Об образовании бюджетной комиссии Костанайского района Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.06.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қостанай ауданының бюджеттік комиссиясын құру туралы Қазақстан Республикасы Бюджеттік кодексінің 64-бабына сәйкес Қостанай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 1-қосымшаға сәйкес Қостанай ауданының бюджеттік комиссиясы құрылсын.
Тармақ 2
2. 2-қосымшаға сәйкес Қостанай ауданының бюджеттік комиссиясы туралы ереже бекітілсін.
Тармақ 3
3. «Қостанай ауданының бюджеттік комиссиясын құру туралы» 2002 жылғы 13 наурыздағы № 116 әкімдік қаулысы күшін жойған деп саналсын. (нормативтік құқыктық актілердің Тіркелімінде мемлекеттік тіркеу 2002 жылғы 9 сәуіріндегі нөмірі 1358 болып тіркелген).
Басқа 4. Қостанай ауданының бюджеттік комиссиясының құрамы
Қостанай ауданы әкімдігінің 2005 жылғы 1 маусымдағы № 336 қаулысына 1-қосымша Қостанай ауданының бюджеттік комиссиясының құрамы Тюркин Геннадий Николаевич - Қостанай ауданының әкімі, комиссия төрағасы Демесенов Мереке Андрейұлы - Қостанай ауданы әкімінің орынбасары, комиссия төрағасының орынбасары Шилина Марина Владимировна - Қостанай ауданы әкімиятының «Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы, хатшы Ахметжанов Ахметбек Масақбайұлы - Қостанай ауданы бойынша салық комитетінің төрағасы (келісім бойынша) Балапанова Қарлығаш Әлиханқызы - аудандық мәслихаттың тексеру комиссиясының төрағасы (келісім бойынша) Ыбыраева Айгүл Ерғалиқызы - «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі қазынашылык комитетінің Қостанай ауданы бойынша Қазынашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Мұратбеков Мұрат Тлемісұлы - Қостанай ауданы әкімиятының «Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Осадчая Валентина Григорьевна - Қостанай ауданы әкімиятының "Қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы Черненко Владимир Леонидович - Қостанай аудандық мәслихатынын бюджет, экономика, өсімдік қоры мен экология, селоның дамуы мәселелері бойынша тұракты комиссия төрағасы (келісім бойынша) Шабаева Татьяна Васильевна - Қостанай ауданы әкімиятының «Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары
Басқа 5. Қостанай ауданының бюджеттік комиссиясы туралы Ереже
Қостанай ауданы әкімдігінің 2005 жылғы 1 маусымдағы № 336 қаулысына 2-қосымша Қостанай ауданының бюджеттік комиссиясы туралы Ереже
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы ереже аудандық бюджеттік комиссиялардың қызметін, тұрақты негіздегі іс-әрекетін (әрі қарай - комиссия) реттейді.
Тармақ 2
2. Комиссияның құқықтық негізінің қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексі, Қазақстан Республикасының заңнамалық және басқа да нормативтік-құқықтық актілері, сондай-ақ осы ереже құрайды.
Тарау 2. 2. Комиссияның мақсаты
2. Комиссияның мақсаты
Тармақ 3
3. Комиссия қызметінің негізгі мақсаты аудандық бюджеттік жобаны уақытында және сапалы әзірленуін қамтамасыз ету және аудандық бюджеттің орындалуы мен нақтылауы бойынша ұсыныстарды тұжырымдау болып табылады.
Тарау 3. 3. Комиссияның қызмет ету аясы мен міндеттері
3. Комиссияның қызмет ету аясы мен міндеттері
Тармақ 4
4. Комиссияның негізгі міндеттері болып табылады: ұсыныстардың тұжырымдауы бойынша үш жылдык кезең алдында тұрған орта мерзімдік фискалдық саясаты; қаржы жылына сәйкес аудандық бюджет жобасының аныктау көрсеткіші; қаржы жылына жоспарлау және үш жылдық кезең алдында қаржыландыру үшін бюджеттік бағдарламалардың іріктелуі, механизмдер анықтамалары олардың орта мерзімдік фискалдық саясат шығысынан іске асырылуы; жергілікті бюджет түсімдерінің қысқартылуы немесе шығыстардың ұлғайтуымен қарастырылған нормативтік-құқықтық актілер жобалары; қаржы жылына сәйкес аудандык бюджетті нақтылау; аудандық бюджеттік бағдарламаларды іске асыру нәтижелеріндегі бағаларын қарастыру; Осы ережемен және Бюджеттік кодекспен қарастырылған баска да уәкілеттік.
