О новом составе комиссии по предоставлению земельных участков Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.11.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жер учаскелерін беру жөніндегі комиссиясының жаңа қурамы туралы Жер учаскелерін беру жөніндегі жұмыс комиссиясы мүшелерінің лауазымдары атауларының өзгеруімен және жүмыс комиссиясының қүрамынан бірнеше мүшелердің шығуымен байланысты, Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 43- бабын, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 17) тармақшасын басшылыққа алып, экімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Жер учаскесін беру жөніндегі жұмыс комиссиясының қоса берілген ережесі жэне комиссияның жаңа құрамы бекітілсін: Торчук Юрий Александрович - «Ауыл шаруашылығы жэне жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастыгы, комиссия төрағасы; Охременко Сергей Владимирович - «Жер ресурстарымен басқару жөніндегі Зырян аудандық бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы, комиссия төрагасының орынбасары (келісім бойынша); Байжигитова Гуля Мүкенқызы - «Жер ресурстарымен баскару жөніндегі Зырян аудандық бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жүргізуші маманы, комиссия хатшысы. Комиссия мүшелері: Груняхина Татьяна Владимировна - «Ауыл шаруашылыгы жэне жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің маманы; Зубарев Сергей Леонидович - Зырян ауданы - Зырян қаласы мәслихатының депутаты (келісім бойынша); Ларионов Владимир Михайлович - Зырян ауданы - Зырян қаласы мэслихатының депутаты (келісім бойынша); Стахеев Валерий Анатолиевич - «Зырян ауданы - Зырян қаласының қала құрылысы жэне құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы; Чурсин Петр Станиславович - «Зырян ауданы - Зырян каласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің кадрлар жэне мемлекеттік-құқықтык жұмысы бөлімінің бас-маман заңгері.
Тармақ 2
2. Зырян ауданы - Зырян қаласы әкімдігінің «Жер учаскелерін беру жөнінде жұмыс комиссиясын құру туралы» 2003 жылғы 03 желтоқсандағы № 488, тіркеу № 1514, каулысы күшін жойды деп танылсын. Келісілді: Зырян ауданы - Зырян қаласы мәслихатаның хатшысы Г. Денисова Жер ресурстарымен басқару жөңендегі Зырян аудандық бөлімнің бастығы С. Охременко
Басқа 3. Жер учаскелерін беру жөніндегі комиссия туралы ЕРЕЖЕ
Зырян ауданы- Зырян қаласы экімдігінің «Жер учаскелерін беру жөніндегі комиссияның жаңа кұрамы туралы» 2005 жылғы 08 қараша № 1802 қаулысына қосымша Жер учаскелерін беру жөніндегі комиссия туралы ЕРЕЖЕ
Тармақ 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Жер учаскелерін беру жөніндегі комиссия (бұдан әрі-Комиссия) Зырян ауданы - Зырян қаласы әкімдігінің жанындағы консультативтік- кеңестік орган болып табылады. Комиссия жеке меншік пен жер пайдалануға жер учаскелерін беру мәселелері жөніндегі ұсыныстарды шығару үшін кұрылады.
Тармақ 2
2. Комиссия өз іс-қимылында Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің, ПІығыс Қазақстан облысы және Зырян ауданы-Зырян қаласы әкімдігінің, экімінің актілерін, басқа да нормативтік-құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
Тарау 2. 2. Комиссияның негізгі міндеттері
2. Комиссияның негізгі міндеттері
Тармақ 1
1. Комиссияның негізгі міндеттері:
Тармақша 1
1) жеке меншік пен жер пайдалануға жер учаскелерін беру мәселелері жөнінде меншіктің барлық нысанындағы жеке жэне заңды тұлғалардың арыздарын, өтініштерін қарау;
Тармақша 2
2) жеке меншік пен жер пайдалануға жер учаскелерін беру мүмкіндігі бойынша Зырян ауданы-Зырян қаласының әкімдігі, Зырян ауданының селолық округтері мен кент әкімдері үшін ұсыныстарды шығару.
Тарау 3. 3. Комиссияның құқықтары
3. Комиссияның құқықтары
Тармақ 4
4. Комиссия оған жүктелген міндеттерді жүзеге асыру мақсатында құқылы:
Тармақша 1
1) өз-іс қимылын жүзеге асыру үшін қажетті материалдар мен ақпараттарды өтініш берушілерден, мемлекеттік органдар мен ұйымдардан сұрауға;
Тармақша 2
2) жер учаскелерін беру мәселелері жөнінде (келісім бойынша) өтініш берушілерді, мүдделі тұлғаларды, мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларын комиссия отырысына шақыруға жэне тыңдауға.
Тарау 4. 4. Комиссия жұмысын ұйымдастыру
4. Комиссия жұмысын ұйымдастыру
Тармақ 5
5. Комиссия басшылығын төраға жүзеге асырады. Төраға жоқ болған кездерде оның міндетін орынбасар орындайды.
Тармақ 6
6. Комиссияның дербес құрамы мен ережесін Зырян ауданы-Зырян қаласының әкімдігі бекітеді. Комиссия мүшелері отырыстарға алмастыру құқығысыз катысады. Комиссия отырыстарына шақырылған адамдар қатыса алады.
Тармақ 7
7. Комиссия отырыстары қажеттілігі бойынша өткізіледі. Комиссия отырыстарына мүшелер санының кемінде үштен екісі қатысса, комиссия отырысы заңды болып саналады.
Тармақ 8
8. Отырыс күн тәртібінің эрбір мәселесі бойынша шешім ашық дауыспен қабылданады және қатысып отырған Комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілігі осы үшін дауыс берсе, қабылданған деп саналады. Дауыстар тең болған жағдайда төраға дауыс берген шешім қабылданған болып табылады.
Тармақ 9
9. Комиссия шешімдері хаттамалармен ресімделеді, олар белгіленген тәртіппен оның жүмыс органымен әзірленеді, отырысқа қатысқан Комиссия төрағасы жэне оның барлық мүшелері қолдарын қояды.
Тармақ 10
10. Комиссия шешімі үсынбалы сипатта болады.
Тармақ 11
11. Жер ресурстарымен басқару жөніндегі Зырян аудандық бөлімі Комиссияның жүмыс органы болып табылады.
Тармақ 12
12. Комиссияның жүмыс органы мүдделі тұлғалармен ұсынылған (өтініш берушілермен) қүжаттардың негізінде Комиссия отырысының күн тәртіптері бойынша қажетті материалдарды әзірлейді жэне белгіленген тәртіпте Комиссиямен қабылданған шешімдердің орындалуына бақылауды жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Зырян ауданы –Зырян қаласы Әкімі аппаратының басшысы Г. Дедова