынан құрады. Аудан әкімі әкімият мүшелерінің санын айқындайды. Аудан әкімі әкімияттың дербес құрамын айқындайды және аудандық мәслихат сессиясының шешімімен келісіледі.
Тармақ 3
3. Әкімият қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясымен, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен, "Облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) және аудан (облыстық маңызы бар қала) өкімияттарьіның Үлгі регламентін бекіту туралы "Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құкықтык актілерімен және осы Регламентпен реттеледі.
Тармақ 4
4. Әкімияттың қызметін ақпараттық-талдау тұрғысынан, ұйымдастыру- құқықтық және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етуді аудан әкімі аппараты (бұдан әрі - аппарат) жүзеге асырады.
Тармақ 5
5. Әкімият іс қағаздарын жүргізу және әкімиятқа түсетін хат-хабарларды өңдеу аппаратқа жүктеледі және "Әкімшілік рәсімдер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес әзірленетін әрі аудан әкімі бекітетін тәртіппен жүзеге асырылады.
Тармақ 6. 2. Жұмысты жоспарлау
6. Аудан әкімінің орынбасарлары мен аппарат басшысы аудан әкімиятының және әкімінің қарауына енгізілетін актілер жобалары өтуінің осы Регламентпен белгіленген тәртібінің сақталуын камтамасыз етеді. 2. Жұмысты жоспарлау
Тармақ 7. 3. Әкімият мәжілістерін дайындау және өткізу тәртібі
7. Аудан әкімі аппаратының кеңсесі әкімият мүшелерінің және аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар басшыларының ұсыныстары бойынша әкімият мәжілістерінде қаралатын мәселелердің тоқсан сайынгы тізбесін жасайды. Әкімияттың мәжілістерінде қарауға жоспарланатын мәселелердің тізбесін аудан әкімі бекітеді. Бекітілген тізбе әкімият мүшелеріне, сондай-ақ, қажет болған жағдайда, атқарушы органдардың басшыларына және қала, кент және ауылдық (селолық) баска да лауазымды адамдарға таратылады. Аудан әкімі тиісті атқарушы органның бірінші басшысының не аудан әкімі аппаратының басшысы ұсынатын аныктама негізінде, тізбеден жоспарланған мәселені алып тастау немесе оны қарауды басқа мерзімге ауыстыру туралы шешім қабылдайды. 3. Әкімият мәжілістерін дайындау және өткізу тәртібі
Тармақ 8
8. Әкімият мәжілістері әр айдың бірінші сейсенбісінде өткізіледі және оны аудан әкімі шақырады.
Тармақ 9
9. Әкімият мәжілістерінде аудан әкімі, ал ол болмаған кезде - әкімнің міндетін атқарушы орынбасары төрағалық етеді.
Тармақ 10
10. Әкімият мәжілістері, әдетте, ашық болады және мемлекеттік тілде және (немесе) орыс тілінде жүргізіледі. Қажет болған ретте, жекелеген мәселелер жабық мөжілістерде қаралуы мүмкін.
Тармақ 11
11. Әкімият мәжілісі, егер оған әкімият мүшелерінін кемінде үштен екісі қатысса, занды болып есептеледі. Әкімияттың мәжілісінде мәселені қараудың нәтижелері бойынша қаулы қабылданады. Қаулы әкімияттың қатысып отырған мүшелерінің көпшілік дауысымен қабылданады.
Тармақ 12
12. Әкімияттың мәжілістерінде Қазақстан Республикасы Парламентінің, облыстық және аудандық мәслихаттың депутаттары, Шемонаиха қ., кенттердің және ауылдық (селолық) округтердің әкімдері, сондай-ақ өкім бекіткен тізбе бойынша кеңесші дауыс құқығымен орталық атқарушы органдар аумактық бөлімшелерінің басшылары және өзге лауазымды адамдар қатыса а лады.
