Об утверждении Правил благоустройства, санитарной очистки территорий, содержании, защиты и сноса зеленых насаждений в Сарыкольском районе Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.11.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Сарыкөл ауданында аумақтарды көріктендіру, санитарлық тазалау, жасыл желектерді күтіп ұстау, қорғау және шығарып тастау Қағидасын бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6 - бабы 1 -тармағының 1) тармақшасына сәйкес Сарыкөл аудандық мәслихаты ШЕШТІ: Сарыкөл ауданында аумақтарды көріктендіру, санитарлық тазалау, жасыл желектерді күтіп ұстау, қорғау және шығарып тастау Қағидасы бекітілсін.
Басқа 1. Сарыкөл ауданында аумақтарды көріктендіру, санитарлық тазалау, жасыл желектерді күтіп ұстаү, қорғау және шығарып тастау ҚАҒИДАСЫ
Мәслихаттың 2005 жылғы 2 қарашадағы № 149 шешімімен бекітілген Сарыкөл ауданында аумақтарды көріктендіру, санитарлық тазалау, жасыл желектерді күтіп ұстаү, қорғау және шығарып тастау ҚАҒИДАСЫ Осы Қағида Сарыкөл ауданының елді мекендерінде көріктендіру, оның әлементтерін күтіп ұстау, қорғау және пайдалану тәртібін, тазалықты қолдау, аумақтар мен көшелерді тазалау, жасыл желектерді күтіп ұстау, қорғау және шығарып тастау тәртібін, сондай-ақ, тұлғалардың осы мәселедегі құқықтарын, міндеттерін және жауапкершілігін анықтайды.
Тарау 1. 1. Негізгі ұғымдар мен анықтамалар
1. Негізгі ұғымдар мен анықтамалар
Тармақ 1
1. Көріктендіру - адамның аудан аумағында қауіпсіз, жайлы және ыңғайлы ортасын қамтамасыз ететін элементтері мен жұмыс-кешені. Бұл жұмыс кешені көріктендірудің нысаналары мен элементтерін ұйымдастыру, күтіп ұстау, пайдалану, жөндеу және қорғауды келесі негізгі бағыттар бойынша қамтиды:
Тармақша 1
1) инженерлік көріктендіру;
Тармақша 2
2) сыртқы - өсемдік көріктендіру;
Тармақша 3
3) санитарлык көріктендіру-мақсаты елдің тіршілік әрекетінің нәтижесінде елді мекендерде пайда болған қалдықтарды жинау, алып тастау және залалсыздандыру іс-шаралар жүйесі;
Тармақша 4
4) көгалдандыру.
Тармақ 2
2. Бөлінген аумақ - жергілікті атқарушы органның шешіміне сәйкес жер пайдаланушының жеке меншігіне немесе жер пайдалануға, оған қарасты нысаналарды (ғимараттар, құрылыстар) орналастыру үшін берілген жер учаскесі.
Тармақ 3
3. Бекітілген аумақ - оған қызмет көрсету үшін пайдаланатын немесе күзетілетін аймақ болып табылатын, бөлінген аумаққа қосып берілген жер учаскесі.
Тармақ 4
4. Жасыл желектер - аудандық аумағының оларға арнайы бөлінген алаптары мен учаскелерінде (бақтар, парктер, бульварлар, көшелерді көгалдандыру, гүлзарлар, газондар) орналасқан ағаштар, көшеттер.
Тармақ 5
5. Жер пайдаланушы - мақсаттары мен меншік нысандарына қарамастан, кала шеңберіндегі жер учаскелерін пайдаланушы заңды немесе жеке тұлға.
Тармақ 6
6. Инженерлік желілер және ғимараттар - ауданның ауылдары мен кенттер аумағынын бетіндегі суларды жинау және бүру үшін, қала халқы мен кәсіпорындарының мұктаждарына кешенді қызмет көрсету үшін арналған ауылдар мен кенттер инженерлік көріктенуінің маңызды элементтері.
Тармақ 7
7. Шағын сәулеттік нысандар - әрі сәндік, әрі утилитарлық сипаттағы көлемі жағынан салыстырмалы түрде шағын нысанадар:
Тармақша 1
1) сәндік ғимараттар - мүсіндер, фонтандар мен сәндік су қоймалары, стелдер, барельефтер, гүлге арналған сауыттар, тутұғырлар және тағы баскалар;
Тармақша 2
2) утилитарлық сипаттағы ғимараттар - күркелер, павильондар, дүңгіршіктер, сауда арбашалары, телефон және сауда автоматтары, аттракциондар, орындықтар, қоршаулар, урналар, көшелердің, үйлердің және жарнамалардың кестешелері, пошта жәшіктері және тағы басқалар.
Тармақ 8
8. Жапқыш (тент) - тасымалданатын сусымалы жүктердің жолға шашылуын, құлауын, себілуін алдын алуға арналған арнайы құрал.
Тармақ 9
9. Құрылыс салынбаған аумақ - негізгі жобалау нормаларын қолдануды шектейтін, жер үсті және жер асты құрылыстарының барлық түрлері жоқ аумақ.
Тармақ 10
10. Қоғамдық орындар - жалпы пайдаланатын демалыс аймақтары (парктер, жаға жайлар, саябақтар), алаңдар, көлік аялдамалары.
Тармақ 11
11. Көше - жолды жүргінші бөлігі, тротуарлар, жасыл желектер, жер асты және жер үсті инженерлік желілер орналасқан аумақ.
Тармақ 12
12. Тұрлаулы тұрмыстық қалдыктарға арналған полиғондар - тұрлаулы тұрмыстық қалдықтарды оқшаулау және залалсыздандыру үшін қажетті арнайы ғимараттар.
Тармақ 13
13. Жоспарлы тұрақты тазарту - қалдықтарды қондырылған жинау және алып тастау бойынша іс - шаралар жүйесі.
Тармақ 14
14. Тұрлаулы қалдықтар - үй қоқыстары, мекемелерден, ұйымдардан шыққан қалдықтар, қазандықтың қалдықтары, жергілікті автономды жылыту қалдықтары, құрылыс қоқыстары.
Тарау 2. 2. Жалпы қағидалар
2. Жалпы қағидалар
Тармақ 15
15. Кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдар, меншік нысанына және ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан, қоғамдық бірлестіктер, лауазымды тұлғалар және азаматтар көріктенудің қағидасын ұстауға, қала аумағында тазалықты және тәртіпті қамтамасыз етуге, ғимараттар мен ғимараттарды оңды жағдайда ұстауға міндетті.
Тармақ 16
16. Мемлекеттік, қоғамдық және жеке кәсіпорындар, ұйымдар мен мекемелер, оларды ведомстволық бағынуына қарамастан, сондай - ак жеке иеліктегі үй иеленушілері зан белгілеген тәртіппен, сәулеттік және санитарлық талаптарға сәйкес, тұрмыстық қалдықтарды жоюға өз уақытылы келісім - шарт жасасуға, оз есебінен оларға бекітілген аумақтарды жүйелі жинауға, тазалықта және тәртіпте ұстауға міндетті:
Тармақша 1
1) тұрғын үйді, мәдени - тұрмыстык, әкімшілік, өнеркәсіп және сауда ғимараттарын, вокзалдар, бақтар, парктер, саябақтар, аллеяларды және баска да жасыл желектердің орындары;
Тармақша 2
2) көшелер, алаңдар, жолдар, аулалар, тротуарлар, демалыс аймақтарын, базарлар және оларға іргелес аумақтарды, автомотокөлік аялдамаларын;
Тармақша 3
3) қашалар, қоршаулар, ғазондық қоршауларды, жарнаманың барлық түрлері және жарнамалық кондырғыларды, ғимараттар мен ескерткіштерге сәндік сәуле шашу қондырғылар, маңдайша жазулар, витриналар, жаймалар, жолаушы көлігінің аялдамасындағы павильондар мен отыру алаңдарын, көше жарықтандыру фонарларын, әр түрлі тіреу бағандарды, бактардағы, парктердегі және бульварлардағы орындықтарды, урналарды, көше атауының көрсеткіштерін, көлік, жолаушылар аялдамаларын, үйдің нөмірлік белгілерін, трансформаторлық қондырғыларды;
Тармақша 4
4) аула аумағын тазалықта ұстауға. Оларды жинау, үнемі сыпыру, суару, қар мен қоқысты белгілеген жерге шығару керек;
Тармақша 5
5) жасыл желектерді ұқыпты сақтауға, толық кешенді агротехникалық шараларды жүргізуге, суаруға, қураған шыбықтарды кесуге, қиып тастауға, ағаштардың түптерін тазарту және әктеуге, ағаш түптеріндегі өсімдіктерді жоюға, тыңайтқыштар енгізуге, жасқа ағаштардың түп айналасын түптеуге, жараларын дизенфекциялауға және сылап бітеуге, сондай - ақ арам шөптерді (повишкалар, жусандар) жою бойынша механикалық өңдеуді жүргізуге;
Тармақша 6
6) жыл сайын сәүір-мамыр айларында табиғи-климаттық жағдайға байланысты аумақты тазарту айлығын өткізуге.
