Об утверждении Инструкции по расчету ставки прибыли на регулируемую базу задействованных активов субъектов естественных монополий, оказывающих регулируемые услуги аэронавигации Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.11.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Аэронавигацияның реттеліп көрсетілетін қызметтерін көрсететін табиғи монополиялар субъектілерінің қолданысқа енгізілген активтерінің реттелетін базасына пайда ставкасын есептеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы "Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 қазандағы N 943 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі туралы ереженің 21-тармақтың 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Аэронавигацияның реттеліп көрсетілетін қызметтерін көрсететін табиғи монополиялар субъектілерінің қолданысқа енгізілген активтерінің реттелетін базасына пайда ставкасын есептеу жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Телекоммуникациялар және аэронавигация саласындағы реттеу мен бақылау департаменті (Е.Ш.Әлиев) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы және талдау департаменті (Е.О.Есіркепов) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін:
Тармақша 1
1) оны белгіленген тәртіппен ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) оны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының, облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарының, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің және "Қазаэронавигация" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының назарына жеткізсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары А.П.Нефедовқа жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Келісілген Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрі 2005 жылғы "___" ________
Басқа 0. Аэронавигацияның реттеліп көрсетілетін қызметтерін көрсететін табиғи монополиялар субъектілерінің қолданысқа енгізілген активтерінің реттелетін базасына пайда ставкасын есептеу жөніндегі нұсқаулық
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2005 жылғы 4 қарашадағы N 306-НҚ бұйрығымен бекітілген Аэронавигацияның реттеліп көрсетілетін қызметтерін көрсететін табиғи монополиялар субъектілерінің қолданысқа енгізілген активтерінің реттелетін базасына пайда ставкасын есептеу жөніндегі нұсқаулық
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Аэронавигацияның реттеліп көрсетілетін қызметтерін көрсететін табиғи монополиялар субъектілерінің (бұдан әрі - Субъект) қолданысқа енгізілген активтерінің реттелетін базасына пайда ставкасын есептеу жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) "Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және өзге де нормативтік құқықтық кесімдерге сәйкес әзірленді.
Тармақ 2
2. Нұсқаулық аэронавигацияның реттеліп көрсетілетін қызметтеріне арналған тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының) құрамына кіретін қолданысқа енгізілген активтердің реттелетін базасына пайда ставкасын есептеуді нақтылайды.
Тармақ 3
3. Нұсқаулықта қолданылатын негізгі ұғымдар: құзыретті орган - көлiк және коммуникация саласындағы мемлекеттiк саясатты әзiрлеу мен iске асыру мәселелерi жөнiндегi басшылықты және салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган; қарыз капиталы - айналым қаражаттың орнын толтыруға байланысты қарыздарды қоспағанда есепті кезеңнің аяғында Субъектінің теңгерімінде болған банк операцияларының және өзге қарыздардың жеке түрлерін жүзеге асыратын банктер мен ұйымдардың ұзақ мерзімді қарыздарының жиынтықты құны; есепті кезең - Субъектінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) арналған тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) өзгертуге өтінім беру күнінің қарсаңында аяқталған қаржылық жыл; қолданысқа енгізілген активтердің реттелетін базасы (бұдан әрі - ҚАРБ) - Субъект меншігінде немесе өзге заңды негіздерде бар және аэронавигацияның реттеліп көрсетілетін қызметтерін өндіру және (немесе) ұсыну кезінде пайдаланылатын, есепті кезең аяғындағы ұзақ мерзімді активтердің (негізгі құралдар мен материалдық емес активтердің) және таза айналым капиталының (ағымдағы активтер мен ағымдағы міндеттемелердің арасында айырмашылық ретінде есептелетін) жинақты құны; ҚАРБ-ға пайда ставкасы - аэронавигацияның реттеліп көрсетілетін қызметтерін көрсететін Субъекті капиталының құнына сәйкес келетін операциялық пайданың нормасы; капиталдың құны - қарыз және меншікті қаражаттарға сыйақы ставкасын сипаттайтын, табиғи монополия салаларына жатқызылған қызметті жүзеге асыруға байланысты инвестициялық және өзге тәуекелдерді көрсететін шама; уәкілетті орган – табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган. Осы Нұсқаулықта пайдаланылатын өзге де ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамасына сәйкес қолданылады.
