О реорганизации учреждений первичной медико-санитарной помощи и развитии общей врачебной практики/семейной медицины в области Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.11.1998. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Алғашқы медициналық-санитарлық жәрдем көрсету мекемелерін қайта ұйымдастыру және облыста жалпы дәрігерлік практиканы/отбасылық медицинаны дамыту туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 18 мамырдағы № 3956 «Қазақстан Республикасының азаматтарының денсаулығын жақсарту жөніндегі бірінші кезектегі шаралар туралы» Жарлығына сәйкес, денсаулық сақтау саласын реформалаудың негізгі басым бағыттарының бірі болып табылатын алғашқы медициналық-санитарлық жәрдем көрсетудің сапасын жақсарту және отбасылық медицинаны дамыту мақсатында ШЕШIМ ЕТЕМIН:
Тармақ 1
1. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы (Б.Исмаханбетов): - 1998-1999 ж.ж. "Денсаулық сақтау" функциональды тобына облыс бойынша бюджетте қаралған қаржы көлемінде облыстағы қазіргі аймақтық амбулаториялық-емханалық мекемелер негізінде зандық және қаржылық дербестігі бар отбасылық дәрігерлік және кеңес беру-диагностикалық емханалар жүйесін құрсын; - жаңадан құрылатын отбасылық-дәрігерлік емханаларға жан басына шаққандағы принцип бойынша ішінара жеке қор ұстау өкілеттіктерін берсін; - жаңадан құрылатын отбасылық-дәрігерлік емханаларды медициналық құрал-жабдықтармен, дәрі-дәрмектермен және санитарлық автокөлікпен қамтамасыз етуге шаралар қолдансын; - курстық негізде келісім-шарт арқылы қабылдауды енгізсін; - отбасылық дәрігерлік емханалар үшін медициналық кадрларды қайта дайындауды үздіксіз қамтамасыз етсін.
Тармақ 2
2. Облыстық әділет басқармасы (Т.Нәбиев) жаңадан құрылатын отбасылық дәрігерлік жәнс кеңес беру-диагностикалық емханаларын заңды тіркеуден өткізсін.
Тармақ 3
3. Облыстық қаржы басқармасы (Қ.Әжібеков) денсаулық сақтаудың саласының 1999 жылғы бюджетін жасақтаган кезде тиісті өзгерістер енгізсін.
Тармақ 4
4. Мемлекеттік мүлік және жекешелендірудің облыстық аймақтық комитеті (С.Қалиев) жаңадан ұйымдастырылған отбасылық дәрігерлік емханаларға ғимараттар берсін.
Тармақ 5
5. Аудан және қала әкімдері, облыстық қаржы, денсаулық сақтау басқармалары 1999 жылдың 1 қаңтарына дейін аудандарда дербес денсаулық сақтау бөлімдерін құру мәселесін шешсін.
Тармақ 6
6. Аудан жәнс Қызылорда қаласының әкімдері, облыстық денсаулық сақтау басқармасы, облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы (А.Жұмабаев) ақпараттық-түсіндіру шаралары кешенін жүргізу және халықты отбасылық дәрігерлік амбулаторияларға ерікті түрде тіркеу ңауқанын ұйымдастырсын.
Тармақ 7
7. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары Н.Ерімбетовке жүктелсін.