Науырзым ауданының елді мекендерінде абаттандыру, аумақтарды санитарлық тазалау, жасыл желектерді күтіп ұстау және қорғау қағидасын бекіту туралы Қолданыста
Басқа 0
Науырзым ауданының елді мекендерінде абаттандыру, аумақтарды санитарлық тазалау, жасыл желектерді күтіп ұстау және қорғау қағидасын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңның 6-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 3-бабы 2-тармағына сәйкес, Науырзым аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Науырзым ауданының елді мекендерінде абаттандыру, аумақтарды санитарлық тазалау, жасыл желектерді күтіп ұстау және қорғау қағидасы бекітілсін (қоса беріліп отыр).
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Ә.Б. Асановқа жүктелсін.
Басқа 3. Науырзым ауданының елді мекендерінде абаттандыру, аумақтарды санитарлық тазалау, жасыл желектерді күтіп ұстау және қорғау ҚАҒИДАСЫ
Науырзым аудандық мәслихатының
үшінші шақырылған
кезектен тыс сессиясының
2005 жылғы 4 қарашадағы
№ 191 шешімімен
БЕКІТІЛГЕН
Науырзым ауданының елді мекендерінде абаттандыру, аумақтарды санитарлық тазалау, жасыл желектерді күтіп ұстау және қорғау ҚАҒИДАСЫ
Науырзым ауданының елді мекендерінде абаттандыру, аумақтарды санитарлық тазалау, жасыл желектерді күтіп ұстау және қорғау қағидасы бұдан әрі қарай - Қағида) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес әзірленді.
Осы Қағида Науырзым ауданының елді мекендерінде абаттандыру, оның нысаналарын күтіп ұстау, қорғау және пайдалану, тазалықты сақтау, аумақтарды және көшелерді тазалау, жасыл желектерді күтіп ұстау және қорғау тәртібін, сондай-ақ осы мәселеде заңды және жеке тұлғалардың құқықтарын, міндеттері мен жауапкершілігін анықтайды.
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Меншік түрлеріне және ұйымдастыру-құқықтық нысандарына қарамастан кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдар, қоғамдық бірлестіктер, лауазымдық тұлғалар және азаматтар аудан аумағында абаттандыру қағидаларың сақтауға, тиісті тазалықты және тәртіпті қамтамасыз етуге, ғимараттар мен ғимараттарды оңды ұстауға міндетті.
Тармақ 2
2. Осы Қағида негізінде санитарлық күтіп ұстау және көркейту үшін селолар аумағының учаскелері заңды тұлғаларға бекітіледі.
Тармақ 3
3. Әрбір меншік субъектісімен аумақты тазарту ұзынынан - иеліктегі үй аумағының бойына, енінен - иеліктегі үйден автокөлік жолына дейін жүргізіледі.
Тармақ 4
4. Меншік түрлеріне қарамастан кәсіпорындардың, ұйымдардың басшылары, жеке көліктердің жүргізушілері көшелерге автокөліктерді шығарғанда тиісті санитарлық-гигиеналық нормаларды сақтауды қамтамасыз етуге міндетті.
Тармақ 5
5. Санитарлық, гигиеналық және экологиялық талаптарға сай емес, жол төсемін ластайтын автокөліктерді және басқа механикалық құралдарды пайдалануға тыйым салынады.
Тармақ 6
6. Жол төсемін ластауы мүмкін сусымалы және басқа жүктерді тасымалдайтын жүк автокөліктерінің иелері, осы көліктерді артқы ернеулермен және жапқыштармен қамтамасыз етуге міндетті.
Тармақ 7
7. Көгалдарға, тынымбақтарға және басқа да жасыл желектерге, көлік құралдарына кіруге және тұрақтауға тыйым салынады.
Тармақ 8
8. Тұрғын, қызметтік, өндірістік және басқа ғимараттар мен ғимараттардың иелері көшелердің көрсеткіштерін және нөмірлік белгілерін оңды күйде ұстауға міндетті.
Тармақ 9
9. Белгіленбеген орындарда хабарландырулар, жарқағаздар, үндеу хаттар және басқа да баспа материалдарды жабыстыруға тыйым салынады.