Тарау 2. 2. ҚАРБ-ға пайда ставкасын есептеу
2. ҚАРБ-ға пайда ставкасын есептеу
Тармақ 4
4. Аэронавигацияның реттеліп көрсетілетін қызметтерін көрсететін Субъектінің ҚАРБ-ға пайда ставкасы капиталдың орташа өлшенген құнының әдісімен айқындалады: r e . W e + r d . W d d = -------------------. k ab , мұндағы: W e + W d d - пайда ставкасы; W e - меншік капиталы, теңге; W d - қарыз капиталы, теңге; r e - меншік капиталдың құны; r d - қарыз капиталдың құны; k ab - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің келісімімен мемлекеттік басқару органы белгiлейтін республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысының бір бөлігін аудару нормативінің деңгейін ескеретін коэффициент.
Тармақ 5
5. Аэронавигацияның реттеліп көрсетілетін қызметтерін көрсететін Субъекттің меншік капиталының құны қызметтің осы түріне арналған қазіргі бар тәуекел үшін сыйақыларды жиынтықтай отырып, мына формула бойынша айқындалады: r e = r f + rs, мұндағы: r f - тәуекелсіз ставка; rs - аэронавигация саласына тән тәуекелге арналған сыйлықақы.
Тармақ 6
6. Тәуекелсіз ставка Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі қайта қаржыландыру ресми ставкасының деңгейіне тең қабылданады.
Тармақ 7
7. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің келісімімен мемлекеттік басқару органы белгiлейтін республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысының бір бөлігін аудару нормативін ескеретін коэффициент мына формула бойынша есептеледі: 1 K ab = --------, мұндағы: (1-a) a - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің келісімімен мемлекеттік басқару органы белгiлейтін республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысының бір бөлігін аудару нормативі.
Тармақ 8
8. Аэронавигация саласына тән аэронавигацияның реттеліп көрсетілетін қызметтерін көрсетуден түскен табыстар ысыраптарының мүмкіндігіне байланысты тәуекелдердің негізгі факторлары:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының авиация саласының инфрақұрылымы дамуының жағдайы;
Тармақша 2
2) дүниежүзілік авиатасымалдау рыногы дамуының жалпы әлемдік үрдісі мен ағымдағы жағдайы;
Тармақша 3
3) қолданысқа енгізілген активтердің жай-күйі болып табылады.
Тармақ 9
9. Аэронавигацияның саласына тән тәуекелдерді бағалауды, тәуекелдердің қорытынды деңгейін және тәуекелдердің қорытынды деңгейі үшін сыйлықтардың мөлшерін айқындауды Нұсқаулыққа берілген қосымшада келтірілген алгоритмге сай құзыретті орган немесе тәуелсіз сарапшы жүзеге асырады. Тәуекелдердің қорытынды деңгейі үшін сыйлықтардың мөлшері туралы түпкілікті шешімді құзыретті орган және/немесе тәуелсіз сарапшы берген қорытындысының негізінде уәкілетті орган қабылдайды.
Тармақ 10
10. Қарыз қаражат құнын бағалау алдын ала элемент бойынша және кейіннен орташа өлшенген шама түрінде қорытынды бағалау әдіспен мына формула бойынша жүргізіледі: r d = r dk . W dk + r do . (1 - W dk ), мұндағы: r dk - соңғы есепті кезеңнің аяғындағы банктік және өзге кредиттердің құны, %; r do - купон облигациясы немесе облигацияның атаулы пайыздық ставкасы бойынша төленетін шама, %; W dk - аэронавигацияның реттеліп көрсетілетін қызметтерін көрсететін Субъекттің қарыз капиталындағы есепті кезең аяғындағы айналым қаражатының орнын толықтыруға арналған кредиттерді қоспағанда, банктік және өзге кредиттердің үлес салмағы.