Тармақ 5
5. Комиссия өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес келесі қызмет ету аясын жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) жұмыс органы комиссиясымен дайындаған материалдарды қарастырады және анықтайды: үш жылдык кезең алдында аудан бюджетінін болжам көрсеткіші; қаржы жылының алдында аудандық бюджетке түскен болжам көрсеткіштері; ауданның әлеуметік-экономикалық дамуының негізгі бағытындағы іске асыру тәсілі; заңды тұлғаларды жәрдемақылау мен бюджеттік қаражаттардың басымдылық бағыттағы шығыстары; бюджетаралық қатынастардың даму бағыты; қаржы жылының аяғына сәйкес жергілікті атқарушы органның қарыз лимиті; аудандық бюджетінің бюджеттік бағдарлама шығыстарының лимиттері; салалық мемлекеттік бағдарламалар, кеніштерінде үш жылдық кезеңде жоспарланған жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын басымдылық бюджеттік инвестициялық жобалар бағдарламалар тізбесі; салық мемлекеттік бағдарламалар кеніштерінде үш жылдық кезеңде жоспарланған республикалық және облыстық бюджеттер несиелері мен дамуға мақсатты трансферттер есебінен қаржыландырылған; заңды тұлғалардың жарғылық капиталын ұлғайту мен қалыптастыруға тікелей қатысуымен жүзеге асырылатын бюджеттік инвестиция; үш жылдық кезеңде жоспарланған қаржыландыруды қажет ететін аумақтық, салалық бағдарламалар тізбесі; облыстық бюджет несиелерін, дамытуға мақсатты трансферттер және бюджеттік инвестициалық жобаларды (бағдарламаларды) қаржыландыруға жіберілген бюджеттік бағдарламалар бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшіліктері;
Тармақша 2
2) жұмыс органдары комиссиясымен дайындалған материалдарды қарастырады және мына шешімдер бойынша қабылдайды; ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімдік жоспарының жобасын мақүлдауын; фискалдық саясаттың орта мерзімдік жобасын мақүлдау; өткен кезеңдегі бюджеттік бағдарламаларды іске асыру тиімділігінің нәтижелі бағаларын; ауданның әлеуметтік-экономикалык дамуы және жергілікті бюджеттік болжам көрсеткіштері есебімен натуралдық нормаларды жою немесе өзгерту ұсыныстарын; үш жылдық кезең алдында бюджеттік бағдарламалар әкімшіліктерінің бюджеттік тапсырыстарын; қаржы жылы алдындағы аудандық бюджет жобасын; бағдарламаны қабылдау және оларға өзгерістер енгізу қажеттілігі туралы аудандық бағдарлама жобасы мен жұмыс органдарын бекіту; қаржы жылына сәйкес аудандық бюджет түсімдерін қысқарту немесе шығыстарды ұлғайту бойынша әкімдік қаулылары, шешімдерінің жобасын; аудандық бюджеттер облыстык бюджеттерден тұтас трансферттер көлемдер бойынша ұсыныстар; аудандык бюджет бағдарламалар паспорттарына толықтырулар мен өзгерістер енгізу;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да қызметтерді жүзеге асырады.
Тарау 4. 4. Комиссия құқығы
4. Комиссия құқығы
Тармақ 6
6. Өз міндеттеріне сәйкес комиссия құқылы:
Тармақша 1
1) міндеттерді іске асыру үшін атқарушы органдармен және басқа да мемлекеттік ұйымдармен қарым-қатынас жасайды, сондай-ақ мамандар мен сарапшыларды жұмысқа тартуға;
Тармақша 2
2) құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ұсыныс енгізеді және шешім қабылдауға;
Тармақша 3
3) комиссия міндеттерін іске асыру үшін қажетті материалдарды мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдардан алады және заңнамада белгіленген тәртіппен сұрауға;
Тармақша 4
4) комиссия қызметі мен міндеттерді таратуға байланысты мәселелер бойынша ұйымдар мен мемлекеттік органның бірінші басшысы міндетін атқарушы тұлғаларды комиссия мәжілісіне шақыруға және бірінші басшыларды тыңдауға.