Тармақ 17
17. Әрбір меншік субъектісімен көшелер мен жол қиылыстарын тазарту жүргізіледі: ұзынынан - иеліктегі үй аумағының бойына, көлденеңінен -иеліктегі үйден жол кездемесіне дейін. Қоғамдық автокөліктер қозғалысындағы жол кездемесін, көшелерді, жол қиылыстарын, алаңдарды, парктерді тазарту кәсіпорындармен белгіленген тәртіпте жүргізіледі.
Тармақ 18
18. Кәсіпорындар, ұйымдар басшылары, меншік нысанына қарамастан, жеке көліктің жүргізушілері міндетті:
Тармақша 1
1) автокөлікті ауылдар және кент көшелеріне шығарғанда санитарлық-гигиеналық нормалардың және экологиялық талаптардың толық сақталуын қамтамасыз етуге;
Тармақша 2
2) жол көздемесін және атмосфералық ауаны ластамай, автокөліктің техникалық жарамдылығын қамтамасыз етуге.
Тармақ 19
19. Санитарлық, гигиеналық және экологиялық талаптарына сай емес, қоршаған ортаның ластануын туғызатын, сондай-ақ автокөліктер мен басқа да механикалық құралдарды ауылдар мен кент аумағына шығаруға және пайдалануға тыйым салынады.
Тармақ 20
20. Тұрғын үй құрылысына қарсы орналасқан автобус аялдамалары мен такси тұрақтарының аумағын тазалау осы аумақтарды тазалау үшін бекітілген тиісті коммуналдық қызметтерге, кәсіпорындарға, мекемелерге, ұйымдарға, жалгерлерге және құрылыс салушыларға жүктеледі.
Тармақ 21
21. Қоғамдық орындар мен құрылыс салынбаған аумақтар санитарлық қағидалар мен нормаларға сәйкес тазартылады.
Тармақ 22
22. Аумақты жоспарлы-жүйелі тазалауды қалдықтарды жоюды жүргізетін ұйыммен және санитарлық-эпидемиологиялық қызметі мекемесімен келісіліп құрастырылған келісім-шарттар - кестелер бойынша жүргізу керек.
Тармақ 23
23. Әкімшшк және өнеркәсіп ғимараттарында, сауда және қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарында, көріністік мекемелерінде, тұрғын үй құрылысының аумағында автомобиль көлігі тұрағының орындары жабдықталуы қажет. Газондарда, саябақтарда және басқа да жасыл желектер орындарында көлік құралдарының тұрақтарын тұрғызуға және кіруіне тыйым салынады.
Тармақ 24
24. Үгіттеу материалдарын орналастыру арнайы жіберілген орындарға рұксат етіледі.
Тарау 3. 3. Шағын сәулет нысандарын орнату және күтіп ұстау тәртібі
3. Шағын сәулет нысандарын орнату және күтіп ұстау тәртібі
Тармақ 25
25. Сыртқы көркейтудің барлық элементтері, соның ішінде, ғимараттардың қасбеттерін өңдеу ауылдар мен кентінің аумағына құрылыс салудың тәртібін анықтайтын қағидаға сәйкес орындалуы қажет.
Тармақ 26
26. Ауылдар мен кенттер аумағында шағын сәулеттік нысандарды орнатуға және құруға сәйкес аудандық қызметтердің келісімімен кейін ғана жол беріледі.
Тармақ 27
27. Барлық шағын сәулеттік нысандар оңды жағдайда ұсталуы тиіс.
Тармақ 28
28. Тұрғын үй, қызметтік, өндірістік және әкімшілік ғимараттар мен ғимараттардың иелері көшелердің көрсеткіштері мен нөмірлік белгілерін оңды жағдайда күтіп ұстауға міндетті.
Тармақ 29
29. Меншіктің барлық нысандарындағы заңды тұлғылардың ғимаратқа кіре берісінде мемлекеттік және орыс тілдерінде заңды тұлғаның атауы болуы және олардың тиісті жағдайын қамтамасыз етуге міндетті.