Тармақ 13
13. Аппарат кеңсесінің және атқарушы органдардың әкімият мәжілістерінде қарауға мәселелер дайындауы мынадай талаптарды сактай отырып жүзеге асырылады:
Тармақша 1
1) әкімият мәжілісіне енгізілетін анықтамаларға, талдау материалдарына, қаулылардың жобаларына құжатты енгізетін органның бірінші басшысы не оны алмастыратын адам (бұдан әрі - бірінші басшы) алдын ала бұрыштама қояды, оның қолы осы органның ресми көзқарасын растау болып табылады;
Тармақша 2
2) жоба мен анықтама, әдетте, аралығы екі жол арқылы басылған 5 бет мәтіннен аспауы тиіс;
Тармақша 3
3) әрбір мәселе бойынша жобаның және анықтаманың тақырыптары бірдей болуы тиіс;
Тармақша 4
4) әкімияттың мәжілісіне енгізілетін материалдарға, кажет болтан реіге, қосымша ақпараттық мөліметтер қоса беріледі;
Тармақша 5
5) мәселе енгізетін орган немесе аппарат талқыланатын мәселелер бойынша мәжіліске шақырылғандардың тізімін айкындайды және нақтылайды. Көрсетілген құжаттар аудан әкімі аппаратының кеңсесіне әкімият мәжілісіне жеті күн қалғанда ұсынылады. Шақырылғандардын келуін, мәселені қарауға енгізуді бағыттайтын бөлім камтамасыз етеді.
Тармақ 14
14. Аппарат кеңсесі мәжіліс күн тәртібінің жобасын жасайды және аудан әкімімен не оны алмастыратын адаммен келісілгеннен кейін, оны және тиісті материалдарды аппарат басшысы бекіткен жіберілім көрсеткішіне сай, мәжіліске дейінгі үш күнде әкімият мүшелеріне және шақырылғандарга, ал қажет болған ретте, басқа да лауазымды адамдарға таратады. Тиісті органдар материалдарды уақытылы ұсынбаған жағдайда аппарат басшысы бұл туралы аудан әкіміне немесе оны алмастыратын адамға баяндайды. Материалдардың уақытылы ұсынылмауына жауапкершілік тиісті органдардың бірінші басшыларына жүктеледі. Аудан әкімнің тапсырмасы бойынша шұғыл түрде әкімият мәжілісін өткізген кезде қаралатын мәселелер бойынша материалдар аппаратка ол өткізілетін күні енгізілуі мүмкін.
Тармақ 15. 4. Аудан әкімияты және әкімі актілерінің жобаларын дайындау және ресімдеу тәртібі
15. Әкімият мәжілісінде хаттама жүргізіліп, онда қатысқан лауазымды адамдар, талқыланатын мәселелердің аты және мән-жайы, талқылау кезіндегі баяндамашылар мен сөз сөйлеушілер, олардың сөйлеген сөздерінің негізгі мазмұны, ескертулер және әкімият мүшелері қабылдаған қаулы көрсетіледі. Мәжілістерде қаралатын мәселелер ақпараттық электронды көздеріне жазылады. Кеңсе әкімият мәжілісі аяқталған күннен бастап үш күн мерзімде хаттаманы ресімдейді, оған аппарат басшысы бұрыштама қояды және мәжілісте төрағалық етуші қол қояды. Әкімият мәжілістерінің хаттамаларына күнтізбелік жылға арналған реттік нөмірлер беріледі. Хаттамалар немесе олардың үзінділері оларға қол қойылған күні әкімият мүшелеріне, ал қажет болған ретте, мәжілістерде тиісті тапсырмалар берілген басқа органдарға және лауазымды адамдарға таратылады. Жіберілім тізбесін аппарат басшысы бекітеді. Әкімият мәжілістерінің хаттамалары (түпнүскалары), сондай-ак олардың кұжаттары аудан әкімі аппаратынын кеңсесінде сакталады. Әкімият мәжілістерінің хаттамалары және олардың құжаттары уакытша сақтау мерзімдері өткеннен кейін мұрағатқа өткізіледі. 4. Аудан әкімияты және әкімі актілерінің жобаларын дайындау және ресімдеу тәртібі
Тармақ 16
16. Аткарушы органдар әкімият атына тиісті шешім қабылдауы үшін оның мынадай жағдайларда ұсыныстар енгізеді:
Тармақша 1
1) мәселені шешу әкімияттің құзыретіне кіргенде;
Тармақша 2
2) жергілікті атқарушы органдар арасында келіспеушілік туындаған кезде;
Тармақша 3
3) аудандық атқарушы органдар мен орталық атқарушы органдардың аумактық бөлімшелерінің кызметін үйлестіруді қажет ететін мәселені шешуде.
Тармақ 17
17. Аппарат және жергілікті атқарушы органдар әкімият қаулыларының, аудан әкімі шешімдері мен өкімдерінің жобаларын (бұдан әрі - жобалар) дайындауды "Нормативтік құқықтык актілер туралы", "Әкімшілік рәсімдер туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына және осы Регламентке сәйкес жүзеге асырады. Мүдделі органдармен келісілген, бірінші басшылары немесе оларды алмастыратын адамдар қол койған жобалар мемлекеттік тілде және орыс тілінде ұсынылады. Келісімде "ескертулер" бар болғанда жобаларға бірінші басшылар немесе оларды алмастыратын адамдар қол қойған айқындауыш анықтама қоса беріледі. Жобаларды дайындауға қатысушы жергілікті атқарушы органдар арасында келіспеушілік туындаған кезде, қаралатын мөселелер өз құзырына кіретін аудан әкімінің орынбасарымен, аппарат басшысымен кеңестер шақырылады, оның нәтижелері хаттамалармен рәсімделеді. Қайшылықтарды жоюда лайықты орган белгіленген уақытта жобаны пысықтайды және оны қол қоюға ұсынады. Талқыланған мәселелер бойынша келісім болмаған жағдайда аудан әкімінің орынбасары, аппарат басшысы бұл туралы түпкілікті шешім қабылдау үшін аудан әкіміне, немесе оларды алмастыратын адамдарға баяндайды.
Тармақ 18
18. Жобалардың уақтылы, сапалы әзірленуіне және әкімиятқа енгіленген мерзімдерде ұсынылуына, сондай-ақ жобаның мемлекеттік тілдегі және орыс тіліндегі мәтіндерінің түпнұсқалылығына оны әзірлеуді жүзеге асырушы органның бірінші басшысы дербес жауапты болады.
Тармақ 19
19. Жобалар аудан әкімі аппаратына түсуден бұрын міндетті түрде мыналармен келісіледі:
Тармақша 1
1) құзыретіне орай мүдделі атқарушы органдармен, бұл ретте жобаны келісудегі мұндай мүдделілік қаралатын мәселелердің мән-жайы ескеріле отырып, белгіленеді;
Тармақша 2
2) аудандық қаржы бөлімімен - жобаның қаржылык орындылығы және қаржыландырумен қамтамасыз етілуі мәселелері бойынша;
Тармақша 3
3) аудандық экономика және бюджетті жоспарлау бөлімімен - жобаның экономикалық орындылығы, елдің және облыстың экономикалык және әлеуметтік жоспарларға және бағдарламаға сәйкестігі бойынша.
Тармақ 20
20. Жобаны әзірлеуші жобаның көшірмелерін бір мезгілде барлық мүдделі атқарушы органдарға жібереді. Бұл ретте атқарушы органдарда келісу мерзімі бір мезгілде есептеледі және жобалардың түскен әрі тіркелген кезінен бастап үш жұмыс күнінен аспауы тиіс. Әкім, әкімнің орынбасарлары және аппарат басшысы келісудің өзге мерзімдерін белгілей алады. Аудан өкімінің, әкім орынбасарларының тапсырмалары бойынша шешімдерді неғұрлым жедел қабылдау мақсатында атқарушы органдардың басшылары немесе лауазымды адамдар (лауазымы бойынша басшының орынбасарларынан томен емес) жобаға бүрыштаманы кеңесте (мәжілісте) қоюы мүмкін. Бұл ретте көрсетілген лауазымды адамдар жобаның жасалуы немесе өздерінің бұрыштама қойғандығы туралы тиісті атқарушы органның бірінші басшысына баяндайды. Жобаның көшірмесін келісуге алған кезде атқарушы органдар жобаға басқа мүдделі органдардың алдын ала бұрыштама қоюларын талап етуге, сондай-ақ басқа желеу белгілермен келісуден бас тартуға тиісті емес.
Тармақ 21
21. Келісуші орган жобаны қараудың нәтижелері бойынша бірінші басшының не оны алмастыратын адамның колы қойылған жауаптың мынадай нұсқаларының бірін әзірлеушіге ұсынуы тиіс: Аудан әкімі аппаратының кеңсесінде тіркелер алдында жобаның іс қағаздарын жүргізу талаптарына сәйкестігі тексеріледі (аудан әкімі аппаратының регламентінде мазмұндалған). Жобаның іс қағаздарын жүргізу
Тармақша 1
1) жоба ескертулерсіз келісілді (жобада бұрыштама болады);
Тармақша 2
2) жоба ескертулермен келісілді (жобада "ескертулерімен" бұрыштама болады және ол қоса берілуі тиіс);
Тармақша 3
3) "жобаға келісуден бас тартылды" (дәлелді бас тарту коса беріледі).