Тармақ 10
10. Көшелердің автокөлік жүретін жолдарын және жаяусоқпақтарын, құрылыс салынбаған аумақтарды және басқа да қоғамдық пайдалану орындарын қандай да болмасын қоқыстармен ластауға тыйым салынады.
Тармақ 11
11. Автокөлік құралдарын қоғамдық пайдаланатын жерлерде жууға және жөндеуге тыйым салынады. Автокөліктерді, мотоциклдерді және басқа да көлік құралдарын су айыратын колонкалардың маңында, өзендер мен су қоймаларының жағажайларында, су қорғау аймақтарында, көпшілік демалатын орындарда, коп пәтерлі тұрғын үйлердің кіре берісінде жууға тыйым салынады.
Тармақ 12
12. Меншіктің барлық түрлеріндегі заңды тұлғалар атауы кіре берісте мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылған маңдайша орналастыруға және олардың оңды күйде болуын қамтамасыз етуге міндетті.
Тармақ 13
13. Қоғамдық орындар мен құрылыс салынбаған аумақтар санитарлық ережелер мен нормаларға сәйкес тазартылады.
Тарау 2. 2. Аудан селоларының аумақтарында шағын сәулет нысандарын орнату және күтіп ұстау тәртібі
2. Аудан селоларының аумақтарында шағын сәулет нысандарын орнату және күтіп ұстау тәртібі
Тармақ 14
14. Сыртқы көркейтудің барлық түрлері, соның ішінде ғимараттардың қасбеттерін өңдеу селолар аумағында құрылыс салудың тәртібін анықтайтын қағидаға сәйкес орындалуға тиісті.
Тармақ 15
15. Селолар аумағында шағын сәулеттік нысандарды орнатуға және құруға тиісті аудандық қызметтердің келісімінен кейін ғана жол беріледі.
Тармақ 16
16. Барлық шағын сәулет нысандарының қондырғылары оңды жағдайда ұсталуға тиісті.
Тарау 3. 3. Аумақты қысқы мерзімде күтіп ұстау және тазалау
3. Аумақты қысқы мерзімде күтіп ұстау және тазалау
Тармақ 17
17. Кәсіпорындар мен ұйымдар және басқа шаруашылық субъектілері көшелер мен алаңдардың өздеріне бекітілген аумақтарын қардан тазалауды жүргізуге тиісті.
Автокөлік жолдарына, жаяусоқпақтарға қар үюге, көгалдарға қар мен мұзды үюге, жасыл желектер орналасқан жерлерде көшелерді, алаңдарды роторлы қар тазалайтын машиналармен тазартуға тыйым салынады.
Тармақ 18
18. Шатырларды қардан тазалау, ернеулердегі, шатырлардағы, су ағатын құбырлардағы қатқан мұздақтарды түсіру ғимараттар мен ғимараттар иелерінің және жалгерлердің өз күштерімен, қаражаттарымен жүргізіледі.
Олар жаяу жүргіншілерді бақытсыз жағдайға ұшыратпау және ауа иелілеріне, жарық шамдарына, жасыл желектерге зақым келтірмеу үшін сақтық шараларын міндетті түрде орындаулары қажет.
Шатырдан тасталған қар жедел тасып шығарылуы қажет.
Тарау 4. 4. Аудан аумағындағы құрылыстарды бөлшектеу және бұзу
4. Аудан аумағындағы құрылыстарды бөлшектеу және бұзу
Тармақ 19
19. Аумақты ескі және тозығы жеткен құрылыстардан тазарту жөніндегі жұмыстарға, қолданыстағы заңдарға сәйкес, осы процедуралардың орындалуының заңдылығын заңды түрде қамтамасыз еткеннен кейін кіріседі.
Тармақ 20
20. Көрсетілген жұмыстарды орындау тиісті біліктілігі бар жұмысшылармен, қажетті машиналар мен механизмдерді пайдалана отырып атқарылады.
Тармақ 21
21. Құрылысты бөлшектегеннен немесе бұзғаннан кейін құрылыс қалдықтары (қоқыстар) қатты тұрмыстық қалдықтар полигонына тасып шығарылады, ал орны қайта құнарландыруға жатады.
Тарау 5. 5. Жасыл желектерді күтіп ұстаудың тәртібі
5. Жасыл желектерді күтіп ұстаудың тәртібі
Тармақ 22
22. Заңды және жеке тұлғаларға бекітілген аумақтарда тынымбақтарды, келекжолдарды, саябақтарды, көгалдарды және басқа да көгалдандыру нысаналарын ағымдағы күтіп ұстау жүктеледі.
Тармақ 23
23. Жер пайдаланушылар өзіне берілген аумақтағы жасыл желектерді қорғауды және оларды жаңғыртуды қамтамасыз етуге міндетті.
Тармақ 24
24. Жасыл желектерді ысырып тастау және қайта отырғызу құрылыс жүргізушілердің күштерімен және құралдарымен жүргізіледі.
Тармақ 25
25. ЬІсырылып тасталатын жасыл желектердің орнын толтыру құрылыс жүргізіп немесе ғимараттарды жөндеп жатқан ұйымға жүктеледі.
Тармақ 26
26. Заңды және жеке тұлғалар жұмыстар жүргізіліп жатқан кезде жасыл желектерді зақымданудан қоршауға міндетті.
Тармақ 27
27. Жасыл желектер аумағында:
Тармақша 1
1) құрылыс материалдарын, топырақты, ағашты, көмірді және басқа заттарды қоймалауға, көгалдарды, гүлзарларды ластатуға;
Тармақша 2
2) көгалдарда жүруге, ағаштарды, бұталарды сындыруға, кесуге және басқа зақымдар келтіруге;
Тармақша 3
3) тынымбақтарда, аллеяларда, автокөлік жолдарының бойында, өзендердің, табиғи және жасанды су қоймаларының жағаларында өсіп тұрған ағаштарды кесуге;
Тармақша 4
4) ауылшаруашылық малдарын елді мекендердің шегінде бағуға тыйым салынады.
Тарау 6. 6. Жер пайдаланушының міндеттері
6. Жер пайдаланушының міндеттері
Тармақ 28
28. Жер пайдаланушы:
Тармақша 1
1) бөлінген және бекітілген аумақтарды, инженерлік желілер мен олардың құрамдарын (құдықтар, люктер, бағандар, трансформаторлар) санитарлық нормалармен белгіленетін тиісті санитарлық жағдайда ұстауға;
Тармақша 2
2) қалдықтарды жинауды және сақтауды қатты төсемді арнайы жабдықталған алаңшада жүргізуге;
Тармақша 3
3) қалдықтардың қатты тұрмыстық қалдықтар полигонына және сұйық қалдықтар төгетін орынға шығарылуын қамтамасыз етуге;
Тармақша 4
4) өз аумағында қажеттігіне қарай зиянды жәндіктерді, кеміргіштерді жою жұмыстарын (масаларды, шыбындарды, тарақандарды, тышқандарды және егеу құйрықтарды) жүргізуге;
Тармақша 5
5) өздерінің объектілеріне кіретін жолдарды жақсы жағдайда ұстауды, бөлінген аумақтың шегінен құрылыс қоқыстарын, топырақты шығармауды қамтамасыз етуге міндетті.
Тармақ 29
29. Жер пайдаланушыға:
Тармақша 1
1) құрал-жабдықтарды, бос ыдыстарды, шикізатты, құрылыс материалдарын бөлінген аумақтан тыс жерге қоймалауға;
Тармақша 2
2) село аумағында қоқыстарды, түскен жапырақтарды, шыбықтарды, өндіріс қалдықтарын жағуға;
Тармақша 3
3) қоршаған ортаға зиян келтіретін тазалау әдістерін қолдануға тыйым салынады.
Тарау 7. 7. Осы қағиданы бұзғаны үшін жауапкершілік
7. Осы қағиданы бұзғаны үшін жауапкершілік
Тармақ 30
30. Осы Қағиданы бұзған, кінәлі заңды және жеке тұлғалар "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 300, 387-баптарына сәйкес жауапкершілікке тартылады.