Тарау 4. 4. Инженерлік желілер, ғимараттар және коммуникацияларды күтіп ұстау тәртібі
4. Инженерлік желілер, ғимараттар және коммуникацияларды күтіп ұстау тәртібі
Тармақ 30
30. Қатты жол төсімді аумақтарды қайта жөндеу немесе күрделі жөндеуін жүргізу, белгілерді, құдықтарды, люктерді, инженерлік желілерді талаптарға жеткізу норма жұмыстары тапсырушының есебінен өндіріледі.
Тармақ 31
31. Ғимараттар және жер асты коммуникациялары құрылысына техникалық құжаттарды әзірлегенде жобалаушы ұйымдар құрылыс учаскелеріндегі ағаштар мен көшеттердің мүмкіндігінше коп сақталуын қамтамасыз ететін жұмыстарды ұйымдастыру тәртібін әзірлеуге міндетті.
Тарау 5. 5. Аумақты қысқы мерзімде күтіп ұстау және тазалау
5. Аумақты қысқы мерзімде күтіп ұстау және тазалау
Тармақ 32
32. Көшелерде және алаңдарда қарды жинау кәсіпорындармен, ұйымдармен және басқа шаруашылық субъектілерімен оларға бекітілген аумақтарда жүргізіледі.
Тармақ 33
33. Шатырларды қардан тазалау және карниздердегі, шатырлардағы және су ағатын құбырдардағы қар бұлтықтарын алу ғимараттар мен ғимараттар иелерінің және жалгерлердің өз күштері мен қаражаттарымен жүргізіледі, олар жаяу жүрушілермен апатжағдайды болдырмау жене ауа желілеріне, жарық шамдарына, жасыл желектерге зақым келтірмеу үшін сактану шараларын міндетті түрде орындау қажет.
Тарау 6. 6. Аумақты жарықтандыру
6. Аумақты жарықтандыру
Тармақ 34
34. Ауылдар мен кенттер аумағын жарықтандыру сыртқы жарық қондырғылары арқылы қамтамасыз етіледі. Сыртқы жарық қондырғыларына жататындар:
Тармақша 1
1) электрмен жабдықтау құрылғысы, қоректендіретін желілер, қоректендіру пункттері, тарататын желілер;
Тармақша 2
2) қорғау құрылғысы және жерге қосылған электр желілері;
Тармақша 3
3) басқару құрылғысы;
Тармақша 4
4) тіреуіштер, арқанды салпыншақтардың тіректері.
Тармақ 35
35. Тіректер техникалық құжаттамаға сәйкес жол желіндегі көшелердің көлік магистральдарының көлденеңінде орналасады.
Тармақ 36
36. Көшелер мен жолдардың қиылысқан жерінде тіректер сәйкес радиустарда тротуардың дөңгеленген жеріне дейін орналасады. Аллея мен жаяу жүрүшілердің жолдарындағы тіректер жолдың жаяу жүруші жүрмейтін бөлігінде, яғни газондарда, ағаштардың қатарында орналасады.
Тармақ 37
37. Ғимарат жанында орналасқан тар жолдар, тротуарлар мен алаңдар, ыңғайлы болса, ғимарат қабырғасына орналасқан шамшырақтар арқылы жарыктандырылады.
Тармақ 38
38. Сыртқы жарық қондырғыларына қызмет көрсету жене күтіп ұстау келесі шараларды қамтиды:
Тармақша 1
1) сыртқы жарықтандыру құрылғыларын сан және сапа көрсеткіштері берілген өлшемге сәйкес, соның ішінде, шамшырақтардың таратушыларының істен шыққандары мен шамдарын ауыстыру, шамшырақтарды тазалау, жарыктандырудың деңгейін өлшеу, техникалық оңды жағдайда ұстау;
Тармақша 2
2) жарықтандыру құрылғыларының аткарушы өкіметтің жергілікті органының шешімімен бекітілген регламенттегі жұмыс режимін қамтамасыз ету, кесте бойынша шамшырақтарды, ақауларды табу және оларды шұғыл түрде жою.
Тармақ 39
39. Жарықтандыру құрылғыларының жағдайын және шамшырақтардың жану пайызын анықтау үшін екі жетіде бір бақылау тексерістері өткізіледі.
