Қолданыстағы ред. 15.11.2005

Нұра ауданының аумағындағы елді-мекендерді көркейту Қағидасын бекіту туралы от 15.11.2005 г. № 200 (Нұра ауданының аумағындағы елді-мекендерді көркейту Қағидасын бекіту туралы)

0

«Нұра ауданының аумағындағы елді-мекендерді көркейту Кағидасын бекіту туралы».
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6-бабының 1-тармағы 8-тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік кұкық бұзушылық туралы»» Кодексіне сәйкес Ңұра аудандық Мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

1

1. Нұра ауданының аумағындағы елді - мекендерді көркейту Қағидасы қосымшаға сәйкес бекітілсін.

2

2. Аудандық Мәслихаттың 2005 жылғы 21 шілдедегі 16 сессиясының «Нұра ауданында көріктендіру, санитарлық тазалау, жасыл желектерді күтіп ұстау, қорғау және шығарып тастау Қағидасын бекіту туралы» №158 және аудандық Мәслихаттың 2005 жылғы 20 қазандағы 18 сессиясының «Нұра ауданында көріктендіру, санитарлық тазалау, жасыл желектерді күтіп ұстау, қорғау және шығарып тастау Қағидасын бекіту туралы» №158 шешіміне толықтыру еңгізу туралы №190 шешімдерінің күші жойылсын.
«КЕЛІСІЛДІ»
Нұра ауданының әкімі
Құсайынов Д.М.
18.11.2005 ж.
Нұра ауданының ішкі істер
бөлімінің бастығы
Канафин А.Н.
18.11.2005 ж.
Нұра ауданының қала құрылысы, құрылыс,
тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық,
жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары
бөлімінің бастығы
Искаков Н.У.
18.11.2005 ж.
Нұра ауданы бойынша экологиялық жағдай
жөніндегі мемлекеттік бақылаушы
Досполов Қ.Е.
18.11.2005 ж.
Нұра ауданының бойынша мемлекеттік санитарлық
эпидемиологиялы қадағалау Департамент
филиалының бастығы
Досполов Қ.Е.
18.11.2005 ж.

3. Нұра ауданының аумағында елді-мекендерді көркейту Қағидасы

2005 жылғы 15 қарашадағы 19 сессиясының
Нұра аудандық Мәслихатының
№200 шешімімен бекітілген
қосымша
Нұра ауданының аумағында елді-мекендерді көркейту
Қағидасы
Осы Қағида Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне (Ерекше бөлім), Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық Кодексіне, Қазақстан Республикасының «Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы» Заңымен, Қазақстан Республикасының «Қоршаған ортаны қорғау туралы» Заңымен, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңымен, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңымен, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен бекітілген «Жаңа объектілер салуға қолда бар объектілерді өзгертуга рұқсат беретін рәсімдерді өткізу ережесін бекіту туралы» сәйкес әзірленіп дайындалды.

1. 1. Жалпы ережелер

1. Жалпы ережелер

1

1. Нұра ауданының көркейту қағидасы елді-мекендердегі қоршаған ортаны толығымен күтіп ұстау және ғимараттар бойынша шаралар кешенін өткізу тәртібін анықтайды, көркейту элементтері мен объектілерінің жағдайына сәулет, санитарлық және экологиялық сипаттағы негізгі талаптарды анықтайды.
Осы қағида аудан аумағында тұратын немесе өз қызметін жүзеге асыратын барлық жеке және заңды тұлғалар үшін меншік нысанына қатыссыз міндетті болып табылады.

2

2. Қағида нормативтік құжат болып табылады, оған ауданды көркейтуді қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстар өндірісін жүргізу және ұйымдастыру, сондай-ақ барлық меншік түріндегі заңды және жеке тұлғалардың жауапкершілігі, міндеті және құқығы енеді.