Тармақ 11
11. Банк кредиттерінің құны кредиттің пайыздық ставкасына тең немесе бірнеше кредиттер тартқан жағдайда, тартылған және есепті кезең аяғындағы аэронавигацияның реттеліп көрсетілетін қызметтерін көрсететін Субъекттің теңгерімінде бар осы кредиттердің орташа өлшенген құнына тең және мына формула бойынша айқындалады: P i - i кредиті бойынша кредиторға төленетін пайыз; n - кредиттердің саны; W i - i кредитінің кредиттердің жалпы сомасындағы үлесі; H - пайдаға салынған салық ставкасы.
Тармақ 12
12. Купон облигациясы бойынша төленетін шама немесе оның атаулы құнына пайыздармен көрсетілетін облигацияның атаулы пайыздық ставкасы мынадай формула бойынша анықталады: C H - C p C H * p 2 + -------- t r do = (-------------------) * (1-H) , мұндағы: C H + C p -------- 2 p 2 - дисконт ставкасы; C H - облигациялардың атаулы құны; C p - облигациялардың өткізу бағасы; t - қарыз мерзімі (жыл саны).
Басқа 1. Аэронавигация саласына тән тәуекелдердің қорытынды деңгейін айқындау алгоритмі
Аэронавигацияның реттеліп көрсетілетін қызметтерін көрсететін табиғи монополиялар субъектілерінің қолданысқа енгізілген активтерінің реттелетін базасына пайда ставкасын есептеу жөніндегі нұсқаулыққа қосымша Аэронавигация саласына тән тәуекелдердің қорытынды деңгейін айқындау алгоритмі N Тәу­е­кел фак­тор­ла­ры Тәу­е­кел­ді ба­ға­лау Тәу­е­кел- дер­дің қо­ры­тын­ды дең­гейі ең тө­мен ор­та­ша жо­ға­ры 1. Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның авиа­ция са­ла­сы­ның ин­фра­құ­ры­лы­мы да­муы­ның жағ­дайы 1 2 3 2 Дү­ни­е­жү­зі­лік авиа­та­сы­мал­дау ры­но­гы да­муы­ның жал­пы әлем­дік үр­ді­сі мен ағым­да­ғы жағ­дайы 1 2 3 3. Қол­да­ны­сқа ен­гі­зі­л­ген ак­тив­тер­дің жай-күйі 1 2 3 Тәу­е­кел­дің есеп­тік дең­гейі (ор­та­ша) Аэронавигация саласына тән тәуекелдерді бағалау алгоритмі N Тәу­е­кел фак­тор­ла­ры Тәу­е­кел­ді ба­ға­лау Кө­рі­ні­стер 1 Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның авиа­ция са­ла­сы­ның ин­фра­құ­ры­лы­мы да­муы­ның жағ­дайы ең тө­мен Эко­но­ми­ка­ны да­мы­ту­дың жақ­сы пер­спек­ти­ва­ла­ры, ха­лы­қа­ра­лық та­лап­тар­ға сай және мем­ле­кет пен аза­мат­тар­дың са­па­лы авиа­ция қыз­мет­те­ріне үде­ме­лі сұ­ра­ны­сын қам­та­ма­сыз ете­тін мем­ле­кет­тің ти­ім­ді авиа­кө­лік жүй­е­сін жа­сау  ар­қы­лы әуе ке­ңі­сті­гін