Тармақ 22
22. Келісу мерзімдері аяқталғаннан кейін жобаны әзірлеуші мүдделі органдардың барлык үсынысын жобаның түпкілікті нұсқасына жинактайды (ескертулерді жояды). Бұл ретте, түпкілікті нұсқаны дайындау процесінде әзірлеуші өзі келіскен аткарушы органдардың ескертулерін міндетті түрде жояды. Жобаны әзірлеуші жобаны аудан әкімі аппаратына енгізу кезінде мүддесі осы жобада козғалып отырған орган бұрыштамасының болмау себептерін (мұндай факт болған жағдайда) түсіндірме жазбада көрсетеді, бүл ретте, енгізілген материалдарға тиісті органга келісу үшін енгізілгенін растайтын кұжаттың көшірмесі қоса беріледі. Мұндай растау болмаған жағдайда, жоба мүдделі органға келісуге жіберілмеген болып есептеледі.
Тармақ 23
23. Әзірлеуші осы жобаны қабылдау кажеттілігін, ол кабылданған жағдайда, әлеуметтік-экономикалық салдарын, оны іске асырумен байланысты болжанып отырған қаржы шығыстары негізделген түсіндірме жазбаны, сондай-ак бұл мәселе бойынша бұрын аудан әкімиятынын және әкімнің кандай актілері кабылданғаны және олардың қалай орындалганы туралы мәліметтерді міндетті түрде жобаға коса береді. Егер актілердің жобалары нормативтік сипатта болса жоне (немесе) әлеуметтік-экономикалық мәселелерді қозғаса, әзірлеуші түсіндірме жазбада нақты максаттарды, күтіліп отырған нәтижелердің мерзімдерін және енгізіліп отырған ұсыныстардың болжанып отырған тиімділігін көрсетуге міндетті. Бұл актілерді аудан әкімияты немесе әкімі қабылдаған жағдайда, оларды іске асыру қорытындылары бойынша, әзірлеуші, актілерде белгіленген мерзімдерге сәйкес олардың қолданылуының нәтижелері туралы қысқаша есеп тапсыруы тиіс. Жобаны әзірлеуші мемлекеттік органның басшысы екі парақтан аса көлемдегі жобалардың және жобаларға косымшалардың әр парағына кол коюы тиіс.
Тармақ 24
24. Жобаны әзірлеуші жобада бір мезгілде әкімияттың каулыларын және (немесе) әкімнің шешімдері мен өкімдерін кабылданатын актілерге сәйкес келтіру жөнінде норманы ескереді және (немесе) накты мерзімдер белгілей отырып, оларды сәйкес келтіру туралы тапсырманы ескереді.
Тармақ 25
25. Әзірленген (пысықталған) жоба (оған тиісті материалдармен бірге) жоба бойынша сараптама жүргізу және корытынды дайындау үшін (бұдан әрі - сараптама) аудан әкімі аппаратқа енгізіледі. Аудан әкімі аппаратының кеңсесінде тіркелер алдында жобаның іс қағаздарын жүргізу талаптарына сәйкестігі тексеріледі (аудан әкімі аппаратының регламентінде мазмұндалған). Жобаның іс қағаздарын жүргізу талаптарына сәйкес еместігі туралы ескертулер болған ретте, аудан әкімі аппаратының кеңсесі жобаны тіркеуге дейін әзірлеушіге кайтаруға құқылы. Жоба кеңседе тіркелгеннен кейін аудан әкімі аппаратының бөлімдерінде сараптамадан өтеді:
Тармақша 1
1) кеңседе - жоба мәтіндерінің мемлекеттік тілдегі және орыс тіліндегі мәтіндердің түпнұсқалылығы, жобаның іс жүргізу тәртібіне сәйкөстігі, ұсынылған жобаға бақылауды жүзеге асырудың керектігі, оларды есепке алу және жүйелеу, осы мәселе бойынша алғашқыда қабылданған актілерді телқұжаттауды болдырмау;
Тармақша 2
2) мемлекеттік-құқықтық бөлімде - оның Қазақстан Республикасының заңнама жобаларына сәйкестігі; Жобаға сараптама жүргізу мерзімі жобаның кеңседе тіркелген күнінен бастап үш жүмыс күнінен аспауы тиіс. Аудан әкімі аппараты сараптама жүргізу барысында жобаны мынадай негіздер бойынша әзірлеушіге пысықтауға қайтаруға күкылы:
Тармақша 1
1) жоба мәтіндерінің мемлекеттік тілдегі және орыс тіліндегі мәтіндердін түпнұсқалылығы, іс жүргізу тәртібі талаптарына сөйкес келмейтіндігі;
Тармақша 2
2) оның Қазақстан Республикасының заңнама жобаларына сәйкес келмейтіндігі;
Тармақша 3
3) осы мәселе бойынша алғашқыда қабылданған актілерді телқұжаттауды болдырмау;
Тармақша 4
4) осы Регламенттің талаптары бүзыла отырып ұсынылуы. Басқа желеулер бойынша теріс сараптамалық қорытынды жобаны қайтару үшін негіз бола алмайды.