3

3. Меншік нысанына қарамастан ұйымдар, қоғамдық бірлестіктер, лауазымды тұлғалар және азаматтар көркейту Қағидасын сақтауға қажет.

4

4. Нұра ауданы әкімдігі жанындағы қала, поселке және селолық округтер әкімдері көркейту және инженерлік инфракұрылымдар элементтері мен объектілерін қорғау, ағымдағы және күрделі жөндеу, қызмет көрсету, күтіп ұстау жөніндегі кәсіпорындармен шарттар жасау, ортақ пайдаланыстағы объектілерде және аумақтарда мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру, көркейту жөніндегі қызметтерді үйлестіруде тапсырыс берушінің қызметін жүзеге асырады.

5

5. Көркейту элементтері мен объектілерін, инженерлік инфрақұрылымдарды, жағдайды қамтамасыз етуге бақылау жасауды жүзеге асыруға тиісті өкілетті мемлекеттік органдарымен жүзеге асырылады.

2. 2. Қағидада қолданылатын негізгі түсініктер

2. Қағидада қолданылатын негізгі түсініктер

6

6. Өкілетті орган - Нұра ауданың көркейту қызметін жүзеге асыруға байланысты қатынастарды реттеу саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының негізінде өкілеттікті жүзеге асыратын мемлекеттік атқарушы орган.

7

7. Көркейту - адамның елді-мекендерде жақсы да жайлы және қауіпсіз өмір сүру ортасын қамтамасыз ететін элементтер мен жұмыстар кешені. Осы жұмыс кешені төмендегі негізгі бағыттар бойынша көркейту объектілері мен элементтерін жөндеу және қорғау, пайдалану, күтіп ұстау және ұйымдастыруды қарастырады: инженерлік көркейту, сыртқы көркейту, санитарлық көркейту, көгаландыру, жарықтандыру, үй маңындағы аумақты көркейту.

8

8. Бекітілген аумақ - белгіленген аумаққа созылатын немесе оған қызмет ету үшін пайдаланатын немесе қорғау зонасы болып табылатын жер учаскесі.

9

9. Инженерлік, көліктік және әлеуметтік инфрақұрылымдар - инженерлік жабдықтар, байланыс, көлік коммуникациялары мен құрылымдары, сондай-ақ ауданның қызметі мен дамуын тұрақты қамтамасыз ететін, тұрғындарға әлеуметтік және мәдени - тұрмыстық қызмет көрсететін объектілер кешені.

10

10. Жер жұмыстары - аумақты қазу, тас төсеу және қайта жабумен байланысты жұмыстар.

11

11. Бөлінген аумақ - өкілетті органның шешіміне сәйкес, жер пайдаланушыға өзіне қарасты объектілерді (пайдалану) орналастыру үшін меншікке немесе пайдалануға берілген жер учаскесі.

12

12. Салынбаған аумақ - жобалаудың негізгі нормаларын қолдануды шектейтін, жер үсті және жер асты құрылыс түрлері жоқ аумақ.

13

13. Санитарлық тазалау - жинау жүйесі, қалдықтарды жою және жинау, қайта өңдеу, залалсыздандыру.

14

14. Қаттытұрмыстық қалдықтар - бұл жалпы және тұрғылықты ғимараттарда пайда болған тұрмыстық қоқыстары, қазіргі пәтерлерді жөндеудегі, жергілікті жылытудағы жылыту қондырғыларындағы, қалдықтарды, тротуар және аула маңындағы, үй тұрмысындағы ірі заттар қалдықтары.

15

15. Сұйық тұрмыстық қалдықтар - кәріз жүйесіне қосылмаған үй-жай қалдықтары.

16

16. Қалдықгар жиынтығы - олардың пайда болу көзінен бекітілген шоғылдандырылған орындарға қалдықтарды қабылдау бойынша арнайы кәсіпорынның қызметі.

17

17. Қалдықтарды шығару (жою) - анықталған орындарға қалдықтарды автокөліктермен жеткізу (қалдықарту пункті, қалдық жинау орны, полигон).