Тармақ 40
40. Сыртқы жарықтандыру қондырғыларының металл тіректері, тіреуіштері және басқа да элементтері жабынының жағдайына байланысты кемінде үш жылда бір сырланады.
Тармақ 41
41. Витриналарды жарықтандыру үшін, әдетте, неондық шамдар алынады, қосымша бағытталған жарық беру үшін қызуы қатты шамдар пайдаланады.
Тармақ 42
42. Жарқағаздарды, стендттерді, витриналарды жарықтандыруда жарық аспаптарын, жарықтанған беттен шағылысқан толассыз жарықтың айналымы құралымы қарап тұрған адамның көзіне түспейтіндей, орналастыру керек.
Тармақ 43
43. Жаяу адамның, жүргізушінің көзіне шамдардың тіке жарығы түспеуі үшін жарықтандыру аспаптарын қорғаушы бұрышын ескереді немесе арнайы экранды торлар орнатылады.
Тарау 7. 7. Құрылыстарды бөлу және бұзу
7. Құрылыстарды бөлу және бұзу
Тармақ 44
44. Аумақты көне және тозығы жеткен құрылыстардан тазарту жұмыстарына, қолданыстағы заңдармен сәйкес, осы процедуралардың орындалуының заңдылығын заңды түрде қамтамасыз еткеннен кейін кіріседі.
Тармақ 45
45. Көрсетілген жұмыстарды машина мен механизмдерді жұмылдырып, кәсіптілігіне сәйкес жұмысшылар атқарады.
Тармақ 46
46. Құрылысты бөлшектегеннен немесе бұзғаннан кейін, құрылыс қалдықтары (қоқыстар) қатты тұрмыстық қалдықтар полиғонына тасып шығарылады, ал учаске қайта қопсытылады.
Тарау 8. 8. Жасыл желектерді күтіп ұстау, қорғау және шығарып тастау тәртібі
8. Жасыл желектерді күтіп ұстау, қорғау және шығарып тастау тәртібі
Тармақ 47
47. Жасыл желектер маңызды сауықтыру факторы және ауылдар мен кенттердің көркі болып табылады, оларды қорғау және күтіп ұстау - меншік нысанына қарамастан, әрбір кәсіпорынның, мекеменің, ұйымның, әрбір азаматтың міндеті.
Тармақ 48
48. Сарыкөл ауданының ауылдары мен кенттері заңды тұлғалардың, меншік нысанына қарамастан, және жеке тұлғалардың шаруашылық қызметінің нәтижесінде жасыл қорды мүмкіндігінше барынша сақтау Сарыкөл ауданында көріктендірудің негізгі бағыттарының бірі болып табылады.
Тармақ 49
49. Кәсіпорындар, ұйымдар және жеке тұлғалар (бұдан әрі тапсырушы деп аталатын) құрылыс, жөндеу және басқа да жұмыстарды жүргізу кезінде міндетті:
Тармақша 1
1) жасыл желектерді зақымданудан қоршауға алуға, жеке желектерді сынуынан немесе зақымдануынан қорғау үшін қораптарға салуға;
Тармақша 2
2) жолдарына, тротуарларына, өткелдеріне, аландарына қатты материал төсеген және асфальттаған кезде жасыл желектердің айналасында оңтайлы ашық топырақты кеңістік құру мақсатында, мөлшері 1 х 1 метр қоршаумен шектелген, ағаш түбінен қыс қалдыруға;
Тармақша 3
3) жасыл желектер орналасқан аймақтарда жолдарды, тротуарларды, құрған және қайта құрған кезде тік белгілерді жоғарылатқанда немесе төмендеткенде 5 сантиметрден артық өзгертуге болмайды. Егер түпкі жүйені жаңалаштаудан басқа амал болмаған жағдайда, жобаларда жасыл желектің дұрыс өсу жағдайын сақтауға арналған қөрылғыларды ескеру керек;
Тармақша 4
4) салынып жатқан объектілерге кірме жолдарын тартқанда желектердің орындарын ескеріп, жасыл желектердің бар қоршауларын бұзбау керек.