Тармақ 26
26. Жобаларды аудан әкімнің орынбасарларында келісу міндеттердің бөлінуіне сәйкес жүзеге асырылады. Аудан әкімнің орынбасарларында мазмұндык сипатта ескертулер туындаған жағдайда, олар қажет болған ретге нәтижелері хаттамамен ресімделетін кеңес шақырады. Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуындағы шұғыл мэселелерді шешу мақсатында өкімияттың қаулылары оның мәжілістері аралығында қаулы жобасын әкімият мүшелерінің келісу жолымен және арнаулы парақта қол қою алымымен қабылдаулары мүмкін. Жоба әкім аппаратында сараптамадан өткеннен кейін аппарат басшысы бұрыштама соғады және ол бойынша шешім қабылдау үшін аудан әкіміне не оны алмастыратын адамға баяндайды.
Тармақ 27
27. Әкімияттың қаулыларына, аудан әкімнің шешімдері мен өкімдеріне қол қойғаннан кейін аудан әкімі аппаратының кеңсесінде тіркеледі.
Тармақ 28
28. Аудан әкімі аппаратының кеңсесі әкімият каулыларының, аудан әкім шешімдері мен өкімдерінің куәландырылған көшірмелерін аппарат басшысы бекіткен жіберілімге сәйкес таратады. Әділет органдарында тіркелуге тиісті өкімият және аудан әкімінің актілері, тіркеуден кейін кеңсемен алушыларға таратылады. Әкімият қаулылары, аудан әкімінің шешімдері және өкімдерінің түпқұжаттары аудан әкімі аппаратының кеңсесінде сақталады. Құжаттардың уақтылы шығарылуы және жөнелтілетін алушыларға таратылуы үшін жауапкершілік аудан әкімі аппаратының кеңсе бастығына жүктеледі.
Тармақ 29
29. Техникалық қателері болған ретте әкімият қаулыларының, аудан әкімі шешімдері мен өкімдерінің бұрын таратылған даналары кеңсемен тек аудан әкімі аппарат басшысының рұқсатымен ғана ауыстырылуы мүмкін. Бұл жағдайда, бастапқыда таратылған құжаттар аудан өкімі аппаратының кеңсесіне қайтарылып алынуы тиіс.
Тармақ 30
30. Аудан әкімі аппаратының кеңсесі әкімият және әкім қабыЛдаған актілердің есебін, жүйеленуін және бақылау даналарын (түпқұжаттарын) жүргізуді, оларға ағымдағы езгерістер мен толыктыруларды енгізуді жүзеге асырады.
Тармақ 31
31. Әкімияттың және аудан окімнің жалпы міндетті мәні, ведомствоаралык сипаты бар немесе азаматтардың кұқықтарына, бостандықтарына және міндеттеріне қатысты барлық актісі әділет органдарында тіркеуге және ресми жариялау үшін ауданда айқындалған бұқаралық ақпарат құралдарында міндетті түрде жариялауға жатады.
Тармақ 32
32. Аудан әкімі аппарат кеңсесі актілерді жариялауға жіберуді жүзеге асырады.