18

18. Қалдықтарды көму - арнайы орындарға (полигон) одан әрі пайдалануға келмейтін қалдықтарды қоршаған табиғат ортасына зияңды заттардың түсуінің алдын алу мақсатында оқшаулау.

19

19. Полигон - жергілікті атқару органдары шешімдерімен анықталған, қалдықтарды жою және жинауға арналған, жалпы қолдану орындары.

20

20. Инженерлік жүйелер мен құрылғылар - қала тұрғындары мен кәсіпорындарының қажеттіліктеріне кешенді қызмет көрсетуге, елді мекендер аумағынан жер үстіндегі суды жинап, бұруға арналған инженерлік көркейтудің маңызды элементтері.

21

21. Қоғамдық орындар - ортақ пайдаланыстағы демалу аймақтары бақтар, жағажайлар, скверлер), алаңдар, қоғамдық көліктердің аялдамалары.

22

22. Көше-даңғыл жолдар, тротуарлар, жасыл көшеттер, жер асты және жер үсті инженерлік желілері орналастырылған аумақ.

3. 3. Жалпы талаптар

3. Жалпы талаптар

23

23. Заңды және жеке тұлғалар жол жамылғыларының, тротуарлар, көк майсалар және басқа объектілердің, көркейту элементтерінің және инженерлік құдылғылардың бүлінуіне байланысты, жұмыстарды жол жергілікті әкімдіктерінен жөндеу мәселелерімен органдарымен жазбаша рұқсат қағаз негізінде (ордер) ғана іске асырылады.

24

24. Көлік жолдарын пайдаланушылар келісімді іске асырады:

1

1) өкілетті органмен, жол полициясы бөлімдерімен және төтенше жағдай бойынша басқармамен мыналарды келісімдеуге:
қатты әсер ететін және радиоактивті, қопарғыш заттар таситын ірі аумақты және (немесе) ауырсалмақты көліктер жолын;
көлік жолдарын арналармен, байланыс және электр беру жүйелерімен, газ, су өткізуші және темір жолдармен және басқа инженерлік және коммуникация жүйелерімен қиылысумен;
бір деңгейде көлік жолдарымен қиылысу кезіндегі қосымша жолдарды өсеу немесе теміржолдарының төмендеуі және жоғарлауын;
теміржол өткелдерін тарату және жөндеу, қайта жөндеу, орнату;
көлік жолдарын бақылау зонасында және бөлінген жол жиегінде дүңгіршектер, павильондар немесе басқа ғимараттар орнатуды;
жол ақпаратына қатысы жоқ, транспаранттардың көлік жолдарын, жарнама, плакаттарды жол жиегіне орнатуды;
көлік жолдарының бақылау зонасына және жол жиегіне сыртқы жарықтандыру тірегін орнатуды;
жолдарда жалпылай және спорт шараларын өткізуді;
аялдама пункттерінің орнатылуын және жолаушылардың жалпы пайдалану транспорт құралдары қозғалысы маршруттарының ашылуын;
жүктерді арту және тасу үшін алаң және жолдардан келуді орнату;
бөгет болатын түрлі жұмыстарды өңдіруге;

2

2) өкілетті органымен мыналарды келістіруге:
жолдарды бақылау зоналарында және жол жиегіндегі карьерлерді өңдеуді, сәнді көшеттерді, дуалдарды орнатуды, ескерткіштер, ғимараттарды қалпына келтіруді;
көлік жолдарының жиек жолағындағы көшеттерді отырғызу және алуды;

25

25. Жер жұмыстары өңдірісіне рұқсат (ордер) беру тәртібі:

1

1) Жер асты құрылғыларын, жолдарды және басқа жұмыстарды салуға жөндеуге және қайта жаңартуға байланысты жер жұмыстарын көлік жолдарының баланста ұстаушы өкілетті органынан және жол полициясы органынан жұмыс өндіру құқына арнайы рұқсат (ордер) берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