Тармақ 50
50. Құрылыс салуға немесе басқа жұмыстар жүргізуге бөлінген учаскелерде жасыл желектерді сақтау мүмкін болмаған жағдайда жасыл желектерді шығарып тасталынады. Жасыл желектерді шығарып тасталғанда ескеріледі:
Тармақша 1
1) жасыл қор нысаналарының шаңнан қорғайтын, желден қорғайтын, газға тұрақтылығы және фитоциндтік қасиеттері;
Тармақша 2
2) негізгі биоматериалдық көрсеткіштері - өсімдіктің биіктігін, олардың қабығының енін және қоюлығын;
Тармақша 3
3) ауылдар және кенттердің сәнділігіне және әсем ресімделуіне әсерін;
Тармақша 4
4) осы аймақта сауықтыру әсерін.
Тармақ 51
51. Жасыл желектерді шығаруға тастау жұмыстарын жүргізгенде тапсырушы міндетті :
Тармақша 1
1) жасыл желектерді шығарып тастауға, басқа жерге отырғызуға немесе кесуге рұқсат алуға. Рұқсатты жергілікті атқарушы органымен өкілетті орган береді. Сарыкөл ауданының селолары мен кенттері жасыл қоры жөніндегі комиссияның он қорытындысы рұқсат беру үшін негіз болып табылады;
Тармақша 2
2) жасыл желектерді шығарып тастауды, қайта отырғызуды немесе кесуді өз күшімен және қаражатымен жүргізуге немесе осы жұмыстар түрін жүргізуге лицензиясы бар мамандандырылған ұйымдармен келісім-шарт жасасуға.
Тармақ 52
52. Жасыл желектерді шығарып рұқсат алған жағдайда тапсырушы жасыл желектерді бағалауға лицензиясы бар ұйымдармен келісім-шарт жасасады, ақша қаражаттарын (шығарылған жасыл желектердің құнын) жергілікті бюджетке аударады.
Тармақ 53
53. Жасыл желектердің аумағында тыйым салынады:
Тармақша 1
1) құрылыс материалдарын, жер, көмір және басқа заттарды жинауға, газондарды, гүлдер етілген жерлерді, ағаш шұңқырларын ластауға;
Тармақша 2
2) газондарда жүруге, ағаштарды, көшеттерді сындыруға немесе кесуге, басқа да механикалық зақымдар келтіруге;
Тармақша 3
3) көшелерді, алаңдарды, тротуарларды тазалау мақсатында жасыл желектер үшін тұз және басқа зиянды заттар қолдануға;
Тармақша 4
4) гүлдерді жұлуға, жемістерді үзуге, мал бағуға, жер, құм өндіруге;
Тармақша 5
5) жасыл желектерді өнеркәсіптік лай сумей және басқа тастамалармен ластауға;
Тармақша 6
6) бақ мүліктерімен жабдықтарын (орындықтарды, урналарды, шартақтарды, газон торларын) бүлдіруге;
Тармақша 7
7) автомашиналармен, мотоциклдермен, велосипедтермен, басқа да көлік құралдарымен жүруге (арнайы көліктен басқа);
Тармақша 8
8) газондармен тірі қашалардың манында жолаушылар көлігінін аялдамасын орнатуға;
Тармақша 9
9) газондарда автокөлік құралдарын коюға және торағын орнатуға;
Тармақша 10
10) от жағуға, өртке қарсы басқа да тәртіптерді бұзуға;
Тармақша 11
11) ағаштарға электр сымдарын, тікенек сымдарды, алтыбақандарды, киімдерді кептіру үшін жіп байлауға, жазулар жазуға;
Тармақша 12
12) агрономиялық белгіленген мерзімдерден тыс, сәйкес қызметтермен келісілген кесу тәртібін сақтамай ағаштардың басын кесуге;
Тармақша 13
13) ағаш және бұта көшеттерін өз еркімен кесуге;
Тармақша 14
14) өз бетімен қашалар орнатуға;
Тармақша 15
15) жабайы және мәдени флораның гүлдерін жуашықтарымен және тамырларымен қазып алуға.
Тармақ 54
54. Жер пайдаланушылар, оларға берілген аумақтарда жасыл желектерді өсіп-өндіруге және қорғауын қамтамасыз етуге міндетті.
