О сборе за право реализации товаров (работ, услуг) на рынках Костанайской области Күшін жойған
Басқа 0
Қостанай облысының базарларында тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) сату құқығы
үшін ақы төлеу туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды-Қостанай облысы әкімінің 19.11.2004 № 50 шешімімен.
Қазақстан Республикасының базарларында тауарларды (жүмыстарды, қызмет көрсетулерді) сату қүқығы үшін ақы төлеудің тәртібі мен алымдардың ставкалары туралы Ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 4 қыркуйектегі № 840 Қаулысын орындауда ШЕШТІМ :
Тармақ 1
1. Қалалар және аудандар әкімдері:
базарларда сауда жасау ережелеріне және оларға қойылатын санитарлық талаптарға, өкілетті және қүзырлы органдар қабылдайтын бекітілген актілерге сәйкес базарлар санаттарын анықтасын;
Үкімет Қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының базарларында тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) сату қүқыгы үшін ақы төлеудің ставкаларын белгілесін;
- өкілетті органдар немесе базарлар әкімшіліктері арқылы меншік түріне қарамастан базарларда тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) сату қүқығы үшін ақы төлеуді қамтамасыз етсін;
фискальді зердесі бар бақылау-кассалық аппараттарын қолданбаған жағдайда ақы төлеуге тыйым салсын.
Тармақ 2
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын: -"Қостанай облысының базарларында тауарларды сату
құқығы үшін ақы төлеу туралы "Қостанай облысы әкімінің 1995 жылғы 5 қыркүйектегі № 96 қаулысы; облыс әкімінің мына шешімдерінің:
-"Қостанай облысының базарларында тауарларды сату қуқығы үшін ақы төлеу туралы" Қостанай облысы әкімінің 1995 жылғы 5 қыркүйектегі № 96 қаулысына өзгертулер енгізу туралы 1995 жылғы 30 қазандағы № 48;
"Қостанай облысы әкімінің 1995 жылғы 30 қазандағы№ 48 шешіміне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" 1996 жылғы 2 мамырдағы № 71;
"Қазақстан Республикасының базарларында тауарларды сату қүқығы үшін ақы толеу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетің 1995 жылгы 12 шілдедегі № 955 Қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 23 ақпандағы № 234 Қаулысын жүзеге асыру туралы" 1998 жылғы 23 сәуірдегі № 73.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары Н.С.Әшімовке жүктелсін.