2

2) Өкілетті органдарынан осы жұмысты өндірушілер, ұйымның инженерлік коммуникациясын жөндеу және өткізуге рұқсат алу үшін төмендегі құжаттарды ұсынуға қажет;
белгілі тәртіпте өңделген және бекітілген бас жоспар көшірмесін немесе жоба құжаттарын;
жұмыс өндірудің күнтізбекті кестесі;
жолдың бүлінген элементтерін қалпына келтіру туралы міндетті. Жер жұмыстарын ондіруге рұқсат беру (ордер) 2-күндік мерзімде орындалады.

26

26. Шұғыл аварияны қалпына келтіру жұмыстары, осы қағиданың 25 тармағында бекітілген рұқсат беру тәртібімен келесі рәсімдеуімен, осы жолдар мекеме бақылауындағы, өкілетті органның өкілінің қатысуымен орындалуы керек.

27

27. Жұмыс өндіруші жұмыс басталғанға дейін төмендегілерді орындауға парызды:

1

1) Белгіленген үлгіде ескерту белгілері мен қажетті қоршауларды жұмыс жүргізілетін қауіпті аймақ шекарасы бойына орнату;

2

2) Жүргіншілер жүретін жерлерге кұрылғылар орнату және қазылған аумақтарды түңгі уақытта жарықпен қамтамасыз ету;

3

3) Нөсерлік кәріз жүйелерінің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуге шаралар қабылдау;

4

4) Механизімдер жұмыс істейтін аймақтарда жасыл көшеттер болған жағдайда олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қатты қалқандармен қоршау;

5

5) Жол өткелдері мен қозғалыс жолдарын жабу қажет болған жағдайда айналама жолдарды дайындап, тиісті белгілер арқылы айналама жолдарды анық көрсету;

6

6) Жұмыс өндірісі қолданыстағы нормалар мен ережелерге, сондай-ақ ордерде көрсетілген талаптарға сәйкес жүргізіледі;

7

7) Құрылыс матералдарын сақтау жел ұшырмайтын және шаң - тозаңды болдырмайтын шараларды сақтала отырып жүргізіледі. Жұмыс барысында одан әрі пайдалануға жарамсыз материалдар өндіріс процесінде шығарылады. Жасыл көшеттер, жер асты құрылымдарының құдық қақпақтарын, су ағар торларды, лотоктарды және т.б. құрылыс материалдарымен және топырақпен жабуға рұқсат етілмейді. Құрылыстың аталған элементтерін қорғау үшін люктер мен құдықтарға қол жеткізуге мүмкіндік болатындай ағаш қалқандар және қоршаулар қолданылуы тиіс.

28

28. Қоршаған ортаның нашар жағдайын ескере отырып, ауданды көркейту мақсатында меншіктің барлық нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдарға, жеке тұлғаларға тыйым салынады:

1

1) Қоқыстарды, тұрмыстық қалдықгарды, лайлар мен басқа да коқыстарды, құрылыс қалдықтарын, сондай-ақ қар мен мұзды арнайы бөлінген орындардан басқа, нөсер қабылдағыштар мен торларға, байқайтын және бақылайтын кәріз жүйесіндегі құдықтарға, су құбыры мен жылу жүйелеріне, фонтандарға, суаттарға, өзендер мен жасыл көшеттерге, көгалдарға, алаңдарға, гүлзарларға, көлік жолдарына, қоғамдық көліктерді тосатын аялдамаларға астауға;

2

2) Аулалар, гүлзалар, бақтар және басқа да қоғамдық пайдаланатын орындардағы жабдықтарды сындыруға;