Тарау 9. 9. Аудандық ауылдар және кенттері аумақтарында жер қазумен байланысты жер жұмыстарын жүргізу тәртібі
9. Аудандық ауылдар және кенттері аумақтарында жер қазумен байланысты жер жұмыстарын жүргізу тәртібі
Тармақ 55
55. Жер асты коммуникацияларын салумен байланысты жұмыстарды жүргізуде жоспарлаушы барлық тұлғалар міндетті:
Тармақша 1
1) жыл сайын 1 қыркүйекке дейінгі мерзімде, келесі жылға өткізілетін жоспарлы жұмыстардың айын, түрін және мерзімін көрсетіп, өтінім беруге. Ауданның аумағында жоспарлы жұмыстар туралы қызметтерге өз уақытылы ақпарат беруге;
Тармақша 2
2) жер асты желілерін жөндеу уәкілетті органдардан жер жұмыстарын жүргізу құқығына рұқсат (ордер) алғаннан кейін ғана жүргізіледі;
Тармақша 3
3) ғимараттарды коммуникацияларды қайта құру және жөндеу кезінде құрылыс нормаларының талаптары мен нысаналарды қоршау жөніндегі тәртіптерді сақтау;
Тармақша 4
4) артық грунт пен құрылыс қоқыстарын өз уақытылы шығарып тастауын қамтамасыз ету;
Тармақша 5
5) бұзылған жол төсемдері мен аула аумақтарын қалпына келтіру жөніндегі жұмыстарды өз уақытылы жүргізу, құрылыс және жөндеу аяқталғаннан кейін қазба орындарын, сонымен қатар құрылыс алаңдарын тәртіпке келтіруде қажетті шараларды қабылдау.
Тармақ 56
56. Жер асты коммунникацияларының құрылғысымен және жөндеумен байланысты жұмыстарды жүргізгенде тыйым салынады:
Тармақша 1
1) қандайда бір жер үсті құрылғысы мен ғимараттарын ығыстыру;
Тармақша 2
2) жол төсімдерін артық бұзу және жұмыстарды сәйкес рұқсатсыз (өрдерсіз) жүргізу;
Тармақша 3
3) тротуарларда, жолмен жүретін бөлігінде және газондарда тартып алынған грунты, құрылыс материалдарын қалдықтарын, қоқысты қалдыруға, құдық қақпақтарын кеміп тастауға;
Тармақша 4
4) жұмыстардың рұқсат қағазда (ордерде) көрсетілген мерзімдері мен шарттарын бұзуға.
Тарау 10. 10. Жер пайдаланушының міндеттері
10. Жер пайдаланушының міндеттері
Тармақ 57
57. Жер пайдаланушы міндеттері:
Тармақша 1
1) бөлінген және бекітілген аумақтарды, инженерлік желілер мен олардың элементтерін (құдықтар, люктер, торлар, бағаналар, насос, жылу пункттері, трансформаторлық шағын станциялар) санитарлық нормалармен белгіленетін тиісті санитарлық жағдайда ұстау;
Тармақша 2
2) қалдықтар жинау және сақтау үшін қатты жол төсемі бар арнайы жабдықталған алаңдардың болуы;
Тармақша 3
3) қалдықтарды жерлеу жөніндегі полигонға (қоқыс төгетін жер) өнеркәсіп қалдыктардың сұйық қалдықтарды шығарылуын және көмуін қамтамасыз ету;
Тармақша 4
4) өз аумағында қажет болса дезинфекция, дезинсекция мен дератизация жүргізу (шыбындарды, тарақандарды, масаларды, тышқандармен егеуқұйрықтарды жою үшін);
Тармақша 5
5) бөлінген аумақтың шегінен құрылыс қоқыстарының, топырактың және лас машиналар мен құрылыс механизмдерінің елді мекендердің көшелерінде шығуына жол бермей, өздерінің құрылыс алаңдарына және қатты жол төсеміне басқа нысаналарына аппаратын кірме жолдарының тиісті жағдайда ұсталуын қамтамасыз ету.
Тармақ 58
58. Жер пайдаланушыға мыналарды жасауға тыйым салынады:
Тармақша 1
1) құрал-жабдықтарды, тараны, шикізатты, құрылыс материалдарын бөлінген аумақтан тыс жерге жинап қою;
Тармақша 2
2) от жағу, қоқысты, түскен жапырақтарды, шыбықтарды, өндіріс қалдықтарын ауылдар және кент аумақтарында жағу;
Тармақша 3
3) қоршаған ортаға зиян келтіретін тазалау өдістерін қолдану.
Тарау 11. 11. Осы Қағиданы бұзуына жауапкершілік
11. Осы Қағиданы бұзуына жауапкершілік
Тармақ 59
59. Осы Қағиданың талаптарын бұзғаны үшін «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес жауапкершілікке тартылады.