О введении «Журнала посещения и проверок должностными лицами контролирующих органов» Күшін жойған
Басқа 0
«Басқарушы органдар лауазымды адамдарының болу және тексеру журналын» енгізу туралы
📌 Ескерту.
Күші жойылды - Қызылорда облысы әкімдігінің 20.12.2004
№ 247 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн
өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қызылорда облысы шағын кәсіпкерлікті құруды жандандыру және оның экономикалық дамуының мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 6 наурыздағы № 3398 «Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдауды күшейту және оны дамытуды жандандыру шаралары туралы» Жарлығын, сондай-ақ «Азаматтар мен заңды тұлғалардың кәсіпкерлік қызметіне бостандық құқығын қорғау туралы» 1998 жылғы 27 сәуірдегі № 3928 Жарлығын орындау жолында ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Басқарушы органдардың өз бастамасы бойынша шағын кәсіпкерлік субъектілерін тексеруді үш жылда бір реттен жиі болдырмау мақсатында, Заңдар актілерінде тікелей көзделген жағдайда ғана салық органдарының тексеруін қоспағанда, қосымшаға сәйкес «лауазымды адамдардың болу және тексеру журналы» енгізілсін, оны толтырмай кәсіпкер жібермеуге құқы бар.
Тармақ 2
2. Аудан мен қала әкімдері «Лауазымды адамдардың болу және тексеру журналын» дайындауды және оны шағын кәсіпкерлер субъектілеріне тегін таратуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыстық шағын кәсіпкерлікті қолдау департаментіне (Т.Сүлейменов) жүктелсін.