3

3) Аудан әкімдігімен арнайы бөлмеген үйлердің, ғимараттардың, қондырғылардың қасбеттеріне, су ағар құбырларға, жарық беру бағаналарына, инженерлік желі және коммуникация қондырғыларына, көпшілік пайдаланатын орындарда және меншік иесінің келісімінсіз басқа да жерлерге хабарландырулар, жарнамалар, ұгіт баспа өнімдерін (афиша, плакат, листовкалар) және басқа да көзбен шолу ақпараттарын орналастыруға және тастауға;

4

4) Қоқыс төгетін қорыптарда қоқыстарды өртеуге, қоқыс төгетін орынға құрылыс материалдарын, металл қалдықтарын тастауға;

4. 4. Көлік жүйесі

4. Көлік жүйесі

29

29. Көлік құралдарымен тасымалданатын сусымалы және басқа да жүктер көшелердің ластануына жол бермес үшін ұқыпты жабылуы тиіс.

30

30. Күтпеген жағдайлар, стихиялық апаттар туылған кезде (өрт, төтенше, апатты жағдайлар) апатты жұмыс өндірісі орнында заттар мен басқа да мүліктерді қоймалаған меншік нысанына қатыссыз заңды және жеке тұлғалар өкілетті органның бірінші талабы бойынша өз күштерімен осы учаскені босатуға қажет.

31

31. Егер қазған кезде жобада жол жер асты коммуникациялары белгілі болса, жұмысты жүргізуші ол туралы жол органдарына және осы коммуникациялар қарайтын мекемеге хабарлауға қажет.

32

32. Жұмыс өндірісі орындарында ақпараттық қалқандар (объектінің, кәсіпорынның атауы) орнатылуға тиіс.

33

33. Мыналарға тыйым салынады:

1

1) Арнайы рұқсатсыз шынжыр табан көліктермен қала көшелерінде жүру;

2

2) Белгіленбеген орындарға қоқыс шығару;

3

3) Көлік құралдарынан темекі қалдықтарын, қағаздарды және басқа да қоқыстарды лақтыру;

4

4) Белгіленбеген орындарда автомашиналарды жуу;

5

5) Аула ішінде өрт сөндіру автокөлігінің жүруіне бөгет болатын кедергілерді орнатуға.

5. 5. Жер асты жер үсті инженерлік коммунникациялардың жүйесі

5. Жер асты жер үсті инженерлік коммунникациялардың жүйесі

34

34. Елді мекендерді көркейтудің бұзылуын болдырмау үшін инженерлік жүйелердің техникалық жағдайы және құрылымы арнайы инженерлік коммуникацияларға иеліктері бар заңды және жеке тұлғалардың үнемі бақылауында болады және олар төмендегілерге қажет:

1

1) аумақтарды су басуына жол бермеу;

2

2) бөлінген және қорғау аймақтардың жағдайын бақылау, люктердің қақпақтары, құдық және камералардың жабындылары, нәсерлік канализациялардың торлары жол жабындыларының деңгейінде болуы тиіс және үнемі дұрыс істеп тұруын тексеріп тұру;

3

3) қайтадан құм төгу және пайдалану, орнату тәртібін сақтамау салдарынан бұзылатын жер асты жолдары мен топырақ және қатты жабындыларының жағдайына үнемі көңіл аудару.

35

35. Жоғары және жер асты суларына арналған каналдарды, құдықтарды, құбырлар мен дренаждарды тазалау мен жинау, нөсерлік кәріз жүйелерінің коллекторлары мен жаңбыр қабылдағыш құдықтарды тазалау қажетіне қарай жаз мезгілінде төрт реттен кем емес, ал қыс мезгілінде бір реттен кем емесі жүргізіледі.

6. 6. Аумақты жарықтандыру

6. Аумақты жарықтандыру

36

36. Аумақты жарықтандыру сыртқы жарықты орнату арқылы қамтамасыз етіледі. Сыртқы жарықты орнатуға төмендегілер жатады.

1

1) электрмен жабдықгау құрылғылары, бөлуші жүйелер;

2

2) электр желілерін орналастыру және қорғау қондырғысы;

3

3) кронштейндер, тросты іліншек тіректері.