пай­да­ла­ну­шы­лар­дың та­ра­пы­нан сұ­ра­ны­сы­ның еле­улі  өсуі ор­та­ша Қа­лып­ты эко­но­ми­ка­лық өсу­дің пер­спек­ти­ва­ла­ры, тұ­рақ­ты авиа­та­сы­мал­да­у­ға оны еле­улі түр­де арт­тыр­ма­стан сұ­ра­ныс кү­ті­лу­де жо­ға­ры Құл­ды­ра­удың бел­гі­лі бір мүм­кін­ді­гі­нің бо­луы, рес­пуб­ли­ка­да­ғы авиа­та­сы­ма­лы кө­лем­де­рі­нің өсу пер­спек­ти­ва­сы­ның бол­мауы, сон­дай-ақ ра­дио­тех­ни­ка­лық және аэро­на­ви­га­ци­я­лық жаб­дық­тар­дың жет­кі­лік­сіз мо­дер­ни­за­ци­я­ла­нуы және әу­е­жай­лар­дың тө­мен­гі дең­гей­де тех­ни­ка­лық жа­рақ­тан­ды­руы­на бай­ла­ны­сты әуе қоз­ға­лы­сы­ның Қа­зақ­стан әуе ке­ңі­сті­гі­нен ке­туі 2 Дү­ни­е­жү­зі­лік авиа­та­сы­мал­дау ры­но­гы да­муы­ның жал­пы әлем­дік үр­ді­сі мен  ағым­да­ғы жағ­дайы ең тө­мен Дү­ни­е­жү­зі­лік эко­но­ми­ка­ны да­мы­ту­дың жақ­сы пер­спек­ти­ва­ла­ры, Қа­зақ­стан мен бас­қа да ел­дер ара­сын­да­ғы әуе қа­ты­на­ста­ры ту­ра­лы екі­жақ­ты ке­лі­сім­дер­дің сақ­та­луын ба­қы­ла­уды қам­та­ма­сыз ете­тін ха­лы­қа­ра­лық эко­но­ми­ка­лық ке­ңі­стік ин­те­гра­ци­я­сы, ұшу мен қо­ну рей­сте­рін орын­да­ған кез­де Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның әуе ке­ңі­сті­гін то­лық пай­да­ла­ну ор­та­ша Қа­лып­ты дү­ни­е­жү­зі­лік эко­но­ми­ка­лық өсу­дің пер­спек­ти­ва­ла­ры, авиа­та­сы­мал­да­у­ға оны еле­улі түр­де арт­тыр­ма­стан тұ­рақ­ты сұ­ра­ныс кү­ті­лу­де жо­ға­ры Аза­мат­тық авиа­ция са­ла­сын­да­ғы жал­пы дү­ни­е­жү­зі­лік құл­ды­рау, тер­рор­лық ак­ті­лер­дің кө­рі­ні­сте­рі, та­би­ғи ка­та­клиз­ма және мем­ле­кет та­ра­пы­нан әсер ету­ге бол­май­тын және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның әуе ке­ңі­сті­гі ар­қы­лы өте­тін әуе қоз­ға­лы­сы кө­ле­мі­нің тө­мен­де­уіне алып ке­ле­тін бас­қа да сырт­қы фак­тор­лар. 3 Қол­да­ны­сқа ен­гі­зі­л­ген ак­тив­тер­дің жай-күйі ең тө­мен Негіз­гі құ­рал­дар­дың 40 %-ға дей­ін то­зуы ор­та­ша Негіз­гі құ­рал­дар­дың 40 %-дан 70 %-ға дей­ін то­зуы жо­ға­ры Негіз­гі құ­рал­дар­дың 70 %-дан астам то­зуы Тәуекелдердің қорытынды деңгейі үшін сыйлықақылардың диапазондары N Қо­ры­тын­ды тәу­е­кел­ді ба­ға­лау диа­по­зон­да­ры Тәу­е­кел­дер­дің қо­ры­тын­ды дең­гейі Сый­лы­қа­қы­лар % 1 Ең тө­мен 1 < 1,5 3 - 5 % 2 Ор­та­ша > 1,5 және <2 6 - 9 % 3 Ор­та­ша­дан жо­ға­ры > 2 және <3 10 - 13 % 4 Жо­ға­ры =3 15 %