Тармақ 33. 5. Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің, Премьер-Министрінің, облыс, аудан әкімиятының және әкімнің актілерін, заң актілері мен тапсырмаларын орындауды бақылау тәртібі
33. Мемлекеттік құпиялардан немесе заңмен қорғалатын құпиядан түратындарынан басқа, әкімият және аудан әкімі кабылдаған нормативтік кұкықтық актілермен танысу үшін мүдделі адамдарға рұқсат беру міндетті болып табылады және оны аудан әкімі аппаратының басшысы айқындайтын тәртіппен аппарат жүзеге асырады. 5. Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің, Премьер-Министрінің, облыс, аудан әкімиятының және әкімнің актілерін, заң актілері мен тапсырмаларын орындауды бақылау тәртібі
Тармақ 34
34. Заң актілерін, Президент, Үкімет, Премьер-Министр, облыс, аудан әкімияты және әкімі актілерін орындауды ұйымдастыру Казақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін қол қоюға дайындау, келісу, ұсыну және Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларын орындауды бақылау тәртібі туралы ережені бекіту туралы" 1998 жылғы 2 қазандағы № 4097 Жарлығына, осы Регламентке және Қазақстан Республикасының өзге зандарына сәйкес жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің, Премьер- Министрінің, облыс, аудан әкімиятының және әкімнің актілерін, заң актілері мен тапсырмаларын орындауды бақылау тәртібі және мемлекеттік органдардың, лауазымдағы тұлғалардың баска да тапсырмалары аудан әкімі бекіткен тәртіпке сәйкес аппарат кеңсесінде жүзеге асырылады.
Тармақ 35
35. Заң актілері, Республика Президентінің, Республика Үкіметінің, Премьер-Министрінің, облыс және аудан әкімияттарының жөне әкімдерінің актілері мен тапсырмалары және мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың өз құзыреттері шегіндегі өзге де тапсырмалары бақылауға алынады.
Тармақ 36
36. Заң актілерінің, Республика Президентінің, Республика Үкіметінің, Премьер-Министрінің, облыс және аудан әкімияттарының және әкімдерінің актілері мен тапсырмаларының уақытылы әрі сапалы орындалуына жауапкершілік осылар орындауға жіберілген атқарушы органдардың бірінші басшыларына жүктеледі.
Тармақ 37
37. Әкімнің және оның орынбасарларының тапсырмаларында құжаттарды орындаудың мерзімдері белгіленеді. Мерзімдер орындалмаған жағдайда, құжаттың түскен күнінен есептелетін орындаудың бір айлык мерзімі, ал "шұғыл" деген белгі болған жағдайда - он күндік мерзім белгіленеді.
Тармақ 38
38. Егер тапсырманың белгіленген мерзімінде орындалуы мүмкін болмаса, онда тапсырманың орындалуына жауапты органның бірінші басшысы (не оның міндетін атқарушы адам) кідірудің себептері туралы хабарлауға және оны орындау мерзімін ұзарту туралы белгіленген тәртіппен өтініш беруі тиіс. Тапсырманы орындау мерзімін ұзартуға екі реттен артық жол берілмейді.
Тармақ 39
39. Заң актілерінің, Республика Президентінің, Республика Үкіметінің, Премьер-Министрінің, облыс және аудан әкімияттарының және өкімдерінің актілері мен тапсырмаларының орындалу мерзімдерін бакылау жөніндегі қызметті қамтамасыз етуді аппарат аудан әкімі айқындаған тәртіппен жүзеге асырады.
Тармақ 40
40. Аппарат кеңсесі заң актілерінің, Республика Президентінің, Республика Үкіметінің, Премьер-Министрінің, облыс және аудан әкімияттарының және әкімдерінің актілері мен тапсырмаларының орындалу барысы туралы әкімді жүйелі хабардар ете отырып, әкімнің олардың орындалуын бақылау жөніндегі қызметін камтамасыз етеді. Аудан әкімнің орынбасарлары, аппарат басшысы заң актілері, Республика Президентінің, Республика Үкіметінің, Премьер-Министрінің, облыс және аудан әкімияттарының және әкімдерінің актілері мен тапсырмаларын келісудің және орындаудың белгіленген тәртібінің өрескел бұзылу фактілері бойынша кінәлі лауазымды адамдарды тәртіптік жауапкершілікке тарту жөнінде ұсыныстар енгізе алады. Аудан әкімі аппаратының басшысы Ж.Қалиева