37

37. Тар жолдар, тротуарлар және аландарға жарық түсіру ғимарат қабырғасына ілінген шамдармен оларға жақсы жарық түсетіндей жерге ілуге рұқсат етіледі.

38

38. Сыртқы жарық қондырғысына қызмет көрсету және күтіп ұстау төмендегі шараларды қамтиды:

1

1) сыртқы жарық қондырғысын техникалық дұрыс жағдайда ұстау, ондағы сандық және сапалық көрсеткіштер берілген параметрге сәйкес келумен қоса, лампаларды ауыстыру және шамдардағы істен шыққан шашыратқыштарды ауыстыру, шамдарды тазалау, жарық түсіру деңгейін өлшеуді енгізу;

2

2) Шамдарды жөндеу кезінде неғұрлым сапалы, қазіргі заманғы және тиімді жарық лампаларын пайдалану қажет.

39

39. Жарықтандыру тірегіне жарнама қалқандарын, баланста ұстаушыный келісімінсіз басқа инженерлік жүйелерді орнатуға тыйым салынады.

40

40. Сыртқы жарықтандыру қондырғысын орнату жағдайын және шамдардың жану пайызын анықтау үшін, екі жұмада бір рет бақылаулы тексеріс жүргізіледі, сыртқы жарықтандыру қондырғысы жағдайы бойынша акт құрылады. Шамдардың жану пайызы 95% - тен кем болмауы керек.

7. 7. Ерекшелінген аумақтардағы нысандарды тазалау

7. Ерекшелінген аумақтардағы нысандарды тазалау

41

41. Ерекшеленген аумақтардағы нысандарда (базарлар, жағажайлар, бақтар, емдеу-сауықтыру мекемелері) санитарлық-эпидемиялық станциялардың келісімінсіз санитарлық қондырғыларды орнатуға және құрылыстарын жүргізуге, күл қоқыстарды жинауға, автокөліктерін жууға, шашылған шөлмектерді және ағаштарды сақтауға рұқсат етілмейді.

42

42. Қоғамдық орындардағы аумақтарды жинау (жалпы қолданыстағы демалыс орындары) таңертеңгілік және адамдар аз жүретін уақыттарда (түнгі, таңертеңгілік кезде) жүргізіледі.

43

43. Жазғы маусымда аумақтарды тазалауға адамдар жүретін жерлерді және тротуарларды шаң-тозаңнан, кір-қоқыс жерге түскен жапыратқтардан, көше күл-қоқыстарынан тазалау жатады. Жолдар, алаңдар көшелер және инженерлік құрылыстар жүру бөліктері түнгі уақыттарда жуылады.

44

44. Жапырақтар саулап түскен шақтарда оларды көшелерден, тротуарлардан дер кезінде жинап алу керек немесе газондарды жауып тастау қажет. Жиналған жапырақтарды арнаулы белгіленген аумақтарға жеткізу қажет. Жапырақтарды елді мекендерде, скверлерде және парктерде өртеп, жинақтауға болмайды.

45

45. Қысқы жинау жұмысы тұрақты (қар жауған кездерде) және мезгілді (қар жауған және одан кейінгі уақытта) болып екі түрге бөлінеді.

46

46. Жолдардағы және тротуарлардағы көктайгақтармен күресу үшін тұз араластырылған құм (немесе басқа хлоридалы құмдар) қолданылады. Жолдарды қауіпсіздендіру жүру қозғалысы жоғары жерлерде ең бірінші кезекте апатты-қауіпті жерлерден басталады: құлдилауда, көтерілуде, қиылыстарда, қоғамдық көліктер тежелетін орындарда, көпірлердің өту бөліктерінде, жол өтімдерінде және басқа инженерлік құрылыстарды.

47

47. Мұз үйінділерін, қардың кірлік қалдықтарын жасыл көшетті аумақтарға апарып, тастауға рұқсат етілмейді.

