О создании Жанажолского сельского округа Шуского района и Тогызтарауского сельского округа Жуалынского района Қолданыста
Басқа 0
Шу ауданының Жаңажол ауылдық округін және Жуалы ауданының Тоғызтарау ауылдық округін құру туралы
Қазақстан Республикасының
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы"
және
"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы"
Заңдарын басшылыққа ала отырып облыстық әкімияты
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ
және облыстық мәслихат
ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Шу ауданының Ескішу ауылдық округі құрамынан Жаңажол ауылы бөлініп орталығы Жаңажол ауылы болатын Жаңажол ауылдық округі, Жуалы ауданының Билікөл ауылдық округі құрамынан Тоғызтарау, Құмсуат және Жаңа өткел ауылдары бөлініп орталығы Тоғызтарау ауылы болатын Тоғызтарау ауылдық округі құрылсын.
Тармақ 2
2. Жуалы және Шу аудандарының әкімдері заңнамамен белгіленген тәртіпте аудан бюджеттеріне тиісті өзгертулер енгізсін.
Тармақ 3
3. Осы нормативтік құқықтық акт Жамбыл облысының Әділет департаментінен мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді.