Об утверждении Правил выдачи удостоверений личности преподавателям, направляемым Правительством Федеративной Республики Германия на работу в школы Республики Казахстан Қолданыста
Басқа 0
Германия Федеративтік Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының мектептеріне жұмысқа жіберетін оқытушыларға жеке куәліктер беру ережесін бекіту туралы
1997 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Германия Федеративтік Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасының мектептеріне герман оқытушыларын жіберу туралы келісімнің 7-бабын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Германия Федеративтік Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының мектептеріне жұмысқа жіберетін оқытушыларға жеке куәліктер беру ережесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Германия Федеративтік Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының мектептеріне жұмысқа жіберетін оқытушыларға жеке куәліктер беру ережесі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 8 желтоқсандағы
N 1208 қаулысымен
бекітілген
Германия Федеративтік Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының мектептеріне жұмысқа жіберетін оқытушыларға жеке куәліктер беру ережесі
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Германия Федеративтік Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының мектептеріне жұмысқа жіберетін оқытушыларға жеке куәліктер беру ережесі (бұдан әрі - Ереже) 1997 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Германия Федеративтік Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасының мектептеріне герман оқытушыларын жіберу туралы келісімді (бұдан әрі - Келісім) іске асыру мақсатында әзірленді және Келісімнің негізінде жұмысқа келетін оқытушыларға жеке куәліктер беру, тіркеу және есепке алу тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Ереженің мақсаттары үшін жеке куәлік деп Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы орталық атқарушы органы (бұдан әрі - уәкілетті орган) беретін, оның иесі Келісімнің негізінде Қазақстан Республикасының мектептеріне жұмысқа жіберілген герман оқытушысы болып табылатындығын растайтын құжат түсініледі.
Тармақ 3
3. Жеке куәліктерді мемлекеттік және орыс тілдерінде уәкілетті орган толтырады.
Тарау 2. 2. Жеке куәліктерді беру тәртібі
2. Жеке куәліктерді беру тәртібі
Тармақ 4
4. Германия Федеративтік Республикасының Үкіметі оқу жылы басталғанға дейін немесе тиісінше сабақтар басталғанға дейін үш айдан кешіктірмей, Қазақстан Республикасының Үкіметіне дипломатиялық арналар арқылы өзі Қазақстан Республикасында жұмысқа жәрдем көрсетуге ниет білдіріп отырған оқытушылардың тегі, пәндері және біліктілігі туралы деректерді хабарлайды.
Тармақ 5
5. Жеке куәлікті алу үшін герман оқытушысы Қазақстан Республикасына келген күнінен бастап он күн мерзімде уәкілетті органға 3x4 см мөлшеріндегі екі фотосуретін, паспорты мен бұрыштамасының көшірмелерін ұсынады.
Тармақ 6
6. Уәкілетті орган жеті күн мерзімде осы Ережеге 1-қосымшада белгіленген нысан бойынша жеке куәлікті ресімдейді және береді.
Тармақ 7
7. Жеке куәлік уәкілетті орган басшысының бірінші орынбасарының қолымен, елтаңбалы мөрмен куәландырылады және герман оқытушысына оның жеке басын куәландыратын құжатын ұсынған кезде беріледі.
Тарау 3. 3. Жеке куәліктерді есепке алу және тіркеу
3. Жеке куәліктерді есепке алу және тіркеу
Тармақ 8
8. Жеке куәлік беру кезінде уәкілетті органда есепке алынуға және тіркелуге тиіс, оның есепке алу нөмірі болады.
Тармақ 9
9. Жеке куәліктер осы Ережеге 2-қосымшада белгіленген нысан бойынша жеке куәліктерді берудің арнайы есепке алу журналында (бұдан әрі - журнал) тіркеледі. Журналдың беттері нөмірленуге, баулануға және мөртабан соғылуға тиіс.
Тармақ 10
10. Герман оқытушысының жеке куәлігінің қолданылу мерзімі немесе оқытушылық қызметінің мерзімі өткен жағдайда жеке куәлік уәкілетті органға қайтарылуға тиіс.
Тармақ 11
11. Осы Ереженің 10-тармағына сәйкес уәкілетті органға қайтарылған жеке куәліктерге қатысты журналда тиісті белгі қойылады. Мұндай жеке куәліктер жойылуға жатады.
Тарау 4. 4. Жеке куәліктің телнұсқасын беру тәртібі
4. Жеке куәліктің телнұсқасын беру тәртібі
Тармақ 12
12. Жеке куәлік жоғалған жағдайда герман оқытушысы 3x4 см мөлшеріндегі екі фотосуретін, Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының жеке куәлігін жоғалтқан оқытушының жүгінгені туралы жазбаша растауын және жоғалған жердегі елді мекеннің табылған заттар үстелінен алынған анықтаманы қоса бере отырып, уәкілетті органды бұл туралы хабардар етеді. Жеке куәліктің телнұсқасы осы Ереженің 6-тармағында көрсетілген мерзімде беріледі.
Тармақ 13
13. Жеке куәліктің телнұсқасын беру туралы жазба журналға кезекті нөмірмен жазылады. Телнұсқада тақырыбындағы "КУӘЛІК" деген сөздің астынан тиісінше мемлекеттік және орыс тілдерінде "Телнұсқа" деген мөртабан соғылады.
Басқа 1. Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрлігі
Германия Федеративтік
Республикасының Үкіметі
Қазақстан Республикасының
мектептеріне жұмысқа
жіберетін оқытушыларға жеке
куәліктер беру ережесіне
1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрлігі
_______
| __________________________________
| (Т.А.Ә.)
|
| неміс тілін оқытушы
_______| ҚР Үкіметі мен ГФР Үкіметі арасындағы герман
Оқытушыларын ҚР мектептеріне жіберу туралы
1997 жылғы 26.11. келісімнің негізінде
Қазақстан Республикасына келді.
____________ жұмысқа жіберілді
"___"_______ 200__ж. берілді
"___"_______ 200__ж. дейін жарамды
Бірінші вице-министр_______________________________________
Осы куәлік қолданыс мерзімі өткеннен кейін қайтарылуы қажет
Министерство образования и науки
Республики Казахстан
_______
| _________________________________
| (Ф.И.О)
|
| преподаватель немецкого языка
_______| Прибыл в Республику Казахстан на основании
Соглашения между Правительством РК и
Правительством ФРГ о направлении германских
преподавателей в школы РК от 26.11.1997 года
Направлен на работу в_______________________
Выдано "___"_____________________ 200 ___ г.
действительно до "__"___________ 200 ____ г.
Настоящее удостоверение подлежит возврату по
истечении срока действия
Басқа 2. Қазақстанға жұмысқа келетін герман оқытушыларына жеке куәліктер беруді есепке алу журналы
Германия Федеративтік
Республикасының Үкіметі
Қазақстан Республикасының
мектептеріне жұмысқа
жіберетін оқытушыларға жеке
куәліктер беру ережесіне
2-қосымша
Қазақстанға жұмысқа келетін герман оқытушыларына жеке куәліктер беруді есепке алу журналы
Рет-
тік
тір-
кеу
нө-
мірі
Куә-
ліктің
бе-
рілген
күні
Куә-
ліктің
се-
риясы,
нөмірі
Оқыту-
шының
Т.А.Ә.
Пас-
порт
де-
рек-
тері
Тұрақты
тұратын
жерінің
мекен-
жайы
Жұ-
мысқа
қайда
жібе-
рілген
Куә-
ліктің
қайта-
рылған
күні
Ал-
ғаны
жө-
нінде
қолы
1.
2.
3.