48

48. Көшелердің өту жолдарын, алаңдарын қиылыстарын, көпірлер, жоғары және ылдиларды механизмділік себу жүмыстарын конкурста жеңіп шыққан ұйымдар мен мекемелер атқаруға құқылы. Аула ішіндегі жаяу кісілі жолдарға құм себу пәтер иелері кооперативтер күшімен немесе мамандандырылған кәсіпорындармен шарт жасасу тәртібі арқылы іске асырылады.

49

49. Жер учаскесі иелері және жер пайдаланушылар бекітілген және белгіленген аумақтарда қар және мұздарды ойып жинауға, тайғақ жерлерге инертті жадығаттармен өз бетімен себуге немес мамандандырылған ұйымдар шарты бойынша іске асыруға міндетті.

50

50. Шатырларды және карниздегі, төбедегі су құбырларындағы қардан тазалау маңайы міндетті қоршалган жасыл көшеттерді, шамдарды, ауа жүйелерінің бүлінуінен және жолаушылардың бақытсыз жағдайынан сақтану шараларын сақтау міндетімен ғимарат және мекеме иелерінің құралымен және күшімен, жүйелі түрде өткізіледі.

51

51. Өтетін жерлерді бөгеуге жасыл көшетті газондарға залалын тигізетің қар және мұз қалдықтарын тастауға рұқсат етілмейді.

8. 8. Базарлар

8. Базарлар

52

52. Базарлар аумағында (оның ішінде шаруашылық алаңдарға кірме жолдар, өткелдер) жауын және көктемгі су ағындарының төмен ағып кетуін қамтамасыз ететін қабаттар (асфальт, жұмыртас) төселуі керек. 0,2 гектар алаңы бар базарларға еркіндік етілген жағдайда бұрынғы төселген жоғарғы қабатты кем дегенде 3 см құммен тағы нығырлауға жол беріледі.

53

53. Базардың аумағында кәріз жүйесі және су құбыры болуы керек.

54

54. Шаруашылық алаңдарды санитарлық қағидалар мен нормалар 2003 жылдың 5 ақпаны № 131 «Сауда базарларының қызметін ұйымдастыру Қағидасы» есебімен сауда орындарынан кем дегенде 30 метр қашықтыққа орналасуы тиіс.

55

55. Базардың техникалық жұмысшылары ол жабылғаннан кейін аумағын тазартуы керек. Күндіз қалдықгар жиналып қалған жерлерге тазарту жұмыстары жүргізілуі керек.

56

56. Жылдың жылы маусымында базар аумағын міндетті сыпырумен бірге күн сайын жуып отыру керек.

9. 9. Бақтар

9. Бақтар

57

57. Ауыспалы күл қоқыс жинағыштарға бөлінген шаруашылық учаскелері демалушылардың көп жиналатын орындарынан (би алаңдары, эстрадалар, фонтандар және т.б.) 50 метрден жақын орналаспауы керек.

58

58. Парктің 800 шаршы метріне кем дегенде бір күл қоқыс салған орындар орнатылуы керек. Басты аллеялардағы күл қоқыс салатын орындардың ара қашықтығы 10 метрден аспауы тиіс.

10. 10. Табиғи суаттар

10. Табиғи суаттар

59

59. Табиғи жағдайларда медициналық пункттер, құтқару станциялары, тамақтану орындары, киініп шешінетін кабиналар, әжетханалар орналасады. Егер фонтандар болса су ауыз суы Қазақстан Республикасының санитарлық қағидалар мен нормаларының «Елді мекендердегі ауыз суы және сумен жабдықтау» № 3.01.067-97 талаптарына сәйкес болуы керек.

60

60. Күл-қоқыс салатын орындар жасыл көшекттерден және көзінен кем дегенде 10 метрлік қашықтықта орналасуы керек. Күл қоқыс салатын орындар жағажайдың 1600 метрлік аумағына кем дегенде біреуі орнатылуы қажет. Орнатылған жағажайдың күл қоқыс салатын орындарының ара қашықтығын бір-бірінен 40 метрден аспауы тиіс.

