Об оказании социальной помощи безработным, направляемым на профессиональную подготовку, повышение квалификации и переподготовку, возмещении затрат на проживание, питание, медицинское освидетельствование, проезд к месту обучения Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.08.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Оқу орнына жол ақы, медициналық куәландыру, тамақтануға және тұрар орынға кететін шығындар туралы, кәсіби даярлауға, біліктілігін арттыруға және қайта даярлауға жіберілген жұмыссыздарға әлеуметтік көмек көрсету туралы 2003 жылғы 13 мамырдағы № 180 2003-2005 жылдарға арналған Қостанай ауданының халқын жұмыспен қамтудың өңірлік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысымен бекітілген, жұмыссыздарды кәсіби даярлауды, біліктілігін арттыруды және кайта даярлауды ұйымдастыру мен қаржыландырудың Ережелеріне сәйкес, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес Қостанай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Белгіленсін, нені:
Тармақша 1
1) оқу орнына жол ақы, медициналық куәландыру, тамақтануға, тұрар орынға кететін шығындар туралы, кәсіби даярлауға, біліктілігін арттыруға және қайта даярлауға жіберілген жұмыссыздарға әлеуметтік көмек (онан әрі әлеуметтік көмек) жергілікті уәкілетті органмен көрсетіледі;
Тармақша 2
2) әлеуметтік көмек жұмыссызды оқытқан күннің соңынан бастап ең кемі бір айға дейін өтініш жасаған жұмыссызға төленеді. Жергілікті уәкілетті орган азаматтарға әлеуметтік көмектер көрсету туралы олардың арызын қарап әлеуметтік көмектер көрсету немесе көрсетпеу туралы немесе тағайындау, тағайындамау туралы шешім қабылдайды;
Тармақша 3
3) жергілікті уәкілетті органдарда, яғни ресми тіркелген жұмыссыздар кәсіби даярлауға, біліктілігін жоғарылатуға жіберілгендер және білім беру ұйымдарында заңнамада белгіленген тәртіппен конкурс жеңімпаздары, әлеуметтік көмектер алуға құқылы;
Тармақша 4
4) жергілікті уәкілетті органға арызданушы жазбаша арыз береді және ған қоса әлеуметтік көмек алуға құқылы екенін растайтын құжаттар тапсырады;
Тармақша 5
5) арызданушы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес арызда және оған қоса берілген құжаттарда көрсетілген мәліметтердің толықтығы мен растығына жауапты;
Тармақша 6
6) әлеуметтік көмек тағайындау құжаттары болып саналады: мекен жайы бойынша банкте жеке шот нөмірі көрсетілген әлеуметтік көмек көрсету туралы жазбаша арызы; арызданушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі; өтініш иесі ресми түрде жұмыссыз болып тіркелгені жөнінде жергілікті уәкілетті органның анықтамасы; кәсіби окытуға жіберілген жұмыссызға жергілікті уәкілетті органмен берілген жолдаманың көшірмесі. Жолдамада жұмыссыздың аты, тегі, әкесінің аты, білім беру ұйымының және алатын мамандығының аты толық көрсетіледі. Жолдама тиісті бланкілерге жазылады, онда құжатқа қол қоятын лауазым иесінің толық аты, тегі, әкесінің аты көрсетіледі, өзінің қолтаңбасы және оның берілген уақыты жауапты тұлғаның қолтаңбасы мөрмен мақұлдануы керек; біліктілігін жоғарылатуға немесе қайта даярлауға, кәсіби жағынан даярлауға жіберілген жұмыссыздармен жергілікті уәкілетті органның келісім шартының көшірмесі; медициналық куәландырудан өткені туралы емдеу мекемесі анықтамасынын көшірмесі және оны өтуге төлемақы төлегені туралы құжаты;
Тармақша 7
7) әлеуметтік көмекті тағайындауға қажетті құжаттардың түп нұсқалары және көшірмелері нақтылануға жергілікті уәкілетті органға тапсырылады. Нақтылығы тексерілгеннен кейін құжаттардың түпнұскасы арыз иесіне қайтарылады;
Тармақша 8
8) жергілікті уәкілетті органның әлеуметтік көмекті тағайындау немесе тағайындамау туралы шешімі арыз иесінін оған қажетті құжатарын қосып арыз бергеннен кейін 10 күн ішінде қабылданады. Арызданушыға көмек тағайындамайтын жағдайларда ол жазбаша түрде мәлімдендіріледі ол құжатта берілмеу себептері көрсетіледі. Әлеуметтік көмектің тағайындалғаны немесе тағайындалмайтыны туралы шешімге жергілікті уәкілетті органның жетекшісі қол қояды;
Тармақша 9
9) әлеуметтік көмектерді тағайындауға тиісті құжаттары тапсырылмаса онда әлеуметтік көмек тағайындалмайды;
Тармақша 10
10) шығындарды өтеу үшін әлеуметтік көмек келесі мөлшерде көрсетіледі: тұрғын үйге - айына бір айлық есеп көрсеткіші мөлшерінде. Тұрғын үйлік шығындарды өтеуге әлеуметтік көмек тек сырттан келген кәсіби оқуға жіберілген жұмыссыздарға көрсетіледі, кәсіби оқуға біліктілігін жоғарылатуға және қайтадан даярлауға сырттан жіберілген жұмыссыздар болып, тұрақты мекен жайы оқу орны орналасқан жерден басқа тыс елді мекендерде тұратындар саналады; тамаққа - айына екі айлық есеп көрсеткіші мөлшерінде;
Тармақша 11
11) шығындарды толығымен өтеуге көрсетілетін әлеуметтік көмектер медициналық куәландыру және оқу орындарына жол ақы, бекітілген құжаттың 6-тармақшасында көрсетілген. Медициналық куәландырудың шығындарын өтеу бойынша әлеуметтік көмек төлемдері құжаттарды тапсырған сәттен бастап бір ай ішінде төленеді;
Тармақша 12
12) бекітілген сома шегінде әлеуметтік төлем аудандық бюджет қаражаты есебінен төленеді;
Тармақша 13
13) тұрар орын мен тамақ шығындарын өтеу бойынша әлеуметтік көмек төлемдері оқу орны беретін сабаққа қатысу табелі негізінде, оқу басталған уақыттан оқу біткенде немесе әр ай сайын төленеді;
Тармақша 14
14) Жергілікті уәкілетті орган әлеуметтік көмек тағайындалғандарға көмекті есептеп аударады, азаматтардың тізімін жасайды және тапсырыс жиынтығын қаржыландыруға аудандық қаржы бөліміне тапсырады. Жергілікті уәкілетті органдардың тізімдері бойынша әлеуметтік көмектер жұмыссыздардың жеке шоттарына ақшалай түрде аударылады мұндай операция түрлерін Қазақстан Республикасы Ұлттық банкісінің лицензиясы бар ұйымдар, заңнамада белгіленген тәртіппен конкурстық іріктеуден өткен жеңімпаздар ғана аткарады.
Тармақ 2
2. Осынау қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А. Әбеновке жүктелсін.