Тарау 5. 5. Қалыптастыру тәртібі мен комиссия қызметі
5. Қалыптастыру тәртібі мен комиссия қызметі
Тармақ 7
7. Комиссия құрамы заңнамада белгіленген тәртіппен анықталады.
Тармақ 8
8. Бюджеттік комиссия құрамына кіреді: комиссия төрағасы; комиссия төрағасының орынбасары; комиссия хатшысы; комиссия мүшелері.
Тармақ 9
9. Комиссия төрағасы оның қызметіне басшылык етеді, комиссия мәжілісін өткізеді, оның жұмыстарын жоспарлайды, жүзеге асырушы комиссиялардың қызметіне жауапкершілік атқарады және оның шешімінің іске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады. Комиссия төрағасының қатыспаған кезінде оның міндетін оған тағайындалған комиссия төрағасының орынбасары орындайды.
Тармақ 10
10. Комиссия хатшысы мәжіліс комиссияларының хаттамаларын дайындайды, комиссия қызметін камтамасыз ету бойынша жұмыстарды үйлестіреді.
Тармақ 11
11. Комиссия мүшелері басқа тұлғалардың мәжіліске қатысуы бойынша өз уәкілеттілігін сайлауға құқығы жоқ.
Тармақ 12
12. Жоспар-кесте жұмыстарын комиссия белгілейді. Жергілікті бюджет жобаларын әзірлеу кезеңінде комиссия жоспар-кесте жұмыстары Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысымен бекітілген, жергілікті бюджет жобаларын әзірлеудін анықталған Ережелерімен келісілген мерзімде анықталады.
Тармақ 13
13. Комиссия і шешімі ашық дауыс берумен кабылдайады, сондай-ақ егерде оларға комиссия мүшелерінің жалпы санынан көпшілік дауыс берілсе комиссия мүшелерінің сұраныстары қабылданған болып есептеледі. Комиссия мүшелері шешім қабылдау кезінде тең дауысқа ие болады. Комиссия төрағасы дауыс берген шешім дауыс тең болған жағдайда қабылданған болып есептеледі.
Тармақ 14
14. Комиссия мәжілісінің күн тәртібінде қарастырылған мәселелердің нәтижелері әрбір сұақ бойынша дауыс қорытындысының көрсетулерін хаттамаға сәйкес енгізіледі, комиссия төрағаларының анықтаулары комиссия мүшелері мәжілісіке қатысушылармен виза қояды. Комиссия хатшылары мен төрағаларының қолы қойылған комиссия шешімінің қабылдауы хаттамалармен рәсімделеді. Комиссия мүшелерінің қабылданған шешімге келіспеген жағдайда мәжіліс хаттамасына ой бөліскен, өзінің жеке пікірін жазбаша түрде салуға құқығы бар.
Тармақ 15
15. Өзіне жүктелген міндеттерді орындау мақсатында кабылданған комиссия шешімі, белгіленген мерзімде барлық мемлекеттік органдармен міндетті қарастыруы мен орындалуы жатады.
Тармақ 16
16. Жұмыс органының комиссиясы бюджеттік жоспарлау бойынша жергілікті уәкілетті орган болып табылады.
Тармақ 17
17. Комиссия мәжілістерінің арасындағы ұйымдастыру мәселелері кезеңіндегі оның қызметін жұмыс органы шешеді.
Тармақ 18
18. Осы ережелер мен нормативтік-құқықтық актілерден шыққан сондай-ақ басқа да қызметтер, өз құзыретіне жататын мәселелері бойынша ұйымдар және мемлекеттік органдар комиссияларының хаттамалық шешімдерінен мәміле үзінділері, комиссия мәжілісінің хаттамалар дайындығы, оларды комиссия мүшелеріне тарату, жұмысшы органдар немесе комиссиялардың анықтаулары, күн тәртібіндегі мерзімге сәйкес комиссия мәжілісінің материалдарын дайындау жұмыс органдарының қызметтері болып табылады.
Тарау 6. 6. Комиссия қызметін тоқтату
6. Комиссия қызметін тоқтату
Тармақ 19
19. Комиссия қызметін тоқтату туралы аудан әкімдігінің шешім кабылдауы комиссия қызметін қыскартудағы негізі болып табылады.
Тармақ 20
20. Комиссия қызметін тоқтатуға іліккен осы Ереженің 19-тармағында көрсетілген жағдайлардың болуы кезінде аудан әкіміне атқарылған жұмыстар туралы есеп-хат жіберіледі.