61

61. Суға шомылу үшін арналған орындарда машина, кір жууға, жануарлар суға түсіп және оларды ертіп жүруге тыйым салынады.

62

62. Қысқы маусым аяқталғанда су тоғандарының жағалық аймақтары күл қоқыстардан, бей берекет үйінділерден арылуы керек, су бассейінінің санитарлық жағдайын күтіп ұстау бойынша шаралар жүргізілуі қажет.

11. 11. Қатты қалдықтарды жинау, шығару және залалсыздандыру

11. Қатты қалдықтарды жинау, шығару және залалсыздандыру
63. Тұрғын үйлерден, сауда және қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарынан, мәдениет кәсіпорындарынан, қоғамдық және басқадай ұйыдардан қатты қалдықтарды шығару жинауды жоспарлы-тұрақтандыру жүйесі бойынша арнайы кәсіпорындар арқылы жүргізіледі.
64. Қоқыстар мен қалдықтарды үшін контейнерлерді орналастыру үй иелерімен кәсіпорындармен шарт жасасу арқылы жүзеге асырылады. Кәсіпорын, мекеме және үйым басшылары санитарлы қызметтер және өртке қарсы қызметтер келісімі бойынша контейнер орнатуды өндіреді.
65. Қоқыс жинайтын алаңдар елді мекендерде тұратын адамдар үшін қолайлы жағдайда, топырақ беті мен ауаның ластануына мүмкіндік бермейтін, тиісті эстетикалық талаптарды қамтамасыз етуді есепке ала отырып орналастырылады. Алаңқайлар асфальтпен жабылып және оған үй не кіре беріс жақтан арнаулы транспорттың кіріп шығуына мүмкіндік жасалған жөн.
66. Қалдықтарды сыртқа шығару ісіне өкілетті органдар бақылау жасайды.

12. 12. Құрылысты бұзу және шығару

12. Құрылысты бұзу және шығару

67

67. Қолданылып жүрген заңдылықтар және бекітілген жобалық процедуралар орындалуы қамтамасыз етілген жағдайда ғана аумақтардағы ескірген және құлауға шақ қалған құрылыстарды тазарту жұмыстарына кірісуге болады.

68

68. Бұзу және бөлшектеу технологиясы Қазақстан Республикасының NА.3.2.5-96 «Құрылыстағы еңбек және қауіпсіздік техникасын қорғау» құрылыс нормалары мен қағидалар талаптарына сәйкес қызметкерлер мен жұмысшылардың қауіпсіздік еңбек талаптарын қамтамасыз ету керек.

13. 13. Үй-маңайын күтіп-ұстау және тазалау

13. Үй-маңайын күтіп-ұстау және тазалау

69

69. Үй маңындағы аймаққа контейнер орнату үшін, ыңғайлы транспорт ету жолдары үшін арнайы алаңдар бөлінуі керек.

70

70. Аулалық қоқыс жинағыштардың көлемі Қазақстан Республикасың «Қалақұрылысы. Қалалық және селолық қоныстарды жоспарлау және салу» 3.01-01-2002 талаптарына сәйкес анықтау ұсынылады.

71

71. Жеке жер үйлер қожайындары кондоминиум объектісі мекеме органына аула маңайы және үйге жүру жолын жинау жүктеледі.

14. 14. Осы Қағиданы бұзғандығы үшін жауапкершілік

14. Осы Қағиданы бұзғандығы үшін жауапкершілік

73

73. Осы Қағиданы бұзғаны үшін, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде көрсетілген санкциялар қолданылады.

74

74. Осы Қағнданың орындалуын бақылауды қолданыстағы заңға сәйкес әр бақылаушы органдар өз құзыретгт шегінде іске асыр.